Әліппемен қоштасу 1 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әліппемен қоштасу 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып оқушылары желтоқсан айында бар білімнің бастауы болған, сүйікті әліппелерімен қоштасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қош бол, құтты- Әліппем!

Мақсаты:
1. Оқушылардың әліппе пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ата – аналарға көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, талғамдарын дамыту.
3. Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін — бірі сыйлауға, өзін — өзі
дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырып аты, қазақ әліпбиі, суреттер, слайд, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, оқушыларды дипломмен марапаттау.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.

Мұғалім: 
-Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. 
- Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлерін 1 «А» сынып оқушыларына қол соғып, қошеметпен қарсалайық.

Музыка ойнап тұрады. Екі баладан қол ұстасып кезекпен кіреді.
(слайдта балалар суреті кезекпен шығады)

Мұғалім:
Алфавиттің басында,
А командир тұрады.
Басқалары қасында,
Әріп санын құрады.

Кезегімен алаңдап,
Қатар түзеп барады.
Оқулықтан бір демде,
Шықты алаңға бәрі де.
Қатар бұзбай бір -бірден,
Барады әлі, барады деп біздің бүгінгі әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіміздің қонақтарын қарсы алдық.Олай болса ертеңгілікті Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастауды жөн көрдік.
Қ.Р. Әнұраны.

-Балалар мен сендерге бір сұрақ қоямын:
-Іші толған әріпке, білімдіге жарық не? (Әліппе)
-Өте дұрыс, олай болса ортаға әліппемізді шақырып алайық.
-Хормен 3 рет Әліппе (әліппе әні қосылып тұрады, ортаға әліппе оқулығы келеді).

Әліппе сөзі:
Армысыздар, ата - ана!
Армысыңдар, балалар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік?
Қане, ортаға салайық!

Мұғалім:
-Ой, жарайсың Әліппе! Ортамызға қош келдің! Міне балаларымыз бүгін 42 әріпті оқуды, жазуды үйренді. Енді бүгін әліппе оқулығымен қоштасатын кез де келіп жетті. Әліппе сен біздің балаларымызбен бірге, балалардың өнерін тамашалап, ортамызда бол.

Армысыздар, аналар!
Армысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз.
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз дей келе бүгінгі біздің балаларымыздың өнерін тамашалау үшін тақпақ айтатын балаларды ортаға шақырамыз.
«РАҚМЕТ» сөзі шығатындай 6 бала шығады.

Әліппеге арналған тақпақтар:

Ж. Диас;- Р
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадыңба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде ? түсінші.

А- деген ол аналар ғой ардақты,
Ә- деген ол әкелер ғой салмақты.
Б- деген ол- балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.



Динель; -А
Рақмет саған, Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

Абылайхан;-Қ
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.

Р.Диас:- М
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің сүйікті Әліппем,
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.

Айым:-Е
Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, бойымыз,
Құтты болсын тойымыз.

Назар:-Т
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Мұғалім:
- Әліппе біздің балалардың тақпағы сізге ұнап жатыр ма?
Олай болса біздің балалар тақпақ, ән ғана айтып қоймайды, би де билейді.

«Жігіттер» биі.
- Келесі кезекті әліппеге арнаған тақпақтарымен жалғастырамыз.
«САҒАН» сөзі шығатындай 5 бала шығады.

Алижан; -С
Барлық әріп бағалы,
Айтсақ әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.





Айгерім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз,
Ата- ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп міне шықты балаңыз.

Ілияс:
Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.

Алдияр: -А
Бірінші беттен елімнің,
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтың,
Ұрпағымын, сәнімін.

Саяжан: -Н
Біз жазамыз ана деп,
Біз жазамыз дана деп.
Біз жазамыз бала деп,
Біз жазамыз қала деп.

Мұғалім:
Сенің нұрың сөнбесін,
Ашық аспан, жарық күн.
Келешегі сөйлесін,
Қазақ деген халықтың деп бүгінгі біздің нағыз қазақтың жігіттері билеп жатыр, олай болса 1 «А» сыныбының келесі өнерлері
«Біз бақытты баламыз» әні.

Хор:
«Біз бақытты баламыз»
(Орындарында тұрып  айтады)

Мұғалім:
Кезекті тақпақтарға берейік,
Көңіл- күйді көтерейік.
Әліппеге арналған,
Тақпақтардан жыр төгейік деп келесі кезекті тағы тақпақтарға берейік.
«ӘЛІППЕМ» сөзі шығатындай 7 бала шығады.

Абусағит -Ә
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!



Толғанай –Л
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Ерасыл -І
Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.

Қуанышқа ортақпын,
Әліппемен қоштасар.


Гаухар -П
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе.

Нұржігіт-П
Отан менің ата анам
Отан досым бауырым
Отан өлкем астанам
Отан туған бауырым.

Көркем-Е
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әріптермен.

Алишер -М
Біз жазамыз ана деп
Біз жазамыз дана деп
Біз жазамыз бала деп
Біз жазамыз қала деп

Мұғалім:
-Балалар Әліппеден сендер не үйрендіңдер? (әріпті, жазуды, буындап оқуды, сөз құрауды......)
Олай болса балалар Әліппемізді ортамызға алайық.

Әліппе:
- Жарайсыңдар балалар!Сендердің билерің, өлең, тақпақтарың маған қатты ұнап жатыр. Енді мен сендердің білімдеріңді ойын арқылы тексергім келеді.

- Алдымызда біздің қандай мереке келе жатыр кім айтады?


Мұғалім:
-Дұрыс айтасыңдар, жаңа жыл мерекесі келе жатыр.Олай болса ортаға шыршамызды алдыртсақ.
Ойынның шартын балаларға түсіндіріп өтемін.
Шарты: Шыршаны безендіру үшін әр ойыншыққа сұрақтар жасырылған, балалар сұрақтарға жауап беру арқылы шыршаны безендіреді.

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Қазақ тілінде неше әріп бар?
3. Әріп дегеніміз не?
4. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
5. Уу дыбысы қандай дыбыс?
6. Ою, қою, сою сөздеріндегі ортақ дыбысты тап.
7. Дауысты дыбыстар қандай түсте беріледі?
8. Алфавиттің басында1- ші тұратын дыбысты ата.

Би:

Мұғалім:
- Әліппе сенің ең жақын досың кім?
- Ана тілі
Олай болса балалар ортаға ана тілін шақырайық.
Хормен 3рет ана тілі
Ана тілі ортаға шығады.

Балаларға ана тілінің сұрағы
- Балалар сендер барлық әріптерді оқып, жазып үйрендіңдер. Менің сендерге қояр сұрақтарым бар:
- Сендердің білім алатын мектептерің қалай аталады?
- Таулары бар ең биік,
Даласы бар жер ұйық.
Бұл қай ел?
- Ең алғаш қазақ әліпбиін кім жазды? Ахмет Байтұрсынұлы
Өте жақсы, жарайсыңдар балақайлар!



Хор:«Рахмет  саған, Әліппе» (ортада әліппе болады).

Мұғалім:

-Әліппе оқулығының арқасында біздің балаларымыз оқып, жаза алады. Әліппе оқулығына мың алғыс деп әліппені шығарып саламыз.
Хормен рақмет саған ӘЛІППЕ!

-
Біздің балаларымыз шапшаң оқып, оқуда үздік, алғыр оқушылар болатынына кәміл сенеміз. Оқушыларыма алдағы күндеріне сәттілік тілей отырып дипломмен марапаттаймыз, ол үшін мектебіміздің мектеп әдіскерін ортаға шақырамыз.

- Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет! Көріскенше күн жақсы болсын дейміз.
• Қош сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2023
410
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі