Материалдар / Әліппемен қоштасу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әліппемен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2023
244
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім: Салеметсіздер ме құрметті қонақтар! Кеше ғана қыркүйек айы еді. Сіздер балаларыңызды біздің мектепке көңілдеріңізге үмітпен, сеніммен әкелдіңіздер. Ал біздер құшақ жая қарсы алдық. Арада өткен уақыт бойы біздер көп еңбектендік те, арасында біраз қиналдық та, жетістіктерімізге қуандық. Ал енді бүгін «Әліппемен қоштасу» мерекесі. Соңғы жылдары елімізде білім саласында көптеген жаңалықтар мен өзгерістер, жаңа бағдарламалар еніп жатыр. Бірақ сонда да Әліппе оқулығы сауатымызды ашқан ең алғашқа алтын кітабымыз болып қала береді. Біз Әліппемен қоштасамыз. Бірақ әлі алда әлі көп қызықтар, білім қоры, шығармашылық күтіп тұр. Сонымен, мерекемізді бастайық.

Өсті міне ойларың,

Өсті, міне бойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

Айару:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға,

Хош келіпсіз ұзтаздар ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға!

Сәкен :

Баршаңызға салем бердік, қымбатты оқушылар мен құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі мерекеге бізді жинап отырған қандай кітап? (әліппе)

Айару:

Қыр гүлігдей жайнаймыз,

Ән сап билеп ойнаймыз,

Бүгін бізде мереке,

Қоштасуды тойлаймыз!

Гүлім:

Біз бүгін өте қуаныштымыз! Себебі оқуды, жазуды үйреткен, алғашқы оқулығымыз — әліппемен қоштасамыз! Құрметті қонақтар ортаға 1 «А» сыныбын шақырайық!

Ортаға жүгіріп бауырсақ шығады.

Айару: бауырсақ сен жалғыз өзің не істеп жүрсің?

Бауырсақ: қалдарың қалай балалар? Мен апам мен атамнан қашып кетіп, жалғыз өзім ойнап жүрмін. Жүріңдер бәріміз қашып кетейік.

Гүлім: Жоқ, неге? Бізде әліппемен қоштасу мерекесі басталып жатыр. біз бәріміз мәнерлеп оқуды, көркем, таза жазуды үйреніп алдық.

Бауырсақ: оқудың, жазудың қажеті бар ма? Оданда мен сияқты апаларың мен аталарыңнан қашып ойнап жүре бермейсіңдер ме!

Айару: жоқ, Бауырсақ. Оданда бізбен бірге оқып үйреніп ал. Ал өзің ата-аналарсыз жалғыз жүрмегенің дұрыс.

Бауырсақ: жоооқ, мені олай алдамаңдар, мен сендерге сенбеймін. Ойнамасаңдар кеттім.

Гүлім: әттең бауырсақ, қате шешім шығардың. (басын шайқайды)

Айару: олай болса біз кешімізді жалғастыра берейік.

Гүлім: Бүгінде біз кез келген ертегіні оқи аламыз. Анамыздың, апамыздың, әкеміздің, ағамыздың маған мынаны оқып берші деп есін шығармаймыз.

Айару: иа, қазақ алфавитіндегі 42 әріппен түгелдей таныстық. Ортаға әріптерді щақырайық!

Гүлім:

Ал әріптер, шығыңдар

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық кәне айтысты

Жібермейік намысты.


1-оқушы:

«А» дегенің – «Ана» ғой,

«Ана» деген дана ғой.

2- оқушы: Баян

«Б» дегенің «бала» ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой.

3-оқушы: Томирис

Ғалым, ғылым, ғасырды

«Ғ» білімге асырды.

4-оқушы:Елімдос

Елге есті ер екрек.

Ер жет өсіп ертерек.

5-оқушы: Мархабат

Жыр алыбы- Жамбыл ата

Ардақтайды оны бала.

6-оқушы:Данияр

Игі істе батыр болам,

Игілікке жақын болам

7-оқушы: Жанна

Уық деген немене

Уыз деген немене

У әрпінен атаулар

Басталып тұр балалар

8-оқушы: Нүр-Әлі

«Н» әрпінде екі тіреу,

Ортасында басқыш біреу.

19-оқушы:Нурайлым

«О» кәдімгі дөңгелек,

Кетпесін ол дөңгелеп

10- оқушы: Қарақат

Партамызға отырдық,

Парақтап кітап оқыдық.

11 – оқушы: Әлихан

Сыйламаған жолдасын

Сыйлай алмас өз басын.

12 – оқушы: А. Қарақат

«Ф» — ның екі көзі бар,

Футбол деген сөзі бар.

13- оқушы: Мерей

Ш әрпін айтсақ жасырмай

Ұш аша айыр басындай

14-оқушы: Дарын

Дыбыс емеспіз, таңбамыз,

Оқылмаймыз, жазыламыз,

Біраз сөзден табыламыз.

Хормен:

Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды!

Бауырсақ жүгіріп келеді:

-Балалар, маған көмектесіңдерші....

Артынан қоян шығып:

Мен қоянды жеп қоямын.

Қоян: балалар мен білмеймін. Сендер білесіңдер ме? Көмектесіп жіберіңдерші:

Гүлім:Балалар біз көмектесе аламыз ба?

Айару: олай болса барлығымыз көмектесіп жіберейік.

Ән: әліппе

Қоян. Жарайды, Балалар. Сендер әнді әдемі айттыңдар. Сол үшін бауырсақты жемей-ақ қояйын. Сау болыңдар.- басын төмен салбыратып кетіп қалады.

Бауырсақ:

-Қояннан құтқарып қалғандарыңа көп рахмет, балалар. Сендерге бөгет болмайын. Енді байқап жүремін.

Айару: Бауырсақ бізбен бірге қалып оқуды, жазуды үйреніп алсаңшы.

Бауырсақ: жоооқ, оданда ойнап жүрмеймін бе! - қоян қашып кетеді.

Балалар басын шайқайды.

Ортаға әліппе кітабы шығады.

-Балалар, біз төрт ай бойы бірге болдық. Енді қоштасатын уақытымыз келіпті екен. Әліппеден жиған білімдеріңді көрсем деп едім. Әр түрлі ойындар алып келдім. Бірге ойнайық. – деп орындыққа отырады. Сол кезде бауырсақ қашып келеді.

-Балалар, құтқарыңдар. Қасқыр мені жеймін деп жатыр.

Артынан қасқыр келеді.

Гүлім: -Қасқыр, Бауырсақ біздің досымыз. Жемей-ақ қойшы.

Қасқыр: Олай болса маған балалар өз білімдерін көрсетсін. Егер дұрыс жауап берсе мен бауырсақты жемеймін.

Сұрақтар. Ойын арқылы


Қасқыр. Сендер сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Мен бауырсақты жемей-ақ қояйын. Сау болыңдар.

Бауырсақ: мені құтқарғандарыңа рахмет балалар. Мен ойнауға кеттім. Кім менімен барады?

Балалар басын шайқайды. Бауырсақ қуанып кетіп қалады.

Айару: әліппе, сізге дайындаған оқушылардың өнері бар екен. Қабыл алыңыз.

Бар кітапқа бас болған 
Әліппе ғылым ағасы 
Әліппеден басталған 
Даналықтың данасы. 

Әліппені алап қолыма 
Білімнің аштым есігін. 
Ақ ниет тілеп ,жолыма 
Жазылды тұңғыш есігім. 

Іші толы әріпке 
Мынау әйбат Әліппе! 
Барлық ілім білімнің 
Әжесі осы Әліппе. 
Ыстық әрбір беттерін 
Жазуынды ұғамын. 
Ақыл бердің Әліппе 
Ақылды сен мұғалім. 

Үйретті бізді әліппе 
Қырық екі дербес әріпке. 
Сөз,сөйлем құрап әріптен 
Лайық болдық дәріпке. 

Әліппе: балалар, менің сендерге көңілім толды. Мені ұқыпты ұстап, оқып үйренгендеріңе рахмет. Енді сендерге менің көмегім керек емес екніне көзім жетті. Енді сендерге ана-тілі оқулығы көмектесетін болады.

Ортаға Ана-тілі шығады: Қайырлы күн оқушылар. Енді сендермен мен дос боламын. Мені күтіп ұстайсыңдар деп ойлаймын.

Айару: Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! демекші ана-тілі оқулығы сыныбымызға хош келдіңіз.

Гүлім: Төрге шығыңыз. Сізден үйренеріміз әлі көп.

Ана тілі орындыққа отырады.

Бауырсақ қашып келе жатады: -Мені құтқарыңдар. Аю жемін деп келе жатыр.

Гүлім: -Аю мырза, бауырсақты жемей-ақ қойыңызшы. Біз сізге өз өнерімізді көрсетейік.

Аю: Жақсы. Бірақ өнерлерің ұнамай қалса, бауырсақты жеп қоямын.

Би.

Аю: жақсы балалар, өнерлерің ұнады. Бауырсақты жемей-ақ қояйын. Сау болыңдар.

Қоян. -рахмет балалар. Мен ойнауға кеттім. Кетіп бара жатқанда алдынан түлкі шығады.

-Бауырсақ сен жалғыз өзің қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: ойнауға.

Түлкі: Бауырсақ сен дәмді сияқтысың, жүрші бірге барып ойнап келейік. Мен саған дәмді кәмпит беремін.

Бауырсақ: ооо, алақай, менімен ойнайтын болды ғой.

Дария: Жоқ бауырсақ, бөтенге ілесуге болмайды. Ол сені жеп қояды ғой.

Түлкі: сендер қайдан біліп қойдыңдар, бауырсақты алдап алып кетіп жеп қояиын деп едім.

Айару: түлкі, бауырсақты жемеңізші біз өнер көрсетіп берейік.

Түлкі: Жоқ сендер бағанадан бәріне өнер көрсетіп жатырсыңдар. Мені ерекше жетістіктеріңмен таң қалдырмасаңдар бауырсақты жеп қоямын.

Гүлім: олай болса біз Түлкіге сыныбымыздың алған марапаттарымен таныстырайық.

Айару: ол үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры Самекенов Бауыржан Қыдырбековичке берейік.

Директор марапаттарын таратады.

Түлкі орнынан тұрып: барлықтарың марапаттар алыпсыңдар екен. Мен қуанып тұрмын. Сол үшін бауырсақты жемей-ақ қояйын. Әй бауырсақ сенде осы балалармен бірге оқып үйренсең ендігі марапат алып отырар едің. Сау болыңдар балалар- түлкі шығып кетеді.

Бауырсақ: түлкі дұрыс айтады. Сендермен бірге сабақ оқитын болсам жақсы бала болады екенмін. Сендермен бірге оқуға болады ма?

Айару: әрине бауырсақ, білім мен мектептің есігі әрқашан ашық. Осы дұрыс шешім болды.

Әліппе мен ана-тілі ортаға шығады.

Әліппе: ана-тілі оқулығы, мына сүйкімді оқушыларды саған тапсырамын. Өзің көмектесіп жүр. Ал мен қоштасайын. Сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Сау болыңдар.

Хормен: Білімге жолды бастаған 
Әліппем саған,мың алғыс! 
Оқы деп ұран тастаған 
Әліппем саған, мың алғыс 

Әліппе шығып кетеді.

Хормен Әліппе ән.

Айару. Бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті.

Гүлім: Келесі кездескенше сау болыңыздар.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!