«Қош бол, құтты Әліппе!» ертеңгілігі
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы – Әліппе. Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі – әліппені бітіру тойына қош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
(Ұшақтың даусы естіледі.)
Дауыс: Құрметті жолаушылар, «Әліппе» аэропортынан «1 А» ұшақ рейсіне отырғызу басталды. Сіздерге ұшақ қызметкерлері қызмет көрсетеді.
1 жүргізуші: Құрметті жолаушылар! Біздің ұшағымызға қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Ұшағымыздың білім кеңістігіне көтерілуіне аздаған ғана сәттер қалды. Осы сәтті қызықты да, көңілді өткізу өзімізге байланысты. Алдымен сіздермен таныс болайық!
1 жүргізуші: Қане, әріптер, шығыңдар!
Орындарыңа тұрыңдар!
Бастайық, қане айтысты,
Жібермейік намысты.
Аяжан: А дегенің ана ғой,
Ана деген дана ғой.
Рамазан: Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Хадиджа: Б дегенің бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой
Абилхайыр: Г әрпімен гүлденер,
Қызғалдақты қырат, тау.
Медина: Ғ әрпімен бір келер,
Ғылым атты ұлы тау.
Алинур: Д әрпінен басталар,
Дархан, дария, далам бар
Айгерим: Е-ні ұмытпас ешқашан,
Елін сүйген жарандар.
Инжу: Ж дегенің жөргегің,
Туып өскен жерлерің
Назар: И дегенің – иманың,
Адалдықтың асқары
Мансур: К дегенің – күй-дарын,
Домбыраның дастаны.
Дияр: Мақтанышым мектебім
Білім нәрін төккенің
Ерасыл: Отан – жерім, отан – суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан – ұран, отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Айсултан: Р дегенің – рақым,
Мейірің мен пейілің.
Жансулу: Ш дегенің шапағат,
Тие берсін баршаға
Нурмухаммед: Х дегенің сәлем хат,
Қуанышың қаншама
1 жүргізуші: қарашы, сүйкімді әріптер боп экипажымызға келген біздің жолаушыларымыз қандай әдемі!
Өсті, міне, бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
2 жүргізуші: Құрметті жолаушылар! Ұшуға дайындықтарыңызды тексеру үшін сіздерге қояр сұрағым бар:
Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар,
Ол – сүйікті Әліппе! Ол – сүйікті Әліппе!
1 жүргізуші: Олай болса, бәрімізге ең қымбат, «Әліппе» аэропортының бас директорын ортаға шақырайық!
Хормен: Ә-ліп-пе! Ә-ліп-пе!
«Әліппе» әнінің әуенімен ортаға «Әліппе» келеді.
Әліппе: Армысыздар, жас достар,
Армысыздар, ата-ана!
1 жүргізуші: Самғамақ боп білімнің көгіне біз,
Жақсыдан артқа қалар мәңгілік із.
Білімнің белесіне жетелейтін,
Әліппеге алғыс деп бас имекпіз. (Оқушылар бас иеді.)
2 жүргізуші: Әліппе, әріппен таныстырып, оқуды үйреткеніңіз үшін сізге біздің жолаушыларымыз дән риза! Өзіңізге арналған әнімізді қабыл алыңыз!
Ән: «Әліппе»
Марьям: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе!
Нурмухаммед: Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа
Әліппе: Рахмет, балалар! Өнерлі, талапты екенсіздер! Дымбілмес болмай, Білгішбек болыңыздар!
Мұғалім: Балалар мына жерде қандай сөз жазылып тұр (ата ана)
1 жүргізуші: Ендеше, ата-аналардың ыстық лебізді тілегін естіп, батасын алайық! Ата-аналар атынан сөйлеу үшін ортаға ____________ шақырамыз.
(Ата ана сөз сөйлейді.)
2 жүргізуші: Бізді осы күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжитін, әріптерді меңгеріп оқуымызға көмектескен ата-аналарымызға айтар алғысымыз шексіз!
(Би биленеді:)
Білгішбек: Армысыздар, халайық?!
Бармысыздар , халайық?!
Не үйрендік, не білдік?
Қане, ортаға салайық!
Мен Білгішбек боламын. Сендердің білімдеріңді сынап, қолымдағы қоржынды толтырып, сіздерге беріп жіберуге келдім. Бұл қоржынға жақсы оқушыға лайықты сипаттама сөздер салынуы керек. Ендеше, бастайық. (ортаға шарлар тастайды. Әр шар ішіндегі сөзді оқи отырып, балалар қоржынға салады )
Білімді. Тапқыр. Зерек. Әдепті. Сауатты. Өнерлі. Ақылды.
Мұғалім: Міне, балалар, Білгішбекке оқи алатындарыңды көрсеттіңдер,
Білгішбек: Балалар, мен сендерге ризамын. Қоржындарыңыз тек игі жақсы сөздер мен істерге тола берсін. Жолдарыңыз болсын! Білім әлемінің биігіне қанаттарың талмай, самғай беріңіздер! Сау болыңыздар! (Білгішбек кетеді)
Әліппе: Балалар, 4 ай бойы өздеріңізбен бірге болдым. Мені ұқыпты ұстағандарыңызға, ерінбей оқығандарыңызға көп рахмет! Сендердің келешекте сауатты болатындарыңызға сенемін.
1 жүргізуші: Құрметті, Әліппе! Сіздің досыңыз, көрші аэропорт директоры «Ана тілі» байланысқа шығып тұр.
Әліппе: Балалар, сендер менімен қоштасып, енді келесі аэропортқа ұшқалы отырсыздар! Ол «Ана тілі» деп аталады. Ендеше, оның сөзіне құлақ түрелік! Сәлем, Ана тілі!
Ана тілі(экраннан): Сәлем, Әліппе! Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Туған елдің тілімін, Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне, Ана тілі мен болам.
Менің сендерге үйретерім көп. Қазақ тілінің қыр-сырын ұғындырамын. Ақын-жазушылармен , олардың шығармаларымен таныстырамын. Жаттығулар орындап көбірек жазатын боламыз. Сендер оған дайын деген сенімдемін. Ең бастысы, табандылық пен шыдамдылық керек. Мен сендерді күтемін, балалар. Кездескенше!
Әліппе: Ал, балалар, жол болсын!
5 болсын алар бағаңыз,
Білімнен бақыт табасыз.
Өнер, білім көп тоқып, Өсе берсін санаңыз.
Сіздерге «Әліппені» оқып бітіргендерің үшін рахмет айтып, диплом табыстаймын. (дипломдар табыс етіледі.)
Хормен: Қош бол, құтты Әліппе!
Алима: – Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл берген кім бізге?
Кадиржан: – Әліппені оқуға,
Үйреткен әр күні.
Үйретіп санауды
Көп еңбек сіңірген. Ол кім?
Айсезім: Үйретіп бәрімізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ақыл-ойы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Нурали: Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған,
Рахмет, ұстаз, алғашқы.
1 жүргізуші: Келесі концерттік нөмірлер ұстазымызға және бізді шығарып салуға келген баршаңызға арналады. Қабыл алыңыздар!
Хор
Мұғалім: Құрметті жолаушылар, осындай көтеріңкі көңіл күймен жолға шығамыз! Ата-аналар келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар! Ұшағымыз ұшуға дайын. Сәт, сапар, жас бүлдіршіндер!
(Ұшақтың ұшқан дыбысы естіледі.)
Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға көп рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әліппемен қоштасу

шағым қалдыра аласыз