400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алжапқыш пен бас орамалды үлгі бойынша пішу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін мұғалім үнемі ізденісте болады.Бұл материалдың басқа ізденімпаз ұстаздарға көмегі тиер деп ойлаймын.Алжапқыш пен бас орамалды үлгі бойынша пішу тақырыбын ұстаздар өз сабақтарында пайдалана алады деп ойлаймын.Алжапқыш пен бас орамалдың күнделікті өмірде пайдасы киімді ластаудан тамаққа шаш түсіп кетуден сақтайды.Технология сабағында оқушылар алжапқыш пен орамал тағып отырады .Өйткені үнемі сарамандық жұмыс жасалынады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың атауы

Алжапқыш пен бас орамалды үлгі бойынша пішу

Жалпы мақсаты

Оқушыларға алжапқыш пен бас орамалдың үлгісін мата бетіне қойып пішуді үйрету.Әсемділікке,ұқыптылыққа баулу, алжапқыш түрлерінің құрылымын түрлендіру арқылы басқа да сәнді алжапқыштар жасау дәрежесіне тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар алжапқыш пен бас орамалдың үлгісін мата бетіне қойып пішуді біледі.

Негізгі идеялары

Оқушыларды сарамандық жұмыс барысында топпен жұмыс істеуге, берілген тапсырмаларды түсініп орындауға, өз жұмысына баға бере білуге үйрету.

Тапсырмалар 

Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар

Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже

1. Ұйымдастыру кезеңі


Оқушыларды ұйымдастыру.Психологиялық ахуал орнату. «Тілек алаңы» тренингі.  Топтарға бөлу.


Оқушылар қызыл,сары гүлдер арқылы екі топқа бөлінді.

Оқушылар бір біріне сәттілік тілейді.

2. Үй тапсырмасын  тексеру

«Цифрлы сұрау»әдісі бойынша сұрақ-жауап.

Алжапқыш неше бөліктен тұрады?

Алжапқыштың қандай түрлері бар?

Алжапқыш өлшемдері қандай?

Өлшемдер немен алынады?

Алжапқыш қандай маталардан тігіледі?

Цифрлар жазылған карточкалар арқылы сұрақтарға жауап береді

3. Жаңа сабақ.

Алжапқыш пен бас орамалды үлгі бойынша пішу

Түсіндіру жұмыстары

Алжапқыш пішу үшін түксіз,жеңіл мақта матаны таңдаған дұрыс.

  1. Матаның сапасын анықтау.Дақтар,тесіктер,мата ақауларын тексеру.

  2. Матаның оңы мен терісін,негізгі жіппен арқау жібін анықтау.

  3. Матаны пішу алдында декатерлейді.

  4. Мата бетіне үлгінің үлкен бөліктерінен бастап қоямыз және түйреуіштер мен түйрейміз.

  5. Пішім бөліктерін тігінші борымен айнала сызып шығамыз

  6. Тігіс қосымшаларына орын

қалдыра отырып қиып шығамыз


Оқушылар қауіпсіздік ережесін сақтай отырып мұғаліммен бірге сарамандық жұмысты орындайды

4. Сергіту сәті:

Би қимылдарын жасау

Би қимылдарын жасайды

5. Сабақты қорытындылау

*Аққала * әдісі бойынша сұрақ-жауап

Мата бетіне пішім бөліктері қалай орналасады?


Бөліктерді қиғанда не ескеріледі?


Пішім бөліктерін немен сызады?


Мата сапасын қалай анықтаймыз?


Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып аққала бөлшектерін құрастырады


7. Бағалау

Басбармақ әдісі бойынша бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау

8.Үйге тапсырма

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазып алады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі