243
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
244
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әліппе "Нені үйрендім?
Әліппе "Нені үйрендім?
|
Бөлім: |
Әліппе кезеңі |
|
|||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
Кервенова Булбул Сыздыковна |
Күні: 27.11.2024 ж |
|||||
|
Сынып: 1 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Не үйрендім? Не білдім? |
||||||
|
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер |
Білімділік: мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеріп, қатені түзетеді; мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қоя алады, сұраққа жауап береді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады. Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды. Тәрбиелік: коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдана алады. |
||||||
|
Құндылықтар |
|
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтың кезеңі/уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы (1–5 мин)
Тыңдалым
3 мин
3 мин
6 мин
Сергіту сәті 2 мин
Жазылым 7 мин
7 мин
Оқылым 5 мин
5 мин
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар топпен бөлініп отырсыңдар. Балалар, 1-топтағы оқушылар бір-біріңмен қандайсыңдар? Сондықтан сендерге «Достар » атауы берілді. 2-ші қатардағы оқушыларым қандай? 3-ші қатардағы менің оқушыларым қандай екен?
Бүгінгі сабаққа ақылды әрі еңбекқор оқушыларым өздерінің дос екендерін көрсете отырып, өте жақсы жұмыс жасайды деген ойдамын. «Сұраққа ұтымды жауап» 1.Бүгін аптаның қай күні? Қазір қай мезгіл? Қай ай?
Өткен дыбысқа байланысты сөздерді оқи қояйық.
Ыбырай Алтынсарин қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф .Балаларға арнап көптеген ертегі, әңгімелер жазған. Соның бірі «Мақта қыз бен мысық » ертегісі Ертегінің басын тыңдату. Мысық құйрығын қайтарып алу үшін, сендердің көмектерің керек. Балалар, мысыққа құйрығын алуға көмектесеміз бе? Балалар, мысыққа берілген тапсырмаларды дұрыс орындасақ, мысықтың сыйлығы бар екен?Сондықтан бәріміз көмек беруге тырысайық. Балалар, сүтті қайдан аламыз? Мысық: Сиыр ,сиыр сүт берші? Сиыр: алдымен мына тапсырманы орындап, жапырақ әкеп бер. Сиыр тапсырмасы: Сұрақтарға жауап бер «Миға шабуыл» әдісі
2. Әріптен не құралады? 3. Сөзден не құралады? 4.Сөйлемнен не құралады? 5.Өткен әріптерің ішінде қай әріп сиқырлы? Балаларды мадақтау Балалар, жапырақты қайдан аламыз? Мысық : ағаш ағаш жапырақ берші. (аудио) Ағаш: менің тапсырмамды орындасаң, жапырақ беремін «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Жапырақтағы буындардан сөз,құралған сөзден сөйлем құра. Маған су әкеліп берші. (Кі-тап, ә-же, қа- ла , ұш-қыш, мон-шақ, ән-ші ) Балалар, осы ертегіде суды кім береді? Мысық: Қыздар, қыздар маған су беріңдерші Қыздар тапсырмасы: «Кел билейік» Қыздар: Мысық ұзақ жолдан шаршаған шығарсың, бізбен бірге сергіп ал да , бізге сағыз әкеп берші. Мысық : Дүкенші , маған сағыз берші. Дүкенші : сағыз алу үшін, менен бірнеше зат сатып алып, жұмыртқа әкеп бер . Зат сатып алып, заттардың артына жазылған сөздерді сөздік диктант жазуымыз керек.(асық, қамшы, домбыра, қобыз, торсық) (Ламинатталған А4 форматына жазады.) (ас, ат, күй, әуен, сүт) Осы жазған сөздеріңді маған көрсете қойыңдар. Балаларды мадақтау Енді балалар, жұмыртқаны қайдан аламыз? Мысық: тауық ,тауық жұмыртқа берші. Тауық : Мына шашылып жатқан әріптерден сөз құра да , маған жем әкеліп бер. «Адасқан әріптер» әдісі (а, и,к,қ, у,т,ш, л, н, з, м т.б ) Ал, балалар, мысық осы ертегіде жемді қайдан алады екен? (Жүгіріп бара жатқан тышқанды мысық ұстап алып, Мысық: маған жаныңның барында , қане жем бер. Тышқан : берілген тапсырманы орындасаң, жем беремін Балалар, тышқан сендерге «мәтінді оқы» деп тапсырма әзірлепті Мәтінді оқу Балалар ертегі кейіпкерлерінің барлық тапсырмасын орындадық Ертегі кейіпкерлерінің сұраған затын беру (Тышқан жем береді, жемді әкеліп, тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды қыздарға береді, қыздар су береді, суды ағашқа береді, ағаш жапырақ береді, жапырақты сиырға берді, сиыр сүт берді, сүтті Мақта қызға берді, Мақта қыз мысықтың құйрығын берді.) Мысық : балалар ,көмектерің үшін көп көп рахмет! |
Хормен өлең жолдарын айтып, амандасады. Біз достармыз. Біз ақылдымыз . Біз еңбекқормыз. Сұрақтарға жауап беріп, сөздерді оқиды.
Оқушылар ертегіні тыңдайды.
Сиырдың тапсырмасын орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар жауабы. Ағаштағы тапсырманы жұптасып орындайды.
Сергіту сәтін «Келіншек» халық күйімен орындайды.
Сөздік диктант жазады. Жазған сөздерін көрсетеді
Балалар жауабы Топпен жұмыс Шашылған әріптерден сөз құрайды.
Әр топтан екі үш оқушы мәтінді оқиды. Жарайсыңдар!
|
Жарайсыңдар!
|
Слайд №2 Слайд №3 Слайд №4
Мысық, Мақта қыз, үй, сиыр, ағаш, қыздар,дүкенші, тауық, тышқан, суреттері Слайд №6 Бейнебаян Слайд №7 Слайд №8
Слайд №9 Слайд №10 Буындар жазылған жапырақ Слайд №11-12 Сергіту жаттығуы Слайд №13-14
Слайд №15-16 Әріптер Слайд №17-18 Мәтіндер Слайд №19 |
|||
|
Рефлексия Мұғалім: балалар мысықтың сендерге көмек бергендерің үшін сыйлығын таратып берейін. |
Оқушылар бүгінгі алған әсерерімен бөліседі. |
|
|
|||
243
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
244
|
|
шағым қалдыра аласыз


















