Материалдар / Әліппемен қоштасу кеші сценариі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әліппемен қоштасу кеші сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппемен қоштасу кешінің толық сценарийі берілген.Сізге көмекші болсын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2024
86
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әліппе -білім бастауы»

Тәрбие  сағатының мақсаты :

  1. Әр оқушының іс-әрекеттері  арқылы қабілеттерін, дағдыларын көрсету, шығармашылығын дамыту

2.Қазақстанның  болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлғаны қалыптастыра  отырып оқушыларға   патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге   және   ерлікке   баулу. Бала бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру.

I.Кіріспе

1.1. Мұғалім сөзі

Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар, қонақтар! Бала біздің болашағымыз, елдің ертеңі, ел тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баулыған, барлық ғылымның атасы, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз – Әліппені аяқтадық.

Ендеше «Әліппе- білім бастауы» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлерін 1 « QADAM» сыныбы оқушыларын қол соғып, қошеметпен ортаға шақырамын.

1.- Ажарлы әрі өнерлі қызымыз - Аиша М

2. -Аккөңіл де салмақты, арлы ұлымыз - Али

3. – Мінезіне ақылы сай қызымыз - Амина

4.- Ақылды да батыр ұлымыз - Ахмад

5. - Салмақты да ұқыпты ерге лайықты ұлымыз – Ерсаин

6. - Әдепті де ұқыпты, әдемі қызымыз - Әмина

7. - Ибалы да әдепті, сұлу қызымыз - Кәусар

8. – Ажарлы, ерке, сезімтал қызымыз – Аянат,

9. – Есепке жүйрік, салмақты дара ұлымыз - Даниал

10. - Үлкенге құрметі, кішіге ізеті бар ибалы қызымыз - Айару

11. – Досқа қамқор, ақ жүректі әділ ұлымыз - Әмір

12. - Жүрегі кең, жүзі нұрлы ұлымыз - Нұртөре

13. – Ақылды,сезімтал,зерек қызымыз - Сәлсабил

14. – Ақылына көркі сай қызымыз - Риза

15. - Сабырлы, мейірбан,биязы қызымыз- Аңсаған

16. – Салмақты, адал, ерке ұлымыз - Алижан

17. - Кең жүректі,көңілі ақ,күліп жүретін қызымыз – Аиша С

18. - Көрікті,әдепті, бұрымды қызымыз- Айғаным

19. - Ұқыпты, әрі зерек ұлдарымыздың бірі - Мирас

( Оқушылар би алаңына бірден орындарына тұра бастайды)

1-жүргізуші: Риза

Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты әжелер мен аналар, ардақты аталар мен әкелер! Біз бүгін ең алғаш әріп танытқан, жанымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған сүйікті әліппемізге алғыс айтамыз. Салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Ерсаин

Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу кешімізге хош келіпсіздер!

II.Негізгі бөлім

Би «Әліппе»

(Қыздар-қызыл көйлек,ақ калготки,туфли киеді.Ұлдар- ақ шалбар,ақ футболкаға әріп жазылады,туфли)

2.1.Қойылым ( бір топ оқушы ортаға шығады)

Әмина: (әліппе ұстап шығады)

Әліппем менің,әліппем,

Бәр әріпті үйреткен.

Міне, менің Әліппем.

Жақсы оқимын сабақты,

Әріптерді танып мен.

Ерсаин: (Алфавит ұстап шығады)

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашан да Ә тұрады қасында,

Байқадың ба? Б тұрады үшінші,

Осылардың сыры неде?... түсіндірші.

Риза:

А – деген ол аналар ғой, ардақты

Ә – деген ол әкелер ғой, салмақты

Б – деген ол балалар ғой әдемі.

Біздің елде үшеуі де кәделі

Сондықтан да, алшақ кетпей расында

Тұрады олар алфавиттің басында.

Ерсаин:

(экраннан Ыбырай Алтынсариннің суреті шығады)

-Бұл кім? Таныс па, сендерге?

Сәлсабил:

-Бұл Ыбырай Алтынсарин. Ең алғаш мектеп ашып, балаларды оқуға шақырған.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз , балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар- деп, өлең жолдарын арнаған.

Ерсаин:

(экраннан Ахмет Байтұрсынұлы суреті шығады)

-Бұл кім? Таныс па, сендерге?

Мирас:

Бұл әліппенің атасы Ахмет Байтұрсынұлы. Бүгінгі біздің аяқтап отырған тамаша әліппе оқулығымыздың авторы деп білемін.

Хор. Әліппе әні

Джентелмендер биі

Ойын : Кофе әлде шай (Ата-анамен бірге)

Бір, екі, үш деген кезде біреуін таңдап айтасыздар. 3 мин

1. Алфавитте ,40 әріп әлде 42 әріп
2. Ы, жуан әлде ы жіңішке
3. Қ ,дауысты әлде дауыссыз
4. Ана, 1 буынды әлде 2 буынды
5. Жұма, 5ші күн әлде жұма 4ші күн
6. Туған күн, отбасылық мереке әлде халықаралық мереке
7. Сүндеттеу рәсімі, ұлға арналған мереке әлде қызға арналған мереке
8. Өсімдік, жанды табиғат әлде жансыз табиғат
9. Құлақ, есту мүшесі әлде көру мүшесі
10. Қасқыр, жабайы жануар әлде үй жануары.
11. Үзіліс, демалу әлде жүгіру
12. Әліппе әлде ана тілі

13.Күнге жақын планета,Меркурий әлде Марс

14.Тұңғыш ғарышкер,Талғат Мұсабаев әлде Тоқтар Әубәкіров

15.2 онд,30 әлде 20

16.5+3 болады,8 әлде 9



Ата-анаңның саған жиі айтатын сөздері... (Видео көрсетіледі.)

-Қазіргі әлемнің қарқыны балалармен бос уақыт өткізуге мүмкіндік бермейтінін түсінеміз.Алайда бар-жоғы 5-10 минуттың өзі бала мен ересек арасындағы байланысты нығайтады.Бірге көбірек уақыт өткізейік.Таңдау мүмкіндігін беріңіз.Қалауын жауапсыз қалдырмаңыз.Мақтаудан жалықпаңыз.Сенім артыңыз!

2.1.

1-жүргізуші:

Әліппені үйреткен ұстазымызға ән арнаймыз.

«Ардақты ұстазым» орындайтын : Сәлсабил

2.2.Қазақтың биі «Қамажай» (Аиша,Кәусар,Айғаным,Әмина,Амина,Айару)

2.4. Ұстазға сөз

Қанаты қатаймаған ұрпағымыздың көкте самғауы үшін екі қанаты мықты болу керек.Бір қанаты-білім болса,екінші қанаты-қазақтың ұлттық құндылықтарын сіңіре отырып берілетін ұлттық тәлім-тәрбие деп білемін.Б.Момышұлының «Елім деп емірене қызмет ететін ерім болса,елімнің еңсесі биік» деген сөзі еріксіз еске оралады. Жүректері «қазақ» деп соққан бүлдіршіндеріміз әзірлеген қойылымды тамашалауға шақырамын.

2.5.. Қойылым «Қызметім елім үшін»

Ерсаин: ұлттық киім

Қазаққа бүркіттен жақын құс жоқ, сірә!

Бүркітті қазақтай түсініп, оны бағалаған халық жер бетінде кемде-кем.

Риза: ұлттық киім

Бүгін әлем алдында қазақ елін алғашқы болып көрсететін еркіндік пен қырағылықтың белгісі көк туымызда белгіленген бүркіт мерекемен құттықтап келіп отыр.

«Көк тудың желбірегені» қойылады.

(Құсбегі бүркітін алып шығады)

- Қош келдік.

Ата-бабаларың ежелден мені киелі құс деп баға берген, сонымен қатар ерекше дәріптеп құс патшасы, құс төресі, аспан перісі деп өте жоғары бағалап үнемі құрметпен қараған. Көкте еркін самғаған менің ебімді тауып, қолдарына қондырған. Мені көк туда қайсарлық пен еркіндіктің белгісі деп бекер бейнелемеген.Мен бір ғасыр өмір сүремін. Талайды көрдім. Мынау байтақ даланы, Алтай мен Атырау арасы - жалпақ жатқан атырабын, әрбір тасында, бабалар ізі қалған. Ата-бабалардан қалған аманатын қорғау сендердің парыздарың! Сендерге аманат! Мереке құтты болсын!


1.Шекарашы:Али

Тәуелсіздік алған күннен бастап Елбасымыз Назарбаев еліміздің шекарасын белгілеп, оны көршілес елдермен келісім жасап бекітті.

Бірге: Біз елімізді қорғауға ант етеміз!


2.Шекарашы: Даниал

«Ел тыныштығы – мемлекеттік шекараның тыныштығына тікелей тәуелді», біз - шекарашылар, осы тыныштықты сақтау үшін күні түні шекарамызды күзетіп, еңбек етіп келеміз.

Бірге: Біз елімізді қорғауға ант етеміз!




3. Шекарашы: Нұртөре

Біз сіздердің түнгі ұйқыларыңыз тыныш, аспандарыңыз ашық болуын қамтамасыз етеміз!

Бірге: Біз елімізді қорғауға ант етеміз!


4.Полиция: Мирас

Полицияның міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ! Бұл салада білімді болумен қатар, бірді ғана емес, бірнешеуін жығатын білекті де болу шарт.

5.Полиция: Аңсаған

Ел тыныштығы жолында тынымсыз қызмет етіп жүрген қызметкерлердің бірі - полицейміз.

Біз - елдегі ішкі тәртіп пен бейбітшіліктің болуы үшін барымызды саламыз!


7.Геолог: Алижан

Кең-байтақ қазақ жерінің сарқылмас байлығын, табиғатын зерттейміз. Әлі де ашар жаңалығымыз көп, әлі де зерттейтін тылсым табиғатқа баймыз!

9.Заңгер: Сәлсабил

Заңгер – көп деңгейлі экономика мен басқару жүйесінің барлық салаларында қажеттілігі өте зор маман. Заңгерлерсіз, бірде-бір сот ісі қаралып, сот шешімі шығарылмайды.  Біз еліміздегі әр бір азаматтың құқығын қорғау үшін қызмет етеміз!

10.Эколог: Аянат

Біз, эколог мамандар, еліміздің табиғатын және де табиғи байлықтарымызды, жалпы жер шарын сақтап қалуға қорғау және көркейту үшін аянбай еңбек етеміз.


11.Дәрігер: Айару

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Медициналық оқу орнына түскен студент адам өмірі үшін күресуге Гиппократ антын береді. 


12.Дәрігер: Аиша М

Жақсы дәрігер адамдарға көмектессем деген ізгі ниеті арқылы Алланың разылығына бөлене алады, сонымен қатар адамдардың да шексіз алғысын алады. Сау денеде, сау рух болады.

13.Ұстаз: Айғаным

Шынында ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген 

тәрбие әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық. Мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  абзал  жандар.


14. Ұстаз: Кәусар

«Мұғалім  мамандығы барлық  мамандықтың  анасы» 

деген сөз қалай  дәл  тауып  айтылған! Адам  тәрбиелеу  – ұлы міндет.  Ол  міндетті  атқарушы  –  мен ұстазбын.


15.Ұстаз: С. Әмина

 Келер  ұрпақ алдында  зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз. Әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде.


16.Ғалым: Әмір

Ғалымдардың халық алдында атқаратын жауапкершілігі мол.Ғалымдар түрлі ауруларға, вирустарға қарсы дәрі – дәрімек, вакцина ойлап шығарамыз.



17. Ш.Амина -сәулетші

Сәулетші -  ғимараттар архитектурасын жобалап, нобайын сызамыз. Біздің жұмысымыз - жолдар, ғимараттар, әуежайлар, тоннельдер, бөгеттер, көпірлержәне оларды сумен жабдықтауды қамтиды. Тарихы терең, шоқтығы биік сәулет өнерінің адамзат өміріндегі маңызы ерекше.

18. Аиша С - суретші

Біздер адам өміріне сұлулық сыйлаймыз. Суретші қоршаған ортасын өзінің қабылдауымен бейнелейді.

19.Спортшы - Ахмад

Спортшылар - әлемдік ареналарда Қазақстанның намысын қорғап, Көк байрағымызды биікте желбіреткен азаматтармыз. Қазақ намысын қорғау үшін бар күшімізді саламыз.


Қойылымда мамандар ролін сомдаған оқушыларды таныстырады.

Ерсаин: Ең бастысы, тек еліңе, халқыңа пайдаң тиіп, адал қызмет етсең мамандықтың жаманы жоқ!

Риза: Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жету үшін сабағымызды жақсы оқып,тәртіпті болып,қалаған мамандық иесі болайық.

Мұғалім: Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпағына аманат еткен жерімізді сақтау- білікті де білімді,патриоттық рухы биік ұрпақтарымыздың қолында.

3.2. Хор « Тәуелсіздік ел ұраны»

3. Қорытынды бөлім

-Ата-ана мен мұғалім серіктес секілді.Екеуі ортақ. Өйткені екеуіне ортақ құнды нәрсе ол-бала және оның болашағы. Мақсат-бірігіп тәрбие беру,сол арқылы үлгі болу. Сондықтан да ата-анамен бірге өткен әрбір іс-шараның жөні бөлек,маңызы зор.Алғысымыз шексіз!!!

Балдай тәтті кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!

3.3. Мерекелік құттықтау.

3.4.Балаларға куәлік табысталады.

3.5.Ата-аналар тілектер айтады, сыйлық беріледі.

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!