
Алма психикалық дамуы
тежелген ересек тобының ашық қаралымы
Тәрбиеші: Көшербаева Ақжеміс
Машрупқызы
Білім беру саласы:
Коммуникация
Бөлімі
: Сөйлеуді
дамыту
Тақырыбы :
«Көліктер»
Мақсаты : Балаларға көлік түрлерін
естеріне түсіре отырып, суда, жерде,әуеде ұшатын көліктермен
саяхаттау .Түзету жұмыстары арқылы дұрыс тыныстауға, жаттығуды
дұрыс жасауға, ойын арқылы саусақ маторикасын дамыту. Мнемо
кестемен жұмыс жасау, ойындар арқылы қызығушылықтарын арттыра
отырып, толық жауап беруге үйрету.
Ұйымдастыру
:
Тәрбиеші : балалар, бүгінгі күн ерекше
күн. Өйткені, біздерге апайлар қонаққа келіпті. Қанекей,
қонақтармен амандасайықшы.
Амандасу:
Арайлап таң
атты!
Алтын арай
таратты!
Қайырлы
таң!
Қайырлы
күн!
Тәрбиеші : Балалар, тыңдаңдаршы, біреу
есік қағып тұрған сияқты. (есік қағылып ішке Дымбілмес
келеді)
Тәрбиеші: Қәнекей, балақай келеғой!
Балалар қонағымызбен амандасайықшы!
Балалар: (амандасады)
Дымбілмес
: амансыңдарма ,балалар? ! менің
атым Дымбілмес мен сендермен ойнауға келдім. Сендерге құр қол
келген жоқпын, сендерге көп қайықтар жасап әкелдім.Менің ішім
пысты, мен қайықпен сырғанап ойнағым келеді.Ой, Дымбілмес қайықпен
қалай ойнамақшысың?
Балалар, Дымбілмес жыл
мезгілдерінде білмейтін сияқты.
Қанекей, Дымбілмеске
көмектесейік.
Қазір жылдың қай мезгілі?(қыс
мезгілі)
Қыс мезгілінде неше ай бар?
(үш айы бар)
Қандай айлардан тұрады?
(желтоқсан, қаңтар, ақпан)
Қазір қыс мезгілінің қандай
айы? (қаңтар айы)
Күн қандай болады? (аяз,
боран, суық)
Дұрыс
айтасыздар!
Ал қыс мезгілінде қайықпен
ойнауға, болама?
Балалар :
болмайды
Тәрбиеші : Не үшін қайықпен
ойнауға болмайды? Өйткені қайық суда жүзетін көлік, ол тек суда
жүзеді. Ал бізде қазір қыс мезгілі , сондықтан қайықпен қалай
ойнаймыз? Ол су көлігіне жатады.
Дымбілмес : көлік деген не?
.
Тәрбиеші : Ал, Дымбілмес бізге ойнауға
келген екен, ол көліктердіде танымайды екен. Балалар ,біз көліктер
туралы білемізғой я. Біз бүгінгі күнімізді Дымбілмеске арнап,
Дымбілместі көліктермен таныстырсақ
қайтеді?
Дымбілмеске көліктерді
таныстыру үшін, біздер көліктерге мініп,жылы жаққа барып,
қайығымызды суға жүздіріп ойнап, Дымбілмеспен көңіл көтеріп
қайтайық!
Ол үшін саяхатқа шығуымыз
керек. Саяхатқа шыққыларың келеме? Ол үшін мен сендерге жұмбақ
жасырам. Егер , жұмбақтың шешуін тапсаңдар, біздер көліктерге мініп
саяхатқа шығамыз.
Жұмбақ : Бір- біріне қарап үйлер
тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрлі берлі
көшіп (поезд)
Ой , жарайсыңдар, балалар!
Жұмбақ шешуден қателескен жоқсыңдар.! Балалар ,мынау тұрған қандай
көлік? (поезд)
Поездың неше вагондары бар?
Поезд қандай жолмен жүреді? Поезді кім
жүргізеді?
Тапсырма : (конверт тауып
алады. Оның ішінде тапсырма жазылады.)
Балалар, мына жерде бір қағаз
жатырғой, қане қарап көрейінші
Мынау бізге берілген тапсырма
болу керек. Осы тапсырманы қатесіз орындасақ біз мына поездға
мінеміз.(Тапсырмада тіл жаттығуларын жасай білесіңдерме?-
депті
Тілге
жаттығу:
Ерте, ерте, ертеде , ешкі жүні
келтеде
Жалпақ қызыл тіл өмір сүріпті.
Ол таңертең ерте тұрып сағатқа қарапты.
Айнаға қарап шашын тарақпен
тарапты.Содан соң кесеге шай құйып, тәтті тосаппен шәй ішіпті.
Жалпақ тіл терезеден ағашқа қонып отырған тоқылдақты көріпті.
Жалпақ тілдің іші пысып далаға шығып, сырғанақ теуіп бір күнін
көңілді өткізіпті
Тапсырманы орындадық, поезымыз
дайын тұр екен
Енді бәріміз поезға отырайық(
музыка қосылады)
Балалар, біздің поезд тоқтаған
сияқты, енді Дымбілместі басқа көлікке мінгізіп көрейік. Енді
қандай көлікке мінеміз . Балалар6 мынау тұрған қандай көлік? Маған
қандай көлік екенін кім айтып береді.?
Балалар
(автобус)
Тәрбиеші : Бұл көлікке міну
үшінде тапсырма орындауымыз керек екен.
Мен қандай тапсырма екенін
қарап көрейін
Тапсырма : «Мнемо
кесте»
Жарайсыңдар , балалар
тапсырманы орындадық, енді автобусқа мінуге болады. (бәрі автобусқа
отырады)
Балалар, біздің автобусымыз
тоқтаған сияқты, автобустан түсіп, айналамызға қарап көрейікші!
Жақын маңда өзен көрінбейме? Мынау тұрған қайық сияқтығой, қанекей
қасына жақынырақ барып көрейік.
Дымбілмеске өзенді көрсетіп,
қайықпен ойнатып қайтайық.
(қайықтың қасына
келеді)
Балалар, қайық неден жасалады?
(ағаштан)
Қайықты кімдер басқарады?
(адамдар)
Қайық қайда
жүзеді?(өзенде)
Суға қолымызды салып
көрейікші?
Су қандай?
(жылы)
Қанекей, қолымызды жуайық,
қолымызды сумен жуайық, бір бірімізге шашайық( балалар сумен
ойнайды)
Дымбілмес сенің балаларға
әкелген қайығың қайда? Өзен деген осы. Қайық осы өзенде жүзеді.
Қане , қайықтарымызды суға салып
көрейікші?
Олар неге жүзбей
тұр?
Қазір бізде күн тынық, жел
жоқ, сол себепті біз қайықты үрлеп
жүздірейік.
Демалу жаттығуы:
«Жел»
Тәрбиеші : Жарайсыңдар, балалар!
Қайықты суға жүздірдік. Біраз уақыт болып қалған сияқты, біздер
балабақшамызға қайтайық. Дымбілместіңде үйгеге қайтатын уақыты
болды.
Енді бізде балабақшамызға
қайтайық, қандай көлікке отырсақ болады? (айналасына қарайды,
ұшақты көреді)
Балалар,мынау қандай көлік?
(ұшақ)
Ұшақ қайда ұшады?
(әуеде)
Ұшақты кім жүргізеді?
(ұшқыш)
Ұшақ қандай дыбыс шығарады? (
у-у-у)
Бұл ұшаққа мініп
балабақшамызға қайту үшін тағы тапсырма орындауымызға тура
келеді.
Д/О «Көліктерді өз
орындарына орналастыр» (әр көлікті өз орындарына
орналастыру керек)
Біздер ұшақтың тапсырмасын
орындап тастадық. Енді ұшаққа отырып балабақшамызға
оралайық.
Физминутка :
«Ұшақ»
Қолды созып
жанымызға,
Ұшайық біз
аспанға
У-у-у-у
Ұшты біздің
ұшағымыз
У-у-у-у
Қонайық келіп
бақшаға
Мінекей , бақшамызғада келдік.
Біздің саяхатта аяқталды.
Балалар, бүгін біздер не
істедік?
Қайда
бардық?
Қандай көліктерге
міндік?
Тәрбиеші : Дымбілмес бүгінгі саяхат
саған ұнады ма? Сен әуеде ұшатын, жерде жүретін, көлде жүзетін
көлік түрлеріне мініп саяхат жасадық!
Енді көлік түрлерін есіңде
сақтап ұмытпа.
Дымбілмес : Жақсы сіздерге
көп- көп рахмет!. Мен сендерге босқа келген жоқпын.(өзімнің
сыйлығымды ала келдім.(сыйлығын береді)
Енді менде кетуім керек.
Меніде анам іздеп жатқан шығар.
Балалар : Сау
болыңыз!
Дымбілмес :
сау болыңыздар!
Тәрбиеші : бүгін жақсы саяхат
болды. Енді келген қонақтармен қоштасып, тобымызға
қайтайық.