Материалдар / Әліппемен қоштасу сценарий

Әліппемен қоштасу сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппепен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Рақмет саған,Әліппем!»

Күні 10.01.2024ж Жауапты: Темиргалиева Ж.Б.

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. 
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. 
Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар, нақыл сөздер.

Жүргізуші мұғалім: 
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Рақмет саған,Әліппем!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. 
-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Қош, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлерін 1 «А» сынып оқушыларына қол соғып, қошемет көрсетейік. 

Мұғалім: Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын....

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не ?

Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім: Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырамыз.

Мұғалім: балалар әліппеміз неге келмей жатыр екен? Қане тағы бір шақырып көрейікші!

(Әліппе, әріп дыбыс үшеуі кіріп айналып өтеді. Жалмауыз кемпір арттарынан еріп әліппені жұлып әкетеді)

Сахна сыртынан әліппенің дауысы Құтқарыңдар мені

Әріп пен дыбыс жүгіріп келеді

Әріп: Амансыңдар ма балалар! Біз әліппемен бірге сендерге қонаққа келе жатқан едік, алдымыздан мыстан кемпір атып шығып әліппемізді ұрлап алды!

Дыбыс:Артынан қанша қуып жүрсек те жете алмадық! Седерден көмек сұрауға келген едік! Бізге қол ұшын бересіңдер ме?

Балалардың жауабы

Мұғалім: Әрине көмектесеміз! Ең алдымен жалмауыз кемпір Әліппемізді қайда алып кеткенін білу керек. Содан соң не істейтінімізді қалай көмектесетінімізді шешіп аламыз

Дыбыс: Дәл солай, біз сендерге өз хиқаямызды айтып берейік!

Орманда екі үй болып: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрырдық. Біздің ауылбасымыз көшбасшымыз«Әліпби» болды. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрды , ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүрді. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, бізді араластырды. Сөйтсе, ғажап бір жайға куә болды. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөзден сөйлем пайда болды.

Мұғалім: енді түсінген сияқтымын! Жалмауыз кемпір біздің әліппемізді осы орманға әкеткен сияқты! Ол барлық дыбыстарды жоқ қылмақшы! Біз бұған жол бере алмаймыз! Барлығымыз бірге әліппеге көмектесу үшін сол орманға аттанайық!

Паравоз ойын биі

Жалмауыз кемпір: Әй, осылар менің жоспарымды қайдан біліп қойды! Мен барлық дыбыстарды жоямын, әріптердің ізін де қалдырмаймын! Жер жүзінде еш білім қалмайды ( қатты күледі ха-ха ха)

Мұғалім дыбыс әріп: Біз жол бермейміз! Білім жойылмайды, сенің қулығын іске аспайды . Балаларымыз өте ақылды кез келген сұраққа жауап береді.

Жалмауыз кемпір: рас па? Соншалықты ақылдысыңдар ма? Қане тексерейік онда. Бәлкім мыналар маған өтірік айтып жатқан шығар!

Мен сендердің білім қазынасын табуға тапсырма беремін.

1 станция «Білгіш»

ЖК: Ал менің сұрақтарыма жауап беріп көріңдерші!

  1. Қазақ тілінде қанша әріп бар? 
    (42) 
    4. У дыбысы қандай дыбыс? 
    (Дауысты да, дауыссыз да) 
    5. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата 
    (ю,я,ё) 
    6. Дыбыс бермейтін әріптер 
    (ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі) 

  1. Дыбыстар неше түрі бар?

(дауысты, дауыссыз дыбыстар)

  1. Дауысты дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?

  2. Дауыссыз дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?

  3. Сөз неден құралады? 
    (Буындардан, дыбыстардан, әріптерден) 

2 станция «Әріптер әлемі «( балалар шатасқан әріптерден сөз құрастырады)

3 станция «Жұмбақ шешу»

Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады. (пияз

Жіп жіңішке денесі

Ортасында шегесі (қарындаш)
Сырты жасыл қатты

Іші қызыл тәтті. (қарбыз)

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)


Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған. (бор)

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп)
4 станция «Ән мен би»

Қане менің артымнан қайталаңдар! (Қимылды қайтала ритмикалық ойын)

5 станция «Сиқырлы тауықтар» математикалық ойын жылдамдық пен нақтылық

Ой расымен де ақылды екен ғой мына балалар

Жалмауыз кемпір: жарайсыңдар,балапандар! Тура өзім қызығып ойнап кеттім ғой. Сендерге зияным тимесін әліппені алып кете беріңдер.

Әліппе: (Әліппе әнін айтып кіреді) БИ (әліппе )

- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Әліппеге арналған тақпақтар:

Румиса:Рахмет саған, Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Куаныш :Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Мейіржан:Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!

Ернар:Әліппе-білім бұлағы,

Әліппе –өмір шырағы.

Әліппе-білім көзі,

Әліппе – мұғалімнің асыл сөзі.


Дыбыс пен әріп : Достар бізбен бірге ойнайсыңдар ма?

Ойын «Дыбыстарды орналастыр» (киіз үй)

Жалмауыз кемпір: қойыңдаршы, андағы ойын ба? түк қызық емес! оданша менімен бірге билемейді ме?

балалармен Сергіту биін орындайды: тоқта қимылдама!

Әліппе: Бұл балақайлардың ата-аналары мектепке қалай дайындайтынын тексеріп көрейінші! Маған ортаға ата аналар шықсыншы. Сіздермен ойын ойнаймыз, әрқайсыңыз өз балалаларыңызды мектепке қалай дайындайсыздар. Бұл әрине өздеріңізге оңай. Тек бір шарты бар сіздер берілген шарды жерге түсіріп алмай жылдамдыққа балаларыңызды киіндіру керексіздер.

Әліппе:

Ойынға қатысқандарыңызға рақмет! Менің сендермен қоштасатын уақытым таяп қалды. Сендерге де рахмет балалар! Өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балалардың талабына қуанамын. Енді білімдеріңді жалғастырып, әрі қарай білімді болу үшін Ана тілі кітабымен таныстырайын. Ана тілі, мында келші!

Ана тілі:

Сәлеметсіздер ме балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.

Әліппе:

Әр сөзімді жаттаған,

Балалар үшін мақтанам.

Рахмет айтып, шаттанам,

Риза болып аттанам.

Оқумен өсіп толыңдар,

Аман есен болыңдар!


Ән: «Рахмет саған, Әліппе!»


Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Мен қойған сұрақтарға тек оң қолыңызды көтеріп жауап бересіздер. 
Ой ұшқырлығына құрылған есептер 
Ата-аналарға қойылатын сұрақтар 
1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.) 
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді) 
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады? 
4.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз) 
6.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? ( 1 тауық, 2 бұзау) 
7. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам) 
Мұғалім: Рахмет сіздерге, құрметті ата аналар! Қазір балаларыңыз сіздерге өз алғыстарын айтып, билерін арнайды.

Би (вальс)

Мұғалім:

Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігіміз аяқталып келеді! рұқсат Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін және Әліппені аяқтағаны жөнінде сертификат табыстау үшін мектеп директорын шақырамыз.  (Әліппені бітіргендері үшін куәлікті тапсыруға рұқсат етіңіздер.)

Куәлікті тапсыру.
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі.
 























ЖИ арқылы жасау
14 Қаңтар 2025
183
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі