Материалдар / Әліппемен қоштасу жаңа форматта
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әліппемен қоштасу жаңа форматта

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің жаңа үлгісі ойындармен жасалған жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2023
1656
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әліппе,саған мың алғыс!

Көрнекіліктері:Шарлар, Ана тілі,Әліппе деген сөздері бар шарлар.Төбеде әріптер ілініп тұрады.

Мақсаты: өткен білімдерін қимыл-қозғалыс, қызықты ойын арқылы қайталау және құндылықтарға тәрбиелеу. Ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту

Кіріспе

1.(Ата-аналардың алдын шығып, оқушыларды ритммен шапалақтау арқылы қарсы алатынымызды хабарлау,өзіміз көрсету)

2. Ата-аналар шапалақтайды. Оқушылар белгіленген сандар бойынша ретімен сахнаға шығады.

(Алдын-ала сахнаға ортасына 1-20 дейін цифрлар жазылған гүлдердің үстіне тұрғызып, дайындап, оқушыларға өз цифрларын есте сақтауларын ескерту)

Shape1

1

(Осы төмендегі сөздерді жақсы оқып, диктовка жасайтын адамға жаздырып,озвучка жасатып дайындау)

3.Алдын ала жазылып, дайындалып қойған озвучканы қосамыз

Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі-әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.

Қайырлы күн,уа,халайлық!

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар,ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

4.Хор «Әліппе,саған, мың алғыс! (алдын –ала карокемен жаттату) Әліппенің әнінің соңғы шумағында Әліппе кіреді.

Әліппе

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

- Мен сендермен бірге өткен білімді бірге қайталауға келдім .

- Сендер менімен ойын ойнауға дайынсыңдар ма?

5.Кубиктағы әріптер (алдын-ала оқушылар 6 әріп туралы өлең жаттату, барлық жақтарына сол әріптер жазылған қорап дайындау, 20 оқушы екі топқа бөлінеді.

1- топ қорапты лақтырады, 2- топ түскен әріпке байланысты тақпақ айтады.)

(Shape2 1-10 1-цифры көшбасшы) (11-20 11-цифры көшбасшы)

Shape3



Сахнада 10 оқушы қалады,қалған 10 оқушы биге дайындалып тұрады.

6.Би Waka waka әуеніне би билейді (Биге 10 оқушы шығады,қалған 10 оқушы сахнадан шығып кетеді)

Shape5 Shape4

Б

А

7. Дыбыстар әлемі (Ата-аналармен бірге ойын ойнаймыз)Тутти-фрутти

Тутти-фрутти “ойыны

Мақсаты:дыбыстарды қайталау,қызығушылықтарын ояту.

Ережесі:оқушылардың қолында 5 дауысты 5 дауыссыз дыбыс ұстап тұрады,

Ата-аналар отыратын орындықтардың артына 5 дауысты 5 дауыссыз дыбыс

ата-ана санына байланысты екі-екіден жапсырылып дайын тұрады.

Әр дыбыстан екі-екіден дайындап аласыз.

10 оқушының қолында дыбыстар тұрады.Әр оқушы бір дыбыстан көтерген кезде атағанда оқушылар отырған орындарымен ауысады.Солай барлық дайындаған дыбыстар ауысып отырады.Арасында тутти-фрутти дегенде бәрі орнымен ауысады.Барлығы орындыққа отырып үлгеру керек.Орындыққа сыймаған ана ойынды ары қарай жүргізеді.

8.Домбыра дастан Домбырамен «Он саусақ» әні ойналады.

9.Буындар ойыны.Пазл құрастыру.Оқушы мысалы; ба буынын көрсетеді ата-ана ла буынын әкеліп пазлдың екінші жағын құрастырады.



Shape6 Shape7

Ба

ла

9.Сөйлемдер ойыны . Үйшік ойыны арқылы жалғасады.



Үйшік ойынының ережесі:Екі бала бір-біріне қарап қолдарынан ұстап жоғары көтеріп,үйшік құрайды.Ата-ана буынды атап үйге кіреді,үйден шығарда сол буынға сөйлем құрап айтса ғана қолдарына кілт беріліп үйден шығады.

Барлық оқушы сахнаға шығады.

10.Ана тілі әні хор. Хор айтылып болған соң «Ана тілі» кіреді.

Ана тілім

Әні: С.Жолбарыс

Сөзі: Н.Баймұхамедов


Тілім менің ана тілім,

Жырым менің ана тілім.

Көк жүзінде күлімдеген,

Нұрым менің ана тілім.

Білесің бе дала тілін?

Білесің бе дана тілін?

Қазақ үшін құдіретті

Әр қашанда ана тілім.


Қ-сы:

Балдай тәтті бала тілім

Сөзбен тәтті дана тілім

Қазақ үшін қасиетті,

Жаса мәңгі ана тілім.


Сен арқылы тілдесемін,

Сол тіліміз гүлдесе мың

Айналайын ана тілі,

Арта түспек тілге сенім.

Білесің бе дала тілін?

Білесің бе дана тілін?

Қазақ үшін құдіретті

Әр қашанда ана тілім.


Қ-сы:


Балдай тәтті бала тілім

Сөзбен тәтті дана тілім

Қазақ үшін қасиетті,

Жаса мәңгі ана тілім.

Қ-сы: Балдай тәтті бала тілім

Сөзбен тәтті дана тілім

Қазақ үшін қасиетті, 2 рет

Жаса мәңгі ана тілім.





11. «Өрмекші ойыны» арқылы ата-аналар шеңберге тұрып балаларына тілек айтып, бір-біріне жіпті лақтырады.

12.Оқушыларға сыйлықтар сыйлау.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!