Материалдар / «Алматы».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Алматы».

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның мәдени орталығы – Алматы қаласы туралы мәлімет беру. Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары және басқа мәдени, білім орталықтарымен таныстыру. 2. Оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, танымдық ойлау қабілеттерін, білуге деген құштарлықтарын арттыу. Топта жұмыс жасата отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үрету. 3. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. С. түрі: аралас сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
425
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

С. тақырыбы: «Алматы».

С. мақсаты:

1. Қазақстанның мәдени орталығы – Алматы қаласы туралы мәлімет беру. Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары және басқа мәдени, білім орталықтарымен таныстыру.

2. Оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, танымдық ойлау қабілеттерін, білуге деген құштарлықтарын арттыу. Топта жұмыс жасата отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үрету.

3. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

С. түрі: аралас сабақ.

С. әдісі: түсіндіру, хабарлау, сұрақ – жауап.

С. көрнекіліктері: тірек сызбалар, қима қағаздар.



Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі:

- амандасу

- оқушыларды түгендеу

- бүгінгі сабақтың ұраны: «Бір сөз болса да, дауыстап айт,
ең бастысы – үнсіз қалма.»

- дайындықтарын тексеру

- психологиялық даярлау: сабақ өту барысындағы ереже:

- тыныштық сақтау;

- сұрақтарға дұрыс, әрі толық жауап беру;

- топтық жұмыста бір - біріне көмектесу;

- бір-біріне кедергі жасамау;

- орынсыз сөйлеп, біреудің сөзін бөлмеу;

- сабаққа белсенді қатысып, үздік баға алу.


II. Үй тапсырмасын сұрау:

- кезекші үйге берілген тапсырмаларды айтып жеткізеді

(Астана).

- сабаққа белсенді қатысып, жұлдызшалар жинап отырамыз, өйткені сабақ соңында жұлдызша саны бойынша бағаланасыңдар

- үй тапсырмасын тексермес бұрын, біз үш топқа бөліну керекпіз. Қатар бойынша: бірінші қатар – «Қабілет» тобы, екінші қатар – «Дарын» тобы,

үшінші қатар «Білім» тобы. Енді осы әр топ өз машинасына мініп, Астана қаласына саяхатқа шығамыз.

- №9-15 слайдтар.

- бірінші топқа тапсырма: Астана қаласының мәдени орталықтарын атау;

- екінші топқа тапсырма: президент туралы қысқаша мәлімет беру;

- үшінші топқа тапсырма: Астана қаласында өздері тұрғызғысы келетін ғимарт кескінін салу.

- ал енді, шаршап қалсақ бой сергітіп алайық

- сергіту сәті:
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тотырып, бір тұрып.
Біз демалып қалайық.


III. Жаңа сабаққа кіріспе бөлімі:

- жаңа сабақ тақырыбын жұмбақ шешу арқылы табайық:

Елордамыз - Астана қаласы,

Астана - еліміздің жас қаласы.

Республикамыздың алғашқы елордасы,

... еліміздің ол - бас қаласы!

- әрине Алматы.


IV. Жаңа сабақ:

- №19-34 слайдтар

- слайдтар жүру барысында, балаларға баяндау:

- Алматы – Қазақстанның ең үлкен, әрі әдемі қаласы. Ол Іле Алатауының Баурайында орналасқан. Қала шетінде Медеу мұз айдыны бар. Кең көшелер мен даңғылдар, биік ғимараттар қаланы көріктендіріп тұр. Көшелерді бойлай ағаштар отырғызылған және гүлдер өте көп.

Алматы – Қазақстанның мәдени орталығы. Алматы қаласын бойлай Көктөбе тайы да орналасқан, оның биіктігі 1130 метр, ал Көктөбе тауының баурайында Көктөбе телемұнарасы бар, оның биіктігі – 372 метр.

Сонымен қатар, көптеген жоғары және арнай орты білім беру орындары бар. Мысалы: Әл-Фараби атындағы ҚҰУ, ҚБТУ және т.б..

- балалар, қараған слайдтар сіздерге ұнады ма?

- ұнаса мына тапсырмаларды орындап көрейік.


V. Қорытындылау:


- 1 топ – “Алматы” тақырыбына шағын әңгіме жазады.

- 2 топ – Алматы қаласының суретін салады.

- 3 топ – берілген сөздерді байланыстырып

өлең шығарады.


VI. Бағалау:


- “4” деген – жақсы баға

Алады оны жақсы бала,

5” дегенің – үздік баға,

Алады оны білімді бала

Оқитын бол үздік қана! – деп, қатар отырған балалар бір –бірінің жұлдызшаларын санап, саны байынша бағасын айтады.


VI I. Үйге тапсырма.


- 55 сабақ. Алматы.

- берілген үй тапсырмасының орындау барысының оқушылардың барлығына түсініктілігін қадағалау, сұрау және түсіндіру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!