Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Алма жемісі және оның ерекшелігі (word!)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
-
Алма туралы жалпылама түсінік
-
Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігі
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Алманың құрамы
2.2 Алманың қолданылуы
2.3 Алма жемісінің адам ағзасына пайдасы
2.4 Алманың ғажайып қасиеттері
2.5 Өз өлкемдегі алманың кірісі,халық тұтынатын алмалардың түрлері,
Практикалық жұмыстар
Алма неге қараяды ?
Алма неге суда батпайды?
Алма құрамында темір барын анықтау(зерттеу жұмысы)
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеу барысында
1. Алманың алуан түрлілігі анықталды;
2. Алманың адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;
3. Алма жемісінен қандай салаларда қолданылатыны зерттелді;
4. Алма жемісінің адам ағзасына тигізер шипалық қасиеттері жан-жақты жүйелі түрде анықталды.
Жұмыстың орындалу әдістері. Алма туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.
Ғылыми жұмыстың мақсаты:
Күнделікті өмірде жиі пайдаланатын алма жемісінің құрамындағы дәрумендер туралы кеңінен зерттей отырып, оның адам ағзасына тигізер пайдасын білу, емдік қасиеттерін анықтау,қолдану жолдарын ұсыну,онымен қоса зиянын да ескеру
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
- Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігін анықтау;
- Алма жемісінің адам ағзасына пайдалы жақтарын тексеру;
- Алманың шипалық қасиетін дәлелдеу
І.Кіріспе
Қазан айының 21-жұлдызы – Алма күні екені белгілі.
Алма -латынша (мalus) – раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың әлемде 7500 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықта маңызы бар. Қазақстанда Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 метр болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 центнер өнім алынады.
ІІ.Негізгі бөлім
Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары будандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақселекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді.
Алманың түрлері:
Антоновка – дәмі қышқыл, хош иісті, 3-4 айға дейін сақталады.
Багайлық мальт – фарфор түсті, орташа, шырыны көп, қышқыл-тәтті, дәмі кермек.
Сұрғылт анис – жемісі шырынға бай, қышқыл дәмді, 2 айға сақталады.
Мичуриндік бессемянка - жемісі ірі (120-130 г), түсі сарғыш - жасыл, нәзік шырынды, дәмі қышқыл тәтті, хош иісі бар.
Мичурин естелігі – жемісі ірі (100 – 110 г). Түсі ашық қызыл, шырынды, қышқыл дәмді сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай. Қысқы сұрып.
Жас натуралист – жемісі ірі (110 – 120 г), Түсі жасыл-сары, құрамында минералды заттары бар, шырынды, дәмі қышқыл-кермек.
Күздік шаттық – жемісі ірі (100-110 г), дәмі қышқыл – тәтті, хош иісті, сұрғылт түсті. Тасымалдауға, сақтауға жарамды.
Жазғы алтын – жемісі орташа жемісі (100-115 г.) Дәмі қышқыл-тәтті, тағамдық заттарға бай, әрі жақсы өңделеді.
Ерте пісетін қызыл алма – жемісі орташа (70-90 г), нәзік шырынды, қышқыл-тәтті.
Россошан алмасы – жемісі орташа және ортадан жоғары мөлшер. Етті, түсі ашық жасыл, шырынды, қышқыл емес тәтті дәмі бар.
Мелба – шырынды оңтүстік алмасы, дәмі қышқыл-тәтті дәмді, хош иісі бар. Жемісі тамыз айының ортасында піседі.
Шілделік черненко – жас ағаш жемісінен салмағы (80-100 г.) алма алынады. Дәмі қышқыл-тәтті, бұл жазғы сұрып. Тамыз айының ортасында жеміс береді
Кинга – жемісінің салмағы 115 г. Түсі жасыл-сарғыш, сақталған сайын сары түске айналады. Еті тығыз, шырынды, дәмі тәтті.
2.1 Алманың құрамында А,С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар.
А дәруменi — ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.
В1 дәруменi — организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1-ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін.
В2 дәруменi — басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады.
Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады.
С дәруменi — ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет.
Р дәруменi — жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді.
Е дәруменi — бұлшық еттердің қызметін жақсартады.
Сондай-ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, адам жиі ауырмайды және адамның
ойлау қабілетін арттырады.
«Күнде кешкісін бір алма жесеңіз,дәрігер қажет емес» -деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді.
2.2Қолданылуы
Алма. Сонымен қатар,алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға,қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды.
Алма жемісінен шырын,тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ,кондитер , дәрі және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі.
2. 3 Алма жемісінің адам ағзасына пайдасы
Алма, басқа да жемістер сияқты, құрамында майлылығы мүлдем жоқ деуге болатын жеміс. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады.
Алманың отаны — Орталық Азия..
Алманың жаздық, күздік, қыстық турлері болады. Қысқы турлері жылдың суық мезгілінде де алмасын бере алады.
Қызыл алма, көк алма, сары алма. Алманың қай түрі болмасын адамға тигізер пайдасы зор.
Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қанның құрамында болады. Ол оттегін мүшелерге тасымалдайды. Темір әсіресе көк алманың құрамында өте көп болады
Осы зерттеу жұмысы арқылы алманың құрамындағы заттардың адам ағзасына тигізетін пайдасын анықтадық
Алма – дәрілерден аспирин
орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Алманың адам денсаулығына пайдалы қасиеттерін әрбіріміз білетін
болармыз.
2.4 Алманың ғажайып қасиеттері
Әлемде алманың 7500-ден астам сұрпы өсірілетінін білдік. Күн сайын алманың жаңа сұрпының дәмін татып көру үшін, адамға 20 жылдан астам уақыт қажет.
Менің зерттеуім бойынша әрбір адам жыл сайын 65 дана алма жейді екен.
Алма құрамында майлар мен холестеридер жоқ. Және ол – жасұнық көзі. Орта есеппен бір алмада адамға керек өсімдік талшықтарының 4,5 грамм мөлшері бар. Алманың шие тәрізді кішкентай, грейпфрут сияқты үлкен түрлері бар. Қытай, АҚШ, Түркия, Польша және Италия – алма ең көп өсірілетін елдер. Әдетте бақтарда аласа алма ағаштары өсіріледі. Себебі аласа ағаштарды күту, жемісін жинау оңайырақ.
Алма құрамында алма қышқылы бар. Ол – тіс ағартатын құралдар жасап шығаруда қолданылатын химиялық зат. Алма қышқылы тіс кіреукесіндегі дақтардан арылуға көмектеседі.
Алма – даналық пен жеңістің белгісі. Түсіңізде алма көрсеңіз, бұтақтардан алма жұлсаңыз, адамдармен көп араласып, көп ойланатын боласыз.
Алманы жеу – сізден жасы үлкен адаммен танысқаннан кейін ақылыңыз ұлғаяды. Құрттаған алманы көрсеңіз, жалған ақпарат аласыз.
2.5 Өз өлкемдегі алманың кірісі, халық тұтынатын алмалардың түрлері
Мен осы зерттеу жұмысымда өз өлкемде сатылатын алмаларды анықтадым. Біздің Аягөз қаласының тұрғындары атасына 1 жарым тонна алма тұтынады екен.Олар Венгерка, Золотой,Апорт, лимонка,Айнұр, Салтанат алмалары халық сұранысына ие екенін білдім.
Алматының алмасын әлем біледі. Алматының апорты – ұлы даланың жеті қырының бірі Алайда, алманың отаны бола тұра әлі күнге дейін дүкен сөрелерін Қытайдың, Германияның, Польшаның алмасы жаулап алған. Отандық алма өндірісі – экспорт былай тұрсын, ішкі нарықты қамтамасыз ете алмай тұр. Статистикаға сүйенсек, елімізге жыл сайын 150 мың тонна шетелдік алма жеткізілетін көрінеді. Сондықтан болар, соңғы жылдары қоғам белсенділері де «Алматының символы, әйгілі апорт жойылды» деп дабыл қағуда.
Практикалық жұмыстар:
Жобада әр ас үйде кездесетін алманың не себепті қараятынын білігм келіп, өз тәжірибемді жасадым.
-
Алманы қақ ортасынан 2 ге бөліп, бір жартысына лимон шырынын сығып,, екіншісін біраз уақыт ашық қалдырдым.Лимон шырынын тамызған аома сол күйінде тұрса, ал ашық тұрған алма қарайып кетіпті.Оған ауа әсер еткенін білдім. Алманың құрамындағы темір оттегімен тотығып, қарайған.
Ас үйлеріңізде алманы қарайтпай ұзағырақ сақтағыңыз келсе, яғни алма қарайып кетпес үшін,оның үстінен қайнаған су құйыңыз,сол ыстық суда 5-6 минут ұстаңыз,бұдан алма жұмсарады.Одан кейін алманы сүзсп алып, дереу суық суға салып,салқындатсаңыз болады. Бұл әдіс алманы қараюдан сақтайды.
-
Алмалардың неліктен суға батпайтынын білесіз бе? деген сұраққа жауап іздеп, алманы суға салып,байқадым. Алма шынымен де суға батпады
Себебі көлемінің 25 пайызы ауадан тұрады.
-
Алма құрамында темір бар екенін зерттеу мақсатында қызыл алма мен сары алманы алдым. Штативке жіп байлап оған алманы ілдім де, оған магнитті жақындаттым. Бірінші қызыл алмамен жасап едім, алма қозғалмады.
Келесі сары алманы іліп, магнитті жақындатып едім,алма магнитке қарай жақындады.
ІІІ. Қорытынды
«Алма жемісінің пайдасы» атты жобаны қорытындылай келе,алма жемісі ой және дене еңбегімен шұғылданатын адамдар үшін өте пайдалы екенін ұғындым.
Алма жемісі және одан жасалған тосап, повидло сияқты әрі дәмді, әрі құнды тағамдар дастарқанның сәнін келтіріп, адамның тәбетін ашады. Сондай-ақ ауырған адамға шипа болғандықтан алма жемісін тамақтың бір түрі ретінде тамақ рационына қосады. Әр адамға күніне 200-300 грамм алма қажет екенін білдім.Алма жемісі майлы тамақ пен тәттіге әуес адамдар үшін шипалы тағам – диета болып есептеледі, семіртпейді. Алманы көп жеген адам организміне май сіңбейді, сөйтіп салмағы азаяды.Алма жемісінің жыл маусымының барлық кезінде де пайдалануға болатынын және қалай сақтау керектігін меңгердім. Темірге бай жеміс адам ағзасын тыныштандыратын қасиетке ие. Егер гемоглобиніңіз төмен болса. Алма дертіңізге таптырмас ем. Дертке дауа болатын алма жеміс, біріншіден, денсаулығымызды сақтауға септігі тиеді, екіншіден, отбасының қаражатын үнемдейді. Сондықтан алма жеміспенде ішек, өт жолдарын, асқазан жарасын, бас ауруын, қаназдықты, атеросклероз, гипертония, жүрек ауруын, әлсіздікті емдеуге болады дегім келеді.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Дүниетану Б.Л. Хаджиев, Т.С. Идилова, Қ.А. Аймағамбетова.
2. Сұрақ және жауап энциклопедиясы.
3. М.Қожабеков. Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан», 1982 ж., 18-бет.
4. М.Оспанова. Өсімдік – жанға шипа, дертке дауа. Алматы, «Қайнар», 1992 ж., 127-150-бет.
5. Р.Әлімқұлова. Өсімдік өмір өзегі. Алматы, «Қайнар», 1991 ж.
6 .Интернет желісендегі материалдар