400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаныққан көмірсутектердің құрамы мен құрылысы жайлы алған білімдеріне сүйеніп, химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктеріне тоқталу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы. Жылыой ауданы. Құлсары қаласы. №16 Д.Жазықбаев атындағы мектептің химия пәні мұғалімі Жубанышева Шолпан

Бекітемін: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------

Қысқа мерзімді сабақ жоспары . Химия

Мұғалімнің аты-жөні

Жубанышева Шолпан Ізғалиқызы

16 Д.Жазықбеав атындағы мектеп

Сыныбы

11 а (ЖМБ)

12 сабақ

Күні:9.10

Сабақтың тақырыбы:

Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы


Сілтеме:

 Химия. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық /Н. Нұрахметов, Ә.Темірболатова, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова - Алматы: «Мектеп»2015. Химия. Әдістемелік нұсқау/Н.Нұрахметов, К. Жексембина, К.Сарманова. - Алматы: «Мектеп»


Мақсаты:

Қаныққан көмірсутектердің құрамы мен құрылысы жайлы алған білімдеріне сүйеніп, химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктеріне тоқталу.


Сабақтың міндеттері

а) өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.

ә) ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.


Күтілетін нәтижелер

- Алкандардың химиялық қасиеттерін меңгереді, жеке өкілдерін және қолданылуын біледі.
- жоғары дәрежелі сұрақтарға барлығы жауап бере алады; 
-бір бірін тыңдай отырып, бір біріне баға бере алады; 
-бір біріне ашық сұрақтар қоя алады;


Түйінді идеялар

Табиғатта көп араған көмірсутектердің алыну жолдарын меңгеруі


7 модульдің қолданылуы

АКТ”, Диалогтік оқыту, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Сабақтың түрі

 Жаңа білім беру, жинақтау сабағы.


Сабақтың типтері:

Жаңа сабақты меңгерту.



Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл, Жигсо, Сөйлемді толықтыр,топтық жұмыс, оқулықпен жұмыс, жеке жұмыс


Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, тақта, стикерлер, тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)


Пәнаралық байланыс

Биология, география, тарих, қазақ әдебиеті. 


Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті. Блум таксономиясы бойынша

Оқушының іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг 2 мин

Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындығын түсіндіремін. Сәлемдесу. Көмірсутектердің аттарын таңдау арқылы топқабөлінеді. Метан, этан, пропан

Бір-біріне жылы сөздер айтады. Оқушылар шеңбер болып Алкандарың аттарын таңдау арқылы топқа бөлінеді


Білу

Қызығушылықты ояту Миға шабуыл

«Сөйлемді толықтыр» үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі 5 мин


Интерактивті тақтадағы сұрақтарға оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

І-тапсырма. Жабық және ашық сұрақтар: 1. Метанның кеңістіктік пішіні қандай болатынын түсіңдіріңдер.
2. а) метан, ә) бутан молекулаларында қанша
σ-байланыстар болады? Аталған алкандар молекулаларының сызбанұсқаларынсызып көрсетіңдер.
3. Алкан қатары көмірсутектері молекулаларындағы сутектердің саны неліктен ылғижұп болатынын түсіңдіріңдер.
4. Алкандардың табиғатта кездеуі жөнінде не білесіңдер?Газ тәрізді, сұйық және қатты алкандарды қайда кездесетіні туралы айтып беріңдер.
5. Хлорэтан Вюрц реакциясына түскенде қандай зат түзіледі? Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар.

Оқушылар интерактивті тақтадағы сұрақтарға топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.

Әр оқушы жеке жеке жауап береді.



Түсіну.

Жаңа сабақ

Жигсо

Постермен тақырыпты қорғау.

15 мин

II. Мағынаны ажырату кезеңі  Жаңа ұғымды меңгерту. Топтық жұмыс. Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату. 1-топ. Алкандардың физикалық қасиеттері 2-топ. Алкандарды химиялық қасиеттері 3-топ. Жеке өкілдері және қолданылуы Химиялық қасиеттері: 
Орынбасу реакциялары: 
1.Галогендену реакциялары – алкандардың практикалық маңызды реакцияларының бірі, жарықтың немесе жоғарғы температураның әсерінен іске асады.. Сутектің орнын гологендерге алмастырғанда, алкандардың гологентуындылары түзіледі: 
СН
4+Cl2→СН3Cl+НCl
СН3Cl+Cl
2→СН2Cl2+НCl
СН2Cl
2+Cl2→СНCl3+ НCl 
СНCl
3+ Cl2→С Cl4+ НCl
2. Нитрлеу реакциясы. 
Бұл реакцияны орыс ғалымы М.И.Конавалов(1888ж) ашқандықтан, Конавалов реакциясы деп аталады: 
С
2H6+ HNO3→ С2H5NO2+ H2O 
3.
Айырылу реакциясы. 
СН
4→С+2Н2
4. Риформинг реакциялары нәтижесінде алкандар ароматты көмірсутектерге, мысалы, гексан бензолға айналады: 
С
6Н14 →С6Н6 + 2 
5. Изомерлену реакциялары барысында көміртектің арасындағы байланыстары үзіліп, түзу көміртек тізбегі тармақталады. Бұл үрдіс өршіткі қатысында және қыздырғанда жүреді. 
6. Тотығу реакциялары: Жану реакциясы 
СН
4+ 2О2→СО2+4Н2

Оқушылардың өз беттерімен тақырыпты оқып, постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап, қорғайды.


Қолдану

Топтық жұмыс

6 мин

ІІ. тапсырма. Кесте толтыру.
1. Алкандардың келтірілген газдармен салыстырмалы тығыздықтарын тауып кестені толтырыңдар:
№ Алкан Салыстырмалы тығыздығы ауа О
2 Н2
1 СН
4 2 С2Н6 3 С3Н8
2. Қанықан көмірсутектердің қасиеттерін жинақтайтын төмендегі кестені толтырыңдар.
Реакцияның түрі Реакция теңдеуінің мысалы Реакцияның жүру жағдайы Түзілген заттардың аттары
Орынбасу  Айырылу  Жану

Реакцияның түрі

Реакция теңдеуінің мысалы

Түзілген заттардың аты

Орын басу



Айырылу



Жану











Талдау:

Жеке жұмыс

5 мин

Талдау. Теориялық білімді зерделеу Есептер шығару. №2-37 4,1 г 5 г х л CH3COONa + NaOH = CH4 + Na2CO3 v = 0,05 моль v = 0,125моль 4,1 г – х л СН4 82 г – 22,4 л х= 11,2 л

2-44 Al4C3 + 12H2O = 3CH4 + 4Al(OH)3 144 144 г – 67,2 л СН4 11,7 г – х л х = 5,4л

2-45 Al4C3 + 12H2O = 3CH4 + 4Al(OH)3 144 г – 48 г 19,5 г - 100% 58,5 г – х г х = 19,5 г х г - 80% х = 15,6 г

Оқушылармен жұптық жұмыс жүргізіледі, дәптерлеріне орындайды

Жинақтау

Тест

4 мин

Баламалы тест метан мен пропанды салыстыру арқылы оқушылардың білімдерін нақтылау. Дұрыс жауапқа «+» дұрыс емес жауапқа «-» белгілері қойылады. 
Сұрақтары: 
•«Батпақ газы» деген атауға ие болған газ. 
•Отын ретінде қолданылатын газ. 
•Табиғи газдың құрамында болады. 
•«Сығылған газ» немесе «балон газы» деп аталады. 
•Мұнайға серік газдың құрамында бар. 
•Шахтадағы жарылысты туғызатын газ. 
•Қандай газ қызыл жолақты цистерналар арқылы тасымалданады. 
Тест сұрақтары 
А- деңгейі
 
1. Метан молекуласының кеңістіктегі геометриялық пішіні: 
А)үшбұрышты пирамида Б) тетраэдр В)түзу сызық тәріздес 
2. Қанықан көмірсутектер молекуласында көмірсутектің гибридтену типі. 
А)sp
3 Б) sp2 В) sp 
3. Алкандарға қандай химиялық қасиет тән? 
А) қосылу реакциясы Б) орынбасу реакциясы В) айырылу реакциясы 
Б – деңгейі
4.
Пропанның салыстырмалы молекулалық массасы: 
А)42 Б)44 В) 40 
5. Конавалов реакциясын табыңыз. 
А) С
2Н6+ HNO3→ С2Н5NO2+ H2O Б) С6Н14→С6H6+4Н2 В) СН4→С+2Н2 
6. Қанықан көмірсутектер қатарындағы көмірсутектің жалпы формуласы 
А)С
nH2n+2 Б)СnH2n В)СnH2n-2
С – деңгейі
7.СH
3-CH-CH2-CH2-CH-CH2 – CH3 алканды атаңыз. 
CH3 CH3 
А)1,2,5-триметилгексан Б)2,5-диметилгептан В)3,6-диметилгексан 
8.Мына құрылым тізбегі берілген, мұнда этан қай стадияда пайда болады? 
C→ CH
4→CH3 СІ→C2H6→CO2 
А)1 Б) 2 В)3 
9. Зат мөлшері 5 моль метаннан қанша көлем ацетилен (қ.ж.) а лады. 
А) 112 л Б) 56 л В) 22,4 л 
10. Массасы 32 г метанды термиялық айырғанда зат шығымы 75% болған жағдайда түзілетін күйенің массасы неше? 
А)18г
Б)24г В)12г



Бағалау

1мин

Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек

Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды



Рефлекси

«Тазалық»

2 мин





Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.



Үйге тапсырма

Қайталау §2.4 12 жат













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
863
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі