Материалдар / Әлихан Бөкейханов
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлихан Бөкейханов

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ ұлтының айнасы – Әлихан Бөкейханов» Мақсаты – Қазақ интеллигенциясының белді өкілі, мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, ұлт-азаттық қозғалысының өкілі, негізін салушы - Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына байланысты Қазақтың «Бес арысының» бірі - Ә.Бөкейхановтың ғұмырнамасынан тереңдете мағлұмат беру. Әлихан Бөкейханов өмірі, шығармашылық жолы жайында оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Ойшыл ірі тұлғаның жеткен биіктігін, шеберлігін, ерекшелігін таныту. Көрнекілігі: Слайд,бейнероликтер Әдеби кештің барысы (бейнеролик «Алаш» 3 минут ) 1.Жүргізуші: Сахна сыртынан оқылады (Баяу күй ойнап тұрады) Не көрсем де Алаш үшін көргенім, Маған атақ ұлтым үшін өлгенім. Мен өлсем де алаш өлмес көркейер, Істей берсін қолдарынан келгенін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
808
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Қазақ ұлтының айнасы – Әлихан Бөкейханов»

Мақсаты – Қазақ интеллигенциясының белді өкілі, мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, ұлт-азаттық қозғалысының өкілі, негізін салушы - Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына байланысты Қазақтың «Бес арысының» бірі - Ә.Бөкейхановтың ғұмырнамасынан тереңдете мағлұмат беру. Әлихан Бөкейханов өмірі, шығармашылық жолы жайында оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Ойшыл ірі тұлғаның жеткен биіктігін, шеберлігін, ерекшелігін таныту.

Көрнекілігі: Слайд,бейнероликтер

Әдеби кештің барысы

(бейнеролик «Алаш» 3 минут )

1.Жүргізуші: Сахна сыртынан оқылады (Баяу күй ойнап тұрады)

Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.

2.Жүргізуші:

Алаштың арыстары наркескендер,

Ту ұстап тұлпар мініп арда өскендер.

Ақырған арыстанға қарсы шауып,

Аянбай ата жаумен белдескендер.

Фанфры ойнайды 2 жүргізуші сахнаға шығады.

1.Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар!

Қоғам және мемлекет қайраткерi, Алаш қозғалысының жетекшiсi, публицист, ғалым, аудармашы ,қазақ елінің тарихында «Ұлт көсемі» деген атқа ие болған Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Қазақ ұлтының айнасы – Әлихан Бөкейханов» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

2.Жүргізуші:

«Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын» деп серт еткен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 150 жыл. Қазақ елінің тәуелсіздігі жолында тынбай тер төккен тұлғаның осынау мерейтойы бүгінде әлемдік деңгейде аталып өтілуде.

2.Жүргізуші: Ұлы қайраткердің соңына ерген інілері, азаттықтың құрбаны болған Ж.Аймауытов оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап,қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ» - дегенде, асыра айтып қателескен жоқ.

Ортада 9сынып оқушылары Ә Бөкейханов жайлы зерттулерін ортаға салады.

1-оқушы: Әлихан Бөкейханов өмір тарихы

Көрініс: «Әлихан Бөкейхановты тергеу үстінде» 
Түрменің қапас бөлмесі. Бір орыс, бір қазақ тергеушісі Әлихан Бөкейхановтан жауап алып отыр.
Қазақ тергеушісі: Қалай Бөкейханов мырза, Қазақстанды Ресейден бөліп алмақ болған әрекетініңізді мойындайсыз ба?
Бөкейханов: Әрине мойындаймын. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға әрекеттену қылмыс емес шығар....
Орыс тергеушісі: Қылмыс емес?! (Столды періп періп қалды). Қалай қылмыс емес?! Егер Ресейге бағынып келген әрбір халық өз алдына мемлекет болып бөлініп шыға берсе, Ресейде не қалады?! Жо оқ. Бұл тек жаудың әрекеті.
Қазақ тергеушісі: Мә, мойындаңыз да қолыңызды қойыңыз. (қағаз қалам ұсынады)
Бөкейханов: (қағазға үңіліп) Мына қағазда халыққа қарсы әрекет етті делінген ғой. Бұған қол қоя алмаймын.
Орыс тергеушісі: «Жә, жетеді! Мен қазір басшыларға барып баяндаймын. Жендетке тапсыр керек. Мықты болса шыдап көрсін. Мен қазір келемін.
Қазақ тергеушісі: (Есікті барып қарап келеді) Ағатай ай, мен сізге не жақсылық жасай алам? Сізді қашыруға да шамам жетпейді. Бар билік осылардың қолында. Бізге де сенбейтінін сеземіз.
Бөкейханов: Сен қуыршақсың ғой, шырағым. Менде бәрін түсінем.
Қазақ тергеушісі: Ағатай ай бәрібірде мойындатпай қоймайды ғой. Азап шегіп қайтесіз. Одан да қол қоя салмайсыз ба?
Бөкейханов: Ей шырағым ай, артымда маған қарап қара орманым – халқым тұрған жоқ па? Мен өзімді алдасам да оны алдай алмаймын.
Қазақ тергеушісі: Сізді Ленин мен Мұстафа Шоқаймен кездескен дейді, сол рас па?
Бөкейханов: Ол түрменің әңгімесі емес шырағым, қайтесің.
Қазақ тергеушісі: «Ағатай, мен де еліме, халқыма пайдамды тигізсем деймін. Бірақ қалай? Білмеймін....
Бөкейханов: (күбірлеп) Бәрі алдамшы, бәрі жалған болғаны ма?
Қазақ тергеушісі: Ағай сізге не болған, Мә су ішіп жіберіңіз. Қазір жаңағы жан алғышта келіп қалар.... Құдайым ай соншама дәрменсіз етіп жаратармысың?! Келіп қалды бекем болыңыз.
Бөкейханов: Рахмет, мен үшін қам жеме, бауырым. (бөлмеге орыс тергеуші және жендет келеді)
Қазақ тергеушісі: (ұшып тұрып) Жолдас капитан айтқанынан қайтар емес.
Орыс тергеушісі: (мырс мырс күліп) Онда өз обалы өзіне. (Қасындағы жендетке алып кет деп белгі берді. Жендет сүйрей бастаған кезде Бөкейханов жендетті итеріп жібереді де былай дейді)
Ей, халқым
Еліміз үшін
Етегімізді түрген екенбіз,
Бар Алашқа ұран сап,
Елдікке шақырып жүрген екенбіз.
Шешінген судан тайынбас,
Ойымыз бір, мақсат бір,
Сорлы елімнің шіркін ай
Жыртылған жағасын бүтіндеп.
Жығылған туын көтерсек.
Бар Алаштың ұрпағы болып қайтадан,
Ұрандап атқа қонсаң бір,
Дүние дүр сілкінер еді, деп айта алам
Сонда менің болмас еді ау арманым
Арнар едім, сол елімнің жолына
Мына қысқа ғұмырымның қалғанын.

1. Жүргізуші:

Қапияда,

Қауып алар қармақтар,
Ойды орап,
Қырды жапқан Карлагтар.
Қайда барсаң
Қан сасыған іргелер,
Тірі өлікке толған іші түрмелер.
2. Жүргізуші: Қазақстанда 101мың адам репрессияға ұшырады, қазір олардың барлығы ақталды.
Енді бізге қайта оралды заңғарлар,
Сталиндік тозақтарда жанғандар.
Әлихандар,Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.

(Алаш зиялыларын еске алу 1 минут үнсіздік)

Оқушы ән:

Алашұлы тобы – Батырлар ұраны әнін орындайды

1. Жүргізуші: Әлихан-қазақ тарихында демократиялы баламалы түрде сайланған Алаш Орда – Ұлт кеңесінің төрағасы,Әлихан Бөкейханов зиялысы. Әлихан өте намысшыл азамат болған.
Ендігі кезекте «Ұлы дала өсиеті» Әлихан Бөкейхановтың нақыл сөздері 

Ортада 6-5 сынып оқушылары шығады баяу әуенмен

1оқушы: «Алаштың баласы бұл жолы болмаса (10сынып оқушысы)да,жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болады » 1921ж

2 оқушы: «Ғұмыр бәйгесінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар!»

3оқушы: «Торғайдың ақ үрпек балапанынша ауызды ашып,біреуге жалынып-жалпая берсе,мұнан түк өнбейді»

Жүргізуші: Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты мемлекет - сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы. Біз осы мемлекетті көздің қарашығындай сақтауымыз керек!»

Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше біз, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына мүдделі болуға тиіспіз.

Ортада ән: «Байтақ елім –Қазақстан»


1.Жүргізуші:

Алаш туы астында

Өлсек, бірге өлдік біз.

Не жақсылық, не қайғы,

Көрсек, бірге көрдік біз.

Ішкі жанжал –таласты,

Күншілдіктен қарасты,

Мына жерге көмдік біз,

Жасасын , Алаш, жасасын!

Бүгін біз Ә.Бөкейхановтың қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы ролін анықтадық, саяси, әдеби қызметіне тоқталдық. Ә.Бөкейхановтың біздің мақтанышымыз, біз оларды ешқашан ұмытпауымыз қажет.. Биыл Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздігіне де 25жыл толады, «Ұранымыз алаш,керегеміз ағаш» болғалы көрмеген қуаныш басымызға келгелі тұр.Кеудесінде түріктің жаны бар,денесінде қазақтың қаны бар,жүрегінде ұлтының намысы бар,ары бар қазақ баласы көтер басыңды,көзіңді аш,қуанышың құтты болсын,ұзағынан сүйіндірсін,Сүйінші» деген Ораз Жандосов сөзі есімізде мәңгілік сақталуға тиіс.

2.Жүргізуші: Елдің ертеңі үшін  мәңгілік ел болашағы үшін, мәңгілік елдің тілдің қанат жаймағы үшін білім нәрімен әлеуеттеніп, мәңгілік мұрат ұстанбақ керек.
Кешегі Алаш арыстары сенген жастарға бүгін елбасы да сенді. Сенім артты. Сол үшін мәңгілік елге қызмет ету біздің борыш. Тіл мәңгілік, ұлт мәңгілік болғанда ғана ел мәңгілік болмақ. Мәңгілік тәуелсіздік болмақ.
« Бұл жалғанда дүниеден кім өтпеген

Пендешіл ғұмыр кешіп,бәрі кеткен.

Артына сөз қалдырып,шырақ жаққан

Тұлғаның алар орны бөлек неткен» , -дей келе санаңа сәуле түсіріп, қалғып бара жатқан ойыңа от берген Алаш ұлыларының бірі Ә Бөкейхановқа арналған әдеби кешіміз аяқталды. Елдің ертеңі нұрлы , қазақ елі мәңгі болсын!

Ортаға бүкіл қатысушылар шығып «Менің Елім Қазақстан» әнін орындайды.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!