400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Алматы-әсем қала

Материал туралы қысқаша түсінік
Алматы-әсем қала тақырыбында эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы-әсем қала

Мен-тәуелсіз елдің ұрпағы Мақсатқызы Райяна, Алматы қаласы, Жетісу ауданындағы №2 жалпы білім беретін мектепте 5 «Б» сыныбында оқимын.

Еліміздің екінші астанасы саналатын тарихы терең, ерекше пейзажды, биік ғимаратты мекен Алматы қаласы сұлулығымен, сөз жетпес табиғатымен таңқалдырады.

Алматы-менің туып-өскен жерім. Мен өзімнің балалық шағым өткен, кішігірім Отаныма айналған қала туралы айтып бергім келеді.Мен өз қаламды, туған жерімді әрқашан мақтан тұтамын.Менің қазір жасым онда. Өмірде көп нәрсені көрдім деп айта алмаймын,десе де, туған қалам туралы уақыт өткен сайын жаңа деректер біліп жатырмын. Анашым мен әкешім мені үнемі Алматының әдемі, көркем жерлеріне апарады. Осылайша мен әсем қаламның керемет табиғатымен танысып бастадым. Қаламыздағы көрікті орындарға «Медеу» мұзайдыны, «Көктөбе» мұнарасы, «Шымбұлақ » курорты сында демалыс орындарына барғанымда мен табиғаттың шеберлігіне таң қалдым. Көктөбенің әсем табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның биік нүктесінен Алматыны алақандағыдай көруге болады.

Әлемге дәмі тіл үйірер «Апорт алмасымен» танымал болған сүйікті қаламызда көптеген ойын-сауық орталықтары,мәдени ошақтар, демалыс орындары,сауда орталықтары, зәулім биік ғимараттар жылдан-жылға саны артып қала көркін одан әрі әсемдеп жатыр.

Қалаға табанын тіреген кез келген адам Алматының табиғи сұлулығына тамсанып, таңдай қағады. Ол нулы орманы, биік тауы, мөлдір суы, табиғи сұлулығымен үйлесім тапқан қаланың ерекшелігі. Бұл сұлулықты қорғау, ару қаланы аялау бәріміздің міндетіміз, азаматтық борышымыз деп білемін.





Алматы қаласы, Жетісу ауданы, «№2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5 «Б»-сынып оқушысы Мақсатқызы Райяна



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.01.2025
234
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі