Материалдар / Ал,канекей қыздар!

Ал,канекей қыздар!

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пəні мұғаліміне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2018
594
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы, Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектептің тәлімгері Олжаева Анар «Ал қанекей, қыздар!» сайысы (7-8 сынып қыздары)Мақсаты:
  • Қыз балалардың білімін, өнерлерін тамашалап, өз өнерлерін көрсетуге тәрбиелеу;
  • Халық педагогика негізінде қыз балалар тәрбиесін қалыптастыру;


Жүргізуші: Талай ақын жырға қосқан әу бастан, Ару-ай күн, жұлдызайын нұр шашқан.Сұлулықтың арнасаң да барлығынАру деген таусылмайтын ән-дастан.

Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! 7-8 сынып қыздары арасында өткелі отырған «Ал, кәнекей, қыздар-ай» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Уа арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.Ару болу үлкен сын,Оны қазың бағалар Сонымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік: 1.2.3. Сайысты бастамас бұрын сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік:
  • «Мен қазақтың қызымын дара туған» таныстыру (2 мин)
  • «Зерделінің ойы озық» лездік сұрақтарға жауап беру (1мин)
  • «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы (2мин)
  • «Өнер өрге жетелейді» өнер сайысы (3мин)
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,Әрбір ару көрсін өзін таныстырып - дей келесайыскерлерге ақ жол тілей отырып, алғашқы «Мен қазақтың қызымын дара туған» таныстыру бөлімін бастаймыз. Білім, ғылым,өнерге,Қанат қағар кездерің.Ата-салтын ертеңге,Жеткізетін өздерің - деп «Зерделінің ойы озық» лездік сұрақтарға кезек береміз.

Шеберлерім өнер тамып қолынан,Жаңылмаған ата-баба жолынанШебер қолдар өз өнерін көрсетсінСіз айтыңыз, төрелігін соңынан - депқолөнер бұйымдарын және үй тапсырмасын көрсететін «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» бөліміне де келіп жеттік.

Кедеймін деп қысылма,Өнерің болса қолыңда.Өнерлінің ырысы,Жарқырап жатыр жолындаСайыста ән салайық, би билейік,Өнермен өрге басып кідірмейікБүгінгі сайысымыздың соңғы бөлімі «Өнер өрге жетелейді». Қыздарымыз өз өнерлерін көрсетеді. Жүргізуші: Қыздарға әсемдік жарасады,Ай көркі биіктерге таласады.Болмаса сұлу қыз, ару әйелТабынып еркіндікпен санасады Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазы алқасы қыздардың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерлерін тамашалайық

Жүргізуші: Сайыстың қорытындысын білу үшін ортаға барлық қыздарымызды шақырамыз. Барына риза болсын көрермендер,Көрсетті өнерлерін жас өрендерОсымен сайысымыз аяқталсынҚазылар берсін енді шын бағасын – деп әділқазы алқаларына сөз беріледі.

Бойларыңда от бар екен байқадымЖүректерде шоқы бар екен байқадымӘрқашанда осы шоқты өшірмей,Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым! Осымен «Ал, кәнекей, қыздар-ай» атты сайысымыз аяқталды. Рахмет айтып сіздерге, күлкімізді сыйлайықКөріскенше күн жақсы, аман есен болайық! Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі сайыстарда жолыққанша.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ