400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алматы-арман қала

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


№ 156 ЖББМ





Тексерілді___________________

___/___/___ 2018 жыл















Тәрбие сағаты: «АИТВ/ЖИТС»-қорғану жолдары











Сынып жетекшісі: Төлебай К.Д.

5 «Ж» сынып













Алматы қаласы, 2018жыл


Сабақтың тақырыбы : Алматы - арман қала!

Күні: 16.10.2018

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Алматы қаласының 1000 жылдық тарихын , оның көне,

ортағасырлық және одан кейінгі даму кезеңдерінің тарихы туралы оқып-

үйрену.

Дамытушылық : Алматы қаласының өткен тарихы туралы жан-жақты жаңа

білім алу.

Тәрбиелік : Патриоттық тәрбие беру, өз Отанынының тарихын

құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : плакаттар, бейнеролик, Алматы қаласының логотипі, слайд.

1-жүргізуші Али:

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және

оқушылар! Алматы қаласына арналған «Алматы- арман қала» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Алматыға байланысты қаншама теңеу сөздер айтылған , «Алматы- ару

қала», «Алматы-әсем қала» . Ал біз тәрбие сағатымызды « Алматы- арман

қала»-деп атауымыздың өзіндік мәні бар. Бұл қалаға қаншама жастар арман

қуып , білім қуып келеді.Осы қаладада жүріп қаншама жастардың өмірлері

тоғысып, шаңырақ құрып жатыр.Сондықтан Алматы –арман қуған

жастардың қаласы деп ойлаймыз . Алматы – біздің сүйікті қаламыз. Бүгінгі мерекеде әсем Алматы туралы жыр -шумақтар

төгіліп , әсем әндер шырқалмақ.

2- жүргізуші Сымбат:

Әсем қала Алматыны әрбір жан жалғызындай әлпештейді. Сапаралап кетсе,

жан жүрегі елжіреп, сағынып оралады. Ауасы кәусәр, суы бал, алуын түрлі емдік шөптер мен қызылды-жасылды гүлдерге оранған Алатау бөктері адам игілігіне жаралған жерұйық

дерсің.

1-жүргізуші Али:

Құрметті көрермендер біз сіздерге азғантай қаламыз туралы мәлімет беріп кетейік. Алдымен қысқаша видеролик тамашалайық. Біздің қаламыз Алматы-Қазақстан Республикасының Оңүстік –Шығысында, Іле Алатауының баурайында орналасқан мекен. Назарларыңызға 5 «З» сынып оқушылары: Дүйсенғалиева Карина, Мұрат Ақерке және Мухамедкарім Елдананың орындауындағы тамаша биді ұсынамыз.Қабыл алыңыздар!

2- жүргізуші Сымбат:

Мен Алматыны жер жүзіндегі ең әдемі қала

деп білемін. Оның тамылжыған баулары мен жайнаған бақтарын ,көкке

шаншылған Тянь-Шань шыршаларын және «Көктөбе шамшырағын» және

басқада талай ғажайыптарының ұнатамын.

Мен Алматының бағымен саябақтарын, субұрқақтарын, сәулеті мен

тауларын бір көріп,ғашық болмаған адамды әлі көрген жоқпын.

1-жүргізуші Али:

Менде Алматыны дүниедегі әсем қала деп санаймын.Оған деген махаббатымды жүрегімнен сызып тастай алмаймын .

2-жүргізуші Сымбат:

Алматы туралы өлең-жыр

жазбаған қазақ ақындары, сазгерлері жоқ шығар. Алматы барлық

ақындарымыздың жырларына арқау болған , алғашқы махаббатқа куә

болған арман- қала, ару - қала. Келесі кезекті ақындарымыздың Алматы

туралы жазған жыр жолдарына береміз.М.Мақатаев « Түнгі Алматы», «Туған жер» -оқитын 5 «З» және «Ж» сынып оқушылары: Несіпбай Алина, Ерескенов Қайсар және Қарабекова Асель.


1-жүргізуші Али:

Кешімізді одан әрі жалғастырамыз. Ал, енді назарларыңызға «Қазақстан» атты әдемі әнімізді ұсынамыз. Орындайтындар: Қайсар және Ақбұлан. Қарсы алыңыздар!


2- жүргізуші Сымбат:

Сан жамырап, жарқырады самалда ,

Кел, қалқатай, Алматыны арала.

Бақыттылар байқамайды уақытты,

Сағатыңа әлсін-әлсін қарама - дей келе сахна төріне «Нарагачи» халық күйін ұсынбақшы отырған 5 «Ж» сынып оқушысы Қарайған Сымбатты қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші Али:

Алматым – алтын дән қалам,

Өзіңді білер бар ғалам.

Сенсің ғой жүрген көтеріп,

Қазақтың даңқын шығарған нар қалам- Алматы ! Құрметті көрермендер назарларыңызға тағы да мың бұралған биші қызымыз Кажиқұмар Жансәулені шақырамыз.

2-жүргізуші Сымбат:

Алматы - жастықтың қаласы,

Алматы - махаббат қаласы.

Бұл қала арман қала,

Мәңгі от боп жанған қала.

Міне ашық тәрбие сағатымыз да соңына таяп қалды. Ашық тәрбие

сағатымызды «Алматы түні » әнімен қортындылаймыз. Құрметпен 5 «Ж» және «З» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз, қабыл алыңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
1128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі