Баякеева Ш.М., ҚР
ПІБ «Қарлағаш»
балабақшасы РМК
тәрбиешісі,
Нұр-Султан қаласы, Қазақстан
Республикасы
«Алма
»
ертегісі
Мақсаты: халық ауыз әдебиетіне ,
ертегілерге деген қызығушылықтарын арттыру, сахналауды үйрету.
Ертегі кейіпкерлерін аттай білу және ертегі кейіпкерлердің
тапсырмасын орындай білуге үйрету.Ертегі арқылы байланыстырып
сөйлеуге даңдыландыру, сөздік қорларын дамыту. Адамгершілікке,
достыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: белсенді тақта, алманың
суреті, әңгімелеу. Билингвальды
компонент: алма-яблоко, ая-медведь,
дәм-вкус, қоян-заяц. Себепті қызығушылығын ояту
кезеңі. Сәлеметсіңдер ме,
балалар! Жылулық
шеңбері. Шеңбер болып тұрайық. Алақанды
ашайық. Күнің нұрын салайық, Жиналған жылы шуақты, Көршімізге
шашайық. Балалар шеңберге тұрып, іс-қимылмен орындайды. Ұйымдастыру
кезеңі. Бір жылда қанша жыл мезгілі бар? Қыс, көктем, жаз, күз.
Дұрыс, қазір жылдың қай мезгілі? Күз. Дұрыс, күз мезгілі неше айдан
тұрады? Үш адан тұрады. Қыркүйек, қазан, қараша. Дұрыс, күз
мезгілінің ерекшіліктерін атап беріңдерші. Күн суытады, жапырақтар
сарғая бастайды, құстар жылы жақа ұшып кетеді,. Жемістермен мен
көкеністер піседі. Жұмбақ. Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп
қорқып тұрады. (Қоян)
Қыста ұйықтайды, Жазда
қыдырады . (Аю)
Түрі көмірге ұқсайды.
Қалбалақтап ұшады. (Қарға)
Мұрны бейне түйме, Үсті толған
ине. (Кірпі)
Жиын терін, болатын, Қамбаға
астық толатын. Жапырақтар жер бетіне тарайтын, Шөп сарғайып,өңі
тайып. Дала сұры қашады. Бөбектерім айтыңдаршы , Бұл қай кезде
болады? Дұрыс, айтасыңдар балалар. Бұл- күз мезгілі. Балалар
бүгінгі әңгімелейтін ертегіміз «Алма» ертегісі. Балалар мұқият
тыңдайды. Бақ ішінде қоян жүгіріп келе жатып, алма ағашындағы , бір
алмаға көзі түседі.Бірақ алмаға қояның қолы жетпейді, қанша секірсе
де, алманы ала алмайды. Сол сәтте алма ағашына қарқ-қарқ етіп қарға
ұшып келеді. Ей қарға мына алманы үзіп берші? Жарайды. Қоян мен
саған алманы үзіп берейін деп қарға қарқ-қарқ етіп алманы үзіп
алады. Алма үзілген бойы, ағаш түбінде ұйықтап жатқан кірпінің
үстіне түседі. Қоян кірпінің артынан жүгіріп алмамды қайтар дейді.
Қарға қарқ-қарқ етіп, алманы мен үзіп алғынмын алмамды қайтар дейді
кірпіге. Бақтың іші айғай –шу. Осы кезде қорбандап аю келеді. Бұл
не айғай-шу? Аю бізге алманың кімді екенін айтып берші,тқрелігіңді
айт. Алманы барлығын теңдей алу үшін, менім тапсырмаларымды
орындаңдар. Ал, балалар аюдың тапсырмаларын орындаймыз ба? Балалар
бір-бірден шығып берген тапсырманы орындайды.
1-тапсырма: «Себетке алманы жина».
Балалар белсенді тақтада көрсетілген алмаларды себетке жинайды және
алмаларды санап шығады. 2-
тапсырма: «Мына аң, құстар немен
көректенеді?» Дидактикалық ойын. Балалар белсенді тақтамен жұмыс
жасайды, жемістер мен көкеністерді ажыратып себетке
салады. Сергіту
сәті. Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп
қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып секірді. Қарап
еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі
екен өзінің.
Балалар өлеңді іс-қимылмен
жасайды. 3- тапсырма:
«Алманы сипатау». Балалар
алманың түсін, пішінін, түрін және дәмін сезіп, сипаттау керек.
Балалар тапсырманы орындап береді. 4-
тапсырма: «Алманы қиып жапсыру».
Балалардың алдаларына әртүрлі алманың суреттері беріледі, балалар
алманың біреуін қиып, алдыларында тұрған қағаз бетіне жапсыру
керек. Балалар алмаларды қиып, қағаз бетіне
жапсырады. Аю: жарайды, тапсырмамды
орындадыңдар. Енді алманы үшеуіңе теңдеі бөліп
берейін. Қоян: жоқ, алманы төртке бөлеміз
дейді. Бір бөлігі-аюға. Бір бөлігі-қоянға. Бір бөлігі-қарғаға. Бөр
бөлігі-кірпіге. Міне балалар, «Береке басы бірлікте» деген мақал
осыдан қалған. Балалар мақалдың мағынасын
түсінеді. Іс-әрекеттің бағалау
кезіңі. «Алма» ертегісінің мазмұнын
қайталап отырып, сұрақ-жауап ретінде бүгінгі ұйымдастырылған
оқу-қызметін қорытындылаймыз. Балалардың еңбектерін бағалап,
мақтап, марапаттау! Күтілетін
нәтиже. Нені
біледі: балалардың ертегінің мазмұнын
дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруді біледі.
Қандай түсініктерді
игерді: логикалық ойлау
қабілетін. Меңгерген дағдылары мен
іскерліктері: суреттерді қиып, жапсыруды
меңгерді.