400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әліппе деген алтын жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге мұғалімдерге тәрбие сағатын жоспарлағанда керегін алады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Әліппе деген алтын жол.


Мақсаты: Оқушының әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін - өзі басқаруға үйрету.


Көрнекілігі: шарлармен, қанатты сөздермен безендіру. Абай, Ыбырай, Спандияр Ахмет суреттері, сандық, Ана тілі оқулығы.


Жүрісі: Көңіл күй ахуалы

Алдымен сәлемдесіп алайық.


Сәлем дейміз күнге біз

Сәлем дейміз аспанға

Сәлем дейміз қонақтарға

Сәлем дейміз достарға.


Құрметті ата – аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппе деген алтын жол» атты мерекемізге қош келдіңіздер. Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да, қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі ата - әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл – қыздарымыз өздерінің ең алғашғы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!

Шашу, шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық


Құтты қадам болсын деп

Шашуларды шашайық.

Шашу шашылып, балалар шашу тереді. Қызыл, сары, жасыл кәмпиттің түсіне қарай 3 топқа бөлінеді.

Би: «Қызғалдақ»

Бұл әлемде «Әліппе» деген үлкен ел бар. Сол елге саяхат жасамақшымыз. Ол елге жету үшін әр ауылға соғып, тапсырмаларын орындасақ, үлкен қазынаға ие боламыз.

Бірінші, мынау кім ауылы? Абай Құнанбаев атамыздың ауылы

Сұрақтарға жауап берген оқушыларға дөңгелекшелер беріп отырамын.

  • Абай кім?

  • Дыбыс пен әріптің өзгешелігі неде?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Жуан дауысты дыбысты ата



  • Жіңішке дауысты дыбысты ата

  • «Қоян» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?

  • Дауысты дыбыстан басталатын сөздер ойла.

Балалар қандай өлеңнің аты шықты?

«Әсемпаз болма әрнеге» Кім айтады?

Ән: Ерасыл

Екінші, - Мынау кімнің ауылы?

  • Иә, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин атамыздың ауылы екен.

  • Ыбырай Алтынсарин кім?

Енді осы атамыздың тапсырмаларын орындайық.

  1. «Санамақ» айта білеміз бе?

  2. «Отан » өлеңін айт

  3. «Астанам » өлеңін айт

  4. «Бір қазан сүт» өлеңін айт

Қандай өлеңнің аты шықты?

«Кел, балалар, оқылық!» Кім айтады?

Би: «Көңілді күн»

Үшінші, - Мынау кімнің ауылы?

  • Иә, Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың

Енді атамыздың тапсырмаларына көңіл бөлейік.

Мақал – мәтел біледі ме?

Қандай өлеңнің аты шықты?

«Оқуға шақыру» Кім біледі?

Ән: «Жарқын жүзді ұзтазым»

Төртінші, - Спандияр Көбеев атамыздың ауылы

«Сөз шеберлері»

Балапан, Ботақан, Балдырған

Бір сөзден бірнеше сөз шығару.

«Құстың ұясы » әңгімесін оқу.

Би: «Балапандар»

- Міне, балалар, Әліппе еліне де жеттік. Енді Әліппеге арнап өлең айта білесіңдер ме?

Әліппе туралы білетін өлеңдерін сұрау. Енді ұпайларымызды санасақ.

Әліппе сендерге риза болып қалды. Алға қойған мақсаттарымызға жеттік. Әліппе бізге қандай қазына қалдырды екен, мына сандықты ашып қарайықшы. Мынау не балалар?

- Иә, ана тілі оқулығы екен. Өмірдегі ең қымбат қазына - өз ана тіліміз. Тілімізді қастерлеп, сыйлап өтуіміз қажет. Сондықтан 42 әріпті танып білдік, жүргізіп оқу, мағынасы тану алдағы міндетім деп есептеймін. Менің сіздерге

сыйым – «Қазақтың үш бәйтерегі» кітапшасы. Осы Абай, Ыбырай,

Ахметтердің жолын қуған қазақтың айтулы ақын, қарымды қаламгерлері Сәкен, Ілияс, Бейімбеттердің еңбектерімен танысып, сендер де солардай қазақтың сөз өнерін байытатын, талантты тұлға болып өсе беріңдер!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі