жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алкиндер. Алкиндердің алынуы мен қолданылуы.
Сабақ жоспары №
|
|||||||
Курс: |
1 |
Топ: |
|
Сабақ (пар) нөмірі |
|
||
Мамандық -біліктілік: |
1-Курс Барлық мамандықтарға арналған |
||||||
Пән, модуль атауы: |
Химия . ІІ Модуль Көмірсутектер және олардың табиғи қосылыстары |
||||||
Сабақ тақырыбы: |
Алкиндер. Бензол. Арендердің алынуы мен қасиеттері |
||||||
Күні: |
|
Ұзақтығы: |
90 мин |
||||
Өткізу орны: |
«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» |
||||||
Сабақ мақсаты: |
Оқу: Ацетилен, Бензол мысалында алкиндер, ароматты көмірсутектер арендер туралы түсінік қалыптастыру Тәрбиелік: Ақпараттық материалды игереді, оқулықпен жұмыс жасай алады Дамытушылық: Қасиеттері бойынша көмірсутектер класын анықтай алады, сәйкес реакция теңдеулерін жаза алады; |
||||||
Сабақ міндеттері:
|
қанықпаған көмірсутектер жайлы білімдерін одан әрі тереңдету, алкиндердің алынуы туралы түсіндіру. Ароматты көмірсутектер бензолды таныстыру. |
||||||
Күтілетін нәтиже: |
-Алкиндердің атаулары мен изомерлерін біледі -Химиялық және физикалық қасиеттерін үйренеді -Жаттығулар орындайды |
||||||
Сабақ түрі: |
Аралас сабақ |
||||||
Оқыту әдістері, әдістемелік шаралар, педагогикалық технологиялар: |
|||||||
|
|||||||
Қажетті құрал - жабдықтар: |
Көрнекі құралдар: Сызба, карточкалар Презентация «Арендер. Бензол» қағазға шығарылған, Алкиндер |
||||||
Пайдаланатын әдебиеттер:
|
1.Н.Н.Нұрахметов Химия 10-сыныпАлматы;«Мектеп»2014ж. 2.А.Е.Темірболатова Химия 11-сыныпАлматы;«Мектеп»2015ж. 4.Интернет ресурстары
|
||||||
Оқытушы туралы ақпарат: |
|||||||
А.Ә.Т.: Е. А Мамытова
|
E-mail: Тел.: 87475838184 E-mail: mamitova.enlik@mail.ru |
||||||
|
|
||||||
Сабақ барысы |
Уақыт (минут) |
Оқытушының іс-әрекеттері |
Студенттердің іс- әрекеттері |
Оқыту ресурстары мен материалдар |
Ұйымдастыру кезеңі |
3 мин |
- сәлемдесу; -студенттердің санын журнал бойынша тексеру; -студенттердің назарын сабаққа аудару;
|
сәлемдесу; -оқу құралдарын дайындау: -назарларын сабаққа аудару |
Журнал |
Үй жұмысын тексеру |
15 мин |
Қызығушылықты ояту кезеңі 1.Қанықпаған көмірсутектер дегеніміз не 2. Этиленнің қасиеттері қандай? 3. Этилен қайда қолданылады? 4. Алкендерге тән химиялық қасиеттер 5. Алкендердің жалпы формуласы |
- сұрақтарға жауап береді; . |
Шығарылған Слаидтар |
Жаңа білімді баяндау
|
52 мин |
Жоспар: 1 Алкиндердің, Бензолдың құрылысы 2 Алкиндердің, Бензолдың атаулары мен изомерлері 3 Алкиндердің, Бензолдың алынуы |
-Жоспарды жазады; Мәтінді тыңдайды, Есептер шығарады |
Плакат Есептер жинағы |
Жаңа материалды бекіту
|
15 мин |
Алкиндерде болатын байланыс түрі? (үш) -Бутин-1 бром суын түссіздендіре ме ? (түссіздендіреді) -Алкиндердің жалпы формуласы (СnH2n – 2) -Алкиндердің гидратациялану реакциясын ашқан кім және қашан? (1881ж, Кучеров)
Берілген
заттарды
атаңыз.
|
Тапсырмаларды орындайды. |
Тақта, бор |
Бағалау |
3 мин |
Студенттерді бағалау, жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақ тың кемшілігі мен қорытындысын шығару. |
-бағаланады. |
журнал |
Үй жұмысы туралы ақпараттандыру
|
2 мин |
2. 2,8 оқу. Есептер шығару. |
-үй тапсырмасын орындап келу |
дәптер |
ІІІ.
Жаңа сабақты түсіндіру
Ацетилинді
көмірсутектер.
Жалпы
формуласы: Сп Н2п-2 оларды алкиндер деп
атайды. Құрамындағы көміртек атомдары
арасында үш байланыс болғандықтан, -ин
жұрнағы жалғанады.
Сатылай
кешенді талдау жоспары.
1.Алынуы
Кальций карбидінен
СаС2-Н2О→Са(ОН)2+С2Н2
2.
Функциялық қасиеті: Ацитилен-
3.
Химиялық қасиеті:
1.
Сапалық реакция:
СН=СН+Br2→CHBr=CHBr
2.
Кучеров реакциясы:
О
СН=СН+Н2О→СН3-С
Этин
сірке Н
Қышқылы
3.
Жануы.
2С2Н2-5О2→СО2+Н2О+2600кДж
4.
Қолданылуы.
1.
Металды кесуде
2.
Каучук,еріткіштер алуда.
IV.
Ацетелинді пайдаланып 1,2 дихлоритен
алу реакциясы теңдеуін құрастыру.
V.
Сызықтық диктант иә + жоқ -
1.
С2Н2-ацетелин
2.
Этан-ацетилинді көмірсутек
3.Түссіз,иіссіз
газ.
4.
Көп жылу бөлінеді.
5.
Металды кесуге пайдаланады.
6.Қос
байланысы бар.
7.
Кальций карбинінен алады.
8.
Ацетилен алкиндер тобына жатады.
VI.
Сызықтық диктант Тренинг. Сенесің бе
сенбейсің бе? Йә немесе Жоқ деп жауап
береді.
Халықаралық
атауы-алкиндер
–ан
жұрнағымен аяқталады.
Оттегімен
әрекеттеспейді.
Ацетиленнен
бензол алынады.
VII.
Берілген заттарды
атаңыз.
СН=С-СН2-СН3
СН3-СН2-С=С-СН3
СН-С=С-СН2-СН-СН3
VIII.
Жұмбақ әңгіме.
Мен
туралы аңыз көп.Түссіз,иіссіз газбын.
Тез от аламын. Ольга деген орыс қызына
үйленіп. әрекеттесемін. Мен халықпен
өте тығыз араласамын. Менен әртүрлі
бояулар, клёнка, қағаз, пластмассалар
алынады.
IX.
Үйге тапсырма
Ацетилен
көмірсутектер.
X.
Бағалау
Физикалық
қасиеттері
Бутадиен-1,3
қ.ж газ тәрізді. Сұйыққа оңай айналады.
2-метил бутадиен-1,3-ұшқыш сұйық зат.
Алкиндер Қанықпаған көмірсутектердің тағы бір түрімен танысайық. Олар құрамында үш еселі байланысы бар көмірсутектер — алкиндер.
Алкиндер — құрамында, бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.
Жалпы формуласы арқылы алкиндердің сәйкес алкендерден де қанықпағандығы басым екенін байқауға болады. Бұған көз жеткізу үшін көміртек сандары бірдей көмірсутектердегі сутектерді салыстырайық:
С2Н6 этан, С2Н4 этен, С2Н2 этин.
Алкиндердің жалпы формуласы алкадиен көмірсутектерімен бірдей: СnН2n-2. Бірақ молекула құрамындағы байланыстары өзгеше. Анықтамаларына қарап, алкадиендер мен алкиндерді салыстырып, қандай айырмашылықтары бар екендігін өздерің табыңдар.
Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек — этин (ацетилен) С2Н2. Бірінші мүшесі ацетиленнен С2Н2 басталатындықтан, алкиндер ацетилен көмірсутектері деп те аталады. Алкиндердің жалпы формуласы СnН2n-2 бойынша ацетиленнен кейінгі көмірсутектердің молекулалық формулаларын өздерің жазуларыңа болады.
Ацетилен молекуласындағы әр көміртек атомы бір сутек атомымен байланысады және өзара үш еселі байланыс арқылы жалғасады.
Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp- гибридтенген күйде болады. Көміртектің екі гибридтенген орбитальдарының біреуі сутек атомының s-орбиталімен, келесісі екінші көміртек атомының sp-гибридтенген орбиталімен σ-байланыстар түзуге жұмсалады да, ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180°бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Гибридтенуге қатыспаған екі р-орбитальдары өзара перпендикуляр жазықтықтарда орналасып, екінші көміртек атомының осындай орбитальдарымен арасында екі π-байланые түзіледі. Яғни, ацетилен молекуласындағы екі кеміртек атомының арасындағы үш байланыстың біреуі σ-,екеуі π-байланыстан тұрады. Үш байланыстың (С = С) ұзындығы 0,120 нм (қос байланыстан да қысқарақ екеніне көңіл аударыңдар), байланыс энергиясы 830 кДж/моль.
Алкиндердің алынуы
1. Өнеркәсіпте ацетиленді көп кездесетін химиялық шикізат — табиғи газдан алады. Метанды пиролиздесе (жоғары температурада қыздырса), ол көміртек пен сутекке айырылатынын білесіңдер. Реакцияны жүргізу жағдайына байланысты метанды айырғанда, ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі:
2СН4 → С2Н2 + ЗН2
Егер түзілген ацетиленді реакция жүретін ортадан тез алып кетіп салқындатпаса, ол әрі қарай көміртек пен сутекке айырылып кетеді.
2. Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы, этанды 1200°С-қа дейін қыздырғанда, ацетилен мен сутекке айырылады:
С2Н6 → С2Н2 + 2Н2
3. Лабораторияда және күнделікті тұрмыста ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады. Ал кальций карбидін электрпеште сөндірілмеген әк пен коксті жоғары температурада (2000°С) әрекеттестіру арқылы алады:
СаО + ЗС → СаС2 + CO
СаС2 + 2Н2О → Са(ОН)2 + С2Н2[1]
Бензол,
С6Н6 — ароматты
көмірсутек;
түссіз, қауіпті, өзіне тән иісі бар,
буланғыш сұйық
зат,
балқу t 5,5°С, қайнау t 80,1°С,
буы ауамен араласып, қопарылғыш
қоспа түзеді.
Ол органикалық
еріткіштерде (эфирлерде, спиртте, ацетонда, сірке
қышқылында)
ериді. Бензол полярлы емес қосылыстар
үшін жақсы еріткіш болып
табылады, майларды, резеңке, каучук, күкірт, йодты ерітуде қолданылады.
Бензол ежелден бері келе жатқан органикалық
қосылыс,
бензолды алғаш рет 1825 жылы Майкл
Фарадей ашқан.
бензолдың эмпирикалық
формуласы -
CH және "сутек бикарбуреті " деп те
аталады.
Кейіннен, Эйлхард
Митчерлич бензой
қышқылы мен әктасты қыздыру
арқылы бензолды синтездеді. Ол
бензолдың химиялық
формуласы С6Н6екендігін
тапты.
С6H5COOH + CaO --> C6H6 + CaCO3
Фридрих
Кекуле бензолдың
молекуласы алтыбұрышты пішінді екенін
тапты. Алты көміртек атомы
бір-бірімен бір және қос
байланыстар арқылы
байланысады. Алты сутек атомдары
сәйкесінше көміртек атомдарымен
байланысады.
Химиялық қасиеттері
1.
Галогендермен :
C6H6 + Br2 -(FeBr3)->
C6H5Br + HBr
2. Азот
қышқылымен:
C6H6 + HNO3 --> C6H5-NO2 + H2O

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген