Материалдар / Әліппе. Дыбыстарға сабақ жоспарлар. Бірінші сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әліппе. Дыбыстарға сабақ жоспарлар. Бірінші сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өтілген тақырыптар, дыбыс түрлерін, буын, сөз, сөйлемдерді қайталай отырып, жаңа сабақпен байланыстыру. Дыбыс таңбаларымен таныстырып, дыбыстарға сөздер, сөйлемдер ойлау. Мәтіндерді меңгерту барысында үлкендерге құрмет көрсетуге үйрету, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру, шығармашылық ізденіске баулу.
Авторы:
16 Қаңтар 2024
199
15 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «И» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

  1. Өтілген тақырыптар, дыбыс түрлерін, буын, сөз, сөйлемдерді қайталай отырып, жаңа сабақпен байланыстыру. И дыбыс таңбасымен таныстырып, И дыбысына сөздер, сөйлемдер ойлау « Әжесі мен немересі» мәтінің меңгерту барысында үлкендерге құрмет көрсетуге үйрету, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру, шығармашылық ізденіске баулу.

  2. Адамгершілікке тәрбиелеу.

  3. Ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: оқулық, дәптер, сөздер, сурет.

Техникалық құрал: интер тақта, компьютер, диск.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Хормен: Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басымызды иіп бәріміз.

  • Балалармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеріп, сабақ барысын хабарлау.

  • Бүгінігі сабағымызда өткен тақырыптарды қайталай отырып жаңа дыбыс және әріппен танысамыз.

Жаңа сабақ. - Бүгін и дыбысы мен әрпімен танысамыз.

Бәріміз тақтаға назарымызды аударайық. Дискімен жұмыс.

  • и дыбысынан келетін бір, екі, үш буынды сөздер айтқызу, сөйлем құрау.


І. Жұмбақ шешейік: Кигізіп ұзын жіпті көзіне,

Киім тігіп береді ол өзіне (ине)

Ине, и әрпін көрссетемін. Хормен қайталайды:

И, ине, ки, жи, тиын, ине, Әжесі мен немересі. Инештің әжесі бар.

Дыбыстық талдау жасайды, буынға бөледі:

Дина, Дариға, Имаш

Көркем жазу. И әрпін жазып көрсету.

Ии Нариман Сағила

Сергіту сәті:

Әжесі мен немересі сюжетті суретпен жұмыс істеу

Мәнерлеп оқу «Әжесі мен немересі»

Оқушыларды үлкендерді құрметтеуге тірбиелеу.

Сурет бойынша төмендегі сөздерді пайдаланып, әңгіме құру.

Сызбасын салу. Мысалы: Бауыржан бөрік киді.

Shape3 Shape2 Shape1

Сөзден не құралады?

Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Адамдардың аты қалай жазылады? И әрпі бар қандай адамдардың атын білесіңдер?

Дидактикалық ойын: Артық сөзді тап:

Арман, Иса, Имаш

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу, мазмұндау.

VI. Жаңа сабақты бекіту.

Балалар бүгінгі біздің танысқан әріпіміз қандай?

  • и

Дәптермен жұмыс.

VII. Қорытынды.

VIII. Сабақты бағалау.

Сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

IX. Үйге тапсырма

И дыбысынан келетін сөздер, сөздерге сөйлем құрау.

Сабақтың тақырыбы: «И» дыбысы мен әрпін бекіту

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен тақырыпты жалғастыру, дыбыс түрлерін, буын, сөз, сөйлемдерді қайталау. И дыбысына сөздер, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру, шығармашылық ізденіске баулу.

  2. Адамгершілікке тәрбиелеу.

  3. Ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: оқулық, дәптер, сөздер, сурет.

Техникалық құрал: интер тақта, компьютер, диск.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Хормен: Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басымызды иіп бәріміз.

  • Балалармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеріп, сабақ барысын хабарлау.

  • Бүгінігі сабағымызда өткен тақырыптарды қайталау


Инелік, шыбын, маса

Дыбыстық талдау жасап, бөліп, осы сөздердің айырмашылығы мен ұқсастығын айтқызу.

Көркем жазу.

И, инелік, маса, шыбын

Мәтінмен жұмыс «Инелік» оқу, үтірдің қойылу себебін түсіндіру.

Сергіту сәті: Көз жаттығу

Тақтадағы сызба бойынша жұмыс

Инеліктер масалар

Жәндіктер соналар

Көбелектер аралар

Сөздердіңқосымша буындармен өзгеруіне көңіл бөлу.

Сөздік диктант: Бөлме, бор,жеміс, бөрік

Суреттер бойынша әңгіме құру.

Тиін ағашта отыр. Киік далада болады. Сиыр шөп жейді. Ит үреді.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу, мазмұндау.

VII. Қорытынды. Әрпіңді тап. Ойыны.

VIII. Сабақты бағалау.

Сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

IX. Үйге тапсырма

80-бет оқу










Сабақтың тақырыбы: «Й» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

  1. Өтілген тақырыптар, дыбыс түрлерін, буын, сөз, сөйлемдерді қайталай отырып, жаңа сабақпен байланыстыру. Й дыбыс таңбасымен таныстырып, Й дыбысына сөздер, сөйлемдер ойлау « Айдар мен Айдос» мәтінің меңгерту барысында адал дос болуға үйрету, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру, шығармашылық ізденіске баулу.

  2. Адамгершілікке тәрбиелеу.

  3. Ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: оқулық, дәптер, сөздер, сурет.

Техникалық құрал: интер тақта, компьютер, диск.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Хормен: Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басымызды иіп бәріміз.

  • Балалармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеріп, сабақ барысын хабарлау.

  • Бүгінігі сабағымызда өткен тақырыптарды қайталай отырып жаңа дыбыс және әріппен танысамыз.

Жаңа сабақ. - Бүгін и дыбысы мен әрпімен танысамыз.

Бәріміз тақтаға назарымызды аударайық. Дискімен жұмыс.

  • й дыбысынан келетін бір, екі, үш буынды сөздер айтқызу, сөйлем құрау.


І. Жұмбақ шешейік: Айда бар,

Көлде жоқ.

Сайда бар,

Шөлде жоқ. Й

Хормен қайталайды:

Й Ай, тай, шай, бай, лай, той. Қой

Дыбыстық талдау жасайды, буынға бөледі:

Айдар, Айдос

Көркем жазу. й әрпін жазып көрсету.

Й Айдар Айдос

Сергіту сәті:

Балықшылар сюжетті суретпен жұмыс істеу

Мәнерлеп оқу «Айдар мен Айдос»

Оқушыларды адал дос болуға тәрбиелеу.

Сурет бойынша төмендегі сөздерді пайдаланып, әңгіме құру.

Сызбасын салу. Мысалы: Алтынай шай ішті.

Shape6 Shape5 Shape4

Сөзден не құралады?

Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Адамдардың аты қалай жазылады? й әрпі бар қандай адамдардың атын білесіңдер?

Дидактикалық ойын: Кім тез? Айша, Айбек, Айдос, Айман т,с.с.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу, мазмұндау.

VI. Жаңа сабақты бекіту.

Балалар бүгінгі біздің танысқан әріпіміз қандай?

  • й

Дәптермен жұмыс.

VII. Қорытынды.

VIII. Сабақты бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі.


Сабақтың мақсаты: Г г дыбысы мен әрпін меңгерту, сөзге дыбыстық талдау жасату, сөздерді буынға бөлгізу, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйркту, сөздік қорын, тілін дамыту, Г дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға, жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, көгершін, гүл, әртүрлі суреттер, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.


Парта саған төсек емес жатуға,

Түзу ұста, тік отыр сен партада.

Бойды түзе, көтер басты жоғары,

Сымбаттылық болсын сенің бойында.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


-Өткенде қай дыбыспен таныстық?

- Й й дыбысы мен әрпі.

-қандай дыбыс?

-Жіңішке дауысты дыбыс.


Ережені еске түсіру.

Дыбыс деген не? Әріп деген не? (Дыбысты- естиміз, айтамыз, әріпті- көреміз, жазамыз, оқимыз).


«Шебер қолды әжей» мәтінің тізбектеп оқытамын.

ІІІ. Жаңа сабақ.


Сөзжұмбақ шешу.


1. Жетіден кейін сан.

2. Түнде ұшатын құс.

3. Ешкінің төлі.с е г і з

ү к і

л а қ



-Гүл дегенде бірінші қандай дыбыс стіліп тұр?

-г г дыбысы.

-Бүгінгі біздің танысатын әрпіміз…. (хормен айту)

-Г-г-г

-Айтылуына қарай қандай дыбыс?


Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Дауыссыздардың үйіне саламыз.

Баспа ,жазба түрімен таныстыру.

Баспа түрімен қайда жазылады?

Жазба түрімен қайда жазылады?


ІҮ. Оқулықпен жұмыс.


1. Г дыбысына байланысты суреттер көрсету. Суреттер бойынша сөйлету.

2. Буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату.


Гүл – 1 буын, 1 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс бар.


-Гүлді сендер жақсы көресіңдер ме?

-Мереке, мейрамдарда ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, достарымызға гүл сыйлаймыз.


Гүлдің түрлері өте көп.Түстері әртүрлі болады. Гүл хош иісті, әдемі болады. Гүл адамға қуаныш, шаттық сыйлайды. Көңілімізді көтереді.


1. «Ай мен әтеш» мәтінің мәнерлеп оқу.

2. Тізбектей оқу.

3. Шығарманың қай түріне жататынын айту.


Ү. Сергіту сәті.


Жел улейді:у-у

Құйын келіп билейді:зу-зу

Қатты-қатты жел соқты:гу-гу

Жапырақтар қол соқты: ду-ду.


ҮІ. Дәптермен жұмыс.


1. Жазба әріптің үлгісін тұтас көрсету.

2. тақтада жазу.

3. Ауада жазу.

4. Көзді жұмып жазу.

5. Дәптерге түсіру.


Сергіту сәті. «Гүл өсірем үйде».

Гүл өсірем үйде

Су құямын күнде.

Гүл күткенді біледі

Бойын сылап күледі.

Күнде гүлін ашады,

Жұпарын маған шашады.


«Ер қанаты-ат»тақырыбындағытірек суреттерді пайдаланып, оқушыларды әңгімеге, сөйлем құрауға тарту.


ҮІІ. Тірек- сызба бойынша сөз ойлап айту.



1-топ 2-топ 3-топ


Бекіту. «Не өзгерді?» ойынын ойнату. Қ-ғ к-г дыбыстарын салыстыру арқылы сөздегі орындарын анықтап, дауысты ы,і дыбыстарының жалғануына орай қай дыбыс қандай дыбысқа айналатынын табып, сөздерді айту.


Қорытындылау.


Аналарды сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене, балалар,

Үзуге адам қимайтын. (Гүл)


Г қандай дыбыс?


Үйге тапсырма. Г дыбысы мен әрпін оқу. Жазу. «Ай мен әтеш» мәтінін түсініп оқу.


Бағалау. Оқушыларды бүгінгі сабаққа назарларын аударып қатысқандарына алғысымды білдіріп, әрбір оқушының сабаққа қалай қатысқанын түсіндіріп, бағалаймын.


Сабақтың тақырыбы: З з дыбысы мен әрпі.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды З з дыбысы мен әрпімен таныстыру.


Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу мәнерін, оқу жылдамдықтарын дамыту.


Тәрбиелік: Жан-жануарларды қамқорлыққа алып, үлкенге көмек көрсетуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекіліктері: жұлдызшалар, кеспе әріптер, аңдар, карточкалар, масаның суреті, сөздер, суреттер.


Сабақтың барысы: I-Ұйымдастыру кезеңі:


Шаттық шеңбері:


Бір-біріне тілек айтады. Мына өлеңді барлығы бірге жатқа айтады.


Мектеп –кеме,


Білім-теңіз. Барар жерге ,


Тез жетерміз.


II-Өткен сабақ:


Әріптерді аударып партаға тастаймын. Өздері алып сол әріпке байланысты сөздер айтады. А-ата, Г-гүл. т.с.с.Г әрпіне байланысты тақпақ айтады. Гүл сөзіне буындық талдау жасайды.. Гүл суретіне сөйлем құрайды. «Бидай» мәтінін оқытамын .Буындарды бағанға бөліп оқытамын.


Сергіту сәті: Көжегім тұршы


Бетіңді жушы


Айнаға қарашы


Шашыңды тарашы,


Тамағыңды ішші


Сабағыңа баршы


Орныңа отыршы


Сабағыңды жазшы.

III-Жаңа сабақ


Жаңа сабақты бастау мақсатында .Әңгіме оқып беремін. « Маса»


Асылбек сурет салып отыр еді. Желдеткіштен маса ұшып кірді. Маса бөлме ішінде ызыңд

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!