400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алжапқыш сызбасын жасауға арналған өлшемдер, өлшем алу ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Алжапқыш сызбасын жасауға арналған өлшемдер, өлшем алу ережелері технолгоия сабақтарына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы Алжапқыш сызбасын жасауға арналған өлшемдер, өлшем алу ережелері
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012 ж. Ғаламтор мәліметтері
Жалпы мақсаты Алжапқыш сызбасын тұрғызу үшін алынатын өлшемдер және өлшем алу ережелері туралы білім алады
Күтілетін нәтиже Оқушылар алжапқыш тігу үшін қажетті өлшем алуды үйренеді.
Ресурстар Дәптер, қалам, постер, маркер, алжапқыш, мәтін, бағалау парағы
Қолданылатын әдістер Сыни тұрғыдан ойлау, «Артефакт» әдісі, «Конверт сұрақ», «веер» стратегиясы, критерийлер арқылы бағалау
Тапсырмалар ∙ Сұраққа жауап беру;
∙ Жұппен, топпен жұмыс ұйымдастыру;
∙ Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру;
∙ Жеке жұмыс
Сабақ кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті

Кіріспе
• Сәлемдесу, көңіл-күйлерін сұрау

• Түгелдеу
• Топқа бөлу
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың сауалнамаға алған жауаптарын тексеру • Сәлемдеседі, көңіл-күйлерін білдіреді.
• Кезекші жауап береді
• Топтарға бөлінеді

Тапсырмаларын тексертеді. Сауалнама нәтижелерін талдайды.

Тұсаукесер
Ой қозғау
«Артефакт» әдісі арқылы алжапқышты оқушылардың алдына тастаймын да, «ол туралы не айтасыңдар"- деп сұрақ қоямын.
- Алжапқыш не үшін қажет?
- Қандай өлшемдер қажет?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Оқушылар осы сұрақтар төңірегінде жауап береді
Шығу тарихы, пайдалану жері, т.б. бойынша 


Сабақтың тақырыбымен мақсатымен танысады. Дәптерлеріне жазады. 

Негізгі бөлім
Мәтінмен жұмыс 
Оқушыларға бір мәтінді екіге бөліп оқуға тапсырма беремін. Оқуға уақыт беру, сосын жұпта, топта талдайды, тұжырымдайды. 
1-топқа тапсырма: оқыған мәтіні бойынша өлшем алу ережесін тобынан екі оқушы шығып, бірінің өлшемін алып көрсетеді
2-топқа тапсырма: плакатта адам денесіне өлшем бірліктерін көрсете отырып, өлшем түсіру
Сарамандық жұмыс. Тапсырмалар
1.Өз өлшемдерін алу Әр топтан екі оқушы шығып, бір-бірлерінің өлшемдерін алады. Қалған оқушыларға «конверт сұрақ» беріледі.

Әр топқа бір конверт тастаймын. 

2. М 1:4 өлшем бойынша алжапқыш сызбасын сызу
Интербелсенді тақтада көрсету арқылы
мәтінді алдымен жұппен, кейін топпен талдайды, екі топқа берілген тапсырманы орындайды.

Екі топтан екі оқушыдан шығып, өз өлшемдерін алады.

Конвертте екі топқа берілген мәтін бойынша тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында сұрақтар берілген. 
Оқушылар конверт ішіндегі сұрақтың жауабын айтады.
Оқушылар алжапқыш сызбасын дәптерлеріне орындайды. 

Сергіту сәті "Веер" стратегиясы арқылы орындату Бір топқа бір веер беріледі, соған сабақта үйренгенін түйіндеп жазу
Қорытынды бөлім
Сабақты қаншалықты меңгергенін тексеру мақсатында тест алу.
Тестке жауап беріп болған соң екі топтың тесттерін алмастырып, тақтадан дұрыс жауабын көрсету арқылы тексерту Тестке жауап береді. Басқа топпен алмастырып тақтадағы дұрыс жауап бойынша тексереді.

Бағалау
Критерийлер арқылы өздерін бағалау Оқушылар критерий арқылы өз өздерін бағалайды.
Рефлексия
Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін параққа жаздыру Оқушылар алған әсерлерін жазады.
Үйге тапсырма Өздері ұсынатын алжапқыш эскизін салу бұқаралық ақпарат құралдары, ғаламтор мәліметтері

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі