Әліппемен қоштасуға сценарий

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әліппемен қоштасуға сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппемен қоштасу кеші
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әйгерім: 
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Рахмет саған, Әліппем!» атты мерекемізге қош келдіңіздер!


Мөлдір:


Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. 


Әйгерім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл – ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!


Сонымен «Рахмет саған,Әліппем!» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлері, алдарыңызда тұрған 1 «Б» сынып оқушыларына қол соғып, қошемет көрсетіп қояқшы. 


Мөлдір:

Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын....

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не ?

Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім: Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырамыз.

Әліппе: (Әліппе әнін айтып кіреді)

- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!





Мөлдір:


Қош келдің,Сүйікті Әліппе. Біздің балаларға әріп танып, оқуына, жазуына көмектескеніңе мың алғыс!



Әйгерім:

Балалар әліппе ортамызға келгенде сендерге сұрақ қояншы.


  1. Қазақ тілінде қанша әріп бар? 
    (42) 

  2. Дыбысты біз не істейміз? (Естиміз, айтамыз)

  3. Әріпті біз не істейміз? (Көреміз,жазамыз)

Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2 ге. Дауысты,дауыссыз)


Мөлдір:


- Балалар! Сендер Әліппемен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?


Оқушылар:


Математика,дүниетану,бейнелеу,музыка


Мөлдір:

Ретімен тізбелі

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ?

Санамақ айтайық

Оқушылар:


1 дегенім- бесік,

Шықтың содан өсіп.

2 дегенім – елім,

Далам, тауым, көгім.

3 дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

4 дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

5 дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.



Әйгерім:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан

Балалар, қазір мен сендерге есептер айтып математика пәнінен білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып, шешіңдер.

  1. Оң қолымда 5 алма,

Сол қолымда 5 алма,

Барлығында қосқанда

Болады менде неше алма ?

  1. 5 алманың үшеуін ,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады ?

  1. Сымда 5 үйрек отыр еді, екеуін үркітіп жіберсек, нешеуі қалады ?



Әйгерім:

Тамаша! Ендеше мерекемізді балаларамыздың “Рахмет саған,әліппе!) атты хорымен бастауға рұқсат етіңіздер.


Әліппе сізді, балаларымыздың басқа да өнерін тамашалауға шақырамыз


Хор “Рахмет саған, Әліппе”

Би Жұппен

Мөлдір

Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.

Әріптерге арналған қыздарымыздың тақпақтарына кезек береміз:

Аяла:

Ү

Үкі деген әдемі,

үлпілдеген желегі.

Қыздар әсем болсын деп,

Үкі тағып береді.

Ханшайым:

М

Марал қандай әдемі!

Тау - орманның сәні еді.

Мүйізінің шырыны –

таптырмайтын дәрі - емі.



Жәния:

Күн шуағын төккенде,

Жаңбыр сеуіп өткенде,

Қызыл - жасыл далада

Гүл тереміз көктемде.

Аяулым:

О

Қамқор болып орманға

ағаштарын қорғаңдар.

Жақсы азамат болмайды

Көк орманды орғандар.

Інжу:

К

Күн – әлемнің шырағы,

төгіледі шуағы.

Көбелектер қуанып,

бірін - бірі қуады.



Асылым:

Ы

Күнде ерте тұрамын,

әзірлеймін сабақты.

Ыдысты да жуамын,

пісіремін тамақты.

Раяна:

Ң

Аю, қасқыр – аң бұлар,

қоян, түлкі – тағы бар.

Жемтік іздеп жапаннан

күндіз - түні қаңғырар.



Әйгерім:

Жиналған қауым таң қалсын

Ән бимен шашу шашылсын

Мың бұралған бишелер

Бименен кешті жалғасын.

Ұлдар биі:



Өте тамаша, ұлдарымызға тағы бір қошемет болса.



Мөлдір:

Бала деген, шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі мен жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен – деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай

бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық


Ән: Жәния мен Асылым


Әйгерім:

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың,

Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

Ортаға 1-сынып оқушыларын шақырайық.

Азиз:

Х

Хат жазамын ағама –

оқуда ғой қалада.

Хат келгенде ағамнан

оқып берем анама.

Нұрмұхаммед:

Д

Дуадақ құс далада,

Жоламайды қалаға.

Дельфин жүзер теңізде,

Ол теңізбен егіз бе?!

Ералбек:

Е

Нәр алатын жауыннан,

Қорықпайтын дауылдан

Емен деген ағаш бар

жапырағы жайылған.

Ринат:

Р

«Кел!» - деп аспан тұр ымдап,

жұлдыздары жымыңдап.

Байқоңырдан ұшады

Ракета зуылдап.

Ерсейіт:

Т

Тасбақаға отырып,

кездік орман, даланы.

Бізді көріп, секіріп

Тиін қашып барады.

Дулат:

Ә

Әтеш әнге басады,

Таңғы ұйқыңды ашады.

Жетіп келсең жанына,

Тырағайлап қашады.



Дамир

У

Уық - тіреу бұл жерде

сүйенетін шаңырақ.

Киіз үйге кіргенде,

Қаласың бір жадырап.



Нұрасыл:

Ғ

Ғарыш деген – көк аспан,

Ай, жұлдызы жарасқан.

Мен ғарышкер боламын –

Айға барып қонамын!

Алихан:

С

Ала қанат сауысқан,

жемді көрсе, жабысқан,

Жақындатпай жанына,

Сезіп қояды алыстан.

Жансейіт:

Л

Ешкі төлі – бұл лақ,

шапқылайды зымырап.

Анасынан адасса,

«айқайлайды» тұрып ап.

Эльдар:

Э

Сым арқылы келеді,

үйге жылу береді,

Электрдің қуаты

Күндей жарық төгеді.



Жақсы енді ұл балдарымыздың қаншалықты әліппені меңгергенін көрейік.



Сәйкестендіру



Әліппе: -Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын.Балалар , мен бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім. Өзімнен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім

Барлығымыз “Ана тілін” шақырайықшы


Оқушылар: Хормен


Ана тілі:

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

-Балалар мен Ана тілі оқулығы боламын. Мен сендердің дауыстарыңды естіп қуанып келдім. Олай болса сендердің қандай өнерлерің бар? Қане, ортаға салыңдар.

Әліппе:

Ана тілімен таныстырдым. Енді мен рұқсат болса кетейін. Сау болыңдар !

Хормен: Қош бол, сүйікті Әліппе!



Мөлдір:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп, шықты міне балаңыз.



Жақсы балалар ары қарай өнерімізді көрсету үшін сендерді сахна төрінен шығарып саламыз.







Мөлдір:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, Ұстазбен шәкірттің арасында ерекше, нәзік байланыс бары анық. Менің ойымды ән арқылы тыңдаңыздар!

Әйгерім Аяла Ханшайм әні: Ұстазым


Ринат Ұстаздарына арнау тақпағы



Әйгерім:

Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,-деп,ақын аталарымыз жырлағандай, және де

Ұлы жазушы М. Әуезов «әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен. Ендеше ән мен күйге құмар болып өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміздің “Оркестр” әніне кезек береміз.



Өте тамаша өнерлерің өрге жүзсін. Енді сахна төріне тағы да өнерлі баламыз Пернебек Нұрасылды “Қызыл раушан” әнімен ортаға шақырамыз



Біздің сыныптың ұлдары ғана емес қыздары да өнерлі. Ендеше 1б сынып қыздарының “Париждегі қолшатыр биін” қошеметпен қарсы алыңыздар. (Түтін шығару)



Әйгерім:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Ана тілі жасау керек мәңгілік.

Мерекелік іс-шарамыз соңына таяп қалды. 1б сынып оқушысы Қалдыбай Азиздің орындауында “Көк тудың желбірегені” әнімен қорытындыласақ.



Құрметті оқушылар, ұстаздар және ата-аналар!Бүгінгі «Рахмет саған, Әліппе» атты мерекелік іс-шараны қорытындылай келе Асхан атындағы “Зерек” орта мектебіміздің директоры Тоқтыбаев Бақтияр ағайға сөз кезегін береміз.

Сөйлейді.





Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар,

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен шашу шашпақ ақ жаулықты аналар.

Сөйлейді.



- Бүгінгі 1-сынып оқушыларының «Рахмет саған, Әліппе» атты әліппемен қоштасу кеші аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

- Қош сау болыңдар.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2025
37
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі