«Әліппе - білім бастауы!» 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әліппе - білім бастауы!» 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып ұстаздарына сыныптан тыс іс-шараларға қажетті материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Әліппе - білім бастауы!»

Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау әліппе оқулығына оқушылардың ерекше құрметі,бағасы,мектеп өміріндегі оқулықтың орнын түсінуге,Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру.Білімдерінің артып,сөз байлығының молайып,саналарының өскендерін көрсету. Отанын,мектебін,ұстаздарын,ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, әріптер макеті,көрініске қажетті заттар, Әліппе және Ана тілі оқулықтарының макеті.

Сабақ барысы:

Залда көңілді музыка ойналып тұрады. Сахнада орындықтар доғал болып орналасқан.

Өздерін таныстыру.


Дарасы болар даланың,

Дамир деген баламын!


Сөйлеген сөзім тым тәтті,

Ажар деген қыздарың

Сіздерге арнап тіл қатты.


Нұржанмын оқулықпен достасқан,

Әліппемен қоштасқан.


Қайсар деген баламын,

Есепті мен шағамын.


Ай менен күні анамның,

Ақылдысы әкемнің

Мен Айдина боламын.


Әкем менен анамның

Нұртілек деген ұлымын.


Жұмсағанда баратын

Айтқан тілді алатын

Мен боламын Әділет


Жақсылықты жақтайтын

Бәрін біліп жаттайтын

Иса жігіт мен болам.


Ақнұр қызбын кең маңдай

Әдемімін мен қандай!


Бармағымнан бал тамған,

Әселім қыз мен болам!


Көп оқитын, көп тоқитын,

Менің атым Медет!


Би билеймін айнала,

Менің атым Сабина!


Сыныптың ең сұлуы

Аида келді ортаңа!


Исламмын дара бала,

Тұрамын ылғи даралана.


Нұрдос деген баламын,

Өскенде президент боламын.


Апайыма қолғанат,

Менің атым Толғанай!


Барлығы хормен:

Армысыздар ата – ана,

Армысыздар ұстаздар!

Болашаққа жол бастар,

Балалар келді ортаңа.


Ажар:

Қыр гүліндей жайнаймыз,

Ән сап,билеп ойнаймыз.

Бүгін бізде мереке,

Әліппе тойын тойлаймыз


Ақнұр:

  • «Әліппе білім бастауы» атты Әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.


Би «Балапан»


Мұғалім:

Шұқшитқан кеп әуелі

Сені әрбір әріпке

Сутеттері әдемі,

Бұл қай кітап?


Хормен: Әліппе!Әліппе! Ортаға әліппе шығады.


Әліппе:

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң менен әпкең де.

Армысыздар жас достар!

Армысыздар, ата - ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балғындар!

Не үйреніп, не білдік

Кәне ортаға салайық.


Әліппе: - Осы сендер қандайсындар?

- Талабы биік таудаймыз.

- Мың бұралған бишіміз.

- Біз шеберміз.

- Ақылдымыз.

- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

- Көп оқимыз.


Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.


Ән «Әліппе әні»


Дина:

Бар әріпті үйреткен –

Міне менің әліппем

Жақсы оқимын сабақты,

Әріптерді танып мен.




Нұржан:

Әліппем менің әліппем,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің

Әділет:

Әліппем менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Аида:

Әліппем менің әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Әліппеге рахмет! Әліппеге рахмет!


Ән: «Әліппеге рақмет!»


Көрініс: «Қасқыр мен тышқан»


Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Болашақта да осылай оқыңдар. Білім жолында жолдарың болсын Сау болыңдар!


Оқушы:

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.


Оқушы:

Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық.

Бәріміз қол соғып.

Ана тілін қарсы алайық, (Ортаға ана тілі шығады)


Ана тілі

Ақыл-ойы дананың,

Ана тілі боламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың,

Өсірген ой білімді,

Мәнін терең білуде,

Мейірімі мол балаға.

Ана тілді құрметте.

Барлық, барлық анаға. Мен әліппеден оқып - білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.


14 оқушы.

Ана тілі ұраным,

Ана тілі-құралым.

Ана тілі болмаса,

Мықты болмас тұрағым.


15 оқушы.

Ана тілің – біліп қой,

Бостандығың теңдігің.

Ана тілің – біліп қой,

Мақтанышың елдігің.


Оқушы

Мейірі мол балаға

Бар әлемде анаға

Басымызды иеміз,

Бабамыздың тілі деп

Даламыздың үні деп

Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!


Ойын: «Сиқырлы әріптер»


Би «Біздің жігіттер!»


Хор:

Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен


Қорытынды

Қымбатты балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын! Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір – біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып оқитын халге жетті

Құтты болсын білімі балалардың – деп кешімізді аяқтаймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
1359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі