400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алма мен алмұрт»

Материал туралы қысқаша түсінік
күзде пісетін жемістер туралы түсінік беру; алма мен алмұртты салыстыру арқылы пішініндегі айырмашылықты анықтау, ермексазды дамалақтау, созу тәсілдерін қайталау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Балдырған » тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 14 .10.2017ж

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Алма мен алмұрт»

Мақсаты: күзде пісетін жемістер туралы түсінік беру; алма мен алмұртты салыстыру арқылы пішініндегі айырмашылықты анықтау, ермексазды дамалақтау, созу тәсілдерін қайталау.

Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу,ояту.

Магниттік тақтаға натюрморттар ілінеді («Алмалар мен жапырақтар», «Себеттегі алмалар» және т.б.)

- Суреттерде не бейнеленген?

-Осы суреттер сендерге қандай көңіл күй сыйлады?

Бұл суреттер ашық түсті жіне көңілді бояулармен салынған, сондықтан оларға қарағанда бізде қуаныш пен көтеріңкі көңіл- күй пайда болады.

Балалардың жауаптары:


- Суреттерде алмалар бейнеленген.

- Суреттер өте әдемі, нағыз алмаға ұқсайды.

-Түстері ашық, көңілді.

Ұйымдастыру, іздену.

-Суретші неге алмаларды қызыл дастарқанның үстіне бейнеленген?

-Әрине, сары және жасыл алмалар дастарқан үстінде әдемі көрініп тұру үшін ойластырылған.

-Тағы бір суретте алмалар үстелдің үстінде жатыр, олар- қызыл және жасыл түсті жылтыр алмалар. Суретші олардың әртүрлі түсіне, көлеміне, дөңгелек пішініне, тәттілігіне қызығып бейнеленген болуы керек.

- Сендерге қандай алма ұнады?

-Ал енді үлкен жапырақтардың үстінде жатқан алмаларға қараңдаршы. Суреттерді бір- бірімен салыстырыңдар.

Суретпен жұмыс аяқталғаннан кейін тәрбиеші алма мен алмұртты қолына ұстап көрсетіп, пішінін салыстыруды сұрайды.

-Бізде алма мен алмұрттың біренше түрі, түсі бар. Әртүрлі жемістерді суретшілердің картинасындағыдай сауытқа әдемілеп орналастырайық.

- Бүгін біз осы алма мен алмұртты ермексаздан жасап үйренеміз.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады

-Қазір күз мезгілі. Бақтарда піскен жемісерді жинайды.Жарылқап та бүгін атасына көмектесіп, бақтағы алма мен алмұртты жинап жатыр.Біз оған жәшіктерді толтыруға көмектесейік. Бір жәшікке жасалған алмаларымызды саламыз, екіншісіне алмұттарымызды саламыз.Біздің де жасайтын жемістеріміз ағашта өсіп тұрғандай әдемі, жылтыр болсын.

Сергіту сәті

- Саусағым қайда болдың?

- Балалармен не істедің

- Бір баламен жүгірдім,

- Бір баламен биледім,

- Бір баламен қыдырдым,

- Бір баламен ойнадым,

- Бір баламен секірдім,

- Дотарымды жинаймын,

Мүсіндеуді бастаймы. (Г.Бектұрова)

Педагог мүсіндеу тәсілін көрсетеді.

- Бұрыннан білетін домалақтау тәсілімен алманы жасаймыз. Алманың сабағын орналастыратын жерді саусағымызбен шұңқырлаймыз. Сабағы мен жапырағын жасап, шұңқырға орналастырамыз. Алмұртты жасау үшін, алмадан үлкенедеу дөңгелек жасап, жоғарыға жағын сопақша пішінге келтіріп созамыз. Сыртын тегістейміз.

Жасаған жемістерді жәшікке салыңдар.



Сөздік жұмыс: сопақша

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Билингвальді компонент: алма- яблока, алмұрт- груша, сары- желтый, қызыл- красный.

-Алмалар жақсы көрінуі үшін.

-Ең әдемілері – қызыл, қызғылт түстілері.


-Алманың пішіні дөңгелек, кішкентай сабағы бар, оған жапырақ орналасқан.

Алмұрттың пішіні сопақшалау болып келеді.



Суретке қарайды, әңгімені тыңдайды

Ынталарын білдіреді.



















Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша саусақ жаттығуларын жасайды.



Ермексазды домалақтаймыз, содан кейін кішкене шұңқырлап, оған таяқшаны немесе жұқа сымтемірді тығып қоямыз.

Қажетті ермексаз түстерін таңдап алады.

Оны алақанына салып жұмсартады.

Балалар тәрбиешінің көрсетуімен ілесе отырып, алма мен алмұртты жасайды.

Қайталайды: сопақша, жәшікке дайын жемістерді салып,оның айналасында басқа да заттарды орналастырып,композиция құрастырады.

Қайталайды: алма- яблока, алмұрт- груша, сары- желтый, қызыл- красный.

Рефлексиялық түзету.

-Балалар Жарылқап сендерге жәшікті толтыруға көмектескендерің үшін алғысын білдіріп жатыр. Ол өзінің ауласындағы бақта пісіп тұрған жемістерінен сендерге беріп жіберіпті.

Тәрбиеші балаларға алма, алмұрт үлестірілді.

Қуаныштарын білдіреді.


Жарылқапқа беріп жіберген жемістері үшін алғыс айтады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: домалақтау, созу тәсілімен жемістер жасайды.

Түсінеді: әртүрлі жемістерден үйлесімді натюрморт құрасыруды; күзгі жиын - терін туралы.

Қолданады: домалақтау, созу дағдыларын.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
772
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі