жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әліппе әлемі - әріппен әдемі
Әліппе әлемі – әріппен әдемі
Алғаш рет мектеп табылдырығын аттау, бірінші сынып оқушыларына қандай әсер қалдырса, Әліппемен қоштасу да сондай әсер қалдырары анық. Олар білімнің бірінші баспалдағына көтеріліп, Әліппенің сырына қанды, 42 әріпті таныды. Ұжыммен еңбектенуді білді.
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі оқушылардың белсенділігін арттырып, сынып абыройы үшін еңбек етіп, бір-біріне жолдастық, достық сезімін дамытуды мақсат етті.
Ертеңгілік көрнекіліктері: ертеңгілік өтетін орын шарлармен, гүлдермен, нақыл сөздермен безендірілген, музыка ойналып тұрады.
Әнұран ол тынысы
Кең жазира даламның.
Қастерлемес даңқың кім?
Қастерлемес салтын кім?
Әнұраны елімнің,
Үні , тілі халқымның.
Гимн орындалады. Хор.
Мұғалім:«Қадамыңа нұр жаусын, оқы, үйрен, талаптан,
Қанатың ешбір талмасын, көрейік биік шыңдардан».
«Болатын бала ұқыпты, білімді пір тұтыпты»
Сенің нұрың сөнбесін,
Ашық аспан, жарық күн!
Келешегі сөйлесін,
Қазақ деген халықтың!
Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
1-жүргізуші: Ардақты аталар мен әжелер!
2-жүргізуші: Құрметті әкелер мен аналар!
Қымбатты біздің ұстаздарымыз!
Бірге: Қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:Әріптерді таныған Өңкей білгір балдырған,
Өсті білім ойларың, Құтты болсын тойларың.
2-жүргізуші: Дүбірлетіп тойды ашайық, Тойға шашу шашайық.
1-жүргізуші: Іші толған әріпке, Білімдіге жарық не?
Бірге: Барлық ілім-білімнің, Әжесі ол әліппе
2-жүргізуші: Біз кімдерміз? Бірге: Ұландармыз.
1-жүргізуші: Біз қандаймыз? Бірге : Дарындымыз,
Жалындаймыз, Жұлдыздай жайнаймыз.
2-жүргізуші: Ұранымыз. Бірге: Білімді , жігерлі,
Жаңашыл жас ұрпақ, Биікке өрлейміз Жасасын болашақ!
Саят: Қыркүйектің бірінде Оқушы болдым мектепте.
Жанерке: Қоңырау үні мектепте. Шақырды мені жолға алыс.
Әкетті мені жетектеп, Арманға қарай сол дауыс.
Жансерик: Қыркүйекте келдім де, Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз алдымнан. Қадамымды құп алып.
Нұрислам: Мектебің мынау, сыныбың, Осында он жыл тұрасың
Тарыдай боп кіресің Таудай боп шығасың.
Аяжан: Партада тұңғыш отырдым, Қалам алып қолыма.
Сызықтарды толтырдым. Қалдырмай дәптер жолында.
Нұрғиса: Ойыншық қалды жайына, Әріптер бөлді көңілді
Тәбетім жоқ ойынға, Сезінем үлкен өзімді.
Ерболат: Оқуды көп ойладық, Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп, Сауат аштық, тойладық.
1-2-жүргізуші: «Әліппе деген – алтын жол,
Апарар сені алысқа. Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
1-2-жүргізуші:Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы, Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?
Бірге: Әліппе. (6оқушы шармен әліппе деген сөзді көрсетеді)
Альбина: Әліппем, менің әліппем,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің.
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Ринат: Әліппем, менің әліппем
«А» деген бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен.
Азиза: Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып
Қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
1-жүргізуші: Іші толған әріпке,
Білімдіге жарық не?
Бірге: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе.
2-жүргізуші: - Бәрімізге қымбатты дос «Әліппе» ортаға шақырамыз.
Бірге: Әліппе, әліппе! (ортаға әліппе шығады)
Әліппе: Армысыңдар жас достар!Армысыздар, ата-ана. Болашаққа жол бастар.Әліппең келді ортаға. Менің атым Әліппе Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен. Бауыржан да Мәлікте.
Бірге: «Әліппе, әліппе». (Әліппе тыңдайды)
Әліппе. Хор.
1-жүргізуші: Жақсы білім-көрімдік Болсын сізге халайық Не үйрендік, не білдік,Кәне, ортаға салайық!
2-жүргізуші: Енді ортаға әріптерді шақырайық
Аа: Алыбы алыптардың Ата-ана, Ақыл, Ар, Адам, Арман – а-дан ғана.
Әә: Әкелген едім әліппе Әр беті толы әріпке.
Бб: Барабан, балға, бала – барлығы да Бой ұрып осы Б-ға.
Гг: Газат, Гауһар, Гүл сөзінен.
Ғғ: Ғажабымын ғарыштың Ғалымдардай таныс кім?
Дд: Дәмежанға дәрігер Дәрі беріп әбігер.
Ее: Еріншектің ертеңі, Елге таныс ертегі.
Жж: Жаз биыл да жаңбырлы,
Жайлау талай жаңғырды.
Зз: Зәуре ұзақ биледі, Зерлі көйлек кигені.
Ии: Иттер келіп икемді, Иесіне сүйкенді.
Ққ: Қауырсынын құстардың, Қауықтауға құштапмын.
Нн: нағашым өтінді Назардан, Науат әкел деп базардан.
Оо: Орындықта отырып, Оқылықты оқылық.
Сс: Самарқау Самат сабақта Сан үңілді сағатқа.
Тт: Тәп-тәтті нан – табанан Таба алмай қалдым табадан.
Үү:Үмітпен алға қарадың Үлгі алып ата-анадан.
Шш: Шабындық жер шалғай ма? Шалғысы бар шал қайда?
Ыы: Ырысбек сүйер жұмысты, Ықыласты жуду ыдысты.
Әліппе: - 42 әріпті игердің Әріптен, буындап сөз тердің,
Ризамын, балалар, сендерге, Қош айтатын кез келді.
1-жүргізуші: - Біз не үйрендік? - 42 әріпті, 10-ға дейін санауды, табиғатты зерделеуді, үлекен-кішіні құрметтеуді, ата-баба өсиетін орындап, ана тілін дәріптеуді.
Бірге: Уәде етеміз.
2-жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
1-жүргізуші: Көп жасаған қария, Ақылы теңіз дария,
Көп өнеге сөзі бар, Сөзі – соқпақ, өзі нәр.
2-жүргізуші: - Атамыздан, әжемізден, ұстаз бен мектептен үйренген тиым сөздер мен ырымдарға тоқталайық.
Отқа су құйма, түкірме. От өмір тіршілік көзі.
Үйге қарай жүгірме. Итті теппе.
Нанның қиқымын шашпа. Жағыңды таянба.
Өсек, өтірік айтпа. Жағымпаз, мақтаншақ болма.
Саят: Мен жаңылтпаш айтамын, Ал, қайталап байқағын,
Былдыр, былдыр, бүлдіршін, Білгір бұл бір бүлдіршін,
Бұл бір білгір бүлдіршін, Білгірлігін білдірсін.
Ринат: Ақ доп, Соқ доп.
Альбина: Тау дәу, Дәу тау.
Аяжан: Құс қайтты, Қыс келді, Қыс қайтты, Құс келді.
Асылхан: Төрт төртім бар, Төрт тортым бар.
Төртім – маған, Тортым – саған.
Жанерке: Оймен, ғана, өсейік. Ойлы жұмбақ шешейік.
Оқысың, аласың, Оқымысаң наласың.
Қатарыңнан қаласың. Ол не? (білім)
Нұрқасым: Білімнен мол сый-асы, Балғындырдың ұясы.
(мектеп)
Жансерик: Білімнің жол басшысы, Шәкірттің қолбасшысы.
(мұғалім)
Мамырәлі: Тілі жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде. (қаламсап)
Аружан: Жазу жазып жалықпаған, Жаза, жаза арықтаған. (бор)
Наргиза: Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса, аттама. (кітап)
Мадина: Үлгі сөз атаның, Үйренеміз мақалын.
Айсәуле: Оқу білім азығы, Білім –өмір қазығы.
Ерболат:Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез.
Нұрғиса: Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады.
Саят: Ырыс алды ынтымақ.
1-жүргізуші: Сөздерді ең аяулы, Жақсы көріп жаттдым.
Енді білдім оларды, Кімнің ойлап тапқанын.
Жанерке: Ана деген сөзді де, Нұрислам: Аға деген сөзді де.
Ринат: Әке деген сөзді де, Альбина : Тәте деген сөзді де
Аяжан: Ата деген сөзді де Мадина: Апа деген сөзді де
Ойлап тапқан балалар!
Нұрқасым: Күнім, жаным дегенді, Аяжан:Құлыншағым дегенді
Талғат: Ботақаным дегенді. Наргиза: Қошақаным дегенді,
Аружан: Айналайын дегенді. Айсәуле: Толған айым дегенді.
Бәрі: Ойлап тапқан аналар!
Ерболат: Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едім әріпті.
Оқимыз қазір ертекті, Үйреткен оны әліппе!
Нұрғиса: Ұшына жетсең тырмысып, Озып бәйге аларсың.
Көгінде жарық жұлдыз боп, Жұртыңа нұр боп жанарсың.
Саят: Білімге жолды бастаған, Әліппем саған мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған Әліппем саған мың алғыс!
Альбина: Әр келер жаңалықты, Тоқимын оқып – білім жаңа әріпті
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен, Жаным да сағат сайын жаңарыпты.
Жанерке: Енді біз жаза біліеміз, Әріпті қосып әріпке,
Ырза боп саған жүреміз, Қош бол, сүйікті әліппе.
«Рахмет, саған Әліппе»( Хор)
(5-сынып оқушылары)
Бақдәулет: Қолыңа алып кітап кілтін, Оқысаң ой сап отырып.
Ақталып алтын үмітің, Басыңа білім толтырсын.
Асхат: Қазір біз өзімізге талай қызықты,
Таңғажайып дүниенің есігін ашқан Жан дүниемізді байытқан,
Әріптерді танытқан бастауыш сынып білім кілті мен тек қана озат оқушы болыңдар деп (5)-тік бағаны сыйға тартпақпыз. (Кілт пен баға беріледі)
Жанерке: Өсіп ой мен санамыз Өмірге жол саламыз,
Білім қуған баламыз Біз оқушы боламыз.
Аяжан: Өмірімнің көктемін Сенде өткізем деп келдім.
Алтын ұям – Пушкин атындағы мектебім.
Саят: Атағым алатаудай болып биік, Тұрса да өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп, Тұрамыз ұстазым деп басымды иіп.
1-жүргізуші: Аянбай мектеп үшін еткен еңбек ұжымын іскерлікпен жүрген демеп.
2-жүргізуші: Ұстазым думан күнің құтты болсын,
Бастарыңа бақ –дәулет ырыс қонсын.
Оқытып, тәлім берген әр шәкіртің,
Еліне емерініп үлес қоссын!
Мұғалім: Сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп, сауатты болуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол. Кәне, бәрәміз ата-аналарымызға алғысымызды «Ата-анаға мың алғыс» әнімен білдірейік.
Құттықтау сөз. Ата-аналар, Мектеп басшылары
А.С.Пушкин атындағы орта мектебі
Ертеңгілік
«Әліппе әлемі – әріппен әдемі»
Бастауыш сынып мұғалімі: Б.А.Сейітқасымова
Қаратау қаласы
Айналайын, балғындар Алға бағыт алыңдар.
Ертең өсіп, толыңдар- Ел мақтанышы болыңдар,
Орындалды ойларың,Құтты болсын тойларың!
Әліппем Қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Оқу – білім жоқ тегін Шығып ақ тер, көк терің
Талмай шарлап іздейсің Табылғанша көктегің.
Ұстаздың тыңдап дәрісін, Санаңа білім дарысын.
Елімнің мынау егемен Болашағы сен - жас Ұлан!
Ырысқа толсын талабың, Сәтті болсын қадамың!
Таңғы шықтай мөп-мөлдір. Кәусар болсын жан, арың.
Бар дәулеттің көзі деп, Білім болсын санарың.
Тәй-тәй басқан, қарағым, Құтты болсын қадамың.
Алдарыңызда 1-сынып оқушылары, ата-аналар мен сынып жетекшісі.
Жасыл шырша жанында.
Кең зал. Жасыл шыршадан алуан түрлі сәулелер шашылып, маңындағы балалар сұлбасын әшекейлейді. Көңілді музыка әуені баяу естіледі.
1-бастаушы: Аппақ бүгін қыр далам, Ақ дастарқан жапқандай.
Халық біткен қарбалас, Қонақ күтіп жатқандай.
2-бастаушы: Жаңа жылда алдағы, Көңіл өсіп, кеңейсін.
Ортақ ойы арманы, Жақсы дәстүр көбейсін.
Оқушылар қол ұстасып, шыршаны айнала жүріп, «Шырша» әнін орындайды. (Ертегі кейіпкерлері келіп сахналық қойылым қояды.)
Ортаға Аяз ата ақшақармен келеді.
Аяз ата: Қадамдарың құтты болсын!
Денсаулық мықты болсын!
Ақшақар: Құрметтеймін құрбылар,
Құт қадамың жыр болар.
Көріп көркем сәнімді,
Тыңдайын жыр-әніңді.
Нұрғиса: Бір топ бала сырғанып, Барады, әне жарысып.
Қалды артында қыр алап, Іздерінен қар ұшып.
Саят: Қырау қатып жағаға, Аяз беттен өбеді.
Бірі мініп шанаға, Бірі шаңғы тебеді.
Жанерке: Сәтке қарап тұрмайсың, Көңілді еді қыс қандай!
Шаңғыменен зырлайсың, Қанат бітіп ұшқандай.
Альбина: Келдіңбе елді қыспаққа, Шығатындай ұшпаққа.
Төбелетіп қарыңды, Төге берме кәріңді.
Нұрғиса: Аязыңды шытынат, Бораныңды бұрқырат.
Қорқа қояр мен емес, Кәне, өзіммен ерегес!
Азиза: Ал қыса ғой қолымнан, Түк шықпайды оныңнан.
Қолғабым бар қолымда, Бөкебайым мойымда,
Аяжан: Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып.
Аружан: Өткен жылға ырзамыз, Өсе түсті бойымыз.
Қандық талай сырға біз, Шарықтады ойымыз.
Наргиза: Жаңа жылда алдағы, Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы, Жақсы дәстүр көбейсін.
Жансерик: Келді, міне, жаңа жыл аппақ болып,
Ән салып, жұмбақ болып тақпақ болып.
Ауламыздың тұсына қонып жатыр.
Аяз болып, мұз болып, қатпақ болып.
1-жүргізуші: Қандай жақсы бәздің Аяз атамыз,
Ол кеткен соң терең ойға батамыз.
Ақшақар боп қалықтаймыз,
Құс жолымен ән сап бара жатамыз.
2-жүргізуші: Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын,
Біз тілейміз ақшақардың пәктігін.
Аялаймыз ақ ормандай ойларды,
Аялаймын ару қыстың ақ түнін.
Жаңа жыл:
-
Уа, құрметті де құдіретті оқушылар мен қонақтар, мен жаңа жылмын. Барлық адамға бақыт болып келемін. Өтіп бара жатқан жыл – өркені өскен табысты жыл болды. Жылдардың арқауы үзілмесін. Жаңа жыл, жаңа бақыт әкелсін!
А.С.Пушкин атында орта мектебі
Ертеңгілік
Жасыл шырша жанында
Мұғалімі: Б.С.Сейітқасымова
Қаратау қаласы
|
Пәннің аты Математика |
Уақыты: |
Кабинет: 7 |
Мұғалім Б.А.Сейітқасымова |
|
Сабақтың атауы |
4 санын қосу және азайту (4+4, 8-4) |
||
|
Мақсаты |
Санға 4-ті қосу және саннан 4-ті азайту жайында түсінік беру, жаттықтыру. Міндеттері: 1. Ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын арттыру. 2. Ойлауын, танымдық қабілетін, белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру. 3. Математика сабағына қызығушылықтарын арттыру, тапқырлыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, ауызша есептей білуге, тәртіпті болуға тәрбиелеу. Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,көрнелік, ой қозғау. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың көрнекілігі: 4 - ті қосу, көрнекіліктер, оқулық, ойын түрлері. |
||
|
Күтілетін нәтиже |
Оқушылар санға 4-ті қосу және саннан 4-ті азайтуды үйренеді. Ауызша, жазбаша есептеу дағдылары қалыптасады.Оқушылардың ойлауы, танымдық қабілеті артады. Математика сабағына қызығушылығы артады. |
||
|
+Психологиялық ахуал |
Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар балалар. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! |
Оқушылар орнынан тұрып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|
|
Қызығушылықты ояту |
Біз бақытты баламыз, Биікке қанат қағамыз. Болашаққа талпынып, Оттай лаулап жанамыз. Мақсатымыз білім алу Міндеттіміз еңбектену Еңбектену арқылы 5 - ке қолды жеткізу Ауызша есептеу жүргізу. а) Ойын: «Кім шапшаң?» 5+ □ = 9 □ + 3 = 8 □- 4 = 2 8 - □ = 5 - Белгісіз қосылғышты қалай табамыз? - Белгісіз азайғышты қалай табамыз? - Белгісіз азайтқышты қалай табамыз? |
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі. |
|
|
Мағынаны тану |
а) Ой қозғау. - Жылдың қай мезгілі - Бүгінгі ауа райы қандай? - Осы бүгін аптаның нешінші күні? Және қай күн? - Балалар, біз бүгін сабақта аққала құрастырамыз. - Суреттегі аққаланы құрастырамыз ба? Ү. Мағынаны тану: 1- тапсырма. І. Аққаланың кеудесінің бірінші бөлігін құрастырамыз. №1 «Доминодағы» суретке қарап теңдіктер құрастырамыз. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бір отырып, бір тұрып, Сергіп бір алайық. а) Дәптермен жұмыс. Шығармашылық тапсырма: Ойын: «Кел,ойнайық!» ІІ. Аққаланың кеудесінің екінші бөлігін құрастырамыз. (а) ІІІ. Аққаланың басын құрастырамыз. (ә) а) Көркем жазу. 2 - тапсырма. №2 . Сан сәулесінен 4 санын белгілеп алып, оңға қарай 4 рет аттасақ, 8 шығады, яғни 4 4-ке артады. 4 + 4 Сан сәулесінен 8-ді белгілеп , солға қарай 4 өлшем аттасақ, 4 шығады, яғни 8 4-ке кемиді. 8 - 4 3 - тапсырма. Сандар қатарын тақтаға жазып қою. 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0 Үш сан аттай отырып сана және сандарды ата: Өсу реттімен 4-тен бастап; кему ретімен 10-нан бастап. ІV. Аққаланың қолдарын құрастырайық. |
||
|
Сергіту сәті |
Кел балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді болып жүрейік. Кел балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! |
Ой сергітеді, шашағандары басылады |
|
|
Ой толғаныс |
ІV. Аққаланың аузын құрастырамыз. 4- тапсырма. №4 Қызыл және көк кесінділердің ұзындықтарының қосындысын жасыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр. 1. Кесіндіні өлшеу. 2. Қызыл және көк кесіндінің қосындысынның ұзындығын табу. 3.Ол кесіндіні жасыл кесіндімен салыстыру. Қызыл кесінді -4 см, жасыл кесінді- 6 см, көк кесінді- 3 см. 4см+3см=7см 4см+3см > 6 см 5- тапсырма. ҮІ. Аққаланың мұрнын қоямыз. №5. Есепті шығар. Шарты: Оқушылар 3 түп өрік ағашын және 4 түп шие ағашын отырғызды. Сұрағы: Оқушылар барлығы неше түп ағаш отырғызды? -Есеп не туралы? -Не белгілі, не белгісіз және нені табу керек? -Есепті шығару үшін қандай амал қолданамыз? Шешуі: 3+4=7 (т.а.) Жауабы: барлығы 7 түп ағаш
- Ойын: «Кім жылдам?» |
||
|
Үйге тапсырма |
Санды 4-ке арттыру үшін неше сан аттай отырып санау керек? -Қосылғыштарының бірі 4 болатын қосындылар айтып мәнін айт. Тура және кері үш сан аттай отырып сана. Кел, ойнайық! (өрнектердің мәнін тауып келу) |
Күнделіктеріне жазып алады. |
|
|
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау (фишкалармен) |
Бағалау парақшасын толтырады. |
|
|
Кері байланыс |
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|
Ойнайық та, ойлайық!
Сабақтың мақсаты: оқушыларды білімге құштар болуға, есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу.
Әдебиетке, өнерге, мәдениетке баулу. Ұқыптылыққа, адамгершілікке, ойшылдыққа, шапшыңдыққа тәрбиелеу.Танымдық іскерліктерін дамыту.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, гүлдер.
Әдісі: көрнекілік, ізденіс жұмыс, ойын, сайыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Жиылыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен-кіші жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүлдей жайнап біздің мына төрімізге, -дей отырып, әділқазылар алқасын сайлап, ортаға шақырайық.
Әрбір сабақ-үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің-тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің-шындық, бірлік, адалдық.
Психологияляқ көңіл күйді реттеу.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Топқа бөлу: 1-топ: «Қошақандар», 2-топ: «Ботақандар», 3-топ: «Құлыншақтар»
-
Қызығушылығын ояту. (Төлді қалай шақыратынын айтады)
1-топқа: Қой баласы қоңырым,
Қойдай жуас момыным.
Шопаната түлегі,
Қошақаным қайдасың?
Пұшайт, пұшайт!
2-топқа: Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай,
Елпеңдеген ойнақтап,
Енесіне қарамай,
Ойсылқара баласы,
Көс,көс!
3-топқа: Жолға шықсам, көлігім,
Жапанда жүрсем, серігім.
Қамбарата өсірген,
Құлыным менің, қайдасың?
Құрау, құрау!
-
Сұрақ-жауап кезеңі.
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
4. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
5. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар.
6. Әліпбидегі әріптерді ретімен ата.
3. «Бір сөзбен айту» ойыны. (Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын оқушылар бір сөзбен айту керек)
- Кежегесі кейін тарту. (жалқаулану)
- Күлін көкке ұшыру. (құрту)
- Бетінен оты шықты. (ұялу)
- Жүрек жұтқан. (батыр)
- Қоян жүрек. (қорқақ)
- Көз ілмеді. (ұйықтамау)
- Қас қарайды (кеш болды)
- Беті бүлк етпеді.(ұялмады)
- Тістен шығармау. (айтпау)
- Су тегін. (арзан)
- Төбе шашы тік тұрды. (қорқу)
- Қырғы қабақ болу.(араздық)
4. «Қай зат артық» ойыны. (Берілген суреттердің ішінен артық заттың суретін алып тастау)
5. Буынұйқас. (Әр оқушы әр түрлі жауап беруі мүмкін)
1. –рет, -рет, - рет (Мен салдым сурет)
2. –ю, -ю, -ю (Көрдім аппақ аю)
3. –ян, -ян, -ян (Қашып шықты қоян)
4. -тап, -тап, -тап (Дұрыс жауапты тап)
5. –уыл, -уыл, -уыл (Далада тұрды дауыл)
6. –бар, -бар, -бар (Жауды қалың қар)
7. –дер, -дер, -дер (Қандай сүйкімді төлдер)
8. –ла, -ла, -ла (Тақтаны тазала)
9. –ға, -ға, -ға (Ұшып кетті қарға)
6. «Қай сөздердің қатысы бар?» Берілген сөзді оқығанда оқушылардың ойына қандай ұғымдар келсе, соны жазады)
1-топ: Қыс (қар, аяз, мұз ...)
2-топ: Мектеп (оқушы, парта, мұғалім ...)
3-топ: Жанұя (ата, әке, апа ...)
7. Мына сөздер қай малға қатысты?
Тебеген – жылқы, сиыр
Сүзеген – теке, қошқар, сиыр
Үркек – жылқы, қой
Жібек жүнді – ешкі
Күлте жалды – жылқы
Тістеуік – жылқы
Қалың шудалы – түйе
Ай мүйізді – сиыр
Сүтті – сиыр, бие
8. «Қарлығаш» сөзінен сөз теру.
(Қар, ағаш, ар, қарлы, шал, шар, қаш, қал ...)
Қорытынды сөз.
Білім аққан сел дейді. Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп. Ақыл –ойға кен дейді.
Білім, ой мен арымыз, рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге, қол соғамыз бәріміз.
Оқушылар білетін тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаштар айтады.
-
Бұл қар - Сұр қар, Сұр қар – Кір қар.
Үстіне аунама, Үстіңді былғар.
-
Қой атасы- Шопаната,
-
Жылқы атасы – Қамбарата,
-
Ешкі иесі- Сексеката,
-
Түйе атасы – Ойсылқара,
-
Сиыр иесі – Зеңгібаба.
Ойын қорытындысын шығарып, топтарды марапаттау.
А.С.Пушкин атындағы орта мектебі
Сыныптан тыс іс-шара
«Ойнайық та, ойлайық!»
Бастауыш сынып мұғалімі: Б.А.Сейітқасымова
Қаратау қаласы
Өзге тілге қажеті не таңырқап,
Өз тілінде сөйлер шықты сан ұрпақ.
Қазақ тілі – өз жұлдызың көктегі.
Қазақ тілі – көгіңдегі шамшырақ.
Қазақ тілі – өмірің де, өлең де.
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі – болашаққа жетелеп.
Ұрпақтарды танытады әлемге!
Өзім барам мектепке
Кітаптарым бар менің Дәптерлерім және бар.
Суретімді әрледі, Оқып жүрген ағалар.
Әріптерді тануды Кеше өзім үйде өткем.
Ал, суретті салуды Балабақша үйреткен.
Әріптерді тіземін, Өзім жаза аламын.
Жазуымды түзедім Айтуымен ағаның.
Есепке де, ертекке Уақытымды бөлемін.
Өзім барып мектепке, Өзім үйге келемін.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген