Сабақтың
жоспары
Поурочный план
The plan of the
lesson
Күні/
Дата/
Date: 12.10.2013
Сынып/Класс/Class: 1«А»;
Пән/ Предмет/
Subject: Сынаптан
тыс
Сабақтың тақырыбы/ Тема
занятия/ Theme: Әліппе әлеміне
саяхат.
Мақсаты/ Цели занятия/
Objectives
Білімділігі/
Образовательная/Education:
оқушылардың бойында
дыбыстарды ажырата білуге баулу,оқу
дағдысын арттыру және дыбыс артикуляциясын
меңгерту
Дамытушылығы/ Развивающая/
Developing:
Оқушылардың ойлау және
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі/ Воспитательная/
Brining-up:
ұқыптылыққа,әдептілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі /Вид урока/
Kind of lesson: дәстүрлі
емес
Сабақтың типі/ Тип урока/
Type of lesson:
қайталау
Сабақтың көрнекілігі/
Оборудования/ Equipment lessons:
ИКТ (презентация), суреттер,
бейне материал.
Сабақ барысы/План
занятия/Plan:
Ұйымдастыру
кезеңі.
Амандасу(, көңіл-күйлерін
сұрау смайликтер арқылы сұрау.
-
cood morning.how are
you?
-ендеше бір-бірімізге « ок»
дейік. Жарайсыңдар балалар,енді осы
көңіл-күйімізбен сабағымызды бастайық.
Кіріспе.
-
Балалар біз бүгін сабағымызда
әліппе әлеміне саяхатқа шығамыз. Ол үшін барлығымыз тыныш отырамыз
да,маған қараймыз.Балалар білесіңдер ме біздің Алпамыс пен Махаббат
деген балаларымыз кеше сиқырлы әліппе әлеміне деген жолды тапты.
Енді олар да бізді осы сиқырлы әліппе әлеміне саяхатқа шақырып
жүр.Дайынсыңдарма?Тамаша,ендеше бастайық (бейнематериал «сиқырлы
әліппе»)
-
Біз әліппенің бірнеше
тармақтарын өттік.Қане ки кім маған айта алады,Әріп дегеніміз не?
(жазамыз,көреміз)
-
Дыбыс дегеіз не?
(айтамыз,естиміз)
-
Қандай әріптерге саяхат жасап
болдық? . (А, О,
У, Т, П, Н, Ғ, Р, Л, У, Й, М , Ш,
Қ, Д )
Жарайсыңдар балалар,Қазір біз
сендердің осы дыбыстарды қаншалықты білетіндеріңді тексереміз.ол
үшін біз сендермен «дыбыстар» атты ойының
ойнаймыз.
Дауыстылар: А, О, У (хормен
оқыту)
Дауыссыздар: Т, П, Н, Ғ, Р, Л,
У, Й, М , Ш, Қ (хормен оқыту)
-
(оқушылар сигнал карточкалары
арқылы дыбыстың дұрыстығын
көрсетіп,дыбыстайды)
-
Жарайсыңдар балалар,дыбыстарды
дұрыс айыра білесіңдер,ал буындарды дұрыс орналастыра білесіңдер
ме?қане ки тексерейік.Алдарыңда сендерге буындар берілген,Бірінші
сыңарлары дұрыс орналасқан,ал екіншісі шашылып
кетті.
«Шашылған буындар»
интерактивті тақтаның көмегімен оқушылар дұрыс буындарды тауып
орналастырады (флипчартпен жұмыс) (буынмен
жұмыс)
Сергіту
сәті
« Сөйлемдер»
ойыны .
Мынаның барлығын біз қайдан
білдік? (әліппе кітабынан). Бірінші күні келгенде апайларын
сендерді сиқырлы әліппе кітабымен таныстырды.Міне балалар бұл
біздің бастапқы біліміміздің іргесі болып табылады.Осы сиқырлы
кітабымыз арқылы біз болашаққа деген қадам аламыз.Ендеше сиқырлы
кітабымыздың сыртына қарайық, -не көріп отырмыз? (балаларды көріп
отырмыз)Енді бірінші бетін ашайық.-Ненің суреті бейнеленген?
(мектептің және балалардың)Олай болса сендерге мынандай тапсырма
бергім келіп тұр . Осы суретке қарап сөйлем құрастыру және схема
сызу.Бас әріптен басталатыны жайлы айтып кету,және де сөйлемнің
соңында нүкте қойылатының естеріңе түсіру.
М
ысалы:
балалар ойнады.
(
.)
Сергіту сәті: (қолға
арналған)
«Есіңде сақта»
ойыны.
Балалар мен қазір сендерге
бірнеше буындарды көрсетем.Сендер оны менімен бірге оқып,кейін
өздерін естеріңе сақтап жазасыңдар,Ең жақсы жазған оқушыға мен
жұлдызша беремін.дайынсыңдар ма?Бастайық.
«Ойлан тап» ойыны.Қазір
сендерге бір ұлағатты сөз беремін.Бұл сөзіміз Қазақстан деп
аталады.Қалай ойлайсыңдар Қазақстан бұл не? (Республикамыз)
Қазақстан Респуликамыз қандай мемлекет? (егеменді,тәуелсіз) Олай
болса сы мемелекетіміздің атымен қанша сөз шығатын табайық. Мысалы:
(Қазақстан –тас)
(Қазақстан-қазақ,хан,сан,ақ,ас,қаз,қақ,аз,азан,тас,)
Келесі Алпамыс пен Махаббатың
сендерге әкелген тапсырмасы Жұмбақбай атаның
жұмбақтары.
Қорытынды. Балалар біз бүгін қайдай
кейіпкерлердің көмегімен сиқырлы әліппе әлеміне саяхат жасадық?
Енді біз оларға рахмет деп айтайық(хормен)
Балалар біз бүгін сабақта не
істедік? Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? Дыбыстар нешеге
бөлінеді? Қандай?
Енді осы дыбыстарымызды өзінің
достарының жаныңа орналастырайық. (Венндиаграмма) Бір-бірімізге
жақсы жұмыс атқарғанымыз үшін шапалайық.Оң қолдарымызды басымыздан
сипайық және «мен үлгілі,тәртіпті баламын»
айту.
Орнымыздан тұрамыз. Сабақ
аяқталды. Сау болыңыз!
Сынып
жетекшісі:
Әдіскер: