400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алкиндердің қасиеттері. Жеке өкілдері. Қолданылуы-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ацетиленнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың өз бетінше жаңа білімді игеру іскерліктерін, шығармашылыққабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы. Жылыой ауданы. Құлсары қаласы. №16 Д.Жазықбаев атындағы мектептің химия пәні мұғалімі Жубанышева Шолпан

Бекітемін: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------

Қысқа мерзімді сабақ жоспары . Химия

Мұғалімнің аты-жөні

Жубанышева Шолпан Ізғалиқызы

16 Д.Жазықбеав атындағы мектеп

Сыныбы

11 а (ЖМБ)

23сабақ

Күні:26.11

Сабақтың тақырыбы:

§2.11 Алкиндердің қасиеттері. Жеке өкілдері. Қолданылуы



Сілтеме:

 Химия. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық /Н. Нұрахметов, Ә.Темірболатова, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова - Алматы: «Мектеп»2015. Химия тапсырмалар жинағы 11 с К. Жексембина, К.Сарманова. - Алматы: «Мектеп»



Мақсаты:

Ацетиленнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың өз бетінше жаңа білімді игеру іскерліктерін, шығармашылыққабілетін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың міндеттері

Алған білімін жүйелеп тереңдету, қорытындылау •Өздігінен жұмыс істеуге баулу. •Алған білімін қажетті жағдайда қолдана білу.


Күтілетін нәтижелер

А)Алкиндердің физикалық қасиеттерін сипаттайды В) Алкиндердің химиялық қасиеттерін салыстырады С)Алкиндердің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін қолдана отырып,есептер шығара алады .



Түйінді идеялар

Қосылу реакциялары, винилхлорид, Кучеров реакциясы, Тримерлену реакциясы



Бағалау критерийлері

Сабақтың мақсатын, алкиндердің физикалық қасиеттерін сипаттайды. Алкиндердің қолданылуын көрсетеді. Алкиндердің химиялық қасиеттеріндегі айырмашылықтарды сипаттайды.



Дескриптор

Алкиндердің физикалық қасиеттерін біледі. Алкиндердің химиялық қасиеттерін сипаттайды Алкиндердегі үш байланысты көрсетеді Реакция теңдеулерін есептер шығаруда қолдана алады



7 модульдің қолданылуы

АКТ”, Диалогтік оқыту, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»



Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту



Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтық, жұптық, жеке Миға шабуыл, Жигсо, Кім жылдам, тест,



Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, тақта, стикерлер, тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)



Пәнаралық байланыс

Биология, медицина, математика



Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті. Блум таксономиясы бойынша

Оқушының іс-әрекеті



Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

2 мин

Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін. Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындығын түсіндіремін. Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. Түрлі түстермен оқушыларды топқа бөлу.

Мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне жылы сөздер айтып түстер арқылы топқа бөлінеді.



Білу

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

«Кім жылдам» үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі

5 мин

Үй тапсырмасын тексеру. тест

5 мин










І. Ұйымдастыру кезеңі 
/оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару/.  І топ: Жабық және ашық сұрақтар:

1.Алкиндер деп қандай көмірсутектерді айтады? 2.Алкиндерге гибридтенудің қандай түрі тән? 3.Алкиндер мен алкендердің құрамдарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасы бойынша 10 тест жұмысы беріледі. АВС жауаптары арқылы дәптерлеріңізге белгілеп отырасыздар (қызыл қаламмен өздеріңізді тексереді). Әрбіреуіңіздің жинаған ұпай көрсеткіштері бойынша бағалайсыздар бағалау парағына жазады. (5 балл 10 – 9; 4 балл 8 – 6; 3 балл 5 – 3) 1.Алкиндердің жалпы формуласы :А) СnН2n+2 В) СnН2n-2 С) СnН2n 2.Алкиндердің жануында қандай заттар бөлінеді А) СО2 және Н2О В) С2Н6 С) НСl, НNO3 3.Зертханада ацетиленді қалай алады? А) метаннан В) этаннан С) кальций карбидінен 4.Қай формула алкинге жатады? А) С2Н8 В) С2Н2 С) С2Н4 5.Алкиндерде С-С арасындағы байланыс ұзындығы мен гибрдтену типі А) 0,154 нм, sp3 В) 0,134 нм, sp2 С) 0,120 нм, sp 6.Ацетиленді өнеркәсіпте қалай алады? А) метаннан В) этаннан С) кальций карбидінен 7.Алкиндердің құрамында қанша байланыс бар? А) бір қос байланыс В) екі еселі байланыс С) үш еселі байланыс 8.Алкиндердің алкандардан айырмашылығы А) қанықпаған көмірсутек В) қанықпаған көмірсутек.  С) ароматты көмірсутек 9.Алкиндердің қарапайым өкілі қалай аталады? А) пропин В) ацетилен С) пропин 10.Мына қосылысты атаңыз СН3-С≡С-СН2-СН3 А) пентин-1 В) пентин-2 С) пентин-3

Оқушылар интерактивті тақтадағы сұрақтарға топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.

Әр оқушы жеке жеке жауап береді.

Тест жұмысын жеке орындайды.










Түсіну.

Жаңа сабақ

Постермен тақырыпты қорғау

5 мин

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Мұнай, газ, тас көмірді түзетін,  Құрамына екі элемент кіретін, Жанғанда көміртек диоксидін бөлетін Органикалық затты кім бар білетін?! Оқушылар, топқа бөлінер алдында қандай химиялық элементтер арқылы бөліндіңіздер? (көміртегі және сутегі). Енді осы қосылыс қалай аталады? Кім айтады? (оқушылардың жауабы: ацетилен С2Н2). Құрылымдық формуласын жазыңыз (Н – С ≡ С – Н). Яғни бүгінгі біздің сабағымыз осы ацетилен төңірегінде болмақ. Сонымен жаңа сабағымыздың тақырыбы«Ацетиленнің қасиеттері. Қолданылуы».

ІV. Жаңа сабақты меңгерту . Химиялық қасиеттері .Ацетилен қосылу, орынбасу, тотығу немесе жану және полимерлену реакциясына қатысады.1 бөлім. Конвертте (екі тапсырмадан беріледі) Сұрақ: Қосылу реакциясы дегеніміз не? (реакцияға екі не бірнеше заттардың бірігіп, бір күрделі заттарға айналуы) Алкиндер қосылу реакциясы кезінде гидрлену, гидратациялану, галенгендену және галогенсутектерді қосып алу реакциялары жатады. Соны тапсырмалар арқылы орындайық. Көміртегі тобына: 1.Гидрлену реакцясы дегеніміз не? Мысал келтір. С2Н2 + Н2 → С2Н4 С2Н4 + Н2 → С2Н6 2.Гидратация реакциясы дегеніміз не? Мысал келтір. С2Н2 + Н2О → Н3С – СОН сірке альдегиді Бұл реакцияны 1881 жылы М.Г.Кучеров ашқан. Сутегі тобына: 1.Галогендену реакциясы дегеніміз не? Мысал келтір. С2Н2 + Br2 → BrСH = CHBr 1,2-дибромэтан BrСH = CHBr + Br2 → Br2HC – CHBr2 1,1,2,2-тетрабромэтан 2.Галогенсутектердің қосып алуы. Мысал : С2Н2 + НСl → H2C = CHCl винилхлорид

Оқушылардың өз беттерімен тақырыпты оқып, постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап, қорғайды.



Қолдану

Жұптық жұмыс

7 мин

1 бөлім. Конвертте (екі тапсырмадан беріледі) Сұрақ: Қосылу реакциясы дегеніміз не? (реакцияға екі не бірнеше заттардың бірігіп, бір күрделі заттарға айналуы) Алкиндер қосылу реакциясы кезінде гидрлену, гидратациялану, галенгендену және галогенсутектерді қосып алу реакциялары жатады. Соны тапсырмалар арқылы орындайық. Көміртегі тобына: 1.Гидрлену реакцясы дегеніміз не? Мысал келтір. С2Н2 + Н2 → С2Н4 С2Н4 + Н2 → С2Н6 2.Гидратация реакциясы дегеніміз не? Мысал келтір. С2Н2 + Н2О → Н3С – СОН сірке альдегиді Бұл реакцияны 1881 жылы М.Г.Кучеров ашқан. Сутегі тобына: 1.Галогендену реакциясы дегеніміз не? Мысал келтір. С2Н2 + Br2 → BrСH = CHBr 1,2-дибромэтан BrСH = CHBr + Br2 → Br2HC – CHBr2 1,1,2,2-тетрабромэтан 2.Галогенсутектердің қосып алуы. Мысал келтір. С2Н2 + НСl → H2C = CHCl винилхлорид

Оқушылармен жұптық жұмыс жүргізіледі, дәптерлеріне орындайды










Талдау: Жеке жұмыс

5 мин

Есептер шығару. Есеп. 2 литр ацетилен жанғанда 116кДж жылу бөлінді. Реакцияның жылу эффектісін тап (Жауабы: 2598,4кДж). тотығу реакциясы: С2Н2 → СН3-СОН сірке альдегиді жану реакциясы: 2С2Н2 + 5О2 → 4СО2 + 2Н2О Есеп. Бензолдың шығымы 40% болса, 22,4 л ацетиленнен түзілетін бензолдың массасы (жауабы: 10,4гр). Полимерлену реакциясы: 3С2Н2 → С6Н6 (тримерлену реакциясы)Оқулықпен жұмыс.№ 4, 5, 6 жаттығу


Жинақтау

6 мин

V Tапсырма. Кестемен жұмыс

Көмірсутек класы

Жалпы формуласы

Гибридтену түрі

С – С байланысының түрі

Байланыс ұзындығы

Валенттік бұрыш

Алкан алкен, алкин.
























Бағалау

2 мин

Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек

Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды





Рефлексия

3 мин

Оқушылар плакатқа сурет салады. Сурет арқылы сабақтың қанша күн, қанша бұлт, қанша ағаш болуына байланысты 
Түсінген оқушы судың суретін салады 
Түсінбеген оқушы бұлттың суретін салады 
Түсінгім келеді ағаштың суретін салады

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлеріне сурет салады





Үйге тапсырма

§ 2.11 10, 11- жаттығу

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1350
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі