«Алма» ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алма» ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі тәрбиешілер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту.

Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды саханалық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы саханада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер саханада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы.

«№ 97б/ балабақшасы» тәрбиешісі: Лаханова Г.Ф

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Драма.

Тақырыбы: «Алма» ертегі.

Мақсаты: Балалар көлеңкелі театр туралы түсіне білу, есте сақтау арқылы рольдерге бөліп, ауызекі сөйлеуге баулу. Бір-бірін сыйлауға, тату болуға, қолындағын бөлісіп жеуге, әділдікке тәрбиелеу.

Полингвальды компонент: алма-яблока- apple, қоян-заяц-rabbit ,қарға-ворона-crow - , кірпі-ежик-hedgehog ,аю-медведь- Bear ,

Көрнекілік: жануарлардың суреттері, көрініс,

Сөздік жұмыс : көлеңкелі,үзіп,


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешісінің әрекеті:

Балалардың іс- әрекеті:


Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты, алтын сәуле тараты.

Жарқырайды күніміз, жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң балалар, қайырлы таң достарым!

Өткен ертегілерді қайталау: «Бауырсақ» ертегі, «Жеті лақ» ертегі, «Жамандық пен Жақсылық» ертегі, «Екі аяз» ертегі, «Үйшік» ертегі,т.б.

-Жарайсыңдар, бүгін біз Алма ертегін көлеңкелі театр арқылы көрсетеміз.

Бір- біріне жылу лебіздер білдірді.


Қайталады

Ертегілерді естеріне түсірді

«Бауырсақ» ертегі, «Жеті лақ» ертегі, «Жамандық пен Жақсылық» ертегі, «Екі аяз» ертегі, «Үйшік» ертегі,т.б.

1

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Күз мезгілі еді. Ағаштардың жапырағы түсіп, алма ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Орман аралап жүрген Қоян алманы көреді.

-ля, -ля,-ля, Ой , қалай алуға болады? /секіреді/.

Автор: -Алма өте биікте еді, секіріп жете алмайды.

/Қарға ұшып алма ағашына қонады./

Қоян: -Ей Қарға! Маған алманы үзіп берші!

/Авт:/ Қарға алманы үзіп алады, бірақ алманы жерге түсіріп алады.

Қоян: -Рахмет саған, Қарға!

Автор: -деп, Қоян жерден алманы алмақ болды, жердегі алма жаны бардай жүгіре жөнелді.

Қоян: -Бұл қалай? --Тоқта, тоқта! –Менің алмамды қайда алып бара жатырсың?

Кірпі : - Бұл менің алмам! Ол төбеден құлады, ал мен оны ұстап алдым.

Қоян: -Алмамды қайтарып бер, оны тауып алған мен!

Қарға : -Босқа таласпаңдар, алма менікі, мен оны өзім үзіп алдым.

Автор: Олар алмаға таласып, у-шу болды.

Аю: - Бұл не айғай шу? Мазамды алдыңдар ғой!

Қоян: -Аю, сен осы орманда ең үлкені, ең ақылдымызсың. Бізге алманың кімдікі екенін айтып берші.

Автор: Олар Аюға болған оқиғаны баяндап береді.

Аю: -Алманы кім тапты? Қоян:- Мен көрдім.

-Алманы кім үзіп алды? Қарға: --Мен үзіп алдым.

-Жақсы, кім оны ұстап алды? Кірпі: -Мен ұстап алдым.

-Бәрің дұрыс айтасыңдар, өйткені бәрің еңбектендіңдер, алма бәріңдікі.

Кірпі: -бәрі, алма біреу ғана ғой!

Аю: -Алманы теңдей бөліңдер, бір-бір бөлігін алыңдар!

Автор: -Мұны естіп бәрі қуанып кетті.

Кірпі алманы төрт бөлікке бөлді.

-Қоян бір бөлігін саған, сен алманы көрдің,

-Қарға, екінші бөлігі саған, сен алманы үзіп алдың,

-Бұл маған, мен алманы ұстап алдым,

-төртінші бөлігін Аюға беремін.

Аю: -Маған не үшін?

-Сен бізге ақыл айтып, татуластырдың. Аю ешкімді ренжітпеді, дұрыс шешімін қабылдады.

Автор: Әрқайсысы алмаларын жеп, риза болды.

Авторлар: Әлібек пен Іңкар, Қоян-Ақерке, Қарға-Матвей, Кірпі-Самира, Аю- Тұмар.

Ән: «Достық» әні балалардың орындауында.


Қызыға тыңдады





Рольге бөлінді.




Қызыға рольдерге бөлініп ойнады


2

Рефлексивтік-

түзетушілік

Сұрақ- жауап арқылы білімдерін пысықтау. Белсенділерді мадақтау.

Сұрақтарға жауап берді

Нені білу керек: Көлеңкелі театр туралы,

Нені игереді: Есте сақтау арқылы ауызекі сөйлеуді,

Нені білді: Бір-бірін сыйлауға, тату болуды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
1143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі