Алладиннің сиқырлы құманшасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алладиннің сиқырлы құманшасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаларға арналған Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алладиннің сиқырлы құманшасы


(Залға музыка әуенімен қолында сыйлық салынған қорапшасы бар Маша кіріп келеді.)


Маша: Ха-ха-ха-ха, бәрібір мен алып кеттім, бұл сыйлықтардың бәрі менікі. Мынаны Аяз ата мен аю көрмейтіндей етіп жасырып қояйын. Ой, мына шыршаның әдімісін-ай! Мұнда жаңа жыл кеші болайын деп жатқан сияқты. Аяз ата мен қонақтар келмей тұрып кетіп қалайын. Түш-түш, сендер айтып қоюшы болмаңдар!

(Маша залдан шығып кетеді. Музыкамен балалар музыкалық залға кіреді.)



Амина: Құрметті қонақтар мен кішкентай бүлдіршіндер және менің достарым! Бүгінгі Жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Баршаларыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Бүгінгі ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Нурали: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Қызықтан құр қалмаңыздар,

Жаңа жыл тойы басталды,

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Абубакир: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық алып келсін
Бәрімізге мына жылымыз арайлы!

Ән: «Әппақ қар»


Нурали: Абубакир, мен бүгін қатты қуанып тұрмын, қуанышымда шек жоқ. Жаңа жыл мерекесін тойлаған қандай қызық, қандай керемет!

Абубакир: Достым, дұрыс айтасың, Жаңа жыл мерекесі маған да ұнайды. Олай болса, достарымыздың тақпақтарын тыңдайық.

Әмре: Уа,халайық,жарандар,

Айналаға қараңдар.

Жаңа жылдың бұл тойын

Салтанатқа санаңдар.

Қызық көріп,шат болып,

Шалқып,күліп ,тараңдар.

Амирали: Жаңа жылым мол болсын,

Сәт қадамың оң болсын.

Төрлет,төрлет,Жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын!

Бақдаулет: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Кел, балалар келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер.

Алихан: Келді тағы Жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймын сіздерді.

Раяна: Келді міне, Жаңа жыл

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп-ойнап,би билеп,

Ән салайық бәріміз.


Ән: «Шыршаға бардық»


Абубакир: Қараңдаршы, балалар, шыршамыз қандай әдемі!

Амина: Ойыншықтарын қараңдаршы, керемет, әдемі екен.

Абубакир: Бұл ойыншық емес, ойыншық емес. Бұл Алладиннің сиқырлы құманы шығар. Қане, тексеріп көрейік.


(Балалар құманды сипалағанда, шырша ортасынан Алладин шығып, керіліп тұрады.)


Балалар: Бұл Алладин ғой.

Алладин: Дұрыс айтасыңдар, мен Алладинмін. Балалар,сендерге көп рахмет. Білесіңдер ме, мен бұл құманның ішінде 500жыл қамалып отырдым. Сендер менің шығуыма көмектестіңдер. Сол үшін мен сендердің кез-келген тілектеріңді орындауға дайынмын.

Абубакир: Қандай тілек тілесек екен! Біз Шахризаданы көргіміз келеді.

Алладин: Құп болады, ол тілектерің орындалсын!


(3 рет қолдарын шапалақтайды, залға Шахризадалар кіріп келеді.)


Би: «Шахризада»


Жүргізуші: Алладин, біздің балалардың мерекелік тақпақтарын тыңдай отырыңыз.


Балауса: Жаңа жылмен, жаңа жырмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды,

Қонақтардың бәрін де.

Бэртитта: Оралды өлкеме

Жаңа жыл, армысың,

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау, қарлы шың.

А.Мадина: Келді міне, Жаңа жыл

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп-ойнап,би билеп,

Ән салайық бәріміз.

Мақпал: Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Асия: Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Даяна: Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл

Азалия: Шыршамыз да жарқырап

Әсем әнмен тербелсін.

Барлық бала ән салып

Мерекеде билесін.


Алладин: Қандай тамаша! Тағы қандай тілектерің бар?

Балалар: Мерекеміздің көңілді өткенін қалаймыз.

Алладин: Мен сендердің көңіл-күйлеріңді қалай көтеру керектігін білемін.


(3 рет қолдарын шапалақтайды, залға Сайқымазақ кіріп келеді.)


Сайқымазақ: Ой-ой-ой,мұнда не болып жатыр? Балалар, сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, құрметті Сайқымазақ! Мерекемізге қош келдіңіз!Бізде Жаңа жыл мерекесі, сондықтан бәріміз әдемі болып мерекені қарсы алудамыз. Сен де бізбен бірге жаңа жылды қарсы алғын келмей ме?

Сайқымазақ: Рахмет сендерге, көңіл-күйім көтеріліп қалатын болды. Мен бірінші сендермен ойын ойнап алсам деймін, қалай қарайсыңдар?

Балалар: Ойнаймыз

Ойын: «Кім жылдам?»


Сайқымазақ: Мұнда менің достарым бар екен, қане, мерекеге арнап өз өнерімізді көрсетейік.


Би: «Сайқымазақ»


Жүргізуші: Сайқымазақ, біздің балалардың мерекелік тақпақтарын тыңдай отырыңыз.


Асылхан: Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтары тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән салайық баршамыз.

Ахмет: Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әдемі жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Айдын: Жүзімізде күлкі ойнаған

Қанаттанды жанымыз,

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Нодирхон: Тоғай да,баулар да,

Ақ күміс жамылды.

Дала да,таулар да,

Өзіңді сағынды.

Абу-Ханифа: Өлең де әзір,ән де әзір,

Ойын да әзір,бәрі әзір.

Кел,Жаңа жыл,біздерге,

Кел,Жаңа жыл,жаңа жыл!

Алинур: Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт,жаңа жыр.

Құтты болсын,құтты болсын,

Құтты болсын,Жаңа жыл!


Сайқымазақ: Балалар, сендерге көп рахмет,менің көңіл-күйімді көтеріп тастадыңдар. Сендермен өте қызық болды.Ал, енді, мен қайтайын. Сау болыңдар!

Алладин: Балалар, сендердің соңғы тілектерің қалды. Қане, нені қалайсыңдар?

Жүргізуші: Қандай тілек тілесек екен?


(Осы сәтте телефон шырылы естіліп, ар жақтан Аяз Ата сөйлейді.)


Жүргізуші: Ия,ия. Тыңдап тұрмыз. Бұл кім екен?

Аяз ата: Бұл мен ғой, Аяз аталарың. Мен суық тиіп келе алмайтын болдым. Кештерің көңілді, жақсы өтсін. Бірақ көңілдерін түспесін, мен сыйлықты Маша қызымнан беріп жібердім.

Жүргізуші: Ой, Аяз ата, қиын болған екен. Балалар, естідіңдер ме, Аяз ата мен Ақшақарымыз келе алмайтын болды. Қандай өкінішті еді...

Алладин: Достар, мұңаймаңдар, сендердің сқңғы тілектерің бар емес пе? Мен сендерге бұл кешке Аяз ата мен Ақшақарды әкеле аламын.


(3 рет қолдарын шапалақтайды, залға Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді.)


Аяз Ата: Амансың ба,ұлдарым,

Амансың ба,қыздарым.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Ал, қанеки, балалар,

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық,

Би билеп,ән салайық.


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата мен Ақшақар! Сіздер жолдан шаршап келген боларсыздар. Отырып, дем алыңыздар. Ал, балалар, атамыздан сыйлық алу үшін өз өнерлеріңді ортаға салыңдар. Аяз ата, Ақшақар, мұнда сіздердің кішкентай достарыңыз бар. Олар да сіздерге өз өнерлерін көрсеткісі келеді.


Би: «Джингл бенс»


Жүргізуші: Біздің балалардың мерекелік тақпақтарын тыңдай отырыңыздар


Назым: Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.

Жаусын,жаусын,ақша қар,

Гүлдене бер бақшалар.

Мадина: Аяз ата, тыңдаңыз,

Тақпақ айтып берейік.

Ортамызда шыршамыз

Ойнап бірге күлейік.

Амина: Ақ қырауға шалынған,

Ақ шапардай сақалы.

Көптен күтіп сағынған

Көрдік Аяз Атаны.

Айлин: Бар баланың қонағы,

Төрлет,Ата,жоғары.

Жұрттың бәрі атадай,

Қашан мырза болады.

Балхадиша: Келіңдер,келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз Атадан,

Сыйлық алып көріңдер.

Омар: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз Атаны.

Тамерлан: Аяз Ата жол салып,

Ақ боранмен алысқан.

Балаларға базарлық

Алып келді алыстан.


Алладин: Достар, мен сендердің үш тілектеріңді де орындадым. Сендерге алғысым шексіз, көп рахмет. Ал, енді, мен қайтайын. Сау болыңдар!

Аяз Ата: Өркендерің өссін, қарақтарым. Билерің де, тақпақтарың да ұнады. Солай емес пе, Ақшақар қызым?

Ақшақар: Дұрыс айтасыз, ата. Сендер өте өнерлі екенсіңдер.

Аяз ата: Менің сендерге Машадан жіберген сыйлықтарымды алдыңдар ма?

Жүргізуші: Жооқ, біздің балалар ешкандай сыйлық алған жоқ.

Аяз ата: Ақшақар қызым, маған Маша қызымды тауып, сыйлықтарыммен бірге әкеліңдер. Мен қайта шыға алмаймын, суық тиіп ауырып қалармын.

Ақшақар: Жарайды,ата.


(Ақшақар залдан шығып кетеді.)


Жүргізуші: Ақшақар қызымыз Машаны тауып келгенше қонақтарға ән айтып берейік.


Ән: «Шырша жыры»


(Залға Ақшақар мен Маша кіреді. Маша тығып қойған сыйлықтарын көрсетеді.)


Аяз ата: Маша қызым, сенің бұл әрекетің дұрыс болмады.

Маша: Кешіріңіз,ата. Енді олай етпеймін.

Аяз ата: Жарайды, қызым.Енді мұндай қателік жасаушы болма, қане, балаларға арнап әкелген сыйлықтарымызды таратуға сен де көмектес.

(Балаларға сыйлықтар таратылады.)


Аяз ата: Ал, балалар, енді біз қайтайық. Бізді өздеріңдей балалар күтіп отыр. Сендерге мен риза болдым. Келген Жаңа жылдарың тағы да құтты болсын! Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыздар!

(Қонақтар қоштасып, залдан шығып кетеді)



Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар,бүгінгі мерекелің ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп-тамашалағандарыңызға көп рахмет.Жаңа жыл құтты болсын! Барлық отбасыға жаңа жылда тек жақсылық, бақ-береке тілейміз!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2025
137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі