Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
әліппе 1-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекіткен : Менежер .................................................................\Н.Ләйлә\
Сабақ үйреткен ай күні :2016.12.15
Сабақ түрі :Әліппе
Қамтылатын ауқымы: 1- сынып оқушылары, саны 19
Сабақ үйреткен ұстаз: А.Майра
Кезекті сабақ бағдарламасы:
Сабақтың тақырыбы:Қ дыбысы мен әрпін таныту
Уақыты: 35 минут
Көрнекілік: әліппе,, заттық суреттер, Қ әрпінің баспа, жазба түрлері,тақталар, кеспе әріптер, әртүрлі сөз, буындар , т.б
Сабақтың мақсаты:Қ дыбысын дыбыстау, сөз құрамынан есту,анықтау ,буындап оқу, қ дыбысын элементпен жазуға тәрбиелейді.
Сабақтың міндеті:
-
Қ дыбысын түсіну
-
Қ дыбысын дыбыстап айту
Қ әрпін тану
-
Сөйлем басында үлкен қ әрпі жазылатынын білу
-
Сөз ортасында немесе аяғында кіші қ әрпі жазылатынын білу
-
Қ әрпінің баспашасымен танысу
-
Қ әрпінің жазбашасымен танысу
-
Қ әрпінен басталатын сөздер айту
-
әрпімен аяқталатын сөздер айту
-
Ортасына қ әрпі келетін сөздер ойлап айту
-
Қ әрпі дауыссыз ,сондықтан оқулығымызда көкпен таңбаланады дегенді білу
-
Қ әрпінен басталатын сөздерге сөйлем құрату
-
Қ әрпін элементпен жазу
-
буынмен оқу
-
сөз оқу
Сабақ үйрету әдісі:
Топпен оқу
Анализ –синтез
Әңгімелесу
Тыңдау
Баяндау
Жинақтау тәсілі
Жасампаздық оқыту,жаздыру
Өз бетімен оқу
Қимылмен мәнерлеп тақпақ айту
Сабақтың жоспары
Сабақ барысы |
Уақыты |
Пән аралық байланысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Әдіс-тәсілдерінің барысы |
Оқыту түрлері |
Ескеретін жайлар |
Ұйымдастыру кезеңі |
5 мин |
|
|
|
Жалпылама жұмыс |
|
Шуылдақ шықпауын қадағалау |
Үй тапсырмасын тексеру |
5мин |
Адам және орта |
Үй тапсырма дәптерін жинап алып, мұқият тексеру |
Үй тапсырма дәптерлерін жинап беру |
|
|
Барлық оқушының дәптерін жинауын ескерту |
Өткенді қайталау |
2 мин |
әліппе |
Біз ең соңында қандай әріппен таныстық? Осы п әрпіне байланысты шағын мәтінді оқыту |
П әрпімен танысқамыз. Берілген мәтінді буындап топпен оқиды. |
Анализ –синтез
|
Топпен оқу |
Барлық оқушы толық буындап оқуын қадағалау |
Ой-түрткі |
3мин |
Адам және орта |
Төрт мезгілдің суретін ілу арқылы дәл қазір қандай мезгіл болып жатқанын сұрау Қыстың ерекшелігі туралы оқушылардан сұрау |
Төрт мезгілдің суретін тамашалайды,дәлқазір қыс мезгілі болып жатқанын айтады.Әр оқушы қыс туралы өз ойларын айтады. |
Әңгімелесу |
Әңгімелесу |
Зейінін шоғырландыру |
Жаңа сабақ |
12 мин |
Әліппе |
Ендеше бұл қай мезгіл екен ?
Қыс сөзінде неше дыбыс естіліп тұр ? -қандай дыбыстар естіліп тұр? Біз білетін қандай дыбыстар естіліп тұр? Біз білмейтін қандай дыбыс естіліп тұр? Қыс сөзі буынға бөліне ме ? Дұрыс.Өйткені сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады.Солай емеспе балалар Қыс сөзін жазу үшін енді біз қандай әріп жазамыз Ендеше біз бүгін қандай дыбыс және әріппен танысамыз? Барлығымыз бірдей Қ-қ-қ деп дыбыстайық Әр балаға Қ дыбысын дыбыстату - Әр оқушыға Қ дыбысынан басталатын сөз ойлап,оған сөйлем құрату
-Қ дыбысы қандай дыбыс? Қәне дыбыстап көрейік
-Басқа дауыссыз дыбыс екенін не арқылы білуге болады?
Қалам, қалақ қала сөздерін буынға бөлейік
Дыбыстың таңбалануын не дейміз балалар? Дқрыс олай болса Қ дыбысының баспаша жазбаша түрімен танысайық Көрнекілікті көрсету Баспаша үлкен Қ мен кіші қ оқу үшін ,ал жазбаша үлкен Қ мен кіші Қ жазу үшін қолданады екеміз. Ал суретте нелер тұр? Қ әрпі сөз басында, сөз ортасында, сөз аяғында да келеді. Сөз аяғында н, ш, с, т, м дыбысы сөз аяғында қалай оқылатынын сұрау Өте дұрыс олай болса қ дыбысы сөз соңында қалай оқылады? Дұрыс балалар Қ әрпіне а әрпін қосып оқысақ қалай оқылады? Қ әрпіне о әрпін қосып оқысақ қалай оқылады? А әрпіне қ әрпін қосып оқысақ қалай оқылады? Өте дұрыс Олай болса буындарды оқиық Буындарды оқыту Буындардан сөз оқыту Кітаптан оқыту Олай болса қ әрпінің жазылуымен танысайық Кішкене қ эрпі мынандай элементтен тұрады, -қысқа таяқша -қысқа доға -кішкене имек -қайырма Қ дыбысы мынандай элементтерден тұрады екен. -қысқа таяқша -солға қараған ілмек таяқша -доға -имек -қайырма Қәне ауаға жазайық Дәптерімізді ашып , дәптерімізге жазайық |
- қыс мезгілі -үш дыбыс . Қ –ы-с -деген үш дыбыс естіліп тұр - ы және с дыбысы естіліп тұр. -Қ дыбысы естіліп тұр. Жоқ Қ әрпін жазамыз. - Қ дыбысы және әрпімен танысамыз -Қ-Қ-Қ -Әр оқушы дыбыстау-әр баланың ойлап тапқан сөзін ,құраған сөйлемін айту -дауыссыз дыбыс -қ дыбысын айтқан кезде өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырауына байланысты дауыссыз дыбыс болады. -кітабымызда көк өңмен белгіленген. -қа-лам, қа-лақ, қа-ла -деп қол шапалақтау арқылы бөлу -әріп дейміз. Суретті бақылап ненің суреті тұрғанын атау -ын,ыш,ыс,ыт,ым деп оқылады. -ық -қа -қо Ақ -буындарды оқу -сөз құрап оқыту -кітаптан оқу -ауаға жазады. -дәптерге жазады. |
Талдау жинақтау |
-Әңгімелесу -дыбыстау - - |
Мазмұнына толық көз жеткізу Өткен әріптерді дыбыстауын және жаңа әріпті дұрыс дыбыстауын қадағалау Қ дыбысын түсінуіне, сөз, сөйлем құрауын назарға алып жұмыстау Қ дыбысы дауыссыз дыбыс екенін барлық оқушы түсінуіне назар аудару Буынға дұрыс бөлуіне назар аудару Суреттегі заттарды дұрыс атауына назар аудару Сөз соңында әріптер қалай оқылатынын айтып тұруына назар аудару -әріппен әріпті қосып оқуына назар аудару Буындап оқуына назар аудару Буыннан сөз құрап оқуына назар аудару -жаза алмаған оқушылардың қолын ұстап жаздыруды ескеру |
Сергіту сәті |
3 мин |
Әліппе |
Қ дыбысына арналған тақпақты айтқызу – қорбаңдаған \аю\ қонжықтың Құлпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық Қимылмен айтқызу Қ дыбысы бар сөздің қ дыбысын қатты айтқызу |
-қимылмен көңілді айту . |
Қимылмен мәнерлеп айту |
Дауыстап мәнерлеп айту |
Әр оқушы тақпақты мәнерлеп айту |
Бекіту |
2 мин |
Әліппе Математика |
Біз бүгін қандай әріппен таныстық? Қ дыбысынан басталатын қандай сан бар ? Қырық деген сөзде неше қ дыбысы естіліп тұр ? Өте дұрыс |
-Әр оқшы қ әрпімен танысқанын айтады. .-қырық -басында және аяғында екі қ дыбысы естіліп тұр ? |
|
|
|
Қорытындылау |
2 мин |
Бейнелеу өнері |
Барлық жақсы оқыған оқушыға шыршаны таратып беру |
Сабаққа белсене қатынасқан әр оқушы бағаланады. |
|
|
Әр баланы бағалау |
Үй тапсырмасын беру |
1 мин |
Әліппе |
Оқуға арналған жазуға арналған тапсырманы таратып беру |
Үй тапсырмасын алу |
Жасампаздық оқыту жаздыру |
|
Үй тапсырмасын тиянақты орындау |