Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Алма жемісінің пайдасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Зерттеу тақырыбы: Алма жемісінің пайдасы
Сыныбы:1б Омар Ерасыл
Сынып жетекшісі:Иманбекова Жанат
Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданы
Түгіескен ауылы №256 жалпы орта мектебі
2020-20212 оқу жылы
Аннотация
1.Зерттеу мақсатым:Алма жемісінің түрлерімен танысу.
Алманың адам ағзасына тигізетін пайдасы.
2.Зерттеу міндеттерім:Алманың пайдасы туралы ақпарат
құралдарынан мәліметтер жинақтау .
3.Зерттеу нысаным :Алма
4.Зерттеу болжамым: Алма жемісінің пайдасын білсек, әр үйдің
бағында алма ағашыны болуына ықпал жасаймын.
5. Жоба жетекшісінің пікірі
6. Қорытынды бөлім
7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
8. Зерттеудің нәтижесі:
Іздену нәтижесінде алма сұрыптарының (сорттарының)
сиреп немесе жоғалып
кетуіне жол бермеу, керісінше көбейту, болашақ ұрпақ оларды қамқорға
алу керектігін білу.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Жетекші идея:
-
“Алма жемісінің пайдасы”» идеялары қазіргі мектеп бастауыш
-
сынып оқушыларына өмірде аламның қажетті жеміс екендігін
-
анықтау, қолдануды тұжырымдамалық тұрғыдан негіздеу, адам
-
өмірінде маңыздылығын
-
алатын орнын анықтап,алма жеміс талдарын егудің жаңа
-
жолдарын көрсетуге ықпал етеді.
-
Идея “пользы яблок” помогает современным ученикам нашальной
-
шлолы определить фрукты,необходимые в жизни,
-
концептуально обосновать их использование,определитьих
-
важностьв жизни
-
человека и показамьновые способы пасадки яблонь.
-
-
The idea of ‘the benefits of apples’heaps moderen primary school
-
students to i dentify
the necessary fruit in life conceptually justify its importance in human -
life and show new ways to plant apple trees.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Алманың пайдасы.
Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігі, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету өте күрделі және өзекті мәселенің бірі. Бұл да еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі. Азық-түлік қауіпсіздігі – қай елдің болса да тәуелсіздігінің, еркін дамуы мен халқының әл-ауқатының артуының кепілі. Яғни, халықтың лайықты өмір сүруі оған қажет сапалы, қауіпсіз тамақ өнімдерін пайдаланумен өлшенсе керек. Сондықтан біздің кұнделікті тұтынып жүрген тағамымыздың сапасы сіз бен біздің денсаулығымыз. Өйткені сапалы ас адамның дұрыс өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Ттиімді сапалы тамақ (оның биохимиялық құрамы) – көптеген аурудан сақтандыратын, олардың алдын алатын қуатты фактор болғандықтан да, адам денсаулығы мен өнімді еңбек ету қабілетін қамтамасыз етеді.Елімізде халықтың аса көп мөлшерде қолданатын тағамдары – сүт пен ет өнімдері және көмірсуы көп тағамдар. Сонымен қатар, басты назарға алатын жайт: аталған қауіп-қатері мол, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларынан болатын өлімді итервенциялық кардио-хирургиялық әдістер тек 7 пайыз кемітсе, ал дұрыс тамақтану тәсілдерін қолдану 24 пайыз азайтады. Оған жалпы холестеринді, май қышқылдарын тұтынуды азайту арқылы қол жеткізіледі. Ол үшін жеміс-жидектер мен көкөністерді тұтыну қажет. Ал темекі шегуден бас тарту өлім-жітімді тек – 12, дене белсенділігін арттыру 5 пайыз ғана төмендетеді.Азық-түлік қауіпсіздігін шешуде, адам организмін жақсартып, денсаулығын нығайтуға және еңбек өнімділігін арттыруға, сүт және ет өнімдерімен қатар, тағамдық құндылығы мен емдік қасиеті мол жеміс-жидектер және көкөністік дақылдарды да көптеп өсіріп, тиімді пайдаланудың болашағы зор. Солардың қатарына тағамдық өсімдік ретінде алма да жатады.
Сонымен қатар, адам организмі қоршаған ортаның жағымсыз факторлары-ның әсеріне үнемі кездесіп отырады. Көптеген зиянды заттардың бірлескен әсерінен организмнің ішкі ортасы өзгеріп, ондағы қалыпты биохимиялық үрдістер бұзылады. Зақымдаушы факторлардың әрекетінен организмнен токсиндерді шығарушы және оларды залалдандырушы мүшелердің қызметі төмендеп, организмде улы заттар жинақталады. Биологиялық белсенді қосылыстар құрамындағы антиоксиданттық А, С, D, E витаминдерінің толық жиынтығы қоршаған ортаның зақымдаушы әсерін төмендетеді, организмнің төзімділігін арттырып, белсенді тіршілігін қамтамасыз етеді – дейді, мамандар.Жануарлардың азығына қосымша енгізілген биологиялық белсенді заттар мембрана тұрақтандырушы және тек антиоксиданттық қасиет көрсетіп қоймай, жасуша мембраналарының төзімділігін арттырып, оны зақымданудан қорғайды. Антиоксиданттарды тағамға қосу липидтердің асқын тотығуына кедергі келтіреді. Кейінгі уақытта жазылған әдеби мәліметтер бойынша антиоксиданттық жүйенің жоғары белсенділігін сақтауда витаминдер тәрізді табиғи реттеушілердің олардың жеке әсеріне қарағанда, бірлескен әсерінің тиімді болатындығы анықталған. Қажетті антиоксиданттық жүйелерді қолдау үшін d – токоферол, аскорбин қышқылы, полифенолдар (биофлавоноидтар), глутатиондарды организмге тағаммен енгізудің маңызы зор. Алма да витаминдерге толы жеміс болып саналады.
Алма жайлы жинаған мәліметтерім
Алма жемісі – жабық тұқымды өсімдік алма ағашының өнімі. Ол шекілдеуік жеміс тобына жататын жидек тәрізді шырынды жеміс. Алма жемісінің түзілуіне жатыннан басқа гүлтабаны, тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаның түбі, аталықтың төменгі бөлігі қатысады. Алма 5 ұялы жатыннан дамитындықтан жемісінің ішкі бөлігі қатты болады, әр ұясында 2-ден жаңғақша тұқым орналасады. Тұқымы қосжарнақты. Сыртқы қабаты шырынды. Сондықтан алма өзінше «алма жеміс» деп аталады.
Алма жемісінің химиялық құрамы. Алма құрамында 83-88% су, 7,5-16% қант, 0,2-0,8% органикалық қышқылдар, 9,5-18,5% құрғақ қалдық, 30% пектинді заттар, жасунық (клетчатка), 0,28-1% илік заттар, эфир майы, A, B1,B2, B6, C, PP, E витаминдері, көптеген минералды заттар (калий, натрий, кальций, фосфор, марганец, мыс, кобальт, молибден, мырыш бар.
Жеміс-жидектермен бірге алманың да тағамдық құндылығы. Үнемі бірыңғай тағамдармен тамақтану немесе астағы организмге қажет қоректік кенеулі заттардың (нәруыз, көмірсу, май, минералды тұздар, витаминдер, т.б.) кейбіреулерінің үнемі жетіспеуі немесе мөлшерден артық болуы әр түрлі тамақтан пайда болатын алиментарлық (гендік) ауруларға шалдықтырады. Сол үшін асқа пайдаланатын тағамдардың құрамын үнемі өзгертіп отырған жөн.
Алма, алмұрт, алша, бүлдірген, картоп, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр, қарақат, цитрус дақылдары, шие, пияз, шабдалы, баклажан және т.б. тағамдық өсімдіктерге жатады.
Өсімдік тағамдарының құндылығы тіршілікке керекті заттардың біразы адам организміне көп мөлшерде енетіні белгілі. Олар әр түрлі қант, нәруыз, витамин, фитонцид, фермент, эфир майы, минералды тұздар, органикалық қышқылдар және т.б. химиялық заттар ретінде организмге еніп, тіршіліктің негізін салатын физиологиялық және биохимиялық үдерістердің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Адам организміне өте қажет минералды тұздар (натрий, калий, кальций, магний, фосфор) мен микроэлементтер де (темір, мыс, кобальт, марганец, молибден, мырыш, йод, фтор, т.б.) негізінен осы өсімдіктер дүниесінен енеді.
Жеміс-жидекті, көкөністі тағамдар адам организміне енген соң, оның құрамындағы заттар өзара зат алмасу үдерісіне қатысып, ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартып, басқа мүшелердің физиологиялық қызметтерін реттейді.
Бір айта кететін жағдай, дәрігердің адамды емдеуге берген химиялық препараттары мен тағамға пайдаланған өсімдік құрамындағы заттарының өзара байланысы физиологиялық жағынан әр түрлі болуы да мүмкін. Сол кезде ішкен дәрі сіңгенше тамақ құрамындағы заттар оған ешбір кеселін тигізбейтін жағдай туады.
Сондықтан емделіп жүрген уақытта өсімдік тағамдарының қандай түрін, қанша мөлшерде, қай уақытта қабылдау керек екендігін дәрігермен кеңескен орынды. Сонда ғана өсімдіктердің тек тағамдық құндылығымен қатар ауруға ем болатыны сөзсіз. Мысалы, алма мен бүлдірген, сондай-ақ көкөністер ішектің тазаруын қамтамасыз етіп, холестериннің организмнен жылдам шығарылуына мүмкіндік береді.
Құрамында калий көп өсімдіктерді (алма, өрік, мейіз, шабдалы, апельсин, қара қарақат, т.б.) гипертониямен (қан қысымының жоғарылауы) ауыратындарға ұсынады. Соған қоса жеміс-жидек, көкөніс сөліндегі С витамині (аскорбин қышқылы), В тобына жататын витаминдер, микроэлементтер (кобальт, мыс, мырыш, магний) және кальций, калий, фосфор тұздары мен аминқышқылдары асқазан жарасының жазылуына мүмкіндік жасайды.
Тағамға пайдаланылатын өсімдіктердің бәрі бірдей ауруларға шипалы бола бермейді. Мысалы, бауыр ауырған уақытта құрамында эфир майы бар (пияз, шомыр, ақжелкек, шалғам) өсімдіктерді жеуге рұқсат етілмейді. Бауыр, өт қабы ауырғанда жемістерді пайдаланған жөн. Олардың өт айдайтын қасиеті бар және қанттылары бауырда гликогенді көбейтеді. Дегенмен, бауырға кейбір жемістер жағымсыз, олардағы қымыздық қышқылы, эфир майы бауырдың паренхима ұлпасын тітіркендіреді. Қышқылды жеміс-жидек асқазанды тітіркендіріп, өт қабының бұлшық еттерін түйілдіріп, ауруды қоздырады. Осы сияқты қант диабетімен ауырғанда қантқа өте бай өсімдіктерді тағам құрамынан шығарып тастайды. Сол себептен өсімдіктерді тағамға пайдаланғанда олардың түрлерін, химиялық құрамын және биологиялық сапасын дұрыс білген абзал.
Алма жемісте басқа жеміс-жидек пен көкөніс дақылдары секілді тағамдық өсімдікке жатады. Алма жемісі – алма ағашының жемісі. Ол – жеміс-жидекті дақылдардың ішінде шекілдеуік жеміс тобына жататын жидек тәрізді шырынды жеміс.
Тәжірибе жұмысым.
Бұл тәжірибедегі негізгі мақсатым . Бұнда алма құрамындағы темір элементінің ауамен тотығу жағдайын анықтадым және оның тотығу жағдайын анықтадым, соған қоса, оны тотығу процессінен қалай сақтауға болатынын көрсеттім.
1. Алманы қақ ортасынан екіге бөлеміз.
2. Осы тәсілмен лимон шырынын аламыз.
3. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын құйып, екіншісін сол күйі қалдырамыз.
4. Нәтижесінде лимон шырынын құйған алма сол балғын қалпында, ал лимон шырынына батырмаған алма қарая түскенін байқаймыз.
Алма аурулары. Алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.
Алма зиянкестерімен күресу шаралары. Алма зиянкестері алма ағашының жапырағын ширатып, гүлін, жапырағын жейді. Олардың дернәсілдері жас өскіндердің тамырын қорек етеді. Жеміс бағына орасан зиян келтіреді. Бұлардан құтылу үшін жеміс ағаштарының түбін ағарту, төңірегіндегі топырақты қопсыту қажет. Оларды мерзімінде суару керек. Жеміс бағын сынған бұтақтардан, түскен жапырақтардан тазартудың маңызы зор. Тазартылған аумақты қабықжегі, зерқоңыз, сүген тәрізді зиянкестер паналай алмайтын болады. Алма кенелерін жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта кененің 2-4 дарағы байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жояды.
. Жоба жетекшісінің пікірі
1. Жоба қорғаушы оқушының ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді.
2. Шығармашылықпен айналысуға өз білімін сынауға тырысады.
3. Мінез-құлығы орнықты, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге талпынады.
4. Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.
5. Сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. .
Жобаның практикалық маңызы. «Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір» дейді халқымыз.
Алманы қолдан өсіргенде, оны күтіп-баптаудың маңызы өте зор. Сондықтан ауылдық жерлердегі бақтарда, мектептің оқу-тәжірибе үлескесінде, қосалқы шаруашылықтарда, жеке меншік бақтарда және үй маңында ексе пайдасы ұшан-теңіз.
Біріншіден, ауылдың ауасы тазарып, үй айналасында демалуға жағдай туады; басқа ағаштармен бірге күн сәулесінің қатты қыздырып жіберуінен сақтап, күн энергиясын бірқалыпқа түсіріп отырады;
Екіншіден, ат терлетіп алысқа бармай-ақ үй айналасынан жемісін жинап алып, керекті тағам, сусын, тосап жасап алуға жол ашық;
Үшіншіден, отбасының шаруашылық экономикасының артуына көмегі тиеді;
Төртіншіден, топырақ бекіп, ауа шаң-тозаңнан тазарады, қарашірік көбейіп, жер тыңайады.
Ең негізгісі мұндай істі бастаған адам қазіргі маңызды мәселелердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, денсаулықты сақтауға және табиғатты қорғауға үлесін қосар еді.
. Қорытынды бөлім
Дертке дауа болатын алма жеміс, біріншіден, денсаулығымызды сақтауға септігі тиеді, екіншіден, отбасының қаражатын үнемдейді. Сондықтан алма жеміспенде ішек, өт жолдарын, асқазан жарасын, бас ауруын, қаназдықты, атеросклероз, гипертония, жүрек ауруын, әлсіздікті емдеуге болады.Осы аурулардың алдын алу үшін әр бір үйдің есік алдында алма ағашы болса деймін.Мен алма жемісін зертй отырып алманың адамға пайдасы көп екендігін ұқтым
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Дүниетану Б.Л. Хаджиев, Т.С. Идилова, Қ.А. Аймағамбетова
2. Сұрақ және жауап энциклопедиясы.
3. М.Қожабеков. Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан», 1982 ж., 18-бет.
4.Р.Нұрбаева. Биология және салауаттылық негізі №1, 2012 ж., 54-55-бет.
5. Ә.Өмешұлы. Биология және салауаттылық негізі №1, 2004 ж., 26-34-бет.
Р.Өтеғалиева. Биологиялық белсенді қосылыстар.
Биология және салауаттылық негізі №2, 2008 ж., 13-15-бет.