400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алкендер.Алкендердің құрылысы, гомологтық қатары

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Алкендер.Алкендердің құрылысы, гомологтық қатары

Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға канықпаған көмірсутектер, олардың атауы, изомериясы (кеңістік изомериясы), химиялык қасиеттері, қолданылуы жөнінде түсініктер беру.

 Дамытушылығы: Изомерия жөнінде алған алғашқы теориялық мағлұматарын, сондай - ак, косылыстарды (ИЮПАК) халықаралық атау жүйесі бойынша атап - үйрену біліктерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ - жауап, баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Көрнекілігі: тапсырмалар, кестелер

 Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Оқушылармен амандасу
    2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Тест орындау 

ІІІ. Жаңа сабақ

Қанықпаған көмірсутектер

Алкендер                                             Алкадиендер                                Алкиндер

   CnH2n                                                   CnH2n-2                                         CnH2n-2

Алкендер –молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы   CnH2n   болатын қанықпаған көмірсутектер. Алкендердің ең қарапайым өкілі- құрамында екі көміртек атомы бар –этилен С2Н4   (СН2 = СН2). Алкендердің гомологтық қатары этиленнен басталатындықтан, алкендер қатарының көмірсутектері немесе олефиндер деп те аталады.

Этилен молекуласындағы көміртек атомының әрқайсысы екі сутек атомымен байланысқан және олар өзара қос байланыс арқылы жалғасқан. Этиленнің молекула құрылысын мынадай формулалар бейнелейді:

    

      Н    Н                                                                                     Н            Н

      С    С                                                                                          С = C    

      Н    Н                                                                                      Н            Н

этиленнің электрондық                                                  этиленнің құрылымдық

      формуласы                                                                            формуласы

Алкендерде көміртек атомдары sp2- гибридтенген күйде болады. Этилен молекуласындағы әр көміртек атомының бір s- және екі p-электрон орбитальдары гибридтенуге қатысады. Яғни, әр көміртек атомында үш гибридтенген электрон бұлты жіне бір гибридтенбеген p-электрондық орбиталь болады. Үш гибридтенген орбитальдың екеуі сутек атомдарының s-электрон бұлттарымен екі σ- байланыс, ал үшінші гибридтенген орбиталь екінші көміртек атомының осындай орбиталымен қаптасып, тағы бір σ-байланыс, этилен молекуласында барлығы бес σ-байланыс түзеді. Гибридтенбеген p-электрондық орбитальдары σ-байланыстар орналасқан жазықтыққа перпендикуляр орналасып, бір-бірімен жазықтықтың екі жағында (астында және үстінде) қаптасып, p-электрондар арасында(С –С ) бір πбайланыс түзеді. Яғни, этеннің молекуласындағы көміртек атомдары өзара бір σ- және бір π- байланыстар арқылы жалғасады. Қос байланыстың ұзындығы 0,134нм, байланыс энергиясы 612кДж/моль болады. π-байланыс σ-байланысқа қарағанда әлсіз болады да, реакцияға түскенде оңай үзіледі.

Алкандар мен алкендердің гомологтық қатарлары

8 кесте, 78 бет 

Қарапайым алкендерді атағанда, кейде тривиальді атаулар қолданып сәйкес алканның –ан жұрнағын –илен жұрнағына алмастырады: этанға сай алкен –этилен, пропанға сай – пропилен және т.б.

Халықаралық номенклатура бойынша атағанда, сейкес алканның –ан жұрнағы –ен жұрнағына алмастырылады: алкан-алкен, этан-этен, пропан-пропен және т.с.с.

Алкендерге изомерленудің бірнеше түрі тән:

1.Алкендерде қаныққан көмірсутектердегі сияқты көміртек қаңқасының изомерлері болады. Мысалы, бутеннің (С4Н8) изомерлерін қарастырайық:

 

      СН2 = CH- CH2 – CH3                            СН2 = C - CH3

                 бутен-1                                                    CH3       2-метилпропен-1

2.Еселі байланыстың орнына қарай изомерлену. Бутен молекуласындағы еселі байланыстың орнына сәйкес екі түрлі изомерлері болады. Қос байланыс шеткі көміртек атомында немесе ортаңғы көміртек атомында орналасуы мүмкін:

      СН2 = CH- CH2 – CH3                              СН3 – CH = CH – CH3                           

                 бутен-1                                                       бутен-2

                

3.Класаралық изомерлену.Алкендер мен циклоалкандардың жалпы формулалары бірдей

Сn Н2n. Бутеннің С4Н8 класаралық изомерлері – циклобутан және метилциклопропан:

 

      Н2С – СН2                                       СН2

     

      Н2С – СН2                                   Н2С – СН – СН3  

  1. Кеңістіктік изомерлері (геометриялық немесе цис-, транс- изомер деп те аталады). Қаныққан көмірсутектердің молекулаларында көміртек атомдары σ-байланыстың айналасында еркін айнала алады. Ал алкендерде көміртек атомдары өзара қос (σ-және π-) байланыс арқылы жалғасқан жағдайда π-байланыс үзілмейінше еркін айналу мүмкін емес. Қос байланыспен жалғасқан көміртек атомдары осы байланыс осі арқылы еркін айнала алмайды. Сондықтан бутен-2-нің  орынбасушылары –метил топтары кеңістікте екі түрлі жағдайда орналаса алады. Бірдей орынбасушы топтары қос байланыстың бір жағында орналасқан қосылыс цис-изомер деп, ал екі жағында орналасқаны транс- изомер деп аталады.

                 

                   Н             Н                                       Н            СН3

                         

                        С = C                                                C = C   

 

                  CH3         CH3                                   CH3           H

                     цис-бутен-2                                        транс-бутен-2

 

IV.Бекіту кезеңі.

1.Алкендердің жалпы формуласы қандай?

  1. Алкендер деп қандай көмірсутектерді айтады?

3.Алкендерде гибридтенудің қандай түрі болады?

4.Молекулалық формулары келтірілген қосылыстардың ішінен : С2Н6, С2Н4, С4Н6, С6Н12, С4Н10, С8Н16, С9Н20, С3Н8, С4Н8, С6Н10, С7Н14 қайсылары алкендерге сай келетінін тауып, формулаларын теріп жазыңдар.

  1. Салыстырмалы молекулалық массалары:

   а) 28-ге тең, ә) 98-ге тең

болатын алкендердің молекулалық формулаларын анықтаңдар.

  1. Келтірілген атауларға сай заттардың құрылым формулаларын жазып өзара изомер болатын көмірсутектерді көрсетіңдер:

а) 2,4-диметилпентен-2

б) 1,3-диметилциклобутан

в) 1-метил-3-этилциклогексан

г) 3,3,4-триметилпентен-1

  Бағалау.

Үйге тапсырма: §2,6    № 6-7-9 жаттығу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
2514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі