400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алкендер" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия мұғалімдеріне керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Алкиндердің қасиеттері

Мектеп: «Боранқұл орта мектебі» КММ

Күні:22.11.2017

Оқытушының аты-жөні: Кайржанова Айгерим

СЫНЫП 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Алкиндердің физикалық, химиялық қасиеттерін үйрену және қолдану салаларын білу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:Алкиндердің физикалық қасиеттерін және қолданылуын біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Алкиндердің химиялық қасиеттерін біледі реакция теңдеулерін жаза алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Күрделі есептер шығара алады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Химиялық формулаларды жаза алады, қағыдалары бойынша түсіндіре алады.

Осыған дейінгі меңгерген білім

Алкиндер, алкиндердің гомологтық қатары, жалпы формуласы, ацетилен мен басқа алкиндердің молекула құрылысы. sp гибридтену. Ацетилен

Жоспар

Жоспарланған кезең

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

бағалау

Ресурстар

Басталуы


0-3 мин

мин

Салемдесу

Кезекші жоқтарды айтады

Қызығушылықты ояту.

Мұнай, газ, тас көмірді түзетін, 

Құрамына екі элемент кіретін,

Жанғанда көміртек диоксидін бөлетін

Органикалық затты кім бар білетін?!

Оқушылар, топқа бөлінер алдында қандай химиялық элементтер арқылы бөліндіңіздер? (көміртегі және сутегі). Енді осы қосылыс қалай аталады? Кім айтады? (оқушылардың жауабы: ацетилен С2Н2). Үшінші топтың атауы ацетилен. Құрылымдық формуласын жазыңыз (Н – С ≡ С – Н). Яғни бүгінгі біздің сабағымыз осы ацетилен төңірегінде болмақ. Сонымен жаңа сабағымыздың тақырыбы «Алкиннің қасиеттері. Қолданылуы». Көміртегі тобына сұрақ: Көміртегі қандай элемент? Ол туралы айтып беріңіз. (көміртегі – химиялық элемент. Оның таңбасы С. Ar(С)=16. Органикалық қосылыстардың құрамындағы негізгі құраушы элемент. Органикалық қосылыстарда көміртегінің валенттілігі 4 – ке тең)

Сутегі тобына : Сутегі қандай элемент? Ол туралы айтып беріңіз. (сутегі – химиялық элемент. Оның таңбасы Н. Ar(Н)=1. Органикалық қосылыстардың құрамындағы негізгі құраушы элемент. Органикалық қосылыстарда көміртегінің валенттілігі 1 – ке тең)

Ацетилен тобына: Алкиндер деп қандай көмірсутектерді айтады

Электрондық және құрылымдық формуласы

Алкиндердің атаулары мен изомерлері

Мұғалім сөзі. Иә, оқушылар көміртегі мен сутегі элементтері органикалық қосылыстардың негізгі құраушы элементтері. Сондықтан оларды көмірсутектер деп атайды. Соның ішіндегі біз қанықпаған көмірсутек –алкиндердің физикалық және химиялық қасиеттері. Қолданылуымен танысамыз.

Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасы бойынша 10 тест жұмысы беріледі. АВС жауаптары арқылы дәптерлеріңізге белгілеп отырасыздар (қызыл қаламмен өздеріңізді тексереді). Әрбіреуіңіздің жинаған ұпай көрсеткіштері бойынша бағалайсыздар бағалау парағына жазады. 5 балл 10 – 9; 4 балл 8 – 6; 3 балл 5 – 3)

1.Алкиндердің жалпы формуласы

А) СnН2n+2 В) СnН2n-2 С) СnН2n

2.Алкиндердің жануында қандай заттар бөлінеді

А) СО2 және Н2О В) С2Н6 С) НСl, НNO3

3.Зертханада ацетиленді қалай алады?

А) метаннан В) этаннан С) кальций карбидінен

4.Қай формула алкинге жатады?

А) С2Н8 В) С2Н2 С) С2Н4

5.Алкиндерде С-С арасындағы байланыс ұзындығы

мен гибрдтену типі

А) 0,154 нм, sp3 В) 0,134 нм, sp2 С) 0,120 нм, sp

6.Ацетиленді өнеркәсіпте қалай алады?

А) метаннан В) этаннан С) кальций карбидінен

7.Алкиндердің құрамында қанша байланыс бар?

А) бір қос байланыс В) екі еселі байланыс С) үш еселі байланыс


8.Алкиндердің алкандардан айырмашылығы

А) қанықпаған көмірсутек В) қанықпаған көмірсутек С) ароматты көмірсутек

9.Алкиндердің қарапайым өкілі қалай аталады?

А) пропин В) ацетилен С) пропин

10.Мына қосылысты атаңыз СН3-С≡С-СН2-СН3

А) пентин-1 В) пентин-2 С) пентин-3


ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Мұнай, газ, тас көмірді түзетін, 

Құрамына екі элемент кіретін,

Жанғанда көміртек диоксидін бөлетін

Органикалық затты кім бар білетін?!

Оқушылар, топқа бөлінер алдында қандай химиялық элементтер арқылы бөліндіңіздер? (көміртегі және сутегі). Енді осы қосылыс қалай аталады? Кім айтады? (оқушылардың жауабы: ацетилен С2Н2). Құрылымдық формуласын жазыңыз (Н – С ≡ С – Н). Яғни бүгінгі біздің сабағымыз осы ацетилен төңірегінде болмақ. Сонымен жаңа сабағымыздың тақырыбы «Ацетиленнің қасиеттері. Қолданылуы».

Көміртегі тобына сұрақ: Көміртегі қандай элемент? Ол туралы айтып беріңіз. (көміртегі – химиялық элемент. Оның таңбасы С. Ar(С)=16. Органикалық қосылыстардың құрамындағы негізгі құраушы элемент. Органикалық қосылыстарда көміртегінің валенттілігі 4 – ке тең)

Сутегі тобына сұрақ: Сутегі қандай элемент? Ол туралы айтып беріңіз. (сутегі – химиялық элемент. Оның таңбасы Н. Ar(Н)=1. Органикалық қосылыстардың құрамындағы негізгі құраушы элемент. Органикалық қосылыстарда көміртегінің валенттілігі 1 – ке тең)

Мұғалім сөзі. Иә, оқушылар көміртегі мен сутегі элементтері органикалық қосылыстардың негізгі құраушы элементтері. Сондықтан оларды көмірсутектер деп атайды. Соның ішіндегі біз қанықпаған көмірсутек – ацетиленің физикалық және химиялық қасиеттері. Қолданылуымен танысамыз.


Бағалау парақшасы бойынша бағалау

Таратпа қағаздар



Ортасы



мин

Жаңа сабақты меңгерту

Химиялық қасиеттері

Ацетилен қосылу, орынбасу, тотығу немесе жану және полимерлену реакциясына қатысады.

1 бөлім. Конвертте (екі тапсырмадан беріледі)

Сұрақ: Қосылу реакциясы дегеніміз не? (реакцияға екі не бірнеше заттардың бірігіп, бір күрделі заттарға айналуы)

Алкиндер қосылу реакциясы кезінде гидрлену, гидратациялану, галенгендену және галогенсутектерді қосып алу реакциялары жатады. Соны тапсырмалар арқылы орындайық.

Көміртегі тобына:

1.Гидрлену реакцясы дегеніміз не? Мысал келтір.

С2Н2 + Н2 → С2Н4

С2Н4 + Н2 → С2Н6

Сутегі тобына:

2.Гидратация реакциясы дегеніміз не? Мысал келтір.

С2Н2 + Н2О → Н3С – СОН сірке альдегиді

Бұл реакцияны 1881 жылы М.Г.Кучеров ашқан.

Ацетилен тобына:

1.Галогендену реакциясы дегеніміз не? Мысал келтір.

С2Н2 + Br2 → BrСH = CHBr 1,2-дибромэтан

BrСH = CHBr + Br2 → Br2HC – CHBr2 1,1,2,2-тетрабромэтан

2.Галогенсутектердің қосып алуы. Мысал келтір.

С2Н2 + НСl → H2C = CHCl винилхлорид

2 бөлім. Есептер шығару

Есеп. 2 литр ацетилен жанғанда 116кДж жылу бөлінді. Реакцияның жылу эффектісін тап (Жауабы: 2598,4кДж).

тотығу реакциясы: С2Н2 → СН3-СОН сірке альдегиді

жану реакциясы: 2С2Н2 + 5О2 → 4СО2 + 2Н2О


Постер қорғау

Тақырыбы: Ацетиленнің қасиеттері мен қолданылуы

Ресурс парағы (топтар 3 минут ішінде оқып қарама – қарсы топқа түсінгендерін айтады).


Тапсырмалары: Көміртегі тобы: алкиннің физикалық қасиеттері

Сутегі тобы: алкиннің қолданылуы

Ацетилен тобы: полимерлену реакциялары

Мадақтау,

Критериі бойынша бағалау

Оқулық,

Тақта, дәптер


мин

Химиялық тәжірибелер бейнекөрсетілім арқылы көрсету.

Ацетиленге сутектің қосылуы өртшіткі қатысында қыздыру арқылы жүруде.

CH≡CH+Н2 → СH2 =CH2

2СН2+5О2 → 4СО2 +2Н2О

Бағалау

интерактивті тақта

мин

Рефлексия:

Бүгін мен не білдім, қалай болғанын қалар едің?


Стикерлер, авторучка

Аяқталуы


мин

Бағалау

Үйге тапсырма§ 4.6 13-17 - тап



Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.













Тексерілді:

5 балл 10 – 9; 4 балл 8 – 6; 3 балл 5 – 3

1.Алкиндердің жалпы формуласы

А) СnН2n+2 В) СnН2n-2 С) СnН2n


2.Алкиндердің жануында қандай заттар бөлінеді

А) СО2 және Н2О В) С2Н6 С) НСl, НNO3


3.Зертханада ацетиленді қалай алады?

А) метаннан В) этаннан С) кальций карбидінен


4.Қай формула алкинге жатады?

А) С2Н8 В) С2Н2 С) С2Н4


5.Алкиндерде С-С арасындағы байланыс ұзындығы

мен гибрдтену типі

А) 0,154 нм, sp3 В) 0,134 нм, sp2 С) 0,120 нм, sp


6.Ацетиленді өнеркәсіпте қалай алады?

А) метаннан В) этаннан С) кальций карбидінен


7.Алкиндердің құрамында қанша байланыс бар?

А) бір қос байланыс В) екі еселі байланыс С) үш еселі байланыс



8.Алкиндердің алкандардан айырмашылығы

А) қанықпаған көмірсутек В) қаныққан көмірсутек С) ароматты көмірсутек


9.Алкиндердің қарапайым өкілі қалай аталады?

А) пропин В) ацетилен С) пропен


10.Мына қосылысты атаңыз СН3-С≡С-СН2-СН3

А) пентин-1 В) пентин-2 С) пентин-3


















1 тапсырма. «Біліміңізге қарай баспалдақпен көтеріліңіз». Алкиндер туралы әңгіме құрастырыңыз. Қолданылуы, өзіне тән химиялық қасиеттері, ацетиленді алу

жолдары, алкиндерге тән “жалғау”, жалпы формуласы, құрылысындағы

ерекшеліктер.


2 тапсырма. Синкевейн - бес жолдық өлең

1 жол – зат есім (синквейн тақырыбы)

2 жол – екі сын есім (синквейн тақырыбын ашатын)

3 жол – үш үстеу (қозғалысты сипаттайды)

4 жол – сөйлем немесе фраза (тақырыпқа байланысты айтылған)

5 жол – синоним (резюме-сөз)


3 тапсырма. Берілген химиялық реакциялардың типін анықтасаңыз дұрыс жауаптан мадақтау сөз шығады (жарайсың)

Реакция теңдеуі

Қосылу

Орынбасу

Тотығу

Полимерлену

С2Н2+Ag2O→AgC≡Cag+H2O

п

ж

ө

л

С2Н2+Н2→С2Н4

а

ә

т

у

3С2Н2→С6Н6

ч

в

й

р

С2Н2+Br2→BrСH=CHBr

а

я

х

о

С2Н2→НООС–СООН

м

й

д

ұ

С2Н2+Н2О→Н3С–СОН

с

ь

ю

ч

2С2Н2+5О2→4СО2+2Н2О

к

у

ы

э

С2Н2+НСl→H2C=CHCl

н

ө

з

ф


ЖАРАЙСЫҢ!!!


Қосымша тапсырмалар

1.1 0,78 кг ацетиленді толық ағу үшін қажет оттектің зат мөлшері (жауабы: 75 моль


2.6 л ацетилен 15 л хлормен әрекеттескенде түзілген 1,1,2,2 –тетрахлорэтанның массасы (жауабы: 45 гр)

фЕкі жұлдыз бір тілек

Алдарыңызға қима қағаздарын қойдым. Сол қима қағаздарына ұсыныс - тілектерінді жазыңыздар. Формуламызды біріктірейік.

Бағалау

V.Үйге тапсырма: §4.6 оқу, 115 бет №6 есеп



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1810
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі