Материалдар / Әліппемен қоштасу сценрийі "Рахмет саған, Әліппе!"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әліппемен қоштасу сценрийі "Рахмет саған, Әліппе!"

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып Әліппемен қоштасу сценарийі жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2024
57
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
900 тг 675 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



42 Нұрлан Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп




Picture 2




«Рахмет саған, Әліппе!»

(Ертеңгілік жоспары )

















2023-2024 оқу жылы

Тақырыбы : «Рахмет саған, Әліппе!» (Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің жоспары)

Сынып : 1 «И» сыныбы Күні : 26.12.2023жыл

Сынып жетекшісі : Жұмаш Зүльфия Аманбайқызы

Мақсаты:

1. Оқушылардың әліппе пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ата – аналарға көрсету.

2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін,талғамдарын дамыту.

3. Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін — бірі сыйлауға, өзін — өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі»оқулықтарының мұқабасы, шарлар.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Музыка ойнап тұрады. Мерекелік безендірулер

Қонақтарды қарсы алу.

Слайд №1 Мектеп суреті
Ортаға атасы немересін жетектеп келеді.

Мұғалім :
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп...
Болат Айымның орындауында «Жақсы көрем атамды» әні

Слайд №2

https://youtu.be/TYHqFgEUseU?si=j_zBGMXU6DtWWX96

Әннің соңғы шумағында ортаға атасы мен немересі шығады

Ата:
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.

Немере: Мырзаәлі (К)
Қыркүйекте келдім де
,
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.

Слайд №3

1-қыркүйек Білім күнінде оқушыларды қабылдап алған кездегі видеоролик жүріп тұрады.

МҰҒАЛІМ:
-Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

-Ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашуға рұқсат етіңіздер!!

Әнұран айтылады. Слайд №4 Қазақстан туы

МҰҒАЛІМ :
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларын!
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!

-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Ортаға «Әліппе» боп кейіпкер ата- ана Шарипаева Назым шығады.

Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Менің атым-Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де,
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар,ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын!
Не үйреніп,не білдік
Кәне ортаға салайық!
-Осы сендер қандайсыңдар?

1-оқушы Аяулым(А):
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

2-оқушы Ислам (П) :
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!

3-оқушы Рамазан (Қ) :
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

4-оқушы Марьям (Б) :
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Алфавиттер шығыңдар
Бастайық қане айтысты!

Мұғалім:
Енді ортаға әріптерді шақырайық.
«ОТАН» «ҚАЗАҚСТАН» «ӘЛІППЕ» «ҰСТАЗ» сөздері шығатындай әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.

«О Т А Н» сөзі

(ортаға О,Т,А,Н әріптерін тағып алған 4 оқушы шығады)

Сунат (О) :
Отан -менің ата- анам,
Отан
- досым, бауырым.
Отан
- өлкем ,астанам,
Отан
- туған бауырым.

Қасиет (Т):
Тәртіпті бала сүйініш
Төбең көкке жетеді,
Тәртіпсіз бала күйініш
Төмендеп басың кетеді.

3-оқушы Әділхан (А) :
Адам аузын ашқалы
А-дан сөзін бастады
Ата,апа ақыл ар
А мен айы аспаны.

4-оқушы Жанарыс (Н) :
Ас біткеннің атасы
Қасиетті
«нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.

Сұрақтар қойылады:

-Отан дегенді қалай түсінесіңдер., балалар?

-Біздің Отанымыз қалай аталады? т.б

«Саржайлау» әні орындайтын: Бержан Оразалы

Билейтін қыз оқушылар : Аяулым, Марьям, Дамира, Қасиет.

ІІ. «Қ А З А Қ С Т А Н» сөзі

(Ортаға Қ,А,З,А,Қ,С,Т,А,Н әріптерін тағып алған оқушылар шығады.)

«Қ» РАМАЗАН :

Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні.
Даласындай жомарт қой
Қазағымның көңілі.
«А» ӘДІЛХАН :

Астанам, ұлы, Астанам
Ұлылыққа бастаған!
Мақтан тұтар өзіңді,
Кіп-кішкентай жас балаң
«З» ЕЛДАР :

З дегенім -зебр,

Тұяғы оның темір,

Шөп іздесе шөлде,

Кірмейді оған шөгір!

«А» АСАД:

Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
«Қ» ДАМИРА:

Көкала көйлек киеді,
Күннің көзін сүйеді.
Қарбыз жеген баланың
Шөлі әбден қанады.

«С» АЙЫМ :        

Жағасында Ертістің
Семей деген қалам бар
Туған мұнда атақты
Абай, Мұхтар, бабалар
«Т»ОРАЗАЛЫ :

Жарақты жаумен жұлқысқан
Қылышты жаумен қырқысқан
Ең ежелгі астана-
Қасиетті Түркістан!
«А» НАИЛЯ :

А дегенім – Астана,
Тәуелсіздік тынысы,
Қазаққа болған бас қала,
Алматының «інісі».         

«Н» Хадия :            

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар!

Теріп алып,қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

Мұғалім : -Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?

«Қ А З А Қ С Т А Н» хормен

Слайд№5 «Менің Отаным -Қазақстаным» әні хормен айтылады.

МҰҒАЛІМ :

-Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
-Оқушылардың жауаптары тыңдалады?
-Ендеше, сендер  Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар.
Ант қабылдау
1.Отанымды сүюге (СУНАТ)О
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, (ЖАНАРЫС) Н
3. Отанымызды мақтаныш етуге; (МАРЬЯМ)Б
4. Ата-ананы қадірлеуге; (ӨРКЕН)
5. Білімге ұмтылуға; (ДАМИР)Ә
6. Салауатты өмір салтын ұстануға;(ИСЛАМ) П
7. Табиғатты аялауға; (ІНЖУ) І
8. Мектеп ережесін сақтауға (РУФИНА)Л
9. Үлкенді құрметтеуге (ШҰҒЫЛА) Ә
10. Кішіге қамқор болуға (АСЫЛЖАН)Ұ


Барлығы хормен:Ант етеміз!!Ант етеміз!! Ант етеміз!!

Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын

қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.

-Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

ӘН «Рахмет саған, Әліппе!» (хормен)

Үнді биі (Самат Қасиет) Сиқырлы әуен естіледі ...

«Кішкентай сиқыршы» (Жанарыс):

-Мен жұмбақ жасырамын, шешуін тапсаңдар бір сөз шығады.

ІІІ. «Ә Л І П П Е » сөзі

(Ортаға Ә,Л,І,П,П,Е әріптерін тағып алған оқушылар шығады.)

1.Әжеде бар, атада жоқ
Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә)
Шұғыла

2.Мынау-доға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? (Л)
Руфина

3.Ірімшік жедің ғой,
«Тәтті екен» дедің ғой.
Оның аты біз жазған,
Қайсы әріптен басталған? (І
) Інжу

4.Ата-анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің «парктен»
Осы атауға зер салшы

Басталған қай әріптен? (П) Нурсыйла

5.Пілде бар, шілде жоқ.
Допта бар, шарда жоқ. (П) Наиля

6.Ешкіде бар, қойда жоқ
Кеседе бар, қасықта жоқ (Е)
Нурислам Саматұлы

ОРТАДА «ӘЛІППЕ» ДЕГЕН ЖАЗУ ПАЙДА БОЛАДЫ.

Слайд №6 Сыныптағы түсірілген видеороликтер жіберіледі.

1-оқушы Өркен
Әліпбидің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында,
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде?

Түсінші:
«А» деген ол — аналар ғой ардақты,(Аяулым)
«Ә» деген ол — әкелер ғой салмақты. (Дамир)
«Б» деген ол — балалар ғой көңілді, (Марьям)
Біздің елде үшеуі де қадірлі. (Өркен)

1-оқушы Мырзаәлі (К):
Әліппені бітірдім
Жаза аламын атымды
Әліпені бітірдім
Бала болып ақылды
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

2 -оқушы Дамир (Ә):
Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, бойымыз,
Құтты болсын тойымыз.

3- оқушы Саматұлы Нұрислам (Е) :
Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.

4 -оқушы Руфина (Л)
Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдар алтыннан,
«Әліппе»- білім бесігі»

6-оқушы Наиля (А):
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз толмайды.

«ӘЛІППЕ» флешмоб

Би «Қамажай» Қыздар тобы (Марьям, Наиля, Нұрсыйла )

ІV. «Ұ С Т А З »сөзі (Ортаға Ұ, С, Т, А, З әріптерін тағып алған оқушылар шығады.)
«Ұ»әрпі Асылжан :

Ұясы – үй ғой шынында,
Ұзақ үйін қорғайды.
Балапанға ұрынба –
Ұя бұзған оңбайды.
«С»әрпі Айым :

Ала қанат сауысқан,
Жемді көрсе, жабысқан,
Жақындатпай жанына,
Сезіп қояды алыстан.

«Т» Қасиет :

Тасбақаға отырып,
Кездік орман, даланы.
Бізді көріп, секіріп
Тиін қашып барады

«А»Әділхан:

А дегенім-атаң,

Ақ тілекті батаң.

Ақыл сөзін тыңдап,

Ардақтай біл, ботам!

«З» Елдар :

Зебр деген жануар
Жылқыға ұқсас күші оның.
Сала құлаш жалы бар,
Жолақ – жолақ түсі оның.

1-оқушы Серік Нұрислам (М) :
Аңыз,ертек,ән жырдың
Бәрін ойға құйғыздың
Санамызға сен біздің
Бар асылды сыйғыздың
Жақтық білім шырағын
Рахмет саған
мұғалім!
«Ұстазым» әні. Бержан Ораз бен Болат Айымның орындауында

Мұғалім :

-Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.

1.Мәнерлеп оқу Серік Өркен « Күз» Абай

2.Ән «Әпкетайым» Айымның орындауында
3. «Шляпа» биі Ұлдар тобы

4. Серік Өркен І.Жансүгіровтың «Оқу керек! » өлеңін мәнерлеп оқиды.

4.Би «КӘМПИТТЕР» қыздар тобы

5.Ән шашу ата-ана (Оразалының анасы )

Әліппе:— Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ортаға АНА тілі оқулығының кейіпкері- Райымбекова Марал шығады.

Ана тілі (Дамирдің анасы ) :
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі мен болам.

ӘЛІППЕ (Жанарыс анасы ):
-Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!

Хормен: Қош бол, құтты Әліппем!

Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Слайд №7 Оқушылардың жетістіктері

- Құрметті,ата-аналар!! Жыл басынан бері осы уақытқа дейін біздің оқушыларымыздың арасынан түрлі конкурстарға қатысып, алғашқы марапаттауларға ие болған оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

1. Бастауыш сыныптар бойынша ұйымдастырылған он күндік шаралары кезінде қолөнер жасаудан «Күзгі қиял»композициясымен 1-ші орын алған Болат Айымды ортаға шақырамыз.

2. Мектепішілік 1-сыныптар арасында өткен өнер байқауына қатысып «Жезтаңдай әнші»номинациясын иеленген Бержан Оразалыны ортаға шақырамыз!

3.Республикалық Абай оқулары сайысына «Күз»өлеңін мәнерлеп айтудан жүлделі І ші орынды жеңіп алған

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!