Алма жемісінің пайдасы

Тақырып бойынша 30 материал табылды

Алма жемісінің пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнделікті өмірде жиі пайдаланатын алма жемісінің өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты зерттей отырып, оның адам ағзасына тигізер пайдасын танып-білу, емдік қасиеттерін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

















































Кіріспе


Алма латынша (мalus) – раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар.

Қызыл алма, көк алма, сары алма. Алманың қай түрі болмасын адам ағзасына тигізер пайдасы орасан.  Негізінен, алманың Отаны – Орталық Азия. Уақыт өте келе алманың түр-түрі осы жерден Египетке және Палестинаға жеткізіле бастаған. Біраз, яғни кейінірек Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада да алма пайда бола бастаған екен.

Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Күнделікті өмірде жиі пайдаланатын алма жемісінің өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты зерттей отырып, оның адам ағзасына тигізер пайдасын танып-білу, емдік қасиеттерін анықтау.

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

- Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігін анықтау;

- Алма жемісінің адам ағзасына пайдалы жақтарын тексеру;

- Алма гүлінің шипалық қасиетін зерттеу.










Негізгі бөлім


2. 1 Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігі


Қазақстанда негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Тұқымнан және өсімді (вегатативті) жолмен көбейеді. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары будандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді.

Алманың түрлері:

  • Антоновка – дәмі қышқыл, хош иісті, 3-4 айға дейін сақталады.

  • Багайлық мальт – фарфор түсті, орташа, шырыны көп, қышқыл-тәтті, дәмі кермек.

  • Сұрғылт анис – жемісі шырынға бай, қышқыл дәмді, 2 айға сақталады.

  • Мичуриндік бессемянка - жемісі ірі (120-130 г), түсі сарғыш - жасыл, нәзік шырынды, дәмі қышқыл тәтті, хош иісі бар.

  • Мичурин естелігі жемісі ірі (100 – 110 г). Түсі ашық қызыл, шырынды, қышқыл дәмді сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай. Қысқы сұрып.

  • Жас натуралист жемісі ірі (110 – 120 г), Түсі жасыл-сары, құрамында минералды заттары бар, шырынды, дәмі қышқыл-кермек.

  • Күздік шаттық жемісі ірі (100-110 г), дәмі қышқыл – тәтті, хош иісті, сұрғылт түсті. Тасымалдауға, сақтауға жарамды.

  • Жазғы алтын жемісі орташа жемісі (100-115 г.) Дәмі қышқыл-тәтті, тағамдық заттарға бай, әрі жақсы өңделеді.

  • Ерте пісетін қызыл алма жемісі орташа (70-90 г), нәзік шырынды, қышқыл-тәтті.

  • Россошан алмасы жемісі орташа және ортадан жоғары мөлшер. Етті, түсі ашық жасыл, шырынды, қышқыл емес тәтті дәмі бар.

  • Мелба шырынды оңтүстік алмасы, дәмі қышқыл-тәтті дәмді, хош иісі бар. Жемісі тамыз айының ортасында піседі.

  • Шілделік черненко жас ағаш жемісінен салмағы (80-100 г.) алма алынады. Дәмі қышқыл-тәтті, бұл жазғы сұрып. Тамыз айының ортасында жеміс береді

  • Кинга жемісінің салмағы 115 г. Түсі жасыл-сарғыш, сақталған сайын сары түске айналады. Еті тығыз, шырынды, дәмі тәтті.

Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.


2. 2 Алма жемісінің адам ағзасына пайдасы

Алманың адам ағзасына пайдасы орасан. Оның құрамында алма қышқылы, май, шекер, силлолоза, таннын қышқылы, алуан түрлі дәрумендер, минералды заттар мол. Мәселен, 1 алманың құрамының 83-88 пайызын су, 7,5-16 пайызын қант, 0,2-0,5 пайызын қышқыл, 9,5-18,5 пайызын құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар құрайды. Сондықтан, көп тұтынған жағдайда ас қорыту жүйесін дұрыстап, ағзаны тазалайды. Асқазан және көкбауырды әлдендіріп, бетіңіздегі қара дақтардан арылтады. Қан бұзылу, жүрек ауруларында көп қолданады. Айта берсең, сөз жетпейтін дәруменге толы алманы қытайлықтар көп тұтынатын көрінеді.

Алма — ағзаға пайдалы табиғи өнім.

Біле-білсек, алманы арықтау үшін жейтіндер де бар. Себебі, денеңіздің сымбатын сақтауда атқаратын рөлі ерекше. Аздырып қана қоймай, сол қалыпты ұстап тұратынын айта өтейік. Анығырақ айтсақ, тамақтанар алдын — небәрі 15 минут бұрын бір дана алма жеген жағдайда, әрине, Сіз 190 килокалорийден міндетті түрде арылатын боласыз! Бұл арықтағысы келетін аруларға күтпеген, тамаша тарту!

Бұл аз десеңіз, теріге де тигізер әсері зор. Құрамындағы С дәрумені балғындық пен жастықты сақтап қалады. Ылғалдандырып, жұмсартып әжімнің түсуіне жол бермейді. Жеміс қабығының құрамындағы эфир майы да ағзамызға таптырмас емдік май. Алайда, айта өтетін бір жәйт бұл алмаларды Сіз базардан немес дүкеннен сатып ала алмайсыз. Бауыңызда өсіп тұрған ағаштан теріп алуыңыз міндетті. Сол алмалардың қабығында ғана эфир майы кездеседі. жаңа технология көш ілгері дамыған заманда, құрамында алманың табиғи жұпар иісі бар иіссулар да өндіріледі. Егер, дәл осы әтірді пайдалансаңыз, Сіздің теріңіз нәзік әрі жұмсақ, балғын қалпымен ерекшеле

Алма әйелдерді 17 жылға жасартады екен. Бұл ретте тек сыртқы келбеті сұлуланбай, нәзік жандылардың бүкіл ішкі құрылысы да жасаратын көрінеді.

Нью-Йорк университеті ғалымдарының айтуынша, күніне 1 жаңа үзілген алма жеген адамның ағзасында қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі төмендейді.

Ғалымдар күнделікті алма жеп отырған адамдарда өлім қаупі 35 пайызға дейін азаятындығын мәлімдеді. Мамандар бұндай қорытындыны 70 пен 85 жас аралығындағы 1456 зейнеткерді 15 жыл бойы зерттеу барысында шығарды. Ғалымдар қарттардың күнделікті қандай жеміс жеп отыратынына назар аударды.

Алманың құрамында қан тамырларын босаңсытатын, обыр ауруының алдын алатын жасушалар мен флавонидтер бар. Сонымен қатар алма холестерин мөлшерін азайтып, қан қысымын реттейді.

Алма, басқа да жемістер сияқты, құрамында майлылығы мүлдем жоқ деуге болатын жеміс. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен

қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

Ал алманың құрамында алма қышқылы, май, шекер, силлолоза, таннын қышқылы, алуан түрлі дәрумендер, минералды заттар мол.

Мамандардың айтуынша, жақсы алманың құрамында 83-88 % су, 7,5-16 % қант, 0,2-0.8 % қышқыл, 9,5-18,5 % құрғақ қалдық, 0,28-1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар болады екен. Сондықтан, көп тұтынған жағдайда ас қорыту жүйесін дұрыстап, ағзаны тазалайды. Асқазан және көкбауырды әлдендіріп, бетіңіздегі қара дақтардан арылтады. Қан бұзылу, жүрек ауруларында көп қолданады. Айта берсең, сөз жетпейтін дәруменге толы алманы қытайлықтар көп тұтынатын көрінеді.

Алманың құрамында А,С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар.

А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.

В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1-ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін. В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады.

Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады.

С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді.

Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады.

Сондай-ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, адам жиі ауырмайды. Ойлау қабілетті жақсы дамытады.

Ал ең бастысы - алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет. Алматылық апорт – кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Цитрусты жемістер тоңазытқышта тұрғанның өзінде 2 апта ғана шыдайды. Мәскеудің Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің биологы Владимир Мурашевтың айтуынша: «Шетелден әкелінетін жемістер Е консерванттар тобына жататын газбен өңделеді. Сонда ол сырты бүлінбей, өңін бермей, жарты жылға дейін дәмі бұзылмаған күйі сақталады. Бұл сатушыларға тиімді болғанмен, алушылардың денсаулығына зиян», – дейді.

Біле-білсек, алманы арықтау үшін жейтіндер де бар. Себебі, денеңіздің сымбатын сақтауда атқаратын рөлі ерекше. Аздырып қана қоймай, сол қалыпты ұстап тұратынын айта өтейік. Анығырақ айтсақ, тамақтанар алдын — небәрі 15 минут бұрын бір дана алма жеген жағдайда, әрине, сіз 190 килокалорийден міндетті түрде арылатын боласыз! Бұл арықтағысы келетін аруларға күтпеген, тамаша тарту!

Бұл аз десеңіз, теріге де тигізер әсері зор. Құрамындағы С дәрумені балғындық пен жастықты сақтап қалады. Ылғалдандырып, жұмсартып әжімнің түсуіне жол бермейді. Жеміс қабығының құрамындағы эфир майы да ағзамызға таптырмас емдік май. Алайда, айта өтетін бір жәйт бұл алмаларды сіз базардан немес дүкеннен сатып ала алмайсыз. Бауыңызда өсіп

тұрған ағаштан теріп алуыңыз міндетті. Сол алмалардың қабығында ғана эфир майы кездеседі. жаңа технология көш ілгері дамыған заманда, құрамында алманың табиғи жұпар иісі бар иіссулар да өндіріледі. Егер, дәл осы әтірді пайдалансаңыз, Сіздің теріңіз нәзік әрі жұмсақ, балғын қалпымен ерекшелентін болады.

Алманың пайдасы көп. Қан қысымын түсіреді, ағзаның радиацияға қарсы күшін арттырады. Алманың қышқыл сорты сусамыр мен семіздікке, ал тәтті түрлері бүйректегі тасты түсіруге көмектеседі.

Денсаулықты жақсарту үшін күніне бір алмадан кем жемеу керек. Қаны аз адамдар күніне 400-600 грамм Антонов алмасын жеуі абзал. Бүйректе тас пайда болудың алдын алу үшін алманың құрғақ қабығын ұнтақтап, бір стақан ыстық суға араластырып, үш рет бір ас қасықтан бір ай бойына тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Бір апталық үзілістен кейін емді қайта бастауға болады. Жөтелдің алдын алу үшін ұсақтап туралған құрғақ алманы қайнаған сумен араластырып, 5 минут отта ұстайды. Одан соң жарты сағат суытып қояды. Тұнбаға бір ас қасық бал қосып, жарты стақаннан күніне үш реттен тамақтан жарты сағат бұрын ішу керек. Зат алмасуды жақсарту үшін төрт-бес алманы ұсақтап турап, бір литр су құйып, 10 минут қайнатады. Тұнбаны шай ретінде ішу керек. Зат алмасудың бұзылуы негізінде буынның салқын тиіп ауруы кезінде алманың екі ас қасық құрғақ қабығын жарты литр қайнаған суға салып, 5 минут қайнатады. Қоспаны 15-20 минут тұндырып, жылы күйінде күніне үш рет жарты стақаннан тамақтанардан 10-15 минут бұрын ішеді. Асқазан ауруына таңертеңгі ас орнына екі алмадан жасалған пюре жеу пайдалы. Мұнан кейін түскі тамаққа дейін ештеңе жемеу керек. Емделу уақыты – екі апта.

С витаминінің мөлшері алманың сортына, сақталу мерзіміне байланысты болып келеді. Кейбір алма сорттарында С витаминінің мөлшері

басқа сорттармен алыстырғанда үш есеге көп болып келеді. Жаңадан жұлынған алманың құрамында С витамині көптеп кездеседі.

Алманың құрамындағы пектиннің мөлшері аз болуы оны төмен гликимиялық жеміс етеді. Бұл алманы күнделікті жеген адамның қанындағы глюкоза мөлшері баяу көтерілетінін айтады. Яғни, алма қант диабетімен ауыратын науқастарға да пайдалануға болатын тағамдардың бірі екенін білдіреді.

Алма организмде зәр қышқылы мен құмырсқа қышқылының төмендеуіне әсер етеді. Сондықтан алма ревматизм, подагра, атеросклероз және басқа ауруларды емдеуге өте пайдалы. Алманың құрамында витаминдер мен басқа да заттар көздің көруін, тері, тырнақ, шаштың өсуін жақсартып, нерв жүйесінің ауруларын алдын алуға әсер етеді.

Алманы пайдалану артериялық қысымның төмендеуі мен қан тамыр жүйесінің аурулары кезде жаксы әсер етеді. Олар сондай-ақ лимфа жүйесіне де пайдалы. Алманың құрамындағы заттар организмнің темірді жақсы сіңіруіне әсер етеді.

Алманың құрамындағы пайдалы заттардың барлығын пайдалану үшін оны шикідей, қабығымен қоса жеген дұрыс. Алманың қабығы С витамині мен пектинге өте бай. Әрбір тамақ пайдаланғаннан кейн алма жеген тек ас қорыту жүйесіне ғана емес, тістерге де өте пайдалы.

Ғалымдар алманың дәнінде биологиялық активті заттар мен витаминдер көп мөлшерде болатынын дәлелдеген. Бірақ, оған қоса, алма дәнінде өте улы қышқылдар да болады. Егер күніне 3-4 алма дәнін пайдаланатын болсақ, онда қышқылдың концентрациясы организмге зиянды болмайды. Бірақ, оның мөлшерін одан арттыруға болмайды.

Ғалымдардың айтуынша, жүктілік кезінде алманы күнделікті жеген әйелдердің балалары астма сияқты тыныс жолдар ауруларына азырақ шалдығады екен. Алма сондай-ақ ересек адамдардағы тыныс жолдары ауруларының алдын алады.

Алма ағзаға баяу сіңеді. Сол себепті алманы мұқият шайнап, баяу жеген дұрыс. Бір алманы жеп тойған кездеріңіз болды ма? Бұл оның жеңіл жеміс екеніне емес, тек баяу меңгерілетініне байланысты. Алмадағы тәтті заттар қанға сіңгенде, құрамындағы инсулин мен қанттың шамасы өзгеріп, тойымдылық сезімі пайда болады. Сондықтан қарын қатты ашқан кездері алма жеп, шамалы уақыт басқа ештеңе жемей жүре тұрыңыз, біраздан кейін аштық сезімі кетеді.

Алма холестериннің шамасын азайтады. Құрамындағы екі зат пектин (клетчатка түрі) мен полифенол (мықты антиоксидант) арқасында алма қандағы холестерин шамасын азайтып, оның қышқылдануын тоқтатады. Айта кетсек, бұл мақсатта алманың өзі емес, қабығы әлдеқайда пайдалы.

Алма қатерлі ісіктен сақтайды. Зерттеулер бұл жемістің кейбір компонеттері қатерлі ісікке әкелетін жасушалардың пайда болуынан сақтайтынын дәлелдеді. Бұл үшін де алманы қабығымен бірге жеген жөн.

Алма ми жұмысын жақсартады. Алма жеу жүйке жасушалары арасында импульс өткізуші ацетилхолин атты химиялық заттың көптеп пайда болуына әкеледі. Сондай-ақ алма есте сақтау қасиетін әлдеқайда жақсартып, тіпті Альцгеймер ауруынан сақтай алады екен.

Алманың сорттары мен сақталуы

Пісіп жетілу мерзіміне қарай алманың үш түрлі сорты бар. Олар: жаздық, күздік, қыстық. Алманың жаздық сорттарының дәмділігі жинап алынғаннан кейін 7-10 күнге дейін табиғи күйінде сақталып тұрады. Оны осы кезде жеген, пайдаланған дұрыс. Ал енді алманың күздік сорттарын жинап

алғаннан кейін оларды 1-2 апта сақтап қояды. Сонда ғана оның дәмі келеді де, ол 1,5-2 айға дейін сақталады. Алманың қысқы сорттары болса, жеті айға дейін табиғи дәмін сақтап, тәттілігі тіл үйіріп тұрады. Сол себепті, алманың ұзақ мерзімге сақталатын түрлерін ауа – райымен санаса отырып, кешірек жинауға тырысады. Егерде алма пісіп, жетілу мерзімінен ертерек жиналса, оны ұзақ уақытқа сақтауға келмейді.

Алманы ұзақ мерзімге сақтап қою температурасы – 00 С. Және де алманың сақталу мерзімі оның сапасы мен көлемінің үлкен – кішілігіне тығыз байланысты. Әсіресе, еш жеріне дақ түспеген алмаларды неғұрлым ұзақ сақтауға мүмкіндік мол. Мамандардың айтуынша, алманың ұсақ және өте ірілерінен гөрі шағын алмалар ұзақ сақталады.

Алманың тұқымында 15 пайыз май мен 0,6 пайыз амигдалин, жапырағында С дәрумені (450 милиграмм пайызға дейін), рутин мен әр түрлі полифенольды қоспалар бар болса, алманың құрамы 87 пайыз судан тұрады. Жаңа жұлынғандары А,В,С тобындағы дәрумендерге бай.

Алмадағы минералдық заттар мен микроэлементтердің пайдасы

Калий. Алманың құрамындағы калий жүрек-қан тамырларының қызметін қалыптастырады. Ағзадағы қышқылдық қоспаларды бейтараптандырады, сол арқылы ағзадағы қышқылдық – сілтілік тепе – теңдікті орнықтырады.

Пектин. Ол ағзадағы улы заттар мен ауыр металдардың тұздарын (кобальт, қоғасын, никель) залалсыздандырады. Алма ұзақ сақталғанда да оның құрамындағы пектиндер өзінің улы заттарды бейтараптандырғыш қасиетін жоғалтпайды.

С және Р дәрумені. Алма жапырағы - С дәруменінің қайнар көзі. Бұл дәрумендер басында сақинасы бар адамдардың күре тамырындағы қан қысымын төмендетеді, суық тию үрдісін бәсеңдетеді. Алманың жұмсағы (мякоть) С дәруменін тотықтандыратын заттардан тұрады. Термиялық өндеу осы заттардың азаюына және С дәруменінің ағзаға молынан енуіне ықпал

етеді. Сол себепті, жаңа піскен алманы компот жасап, пайдаланса, өте пайдалы.

Алма қышқылы қосылған темір сығындысы. Алманың құрамында темір мол шоғырланғандықтан, оны қаназдық ауруына кеңінен қолданады. Оның емдік қасиетін жоғарылату үшін мынандай фармацевтикалық препарат жасайды: алманың шырынына (98 бөлігі алынады), темір (2 бөлігі алынады) қосады, осылайша сығынды әзірлейді.

Хлорогендік қышқыл. Адам ағзасында тастың (бауырдың өт жолында, бүйректе) пайда болуының алдын алады. Бұл орайда алма құрамындағы осы қышқыл ең тиімлі профилактикалық құрал болып табылады.

Алма терапиясы

Емдік тұнба, дәм

1. Бүйректегі тастың пайда болуының алдын алу үшін алманың қабығын

майдалап ұнтақтап, бір стақан суға салып араластырады. Тұнбаны күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын ас қасықтан бір ай бойы ішеді.

2. Жөтелдің алдын алдын алу үшін ұсақтап туралған алманы қайнаған суға

салып, 5 минут отта ұстайды. Сосын жарты сағат суытады, тұнбаға бір ас қасық бал қосады. Жарты стақаннан күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді.

3. Зат алмасуды жақсарту үшін төрт – бес алманы ұсақтап турайды, бір литр

суға салып, 10 минут қайнатады. Тұнбаны шай ретінде ішу қажет.

4. Буындарға салқын тиіп ауырғанда алманың екі ас қасық құрғақ қабығын

жарты литр қайнаған суға салады, 5 минут қайнатады. Қоспаны 15-20 минут тұндырады, жылы күйінде күніне үш рет жарты стақаннан тамақтанардан 10 – 15 минут бұрын ішкен жөн.

5. Алманың шырынымен теріні сүртсе, ол жасарады, әжімдер жазылады.

6. Үлкен алманың құрамындағы йодтың мөлшері бананға қарағанда 8 есе,

апельсинге қарағанда 13 есе көп. Тамақтанар алдында алманы үккіштен өткізіп, түсі қарайғаннан кейін жесе, ас қорыту жұмысын жақсартады.

7. Алма сіркесуын балмен қосып ішу ағзаның қорғаныс қабілетін күшейтеді.

Салаттарға алма сірке суын қосу ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетеді.

8. Ғалымдар жүктілік кезінде әйелдерге алманы күнделікті жеуге кеңес береді, сонда іштегі бала тыныс жолдары ауруларына көп шалдықпайды.

9. Алма құрамындағы В және С дәрумендері арқылы теріні токсиндерден

тазартуға, целюлитті кетіруге, теріге жетіспейтін темір мөлшерін арттыруға, теріні жұмсартуға болады. Ол үшін алманы езеді, қоймалжыңды теріге жағады. Әсері күштірек болсын десеңіз, 1 алма жеу немесе 1 стақан алма шырынын қосымша ішу қажет. 3-5 минуттан соң қоймалжың жағылған теріні жылы сумен шаяды, теріге иісмай (крем) жағады.

10. Асқазан жарасында, өт жолы зақымданғанда, асқазанда қышқыл көбейгенде, гастритте алманың кей түрін ғана қабығын аршып жеуге болады. Алма асқазанда баяу қорытылатындықтан, оны асықпай шайнап жейді.

11. Алманың ормандық, қышқыл түрлері. Ғылыми медицинада жаңа піскен алманы дәрумен жетіспеушілігінде (авитаминоз), ішек-қарын жолы сырқатында диеталық және нығайтушы тағам ретінде ұсынады. Оған алманың осы түрлері қажет.

12. Тәтті алмалар. Колитте ( тоқішектің қабынуында), іш қату ауруларында шипалы.

13. Қантсыз пюре. Балалардың қатты іш өтуін емдеуде пайдаланады. Бұл тәсіл былай жасалады: балалардың жасына қарай (2 және 10 жас аралығында) күніне қабы аршылған алмадан қантсыз пюре жасап, 500-1500 г мөлшеріне береді. Сусындардан тек шай ғана ұсынылады. 2-3 күндік алма диетасынан

кейін баланың тамақ рационына қайнатылған күріш суын, кептірілген нанды, жұмыртқаның ақуызын қосады.

14. Алма шырыны. Алманың «антоновка» сортынан жасалған шырынмен дизентерия (жұқпалы іш ауруы) тудыратын микробтарды белсенді түрде жоюға болады. Жаңа дайындалған бұл алма шырынын гепатохолецистит, бүйрек тас ауруында, ішек-қарын, атеросклероз, зат алмасудың бұзылуы дертінде, семіздікте, шорбуында (артритте), тұз байлануда толысуды азайтатын, өт айдайтын, зәр шығартатын дәрі ретінде ішеді.

15. Алма компоты. Бауыр, бүйрек пен жүрек ауруларына ем. Қантсыз алма компотын қант диабетінде, семіздіктен арылудың емдік кешенінде пайдалану шипалы.

16. Күніне 2-3 алма жеу. Қандағы холестерин мөлшерін азайтады.

17. Шикі, қайнатылған, піскен алма. Олардың да құрамында пайдалы, шипалық заттар көп. Алманың бұл түрлерін созылмалы асқазан ауруында, балалардың ішек-қарын дертінде, шемен кеселінде зәр айдау үшін қолданады.

18. Жаңа піскен алма ботқасы. Оны дененің күйген немесе үсіген жеріне басады, алма ботқасын тез жазылмайтын жараларды емдеу үшін пайдаланады.

19. Алма шайы. Бұл сусын склерозда, созылмалы сарыпта (ревматизм), тұз байланғанда (подагра), бүйірек тасы ауруында, бүйрек ұстамасында өте пайдалы.

2. 3 Практикалық бөлім.

Фитотерапевт Дина Балясова алма ағашы гүлінің қыз-келіншектерге пайдасы зор дейді. Бұл хош иісті таңертең 10-15 минут иіскеген қыз-келіншектердің ағзасында күні бойы көңілді жүруге көмектесетін гормондар түзіледі екен. Яғни оның иісі сергек жүруге көмектеседі деген сөз. Ал осы гүлдің тұнбасын бетіне сүртсе әжім тартылып, теріге әр береді.

Алма ағашының гүлі асқазанның ойық жарасына (гастрит) да ем. Ол үшін гүлді көлеңкелі жерде кептіріп, 1 шай қасығына 1 стакан қайнаған су құю керек. Сосын бетін жауып, суығанша қояды. Содан кейін сүзіп алып, күні бойы ішіп жүрсе, ойық жараның жазылуына тездейді. Бір жақсысы, алма гүлінің шайын тамақтан бұрын ішсеңіз де, кейін ішсеңіз де бола береді.

Көктемде бойды әлсіздік билеп, көңіл-күйдің мың құбылатыны бар. Осы кезде гүлдеп тұрған алма ағашының көлеңкесінде отырып тынықсаңыз, ол бойдағы жаман энергияны тартып алады. Ол мидың тынығуына, ұзақ уа-қытқа созылған сырқаттан тез айығуға да сеп.

Алма ағашының гүлі қосылған шай тұмау мен суықтауда да жақсы көмектеседі Ол үшін жарты литр қайнаған суға бір ас қасық гүлді саласыз да,

10 минут тұндырып қоясыз. Оны қант қоспай, жылы күйінде асықпай ішу керек.

Міне, алма ағашының жемісі ғана емес, гүлінің де осындай керемет қасиеті бар. Ендеше көз алдыңыздағы дайын дәріхананы кәдеңізге жаратып көріңіз. Дегенмен оны ем ретінде пайдаланбас бұрын дәрігермен кеңесіп алуды ұмытпаңыз.

Алайда, диетолог мамандар алманың зиянды тұстарының бар екендігін естен шығармауға кеңес береді.

Алдыңыздағы тізімді көріп, ешқандай нашар қырын байқамағаныңызды айтарсыз. Асықпаңыз, диетологтар алманың құрамындағы жасұнықтың көп болуы колит (тоқішектің талаурап, қабынып ауруы) ауруының пайда болуына әкеліп соқтыруы және асқазан-ішек жолдарының жұмысына зиян тигізуі әбден мүмкін екендігін айтады. Екіншіден, құрамындағы жеміс қышқылының шамадан тыс көптігі асқазандағы жараны ұлғайтып жіберу қаупі бар. Үшіншіден, алманың қышқылы тістің эмалына қатты әсер етеді, яғни оны жұқартып, тісті сезімтал етіп шығарады. Алма жапырағынан демделген шайды көп ішпегеніңіз абзал, мұның қант диабеті ауруына шалдықтыратындығы дәлелденген.





























Қорытынды

Сонымен, біз күнделікті өмірімізде жиі пайдаланатын алма жемісінің түрлерімен таныстық. Оның адам ағзасына тигілер орасан зор пайдасын білдік.

Алмадан жасалған шырындар да адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

Ал алманың құрамында алма қышқылы, май, шекер, силлолоза, таннын қышқылы, алуан түрлі дәрумендер, минералды заттар мол.

Алманың пайдасы көп. Қан қысымын түсіреді, ағзаның радиацияға қарсы күшін арттырады. Алманың қышқыл сорты сусамыр мен семіздікке, ал тәтті түрлері бүйректегі тасты түсіруге көмектеседі.

Сөзімді аяқтай келе, Алма, алма дейсің, Алма әкелсем жейсің. Айтпады екен деме, Алманы жумай жеме – дегім келеді.



























Ұсыныс:

1. Алма жемісінің пайдалы жақтарын жан-жақты түсіндіретін жинақтар жасалынса;

2. Туған өлкемізде алма бақтары қайта қолға алынып, жандандырылса.











































Пайдаланылған әдебиеттер:



1. М.Бекеева. Алманың пайдасы көп. Егеменді Қазақстан. 2011 ж. №24.3-б.

2. Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б 3. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет.

4. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ж.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.03.2025
287
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі