Алматы ару қала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алматы ару қала

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі тәрбиешілер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алматы қаласы «№ 97 балабақшасы» тәрбиешісі: Шермаль С.В.

Мектепке дейінгі балаларда патриоттық тәрбиенің дамуы

Адами тәрбиенің маңызды бөлігі ол баланың өзінің мәдениетіне бет алуы болып табылады, өйткені баланың тұлғалықтай толық ашылуы тек оның өз халқының мәдениетіне қосылу арқылы мүмкін болады. Балалардың Отандық мұраға бойсұнуы, сыйластықты, өзі тұратын жері үшін мақтанышты тәрбиелейді. Кішкентай бала үшін Отан туған үйінен, өзі және отбасысы тұрып жатқан көшеден басталады, отбасыда болашақ өз елінің азаматы «өсіп» келе жатыр.

Сонымен, балалардың адами-патриоттық тәрбиесі мектепке дейінгі білім мекемесінің негізгі міндеттері болып табылады. Патриоттық сезімді қалыптастыру үшін балаларға Отан жайлы бастапқы білім беру керек, біздің еліміз, халқымыз, әдет, тарих, мәдениет туралы тіректі хабар беру керек.

Тақырыптық оқу қызметі: Алматы ару қала!

Мақсаты: оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру.

Балалардың танымын, ойын, тілін дамыту. Өз пікірлерін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру. Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін, сөздік қорын байыту.Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің қалаларының өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу.

Полингвальды компонент:алма-яблока-appil, қала-город-city

Көрнекілік:Музыка залы шармен әрленіп, стол үстіне алма мен алмұрт жемістері көрнекілік ретінде қойылады.Интерактивті тақтадан Алматының суреттері мен видеосы көрсетіледі.

Сөздік жұмыс: Ару қала, шаһар.


Балалар «Мұзарт» тобының «Сағындым Алматымды»әнімен музыка залына кіріп вальс билейді.

Сендер Қазақстанның қандай әдемі қалаларын білесіңдер?

-Алматы қаласы несімен ұнайды?

-Қаланың қандай жерелерінде болып көрдіңдер?

Видео. Алматы қаласы. (3 минут)

-Алматы қандай қала?

-Алматыда қандай ірі мәдени орталықтар бар?

-Алматы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

-Сонымен, кім айтады, біздің бүгінгі тақырыбымыз не болмақ?

Биыл Алматы қаласына 1000жыл ендеше қазір сол жайлы сөз қозғайық.  Алматы каласының құрылысы арнайы жоба бойынша салынған. 1930 – 1935 жылдары темірбетоннан, күйген кірпіштен тұрғызылған, жер сілкінісіне төзімді материалдан салынған.

        Қаладағы Республика алаңы, Ұлттық кітапхана, «Қазақстан»,  «Анкара», «Достық» қонақ үйлері көз тартарлық.

      Алматы республикадағы негізгі туризм орталығы болып саналады.балалар ,осындай ару қалада тұратын сендер өте бақытты балдырғандарсыңдар .  Ондай болса балалар біз сендермен «Біз бақытты балдырған»әнін орындайықшы.

Тақпақ: Дамелия мен Нәзік,

Айзере мен Мәди ,Жаннұр мен Алана.

     Дамелия

  -      Алматыны көрдің бе сен?-

-      Жоқ, тегі...

Нәзік

-      Көрмесең ол - Алатаудың көктемі.

Аппақ-аппақ
қар жатады басында,-

Дамелия

-Көк шалғынға оранғанда бөктері.-

Айзере -Алматыны кердің бе сен?- -      Жо-ға, әлі...-

Мәди

-      Кермесең ол – Алатаудың- "қонағы".

Айзере

Гүлге оранып етегінде жатса да,-

Мәди Түнгіоттары тұрадыодан жоғары.

- Айзере Алматыда болдың ба сен?-

Жаннұр

-      Болғам жоқ.-

Алана.

-      Болмасаң ол - тұрады ну орман боп.-

Жаннұр

Жасыл қала! Көшедеескен гүлдері -

Алана. Жазың тұрсын,қыста аязға солған жоқ.

Би: «Алматының алмасы»әніне биленеді.

Тағы да өлең шумақтарына кезек береміз.

Сафина :

Жақсы екен ғой Алматым,

Алтын үйек астанам.

Осы екен ғой жаннатың

Атам қазақ аңсаған.

Жұмагүл:

Жақсы екен ғой Алматым

Алтын тулы астанам.

Осы екен ғой жаннатың

Атам қазақ аңсаған

Саян : Аруқала!

Кімдер келіп керген жоқ,

Күн қарайды төбесінен орден боп!

Алатауда сырғанасаң айдын бар,

Салқындасаң саясында келдер кеп.

Көргің келсе, кел ендеше, жолдасым,

Тамашамен таныстыру ол да сын!

Жалықпай-ақ аралатып шығайын,

Бақыт, Шаттық,Жақсылықтың ордасын...

Ән «Апорт деген тәтті алма»

Полингвальды компонент: алма-яблока- appil

Шығармашылық жұмыс:

Ендеше балалар , бүгінгі оқу қызметінің қорытындысы есебінде біз сендермен «Апорт»атты тақырыпта сурет салайық


Нені біледі:Алматы қаласының тарихи шахар екенін

Нені игерді: Өз ойларын ашық айтып, пікір таластыра білді.

Нені менгерді: Өз елінің патриоты болуды.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
621
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі