400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әліппемен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып ұстаздарына.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Әліппемен қоштасу-Ана тілмен достасу.

Мақсаты:Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.Оқушылардың елін,Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:суреттер,нақыл сөздер,Әліппе,Ана тілі,Математика оқулықтарының мұқабасы.

Барысы:Атасы немересін жетектеп келеді.

Автор:

Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп.

Келе жатыр көшеде,

«Қайда әлгі мектеп»-деп.

Ата:

Балам , балам, жақсы бол,

Міне, сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал

Ақылды бол тентегім.

Немере:

Қыркүйекте келдім де

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейіріммен

Қадамымды құп алып.

Мұғалім:-Құрметті қонақтар,ұстаздар,ата-аналар,бүлдіршіндер!

Бүгінгі»Әліппемен қоштасу-Ана тілмен достасу» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.Алғаш мектеп есігін ашқан балапандарымыз бүгін қанаты қатайып, аз ғана уақытта алған білімі мен тәлімдерін қазір сіздерге көрсетеді.Міне,бұдан соң әлі де алда қызығы мен қиындығы көп асулар бар,соған талмай жетейік.Егеменді елімізді көркейтер ұрпақ екенімізді ұмытпайық.Олай болса 1д-сынып оқушыларын қарсы алайық.

1-жүргізуші:

Армысыздар, аналар,

Бармысыздар,балалар.

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр- әніміз.

2-жүргізуші:

Жақсы білім, көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп,не білдік,

Кәне, ортаға салайық.

Шашу:

Шашу,шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке,бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.

1-оқушы:

Бәрі есімде мектепке алғаш келген күн,

Күлімдеп бал нұр жүзіміз жанған күн.

Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,

Шақырғаны алға бізді арман мың.

2-оқушы:

Әсем бөлме терезелер жап-жарық,

Қойған дерсің шырағданнан шам жағып.

Қара тақта, аппақ парта қаз-қатар,

Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.



3-оқушы:

Иба, әдеп, ақыл ой,

Имандылық басы ғой.

Иісі қазақ баласын,

Инабатты дейді ғой.

4- оқушы:

Үйретіп алғаш бізге Әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамдардың ой- арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Ән:”Ұстазым.”

2-жүргізуші:

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Бәрі бірге:

Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті әліппе!



Мұғалім:-Ал, балалар,бүгін барлық ғылымның атасы әліппені бітіріп қоштасқалы тұрмыз.Олай болса бәрімізге қымбат,зор құрметпен әліппені ортаға шақырайық.

Әліппе:

Армысыздар,жас достар!

Армысыздар,ата-ана!

Болашаққа жол ашар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің.

Қуанышы баланың,

Қуанышы халықтың!



5-оқушы:

Әліппем менің,Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

6-оқушы:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны әліппе.

9-оқушы:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес,ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

7-оқушы:

Мынау менің әліппем,

Көгілдір тудың түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай,

Қымбатты маған кісімдей.

8-оқушы:

Бірінші беттен елімнің,

Елтаңбасын таныдым.

Көк байрақты қазақтың,

Ұрпағымын,сәнімін.

9-оқушы:

Анам менің әкем де,

Атам менен апам да.

Шопан,ұшқыш,ғалым да.

Не бір мықты дарын да,

Тіл сындырып әріпке

Ашқан алғаш әліппе.

Ән:Әліппе»

10-оқушы:

Қолға алып әліппе,

Көз жүгірттім әріпке.

Қане түзу отыр деп,

Шақырды ұстаз тәртіпке.

11-оқушы:

Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

1-жүргізуші:

Әліппе бізді тек әріптермен ғана таныстырып қойған жоқ, бір-бірімізбен достыққа, мектеп ережесін орындайтын тәртіпке, білімді оқушы болуға үйретті.

2-жүргізуші:

Әліппе оқу мен жазуға үйреткен алғашқы оқу құралы. Әр мамандық иесі, тіпті ғалым да осы әліппе кітабын оқып, білім алып, биікке жеткен.

Жұмбақтар әлеміне саяхат.

Түйенің өркешіне қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп (М)

Білезікке қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп (С)

Күн мен түн сөзі

Қай әріпке аяқталады (Н)

Мынау доғаға қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп (Л)

Сақинаға қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп (О)

Мұғалім:

Балалар біз әліппеден оқу, жазуды үйреніп, ал математикадан санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік.

12-оқушы:

Мынау менің кітабім

Аса құрмет тұтамын

Шөліркесем ашып сан

Білім нәрін жұтамын.

Біздің келер шамамыз

5-ке 3-ті қосамыз

10-нан 5-ті аламыз

Жауабын тез табамыз.

Мұғалім:

Балалар қазіргі таңда біздің күнделіктерімізге бағалар қойылып жатыр,ендеше қай баға қандай екенін келесі тақпақтардан білетін боламыз.

Оқушылар:

1-дегенің жаман баға

Алады оны жаман бала

2-дегенің нашар баға

Інішегім нашарлама

3-дегенің орта баға

Біліміңді орталама.

4-дегенің жақсы баға

Алады оны жақсы бала.

5-дегенің үздік баға

Оқимыз тек үздік қана.

Ортаға ана тілі шығады.

Құрметті балалар!Ата-бабамыз ежелден үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып,қадірлеп өткен,олар:ел,жер,тіл.

Ана тілі деп атауының себебі

Анасын қастерлесін дегені

Өз анасын сыйлайтұғын әр адам

Өз тілін де құрмет тұтып жүреді.

Мен ана тілі оқулықтарың боламын. Менде көптеген қызықты әңгімелер мен ертегілер, өлеңдер мен жұмбақтар, мақалдар мен жаңылтпаштар бар. Мен сендерді дұрыс оқуға, әдеби тілде сөйлеуге үйретемін.

Мұғалім:

Балалар олай болса, бүгінгі күнге дейін әліппеден алған білімімізді пысықтап жіберейік. Олай болса менің қойған сұрақтарымды мұқият тыңдаңдар.

Сұрақ: Қазақ тілінде қанша әріп бар?

Жауап: 42

Сұрақ: Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?

Жауап: 15 дауысты дыбыс

Сұрақ: Қанша дауыссыз дыбыс бар?

Жауап: 26 дауыссыз дыбыс

Сұрақ: Балалар айтыңдаршы ең алғаш Әліппені жазған кім?

Жауап: Ахмет Байтұрсынов.

Сұрақ: Ал қазақ балалары үшін алғаш мектеп ашқан кім?

Жауап: Ыбырай Алтынсарин.

13-оқушы:

Алфавитті біліңдер.

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде,

42 әріп бар.

Ән:»Қазақтай ел қайда»

ОТАН

14-оқушы:

Он саусағым ойнасын

Бояп-бояп қоймасын

Отан,орман сөздерін,

«О» әрпінен ойлайсың.

15-оқушы:

Тайға мініп шабамыз

Тау мен тасты табамыз.

Тарақ,тайлақ,тауықтан

«Т»дыбысын табамыз.

16-оқушы:

Алма,алмұрт егеміз

Айға сапар шегеміз.

Алақай-ау алақай,

«А»дыбысын білеміз.

17-оқушы:

Нан әлемнің азығы

Дастарқанның қазығы

Нар сөзінен балалар

«Н» дыбысын таныды.

Мұғалім:

Жарайсыңдар балалар әліппені өте жақсы меңгеріпсіңдер. Ал енді балалар Әліппемізбен де қоштасатын кез келді. Әліппеге деген алғысымызды білдірейік.



18-оқушы:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілді аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп,шықты міне балаңыз.

19-оқушы:

Қош бол, құтты Әліппем.

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырған әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Жүргізуші:

- Қане, балалар, енді бәріміз Әліппені шығарып салайық.

Әліппе:

Рахмет балалар! Әріптердің бәрін таныпсыңдар. Енді сауатты жаздырып, мәнерлеп оқытатын ана тілін оқитын боласыңдар! Әрдайым биіктен көрініңдер.

Хормен: Рахмет, саған! Қош бол, құтты Әліппем!

Концерттік бағдарлама:

Ән:Ертегілер.

Би:Чарли

Ән:Әке .

Би:Клоундар биі.

Ән:Жаса қазақ елі.

Би:Кукла.



Мұғалім:

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алды даналарым,

Өзі жазып, оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың.

Балалардың білімі мықты болсын,

Денсаулығы әрқашан шымыр болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін, еңбекқор, мықты болсын.



- Құрметті ұстаздар, ата-аналар осымен 1д-сынып оқушыларының « Әліппемен қоштасу-Ана тілмен достасу.» атты ертеңгілігі аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1295
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі