Дидактиалық
ойындардың түрлері
Ойын
дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке,
сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.
Ойынның
түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар,
дене шынықтыру ойындары, сюжеттік
ойындар, дидактикалық ойын. Соның ішінде
маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл
ойынның пайдасы – баланың ой өрісінің
қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды.
Сондай – ақ балалардың адамгершілік
сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым
– қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа
ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне
сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге
көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар
арнайы мақсатты көздейді және нақты
міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті
баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін
арттыру мақсатында іріктеліп алынатын
нақты мазмұнмен анықталады.
Дидактикалық
ойындар үш топқа бөлінеді:
Заттық
дидактикалық ойындар – дидактикалық
ойыншықтар мен және түрлі ойын
материалдарымен ұйымдастырылады.
Үстел
үстінде ойналатын дидактикалық ойындар
– «Лото», «Домино», т. б.
Сөздік
дидактикалы қойындар.
1.
Заттық дидактикалық ойынның түрлері
төмендегідей заттармен ойнатылады.
Ойыншықтармен ойнатылатын дидактикалық
ойындар кіші топтардан бастап ойнатылады.
Мұнда балалар ойыншықтарды қолымен
ұстап, көзімен көріп, сипап сезу арқылы
ойнайды. Немесе ойыншық заттарды
сиапттауға болады. Мысалы: Доп домалақ.
Ол күнге ұқсайды. Доппен біз қызықты
ойындар ойнаймыз.т.б
Киім
түрлерімен ойнатылатын дидактикалық
ойындар: Киімдерді балалармен таныстырумен
қатар киіну дағдыларын қалыптастыруға
үйретемзіз. Мысалы: «Қуыршақты серуенге
шығарайық» д/о ойната отырып киімдерді
ретімен киіну және жыл мезгіліне сай
киінуге үйретеміз.
Заттық
ыдыстарды қолдану арқылы жүргізіледі
: Ыдыстарды қолдана отырып жеке-және
жалпы атауын айта білуге балаларды
үйретеміз. Сонымен қатар « Қуыршаққа
тамақ дайындаймыз» ойынын ойната отырып
ыдыстарды қолданудың әдістерін үйретеміз.
Мысалы: қасықты оң қолға ұстаймыз,
тарелкені екі қолмен ұстаймыз. т.б.
Заттық
жеміс-жидектерді қолдану: Заттық жеміс
–жидектерді қолдана отырып балармен
бірнеше ойындар өткізуге болады. Мысалы:
«Ғажайып дорба» ойынын алатын болсақ
, онда жемістер мен көкеністерді сипап
сезу арқылы оның пішінін анықтау, түсін
анықтау және атын атауға үйретуге
болады.
Заттық үй жануарлаын қолдану арқылы
: Заттық үй жануарларды қолдана отырап
балалардың зейінін ,есте сақтау қабілетін
дамытамыз.
Мысалы:
«Үй және жабай аңдарды ажырат» д/о ойыны
арқылы заттық үй жануарларын қолдануға
болады. Мұнда балалар жануарларды
ажыратып , өз орындарына қолымен ұстап
орналастырады.
2.Үстел-үсті
дидактикалық ойындар арқылы : Үстел
–үсті дидактикалық ойындары таңертеңгілік
балаларды қабылдау кезіне ойнатылады.
Балалардың есте сақтау қабілетін
таңертеңгілік уақытта жақсы қабылдайды.
Сондықтан заттардың атын жаттау, немесе
жалғасын табу, құрастыру, орнын табуға
байланысты ойын түрлері ойнатылады.
Мысалы: «Қуыршақ Шолпанға киінуге
көмектес», Жартыларды құрастыр»
т.б.
3.Сөздік
ойындар:
Суреттер
арқылы: суреттермен ойналатын дидактикалық
ойындар барлық білім беру саласы бойынша
ойнатылады. Суреттер арқылы балалар
сөйлем құрастыруға үйренеді. Белегілері
бойынша ажыратады. Жалпы атауын айтып
үйренеді. Мыалы: д/о « Суретте қай жыл
мезгілі бейнеленген» суреттерін алатын
болсақ балалар оған қарай отырып өз
ойларын білдіреді.