400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алкендер. Құрылысы, гомологтық қатары-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың көмірсутектер туралы білімдерін тереңдету, алкендердің атомының құрылысының ерекшеліктері ; алкендердің гомологтық қатары, изомериясы және номенклатурасы туралы білімді қалыптастыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы. Жылыой ауданы. Құлсары қаласы. №16 Д.Жазықбаев атындағы мектептің химия пәні мұғалімі Жубанышева Шолпан

Бекітемін: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------

Қысқа мерзімді сабақ жоспары . Химия

Мұғалімнің аты-жөні

Жубанышева Шолпан Ізғалиқызы

16 Д.Жазықбеав атындағы мектеп

Сыныбы

11 а (ЖМБ)

15,16 сабақ

Күні:22,23.10

Сабақтың тақырыбы:

Алкендер. Құрылысы, гомологтық қатары




Сілтеме:

 Химия. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық /Н. Нұрахметов, Ә.Темірболатова, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова - Алматы: «Мектеп»2015. Химия тапсырмалар жинағы 11 с К. Жексембина, К.Сарманова. - Алматы: «Мектеп»



Мақсаты:

Оқушылардың көмірсутектер туралы білімдерін тереңдету, алкендердің атомының құрылысының ерекшеліктері ; алкендердің гомологтық қатары, изомериясы және номенклатурасы туралы білімді қалыптастыру;


Сабақтың міндеттері

Изомерлердің, гомологтардың формуласын құрастыру,есеп шығара білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару ,еске сақтау қабілеттерін дамыту; Сандық есептерді шығара білуге дағдыландыру


Күтілетін нәтижелер

-Алкендердің құрылысын, атаулары мен изомерлерін біледі - жоғары дәрежелі сұрақтарға барлығы жауап бере алады; 
-бір бірін тыңдай отырып, бір біріне баға бере алады;



Түйінді идеялар

Алкендер, этилен, бір қос байланыс, изомерлену: көміртек қаңқасының, еселі байланыс орны, геометриялық цис, транс



7 модульдің қолданылуы

АКТ”, Диалогтік оқыту, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»



Сабақтың түрі

Аралас сабақ



Сабақтың типтері:

Білімді жүйелеу сабағы



Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтық, жұптық, жеке Миға шабуыл, Жигсо, Сөйлемді толықтыр,оқулықпен жұмыс, жеке жұмыс



Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, тақта, стикерлер, тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)



Пәнаралық байланыс

Биология, география, математика



Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті. Блум таксономиясы бойынша

Оқушының іс-әрекеті



Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

2 мин

Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін. Түс таңдау арқылы 3 топқа бөлу.

.


Мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне жылы сөздер айтады.Оқушылар топқа бөлінеді



Білу

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

«Кім жылдам» үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі

5 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі 
/оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару/.  І-тапсырма. Жабық және ашық сұрақтар:
І. Қайталау – оқу айнасы . 
“Алкандар” мен “Циклоалкандар” тақырыбы бойынша: 
1.Алкандар дегеніміз не? 
2.Циклоалкандар дегеніміз не? 
3.Алкандардың гомологтық қатарын айт. 
4. Шарөзекті және масштабты модельдерін құрастыр: 
а/ пропанның ; 
ә/ циклобутанның . 
5.Алкандар мен циклоалкандардың құрамында және құрылысында қандай айырмашылықтар бар? 6.Циклоалкандар табиғатта қайда кездеседі? 7.Циклоалкандарды қалай алуға болады ? 8.Циклоалкандарға қандай реакциялар тән?

Оқушылар интерактивті тақтадағы сұрақтарға топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.

Әр оқушы жеке жеке жауап береді.




Түсіну.

Жаңа сабақ

Жигсо

Постермен тақырыпты қорғау 10мин

II. Мағынаны ажырату кезеңі  Жаңа ұғымды меңгерту. Топтық жұмыс. Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату. І топ.Алкендердің құрылысы ІІ топ. Алкендердің атаулары ІІІ топ. Алкендердің изомерлері Этилен молекуласының шарөзекті (а) және масштабты (ә) модельдері: 
Этиленнің электрондық Этиленнің құрылымдық формуласы
Н Н Н Н 
. . . . 
С : : С С = С 
. . . . 
Н Н Н Н 
Алкендердің құрылысы бойынша негізгі түсініктер 
Гибридтену типі - sp2 
Қос байланыстың ұзындыгы- 0,134 нм 
Байланыс энергиясы - 612 кДж/моль 
Байланысу бұрышы- 1200 
π-байланыс δ-байланыска қараганда өлсіз болады 
Тривиальды атауы:-илен 
Халықаралық атауы:-ен  1 2 3 4 5 6 
сн
2=сн ─ сн- сн-сн2-сн3
│ │ 
сн
3 С2Н5 
Гомологтық қатары бойынша салыстырмалы сипаттама 
/кесте бойынша/ 
Алкендердің изомерленуі: 
• Көміртек қаңқасы бойынша:  Мысалы: 2 метилпропен-1; 
• Еселі байланыстың орнына қарай: Мысалы: бутен-1; 
• Класаралық изомерлену: Алкен ортақ Циклоалкан

Оқушылардың өз беттерімен тақырыпты оқып, постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап, қорғайды.



Қолдану

Жұптық жұмыс

5 мин

ІІІ. Тапсырма. Оқулықтан № 7, 8 жат Жаттығу 11-ЕТЖ № 3-5 а ) Mr = 28 ә) Mr = 98 CnH2n 12n + 2n = 28 12n + 2n = 98 14n = 28 14n = 98 n= 2 C2H4 n= 7 C7H14 № 3-17 № 3- 18 № 3-21

Оқушылармен жұптық жұмыс жүргізіледі, дәптерлеріне орындайды





Талдау:

Жеке жұмыс

10 мин

IV Тапсырма. Есептер шығару. Деңгейлік тапсырма І деңгей Егер 0,4 г көмірсутек 2,286 г бромды қосып алатын болса, осы этилен көмірсутегінің молекулалық формуласын табыңдар. (С2Н4) 0,4 г – 2,286 г Br2 x г – 160 г Br2 x = 28 г С2Н4 ІІ деңгей 3 - 140 ІІІ деңгей № 3-143

Оқушылармен жеке жұмыс жүргізіледі, дәптерлеріне орындайды


Жинақтау

5 мин

V Tапс . Графикалық диктант 1.Алкендарде sp2 гибридтену болады. 2.Алкендарде байланысу бұрышы- 1200  . 3.Алкандарға қосылу реакциясы тән? 4.Алкендердің жалпы формуласы CnH2n+2 5.Алкендерде көміртек қаңқасының изомерлері болады 6.Этилен молекуласында 5 сигма байланыс болады 7.Қос байланыстың ұзындығы 0,154 нм

| — | — | | | — | — | | VI тапсырма. Тест жүргізу



Бағалау

1 мин

Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек

Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды



Рефлексия

2 мин

Рефлексия: 
- «Бүгінгі тақырыптың маған маңыздылығы...».
- қандай ұсыныстар бар?
Оқушылар тақырыпты меңгергендігін бас бармағы арқылы көрсетеді.1.Формативті бағалау

2.Жиынтық бағалау

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.



Үйге тапсырма

§ 2.6 6, 9 - жат


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
2214
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі