Әліппемен қоштасу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әліппемен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Оқушылардың Әліппеден алған білімдерін тиянақтау, білімі мен ой өрісінің, сөздік қорларының байығанын көрсету. Өз Отанын, мектебін, ұстазын құрметтеуге тәрбиелеу. 1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы- «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі-әліппемен қоштасу тойына қош келдіңіздер-дей отырып, «Әліппе-білім бастауы» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Тәуелсіздік бастауы бар бақыттың, Тәуелсіздік ұлтыі менен ұраның. Шартарапта шаттығындай азаттық. Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн. Көк байрағы, Елтаңбасы бірлігі, Шалқиберсін Әнұраны Қазақтың. ҚР ның мемлекеттік Әнұраны ойналады. 2-Жүргізуші: Қайырлы күн, уа халайық! 1-жүргізуші:Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар Білім іздеп, инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп, ән де бүгін шырқалар. 2-Жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,Әліппемен қоштасу тойымызға. 1-Жүргізуші:Ажырамай мектептен бір елі сіз, Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Сөз берейік құрметпен өзіңізге, Шын жүректен арналсын тілегіңіз, -деп, алғашқы құттықтаусөз кезегін мектеп директоры Алданов Айбек Қайырбекұлына береміз. 2-Жүргізуші: Қабыл алшы өнерлерін баланың, Тілектері орындалсын ананың. Кең даламда шарықтасын әуені, Әнші жұлдыз жас өнерпаз Нұржанаттың.Ән: «Бала тілегі». Орындайтын: Зарлық Нұржанат.Оқушылармен таныстыра өтейік.

1.Білімімен үлгі болған сыныпқа, Отырмайды ойланбастан тынып та. Данияр біздің өнегелі сыныпта, Арасында достарының беделді.



2.Ертеңгі күнін ойлайтын, Бес алам деп қалмайтын. Аршыл біздің Даниял, Жалқаулыққа бармайтын.

3.Матиматиканы ұнатады, Қыздарды кейде жылатады. Әли біздің әрқашан, Күлдіреді де қуантады.

4.Би билейді талмайды, Әсем әнін арнайды. Біздің нәзік Нұржанатты, Барлық бала тыңдайды.

5.Сыйлап сәлем береді, Үлкендерді көргенде. Ердәулетті сыныпта, Ізетті деп біледі.

6.Күні бойы тынбаған, Үлкендерді сыйлаған. Сабырлы біздің Ахмет, Ұқыптылыққа бойлаған.

7.Әдепті ол сақтайды, Әділетті жақтайды. Дінасылды біздің апайлар, «Тәртіпті» деп мақтайды.

8.Білімді алғыр, жан - жақты, Қыздарымыз сымбатты. Томирис біздің әрқашан, Досымыз болар қымбатты.

9.Әзілді жаны сүйеді, Армансыз ол күледі. Ерқанат біздің әрқашан, Жып- жинақы жүреді.

10.Өнер қуған жасынан, Сөз асырмас басынан. Намысқой біздің Бақдәулет, Табылар дос қасынан.

11.Мен үлкейіп, толамын, Сіздей ұстаз боламын. Деп жүр біздің Гүлдина, Үлгісі кіші баланың.

12.Тентек, бірақ ақылды, Сыйлап жүрер жақынды. Нұрсұлтан біздің ұлдарды, Тәртіпке әркез шақырды.

13.Мынау менің сезгенім, Ол- сыныптың данасы. Өзіңің де, өзгенің де, Кенжегүл болар панасы.

14.Әдепті ол әрдайым, Адалдықты сақтаған. Нұрқанат есімді баланы, Барлық бала жақтаған.

15.Кішкетайы сыныптың, Тентек емес жуас тым. Арда біздің сыпайы, Досқа адал шынайы.

16.Қыздарымыз ұқыпты, Сүйкімді әрі қылықты. Асылжан біздің әрқашан, Жақсы оқиды сабақты.

17.Келеді сонау қашықтан, Мектепке әркез асыққан. Елдос біздің ақ көңіл, Көңілі дария тасытқан.

18.Сынып намысын ақтаған, Жүрекке сыр жаттаған. Нұржан мектеп ұясын, Жан - тәнімен сақтаған.

1 -Жүргізуші: Өсті міне бойларың,Өсті ақыл-ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың! Балалар, мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы? Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не? Хормен: Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті - Әліппе!

Ол сүйікті - Әліппе! 2-Жүргізуші: Олай болса бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық. Әліппе:Менің атым - Әліппе, Мені анаңдай дәріпте. Мені оқып ержеткен. Апаң менен атаң да, Әкең менен анаң да. Шопан, биші, ұстаз да, Ғарышкер де, аспаз да. Барлық, барлық жақсы да, Әліппеден басталған.

Хор: «Әліппе»

Оқушылардың тақпақтары: Әли: Қош бол, құтты «Әліппем» Көп нәрсені үйреттің, Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің.

Гүдина: Оқуды көп ойладық Қызығына тоймадық Әріптерді үйреніп Сауат аштық, тойладық

Ердәулет: Алфавиттер шығыңдар Орындарыңа тұрыңдар Бастайық кәне айтысты Жібермейік намысты.

Кенжегүл: Барлық әріп бағалы Айттық әділ бағаны Әріпсіз сөз болмайды. Адам барлық әріпті Ардақтайды қолдайды.

Ерқанат: Алдыңа келіп ұстазым Тұңғыш қалам ұстадым Күлімдеген көзіңнен Мейірімді сезіндім .

Би: Өнерліге әсем ән мен сән керек, Өнегені қанжығаға өңгеред. Жастар биін билегенде бишілер, Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп, Сахнаға биші қыздарымызды шақырамыз.

Бақдәулет: Өтті оқу, сан сабақ Бүгін үлкен салтанат Ана тілмен достастырып «Әліппеміз» қоштаспақ

Дінасыл: «Әліппемен» қоштасқан Өңкей білгіш балдырған Өсті ой мен бойымыз Құтты болсын тойымыз!

Нұржанат: «Әліппе» даңғыл жол ашты, Жаңадан пәндер жалғасты. Әліппе сырын ұқтырған, Рахмет ұстаз алғашқы.

Данияр: «Әліппемен» қош айтысып қаламыз, Енді қолға «Ана тілін» аламыз. Ата ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты бүгін балаңыз.

Асылжан: «Әліппе» деген алтын жол, Апарар сені алысқа. Жеңіл емес, ауыр жол, Тырысып бақ намысқа.

Нұрқанат: Бар кітапқа бас болған, Әліппе ғылым анасы. Әліппеден басталған, Даналықтың данасы.

1-Жүргізуші: Жақсы жырды жақ талмас жырлағанда, Әсем ән нәр береді, сыр маған да. Көрерменнің көңілі көкке жетер, «Ұстазымдай» әсем әнді тыңдағанда. Ән: «Ұстазым». Орындайтын: Жангелдіұлы Данияр

Нұржан: Бар әріпті үйреткен, Міне менің «Әліппем». Жақсы оқимын сабақты, Әріптерді танып мен.

Елдос: Әліппем, менің Әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен.

Ахмет: Әліппем, менің Әліппем, Өмірді келем танып мен. Қайталап айтам мың рет, Әліппе рахмет, көп рахмет.

Арда: Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріп те. Оқимыз қазір ертек те, Үйреткен оны «Әліппе».

Томирис: Қош бол, құтты «Әліппем», Тіл тұсауын кестің сен. Аяулы анам болып сен, Айбынымды кештің сен.



Нұрсұлтан: Ашыла берді алдымнан, Кең дүние есігі. Соғылған сомдап алтыннан, «Әліппе» білім бесігі.

2-Жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып - тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық. Би: «Аққу» биі.

1-Жүргізуші: Иә, бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан, «Әліппемен» қоштасып жатырқ. Рахмет саған «Әліппе».

Әліппе: Көп көп рахмет, балалар! Енді сендерді әрі қарай жетелейтін достарың «Ана тілі» болмақ. «Ана тілін» шақырайық.

Ана тілі:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Туған елдің тілімін, Ақылымен танылам. Түсіндірер бәріне, Ана тілі мен болам. Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін. Бәріміз Әліппені шығарып салайық.

Хормен: Қош сүйікті, «Әліппе»! Қош сүйікті, «Әліппе!» Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

Ән: «Қошақаным».

2-Жүргізуші:Ата - анабақ тілейді баласына, Жетсе дейді биікке, бар асуға. Бүгінгі мерекеге келіп отыр, Ақ жүректен ақ батасын айтуға ортаға Ахметтің іжесі Нағила әжеге сөз кезегін береміз.

1-Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Балалардың білімі құтты болсын!

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын!

Білімдерін ары қарай дамытатын, Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын! -дей келе, «Әліппе - білім бастауы» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп - көп рахмет!













Т. Жаманмұрынов атындағы орта мектеп













«Әліппе - білім бастауы»

(Әліппемен қоштасу ертеңгілігі)









Класс жетекшісі: Шүлтікова Айида

Класы: 1









2014-2015 оқу жылы









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2018
705
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі