Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алма-дәруменге толы жеміс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жұмысты жоспарлауға , осы тақырыпта аннотация жазуға баулу мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері үшін көмегі бар. Әсіресе жергілікті компоненттерді атап, талдауда, Шығыс өңірінің алма сорттарын ажыратуда маңыздылығы басым.Сондай-ақ алманың медицинада алатын орны, алманың ғажайып қасиеттері жайлы мағлұматты алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы

Зайсан ауданы әкімдігінің «М.Әуезов атындағы орта мектебі»КММ





Тақырыбы: «Алма-дәруменге толы жеміс»




Секция: Медицина-психология



Орындаған: Ержанова Айару Ерланқызы



Жетекші: Бастауыш сынып мұғалімі

Изетова А.М


















Зайсан, 2018ж







Мазмұны





І. Кіріспе

    1. Алма туралы жалпылама түсінік....................4-5б

ІІ. Негізгі бөлім

    1. Алманың құрамы............................................6б

    2. Алманың пайдасы.Алманың медицинадағы

    3. алатын орны....................................................7б

    1. Алманы сақтау жолдары.................................8б

    2. Алма ағашының негізгі зиянкестері...............9б

    3. Алманың ғажайып қасиеттері (Тәжірибе)......10б

ІІІ. Қорытынды..........................................................11б

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................12б





































\ Аннотация

Алма жемісте басқа жеміс – жидек пен көкеніс дақылдары секілді тағамдық өсімдікке жатады. Алма жемісі – алма ағашының жемісі. Ол жеміс – жидекті дақылдардың ішінде шекілдеуік жеміс тобына жататын жидек тәрізді шырынды жеміс. Алма жемісі майлы тамақпен тәттіге әуес адамдар үшін шипалы тағам – диета болып есептелінеді.

Жеміс (лат. fructus) – жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерге басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі т.б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жеміс қаптан тұрады. Өсімдік түріне байланысты жеміс пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды құрғақ жеміс деп бөлінеді. Шырынды жеміс көп тұқымды – алма.Жемістердің ішінде алманың дәруменге бай екені анық. Медицинада да алманың алатын орыны ерекше. Алманы алма ауруларынан сақтай біліп, көп күтім жасай білсе.

Зерттеу мақсаты: Алма ағашы туралы, оның пайдасы. Аурудан сақтау жолдары.

Міндеттері:

-алма сорттарын ажырата білу.

-алманың құрамын анықтай отырып, дәрумендер қатарын білу.

-медицинадағы орнын ажырату

-алма ауруларынан сақтану

-тәжірибе жасауға дағдылану



















Кіріспе

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Алма дәруменге толы жеміс»

Өзектілігі:Алманың көмегімен өмірді 10 пайызға ұзартуға болады.

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай татар бар дәмім

Мына тәтті бал дәмді

Дастарқандарына арнадым

Сіздерге ұсынып отырған өте кең тараған, баршаның сүйікті жемісі – алма. Біздің өмірімізге бұл дәмді де, ісем жемістің пайдасы қаншама екенін, дәлелдегім келіп отыр. Алма (лат.malus) – раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең таралған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 – 12 – сінің шаруашылықта маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20 -100 жыл, биіктігі 3-10 метр болады. 3 -12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 цент өнім аланады.Тұқымнан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымнан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданады.Өсімдік туралы

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылыда жүргізіледі.Қазақстанда алманың 40 тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20 –сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алманың жер шарында 36 түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», қырғыз алмасы өседі. Алманың отаны – Орталық Азия. Сұрпына қарай, алманың өмір сүру ұзақтығы да әр түрлі. Олар 20 жылдан 100 жылға дейін өсе беруі мүмкін. Алма ағашы еккен сәттен бастап гүлдемейді, оны отырғызған соң 3 – 12 жыл ішінде жеміс бере бастайды. Сонымен қатар, оның жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Яғни, қысқы сорттары жылдың суық мезгілінде де алмасын бере береді. Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20 – 100 жыл, биіктігі 3 – 10 м аралығында жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15 – 20 жыл. Ал, 30 – 35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптардың іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе өнімді жинаған, сақтаған, өндеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталған қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс. Алма. Адамдардың тамаққа қолданылатын жемістерінің 4/5 – бөлігі – алмалар. Оны ежелденем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсыда жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әр түрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға даалманы жеу пайдалы.

Алматы апортына жеке тоқталып кетуге болады. Алманың бір сорты – Алматы апорты. 19 ғ – дың аяғында Воронеж губернаторыннан (Ресей) әкелінген апорты жергілікті алма сортымен будандастыру арқылы шығарылған. Жемісінің салмағы 350 гармм, шырынды, түсі қанық қызыл, дәмі сәл қышқылтым әрі тәтті, ерекше хош иісті. Негізінен алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Мамандардың айтуынша, жақсы алманың құрамында 83 -88% су, 7,5 - 16% қант, 0,2 – 0,8%, 9,5 – 18,5% құрғақ қалдық 0,28 – 1,0% илік заттар, В1,В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар болады екен. Ал біз айтып отырған апорт – кеш пісетін түрге жатады. Қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Апорт – Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарында өседі. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасауға болады. Сондай – ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Ал алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Шырыннан шарап, сусын дайындалады. Жемісін емдік дәрі ретін де адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге болады.Алманың пайдасы: қан айналымы жүйесіне, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бет терісінің түсін жақсартып жас әрі күтімді етіп көрсетеді. Холестарин мөлшерін азайтып, іш қатудың алдын алады, диареяны емдеп, иммундық жүйені нығайтады. Алманың зиянкестері: алма жегіш, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.



ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Алма құрамында 83 – 88% су, 7,5 - 16% қант, 0,2 – 0,8% илік заттар, А, В1,В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», - деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды.Алма жемісінен шырын, тосап, джем, қақ жасалады. Сондай – ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланылады. Шырыннан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданадыб. Жеміс – жидектің, оның іщінде алманың денсаулыққа пайдасы мол. Ал оның қандай қасиеттері бар екендігін білесңіңдер ме? Алманың құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. А дәрумені – ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көрсетуді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. В1 дәрумені - организмде дұрыс зат алмасу үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1 – ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуй мүмкін. В2 дәрумені – басқа да дәрумендер сияқты организмнің бір қалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады. С дәрумені – ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекеттін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені жетіспегенде ағза тез шаршайды. Сілемейлі қабықшалар қабынады, қызыл иек қанталайды. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет.

Р дәрумені – жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді. Е дәрумені – бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Сондай – ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен ір түрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу керек.

Тәжірибе кезінде алмаларға бақылау жүргіздім.

Алма құрамында темір элементтінің көптігімен ерекшеленеді. Апорт алмасының құрамы темір элементіне бай екеніне көз жеткіздім. Бұл тәжірибеде негізгі мақсатым алғашқы тәжірибеге ұқсастығы бар. Бұнда алма құрамындағы темір элементтінің ауамен тотығу жағдайын анықтадым. Және оны тотығу процесінен қалай сақтауға болатынын көрсеттім.

  1. Алманы қақ ортасынан екіге бөлдім.

  2. Осы тәсілмен лимонды да кесіп аламыз.

  3. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығамыз да, екіншісін сол күйі қалдырамыз. Нәтижесінде лимон шырыны құйған алма сол балғын қалпында, ал лимон шырынына батырмаған алма қарая түскенін байқаймыз. Тәжіріби нәтижесінде лимон шырынының алма құрамындағы темірді ауамен қорғап қалғанынын байқадым. Ғалымдардың пайымдауынша піспеген алманың құрамында піскенге қарағанда крахмал көп болады екен. Осыған орай, тәжірибеде біз алманың піскен немесе піспеген қалпын айыруды үйрендік. Піскен алманың кішкентай бөлігін кесіп алып оның үстіне йод ерітіндісін тамызамыз. Нәтижесінде йодтың түсі өзгермегендігін байқадық. Ал піскен алмаға йодтың түсі қара көк түске боялғанын байқадым. Тәжірибе нәтижесінде піскен алмада піспегенге қарағанда аз екендігін анықтадым.

    1. Алманың пайдасы. Медицинадағы алатын орыны. Ас үйінде апталап, айлап тұратын азықтың бірі – алма. Оның табиғи емдік қасиеті жайлы ойланып көрдіңіз бе? Алманың қандай пайдасы бар? Алма көптеген ертегілер мен хикаяттарда сұлулық, денсаулықтың символы болып бейнеленеді. Бұл адамдардың ертеден-ақ алманың қасиетін біліп, бағалағанынан хабар береді. Өмірді ұзартады 2011 жылы Америкадағы химиялық қоғамның өткізген зерттеу нәтижесі бойынша, алманың көмегімен өмірді 10 пайызға ұзартуға болатыны анықталды. Сондай-ақ алма жегеннен кейін ағзаның белсенділігі де арта түседі екен. Бұл зерттеу жануарларға қолданылғанымен, нәтижесі адам ағзасына да қатысты деп саналды. Есте сақтау қабілетінің жақсаруы Массачусетс штатының университеті жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, алма мидағы нейротрансмиттер ацетилхолиннің санын көбейтеді. Ол мидың жаңа құрылымдарды құрып, өзгертуге көмектесетін нейропластикалық модуляцияның қызметін іске қосады. Мидағы ацетилхолиннің артуы есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етіп, Альцгеймер ауруының алдын алады. Инфаркт, инсульт қаупін азайтады Әдетте инсульт, инфаркт, атеросклероз аурулары LDL-холестеринінің көп болуынан туындайды. Ал алма ол холестерин санын 23 пайызға азайтады. LDL-холестеринді азайтатын арнайы дәрі-дәрмек 18-50 пайызға дейін төмендетсе де, өзге зиянды ауруға апарып соғуы мүмкін. Ал алма мұндай артық ауруларға төтеп береді. Ісік ауруларының алдын алады Гавай аралында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, ең көп алма жеген топта қатерлі ісік ауруының пайда болу қаупі 40-50 пайызға дейін төмендеген. Алманың құрамындағы антиоксиданттар адам ағзасындағы өкпе ісігінің пайда болуына әсер ететін үдерістерге бөгет болады. Денсаулығыңызды қолға алыңыз! Ұқсас жазбалар: Пайдалы тағамдарға не жатады?
      2.2 Алманы сақтау жолдары

Алманың барлық сұрпы ұзақ сақтауға келмейді. Жазда пісетін алманы ұзақ сақтай алмайсыз, ал күзгі алманы құрамындағы дәрумендері мен дәмімен бірге Жаңа жылға дейін ғана сақтай аласыз. Есесіне қысқы алма хош иісі мен пайдалы қасиеттерімен көктемге дейін қуанта алады. Дәл сол үшін қыс мезгіліне әртүрлі сұрыптағы алманы таңдаған жөн. Жаңа піскен алманы ұзақ уақытқа сақтардың алдында оларды мұқият сұрыптау қажет. Талдан сәл дүмбілез күйінде алынған, бетінде дағы жоқ, құстар шоқып тастамаған, құрт түспеген, құп – құрғақ, жалпы айтқанда толық бүтін жеміс қана ұзақ сақтауға жарамды. Қалған түсімді, оның ішінде жерге түскен алмаларды өңдеп сақтауға – мысалы, тосап күйінде, компот немесе кептіріп сақтауға жарамды. Сонымен, сұрыпталды және ең үлгілері таңдалады. Енді оларды тағы бір іріктеп, 3 бөлікке – кішкентай, орташа жіне үлкен қажет: бір ыдыста ірі жемістер мен ұсақтарын сақтауға болмайды, өйткені салмақтылары кішілерін басып тастайды.

Алманы сақтайтын ыдысты таңдаймыз. Алма сақтайтын ыдыс сыртқы зақымнан қорғай алатын және ауа өткізетіндей болуы қажет. Бұған сәуле түсетіндей тетіктері бар ағаш жәшіктер немесе пластик, тор төрткілдештерден жасалған жәшіктер жарайды. Ең бастысы, ыдыс құрғақ және зең баспаған болуы қажет. Сабанға салынған алма да жақсы сақталады, сонымен қатар мыж қағазға орап (тым құрығанда газетке), емен немесе үйеңкінің құрғақ жапырақтарын сеуіп сақтауға да болады. Бұған қоса ағаш жоңқасы, пеште қыздырылған құм, қарақұмық қауызы, мұқият кептірілген пішен алмаға жақсы қоорған бола алады. Қағаздан басқасының амортизациялау түп негізі 2 см- ден кем болмауы тиіс.

Алманы қайда сақтау керек?

Алманы сақтауға ең қолайлы жер – ауасы жаңарып тұратын жерқойма. Алма сақталған жәшіктерді жерге емес, сөрелерге қою керек. Жанында картоп, сарымсақ пен пияз жәшіктері болмауын қадағалаңыз. Мұндай көкеністер мен бірге сақталуы оның хош иісіне кері әсер етеді. Өнімдерді сақтайтын жерқойманың температурасы 0 мен 7 градус аралығында болуы қажет. Ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 70 – 80%. Егер жерқоймаңыз болмаса, алманы қала пәтері жағдайында сақтап көруге болады. Ол үшін алмаларды жарты килограммнан целофан пакеттерге салып, аузын байлап, ал жанын тілік жасап қойыңыз – бұл желдеткіш тетік болады. Пакеттерді ең салқын жерге мысалы, тоңазтқыштың төменгі бөлігіне немесе балкон есігінің түбіне қойыңыз.

Алмадан шай, тұнба, ботқа жасау.

Алма шайы. Тазаланбаған 3 -5 алманы бірнеше бөліктерге кесіп, 1 литр суға салады, 15 минут қайнатып күніне 3 рет тамақтанар алдында 1 стақан мөлшерінде ішеді.

Алма тұнбасы. Алманың кептірілген қабығынан дайындайды. Ол үшін 1 ас қасық шикі алманы алып, 1 стақан қайнаған суға салып, шай сияқты тұндырып қояды, дайын тұнбаны күніне 5 – 6 рет жарты стақаннан ішіп емделеді.

Алма ботқасы. Үккіштен өткізілген алмаға 1: 1 қатынасында сұйық май қосады. Сөйтіп жақпа маймен терісі сыдырланған жерлерін, ерін, қол ұштары жарылған тұстарында емдеуге болады.






2.3 Алма ағашының негізгі зиянкестері:

Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.

Көбінесе дұрыс анықталмаған белгілер және зиянкестермен күресуде дер кезінде көрсетілмеген көмек аурудың негізгі себебіне айналады, тіптен алма ағашының өліп кетуіне әкеледі. Сондықтан, алма ағашын өсіре отырып, бақшаңызды қадағалап, профилактикалық шараларды (ескі қабығын тазалау, діңін ағарту, жерді және қатар арасын қопсыту) орындап жүруге дайын болыңыз.

Алма ағашының негізгі зиянкестері: алма гүл жегіші, алма жеміс көбелегі, алма кенесі, біте, жапырақ ширатқыш көбелек, зауза қоңыз.

Алма ағашында зиянкестің болу белгілері жапырақтың зақымдалған жерлерінде спецификалық қону, жас өскіндер негізінде қара түсті нүктелердің болуы (біте);жемістің зақымдалуы, алманың құрттап кетуі (алма жеміс көбелегі);солған және толық ашылмаған гүлдер, гүл қауызында ашық- сары түсті жұлдызқұрттың болуы (алма гүл жегіші);

ағашта зақымдалған бүршіктердің немесе жапырақтың болуы (жапырақ ширатқыш көбелек, күйе көбелек, зауза қоңыз);жапырақ ұштары қызыл не қоңыр түске боялады (алма кенесі).

Зиянкестермен күресу

Зиянкестермен қиын күресуде алма ағашыңызды «Искра Двойной эффект» құралы құтқаруға көмектеседі. Бұл алма ағашының және тағы басқалардың зиянкестерімен күресуде аса танымал құралы. Сонымен қатар нақты зиянкестерден қорғайтын бөлек препараттар, мысалы, «Антиклещ» құралы өрмекті кенеден қорғануға арналған құралы бар.

 «Антиклеща» жұмыс ерітіндісі дайындауда айтарлықтай оңай: сізге1-2 литр су және кесте бойынша анықтауға болатын препараттың қажетті мөлшерін араластыру қажет (препарат мөлшері ағаш жасына және өңделетін ауданға байланысты болады). «Антиклещ» немесе «Искра Двойной эффект» препараттарымен ағаштарды өңдеу барысында қауіптің 3 класты инсектицидтермен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін ұстану қажет. Өңдеу не таңертең немесе кешке, жел соқпайтын және жауын-шашын жаумайтын кезде жүргізу қажет.

 





















.

Тәжірибе

Ғалымдардың пайымдауынша піспеген алманың құрамында піскенге қарағанда крахмал көп болады екен. Осыған орай тәжірибеде біз алманың піскен немесе піспеген қалпын айыруды үйрендік.

  1. Піскен аламның кішкентай бөлігін кесіп алып, оның үстіне йод ерітіндісін тамызамыз.

  2. Нәтижесінде йодтың түсі өзгермегендігін байқаймыз.

  3. Ал піспеген алмады йодтың түсі қара көк түске боялғанын байқауға болады.

Тәжірибе нәтижесінде: Піскен алмада піспегенге қарағанда крахмал аз екендігін анықтады. Алманы өсіру  - бұл соңында шырынды жемістің мол өнімімен қуантатын үлкен еңбек. Бірақ бұған зиянкестер мен алма аурулары кедергі бола алады. Олар ағашыңыздың өнімділігін және жеміс сапасын азайтып қана қоймай, тіптен сау ағашты өлтіріп тынады. Түрлі ауруларға және зиянкестер шабуылына ересек ағаш та, жас көшеттер де шалдығады.



ІІІ. Қорытынды

Жеміс – жидек өсіру. Қазақстанда 20 ғасырдың 30 – жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтының қарамағына беріледі де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Зиянкестермен қиын күресуде алма ағашыңызды «Искра Двойной эффект» құралы құтқаруға көмектеседі. Бұл алма ағашының және тағы басқалардың зиянкестерімен күресуде аса танымал құралы. Сонымен қатар нақты зиянкестерден қорғайтын бөлек препараттар, мысалы, «Антиклещ» құралы өрмекті кенеден қорғануға арналған құралы бар.

 «Антиклеща» жұмыс ерітіндісі дайындауда айтарлықтай оңай: сізге1-2 литр су және кесте бойынша анықтауға болатын препараттың қажетті мөлшерін араластыру қажет (препарат мөлшері ағаш жасына және өңделетін ауданға байланысты болады). «Антиклещ» немесе «Искра Двойной эффект» препараттарымен ағаштарды өңдеу барысында қауіптің 3 класты инсектицидтермен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін ұстану қажет. Өңдеу не таңертең немесе кешке, жел соқпайтын және жауын-шашын жаумайтын кезде жүргізу қажет. Менің туған өңірім Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында алма ағашын өсірумен айналысатын адамдар бар. Біздің бақшамызда да зәулім алма ағашы бар. Әжем мен атам саябақты күтіп ұстап, баптайды, бар мейірімін салады. Бақшамызда алмұртпен будандастырылған алма ағашының түрі бар. Алма ағашы күтіміне қарай жеміс береді. Алмадан анам шырын, тосап, қант көбейтетін тәттілер  

  • жасайды. Мен әжем мен атам отырғызған алма пайдасы зор екенін түсіндім. Менің алмам жайқалып өссе мен де қуаныштымын.

Қорытындылай келе өзімнің төрт жол өлеңіммен

Алма , алма дейсің,

Алма әкелсем жейсің.

Айтпады екен деме,

Алманы жумай жеме, -сөзімді аяқтағым келеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Сайт: http/ www.Google.ru/

  2. Дүниетану Б.Л Хаджиева, Т.С. Идилова, Қ.А. Аймағамбетова

  3. «Расцвет земли казахстанской» Д.А. Кунаев

  4. Сұрақ және жауап энциклопедиясы С.Паркер, Б.Уильямс

«Алматы кітап» баспасы, 2012 жыл




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
1599
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12