400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алжан мен Байжанның әр тасында шежіре бар...

Материал туралы қысқаша түсінік
Алжан мен Байжанның әр тасында шежіре бар тақырыбында баяндама. Туған жерімізде орналасқан Алжан мен Байжан тауларын зерттеу барысында жазылған баяндама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алжан мен Байжанның әр тасында шежіре бар

Алматы-Майқапшағай тас жолы өтетін Аршалы өңірі өзінің көрікті әсем табиғатымен кез-келген жанды қызықтыратын жер. Тас жолдың батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Байжан және Алжан таулары өркештене орналасқан. Таулардың Байжан және Алжан атауы көне көз қарттардың әңгімесі бойынша 18-ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы кезінде біраз уақыт шамамен 35-50 жылдай Байжан және Алжан атты Жоңғар байларының иелігінде болып, атау сол кезден қалған дейді.

Алжан –өркеш-өркеш тас қия, жолы қисық. Тастары мөлдіреген мрамордай тізілген. Алжанға Қарақайды асып барады. Алжан тауында үңгірлер бар. Сол үңгірге кірген адам айналып жүріп сол жерден шығады екен. Жұпар жел аңқыған Алжан тауы алуан құлпырған гүл шоқтарына бай.

Байжан –өте биік тау. Байжан тауының биіктігі 1800 м. Байжанның биік тасын аралап көрсең жеті тасты суы мөлдір құдыққа кездесесің. Табиғаты өте тамаша. Байжан тауының қасында Қосбұлақ, Жанбас бұлақ орналасқан. Жұпардай иісі аңқыған самал жел. Аңдардан киік, арқар,аю, қасқыр, түлкі, барыс мекен еткен. Байжан тауында 7 үңгір және шыңырау бар деседі, сол үңгірлер арқылы ең үстінде орналасқан 3 бөлмелі үйге кіруге болады. Ол үйге кірген кезде шамның бәрі өшіріледі екен. Тағы бір қызығы тау астында шөккен алтын бар деседі. Егер ол алтынды қазып алатын болса су атқылап, топан су басады екен. Байжан тауы мен Алжан тауына соғыс кезінде адамдар тығылып паналаған дейді. Шөбі шүйгін, аясы кең қасиетті жер. Таулар өзінің әсем көркімен және тынығуға қолайлы табиғи жағдайларымен келген қонақтарды қызықтырады. Аса биік емес шамамен 450-500 м болатын көлбеу беткейлі тау жоталары мен қырқаларының беті тау басына шыққанда бүкіл айнала көрініп, тау аралық сайлармен ұсақ шоқылар алақандағыдай көрініп ерекше бір әсем, жанға жайлы табиғи көрініс береді. Тау аралық саймен тереңдеу ойыстармен ағып жатқан бұлақтар шағын шоқ тоғайлар жайқалған, көк майса шалғын, таза ауа және әртүрлі бейнені беретін тау тастары демалушыларды өзіне баурап ерекше рахатқа бөлейді. Сонау палеоген дәуірінен өсіп күні бүгінге дейін Жарма аймағында тек біздің Аршалы өңірінде ғана сақталып қалған қарағайлы-көктеректі жерлер, қазақ халқы ертеден қасиетті, киелі деп санаған, жыл бойы жап-жасыл түсі өзгермей хош иісі аңқыған, таудың аршасы дем аламын деген жандар үшін табиғаттың ерекше сыйы. Шоқ тоғайлар арасында шатыр тігіп, жайбарақат дем алатын болсаңыз, тауға шығып тас түбінде жайнап тұрған әртүрлі гүлдерді теріп, ағып жатқан бұлақтарға жуынып бір бой жазып қалатыныңызға сенімдіміз. Алжан және Байжан тауларында жылда қыдырып қызықтап демалған демалушылар Попов орманы, 12 құдық, тау үңгірі, қызыл баз деп атау берген орындары ерекше көрікті де әсем жерлер деуге болады. Таудың биігінде өскен шыршалары, етегіндегі тоғай, қайың, тастын үстін кілеммен көмкеріп қойғандай болып көрінетін аршалары , жол жиегіндегі қараған,тобылғылары, жусанның иісі ерекше сезімге бөлейді. Жаз кезінде жер беті жасыл кілем жамылғандай болып, түрленіп тұрады. Шұрайлы шөбі,қоңыржай ауа-райы, адамға да жануарларға да жайлы. Ал,қысы қатал қар қалың түседі, шыңылтыр аязымен аптадан-аптаға толассыз соғатын ақ бораны тағы бар.

Үлкендеріміз балаларына:

Байжанның басындай ,

Рәмидің тасындай бол.- деп бата берген екен.

Таудың бөктерінде қалың ел мекендеген құты мол, берекелі Бөлектас ауылы болған. Ауыл 2 бөліктен тұратын –Ескі ауыл, Жаңа ауыл. Бөлектас 1935 жылы құрылған. Бөлектас соғыс жылдары Түркісіп селолық округіне қараған. Әр сайында мөлдіреген бүлдіргенге қарақат пен доланаға кезігесің. Қырық оба, Шымылдық жал, Арбалы деген жерлер жайлау болған. Байшора, Ақпейіл мен Мәметег аспанға өрлеген көк терекке толы. Малдыбай шоқысының жанында тайдай тулаған дамбының балықтары бар. Бөлектас шашылған асықтай жатқан Ақпейіл тастарының бауырында орналасқан. Бөлектастан шығатын қара жол, Байшораны басып найзадай үшкір Рәми тауды орап Байжан таудың етегімен Алжан таулардың қойнында ұяға салған жұмыртқадай ауыл Шүмитуге жетіп, Қарақойтас разъезіне тіреледі. Тұма Бөлектастан 7-8 шақырым, ені тар, суы терең, тұнықтығынан шабақтары көрінетін Қаратаудың етегі, жер астынан шығатын, суы бұлақтың суындай, шілдеде шекеге ұратындай, қара-шұбар жыландай ирелектеп, Қарақай өзеніне ұласады. Суының тұнықтығынан осы қыстақты Тұма деп атайды. Қарақайдың күн батыс жағы Ақпейіл бұлағы, қыста қатпайтын –бұлағының қасиеті бар, жақпар-жақпар ақ-сұр тастарына қалың біткен аршасымен, жаз кезінде, бұлақтың маңы, қаптай шығар, тіл үйіретін жер-жидекпен тәнті ететін. Ақпейіл тастары, әйдіктеле келіп, Мәметекке ұласады. Алжан жалдарының шығыс күнгейіндегі қойнына тығылғандай Қаракөл орналасқан. Жартастарға шығып биіктен қарасаң, тостағанға ернеуінен асырыла құйылғандай, қара күмістене жылтырай дірілдеген майда толқындары әдемі көрінеді. Ертеде осы Қаракөлді «су сиыры» мекендеген деседі. Қас қарая су бетін толқындатып, өкіре мөңіреп, жар тастарды жаңғырта, қорқыныш үнін қаптата су астынан шығатынды, мүйіздерінің жанып тұратын жарығымен жәйіліп, оттыққан соң, өкіре-мөңіреп, жаңғыртып су астына қайта кіретін деседі–, көргендер.

Бөлектаста мекендеген рулар: Жетібай, Әдет, Бозша. Күзде Байжан тауына қоныс тепкен рулар Арбалы, Жаман, Қойтас. Ал қыстауда Қоғалы, Қаражалдың айналасына қоныстанған. Қоғалыда Қарақозының балалары Досым қажы, Қосым, Қосай Еңсе қажы, Әңке мен Нәсір, Мұса өмір сүрген. Қаражалда Аман, Көшер, Байтұяқ, Назар болса, Қосшоқыда Малдыбай ата тілге шешен атқа мінер кісі болған. Атан батыр және оның ұрпағы Боқылай би және халық емшісі Ерденбек ата тамыр ұстап, аурудың түрін анықтап, халық үшін қызмет кеткен. Төлебай ата Бөлектасқа болыс болған. Алтыбай деген батыры болған. Бөлектасты совхоз кезінде Үмітхан ата басқарған.

Қазір ол жер теп-тегіс, тек ауыл сыртындағы бейіттер ғана бұрын бұл жерде елді мекен болғанын білдіреді. Осы жерде қасиетті Арқарбай дуананың бейіті бар. Арқарбай Шоқантайұлы (1865-1948жж.) Семей облысы Жарма ауданы Алжан тауында туған ақкөңіл, ақжарқын, дүние тәркі, айтқаны ем, шайқы жұртқа танымал адам болған. Дуананы көрген адамдар оның ісін қылық-қимылын аңыз ғып айтады. Дуананың бойы аласа, денесі кішкене. Жазда ақ көйлек, ақ дамбал, аяғына кебіс киіп, қолына ақ таяқ ұстап жүреді. Арқарбай дуана, шайқы мінезді, отырғанда зікір салып, жақтырмайтын кісіге «Әй патшағар!» деп бет-бейнесін құбылтып отыратын және «Арқарбайдың көтеріп кететін киесі бар» дейді.

Бөлектаста дүниеге келген ата-апаларымыз:

  • Бегажанов Дайыр Биғожаұлы 1887 жылы туған, Бегажанова Шарбан 1893 жылы туған (әйелі); Аубакирова Ырыс апа 1942 ж туған (қызы).

  • Елубаев Бекмұхамбет ата. 1930ж туған. Қажырлы еңбегі үшін атамыз «Тың және тыңайған жерді игерудегі ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталды. 2000 ж 22 наурызда Жарма ауданы бойынша «Ғасырдың үздік адамы» атағы берілді.

  • Ахметхан Ерденбеков Қанапияұлы 1927 жылы қараша айында дүниеге келген. Мамандығы тарихшы болса да, әдебиетке, өлең-жырға әуестігі ерте байқалған екен. Қазақ ССР оқу ісінің үздігі, тарихшы-ақын.

  • Әубәкірұлы Тұмар ата (1916-1989), 1941-1946 жж соғыста болған. Барлаушы партизан болған. Соғыстан келген соң ауылда ұстаздық қызмет атқарады.

  • Жабасқызы Шәрипа апа

  • Жандильдинов Мұхаметрахым ата

  • Қабижев Жолдыхан ата

  • Қарақан Ахметхан ата (Нұржікен апаның әкесі)

  • Ыдырышов Дүйсенғазы ата

  • Ташекенов Құрманғазы ата

  • Шарипов Боқан ата

  • Кабышев Тусупкан ата

  • Қабижев Уәлхан. 15.04.1940 жылы туған. Зейнеткер.

  • Серікболсын Қоңысбайұлы Бейсембаев белгілі бизнесмен, меценат. Ауыл шаруашылығының маманы. Маралды кемпингінің басшысы.

Соғысқа қатысқан аталарымыз: Нұрханов Қалибас ата, Насыров Мұхаметхан ата, Ыдырышов Дүйсенғазы ата, Ташекенов Құрманғазы ата, Әубәкірұлы Тұмар ата.

Қорытынды сөз: Мәртебелі болашақ туралы армандай отырып, мерейлі өткенімізді де жадымызда сақтағанымыз жөн болар,– Н.Ә.Назарбаев

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ерденбеков А.Қ. «Оты бар өлеңшілік жүрегімде». Семей,2003ж

  2. Ерденбеков Қ.А «Тылсым тынысы». Алейрон. Алматы, 2008 ж

  3. Ертіс өңірі газеті, 11 қазан, 2002 жылы Д.Азанбаевтың мақаласы

  4. Мұрат Иманжапар «Үшбиік дарындар мекені». Семей: «Үш биік» ЖШС баспа орталығы, 2010 ж.

  5. Қосымша мәлімет: Ата-әжелерден алынған.

  1. Аубакирова Ырыс апа

  2. Аман апа Арқарбайқызы

  3. Айткенова Рысқайша апа

  4. Манханов Қанағат ата

  5. Жәкетай апа Оспанова



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2144
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі