400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алмабек мектепте

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 бөлім

Менің мектебім 5 сабақ

Тақырыбы:

Алмабек метепте

Мектебі:№ 2

Күні, айы:

Мұғалімнің аты – жөні: Баянбаев Б.Б.

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

1.2.3.1. Сұхбаттасын түсіну жіне түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме ..) ажырату.

1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:Нешінші? Деген сұрақты түсінеді. Сұрақ бойынша өзінің нешінші сыныпта оқитынын айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:Неше? Нешінші? Сұрақтарының айырмашылығын түсінеді.Үлгі бойынша реттік сан есімдерді айта алады.Өзге балалардан нешінші сыныпта оқитынын сұрай алады, өзі сол сұраққа дұрыс жауап бере алады.

Кейбір оқушылар:Өмірлік жағдаятта реттік сан есімдерді еркін қолдана алады, өзі туралы мол ақпарат бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезендері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар нешінші сыныпта оқитынын сұрау және сол сұраққа жауап беру үлгісімен танысады:

  • Сен нешінші сыныпта оқисың?

  • Мен бірінші сыныпта оқимын.

Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім осы диалог арқылы оқушыларға реттік сан есімдерді үйретеді. Оқушылардың назарын мектепте, оқимын, оқисың сөздеріне аударады.

(МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім неше? нешінші? Сұрақтарын салыстыра отырып көрсетеді.Оқушылар неше? Сұрағына бір, екі, үш... деп, ал нешінші? Сұрағына бірінші, екішінші, үшінші...жауап беруге жаттығады.

(Т) Мұғалім оқушыларға сандар жазылған карточкалар таратады. Оқушылар неше? Нешінші? Сұрақтарын қою арқылы сандарды тағы бір рет қайталайды. Оқушылар сандарды бір-біріне қарама-қарсы тұрып та айтуларына болады.

(МК,Ұ) 2-тапсырманы орындағанда оқушылар алдыңғытапсырманы бекіте түседі, олар бір-бірінші, екі-екінші...деп қатар айтып жаттығады.

(Ж) 3-тапсырма оқушылардың берілген үлгі бойынша сөйлесу дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Бұл тапсырмада оқушылар алдыңғы үйренген сөйлеу үлгілерін еске түсіріп, оны жаңа сабақта үйренген сұрақтарымен толықтырады. Алдымен диалогті тыңдайды, қайталайды, сонан соң жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі.

- Сәлем!

- Сәлем!

- Сенің атың кім?

- Менің атың-...

(МК,Ұ) 4-тапсырмада оқушылар жұмбақпен танысады. Оқу мақсатына сәйкес жұмбақ сөзі түсіндіріледі. Жұмбақты тыңдау, хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі. Жұмбақты жылдам есте сақтау үшін, суреттер,түстерге арналған карточкалар (көк, қызыл, қара, сары) қолданылады.

Жұмбақтың шешуі: түрлі түсті қарындаштар.

(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Оқулық



Аудиодиск:

2.5.1.;

2.5.3.;

2.5.4




















Сандар жазылған карточкалар
















№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 2.5

Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ)Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой- пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау


1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?Неге?

2 Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі