Материалдар / Алматы-әсем қала.Эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алматы-әсем қала.Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссенің ережелерін сақтай отырып,сауатты жазуға дағдыландыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2024
68
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы өте үлкен,әдемі әрі тіршілігі қайнап жатқан мегаполис. Еліміздің бұрынғы астанасы. Халық саны жағынанда,көлемі жағынанда өте үлкен қала. Өзінің табиғаты және ауа-райымен талай адмның жүрегін жаулап алған әсем қала. Менің де Алматы қаласына деген махаббатым шексіз. Мен қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  www.kaznu.kz  студентімін. Айтары жоқ, Алматының кептелісі деген кезде  барлық студенттер бірден күлім қағады. Бұл қалаға қонақ болып, қыдырып немесе туысқандарының хал-жағдайын білуге,жұмыс сапарымен, саяхаттап  жиі басқа қаланың тұрғындары келеді, менің бүгінгі жазып отырған мақалам қала қонақтарына немесе қалаға енді қадам басып келген студенттерге арналады. Ендеше Алматы қаласындағы күйбең тіршілік пен бір тыным таппаған көлік қатынасынан, қаланың шуынан демалу үшін қайда баруға болады?Менің топтамамды қабыл алыңыздар:

1. Медеу таулары. Медеу спорт кешені — жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биікте орналасқан. Тамаша табиғатымен бір-рет  барған адамды өзіне баурап алады,жылдың төрт мезгілінде де өте таза ауа әрі керемет салқын самалы бар. Бұл демалыс орында қыста коньки,Шымбұлақ шыңында шаңғы немесе сноуборд теуіп , жазда да  керемет демалыс ұйымдастыруға болады.

2. Көк-Төбе. Көктөбе – Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында. Абсолют биіктігі 1070 м, салыстырмалы биіктігі 370 м-дей.  Бұл жерге шыққан адамға Алматы алақандағыдай көрінеді. Дәл фильмдердегідей әсем көрініс Көк-Төбенің бөктерінен көрінеді. Әсіресе түнгі көрініс тым көз тартарлықтай.

3. Үлкен Алматы көлі. Үлкен Алматы көлі — Іле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған, Іле Алатауындағы көл. Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 |м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең жоғары температурасы 12,8°С-қа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ. Бұл жерге демалып бармауға еш сылтау жоқ деп ойлаймын.

Егер сіз Алматы қаласына келіп тұрып, дәл осы жерлерге бармай кетсеңіз, онда, бұл өте үлкен қателік болғаны...

Алматы-өзінше сұлу қала.Алматы қаласы еліміздің оңтүстік-шығысында, Іле Алатауының етегінде орналасқан.Бұл қала ежелден-ақ мәдениет ошағы болған. Алматы - Қазақстанның екінші астанасы саналатын тарихы терең қала. Қаламыз тек өзіне тән алманың ерекше сорты апортпен танымал.Тіпті апортты қаламен байланыстыратын аңыз да бар.Шет елде көбіне Алматыны «апорт алмасымен» таниды.Сонымен қатар әсем қала көптеген демалыс орындарымен де әлемге әйгілі.Атап айсақ,атақты «Медеу» спорт кешені.Бұл-жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Келісті табиғатымен бір рет  барған адамды өзіне баурап алады.Жылдың төрт мезгілінде де саф ауасы тынысыңды ашады.Салқын самалы есіп тұрады.Бұл демалыс орнында қыста коньки,Шымбұлақ шыңында шаңғы немесе сноуборд теуіп , жазда да  керемет демалыс ұйымдастыруға болады.Көктөбе- қаланың ең көрікті орындарының бірі. Көктөбеге шығатын аспа жолы да оған қосымша ерекшелік беріп тұрғандай. Көктөбенің үстінен Алматы мегаполисі алақандағыдай көрінеді. Көктөбенің бөктерінен алып таулардың асқақ шыңдарын, күннің арайлап атқаны мен қызарып батқан әсерлі көрінісін тамашалай аламыз.

Қала - кең жолды, биік ғимаратты, ерекше пейзажды мекен. Расымен де, бұл қаланың сұлулығына көз тоймайды. Ең ерекше жері қаланың көркем табиғат пен заманауи ғимараттарды біріктіріп, өзгеше көрініс беруінде деп білемін. Шаһардың сақталғанын кеңестік заман мен бүгінгі заманауи ғимараттардың үйлесім тапқанынан аңғаруға болады.Атам мен әжемнің кезіндегі Алматыны «Тақиялы періште» фильмінен көріпТуристер үшін демалатын көрнекті орындарға бай. Кейде Алматыны субұрқақтар қаласы деп те атап жатады. Себебі қалада субұрқақтан көз алмайсыз. Қаланың көптеген ойын-сауық орындары, театрлар,кинотеатрлар,ірі сауда орталықтары,көптеген білім ордаларымен мақтана аламыз.Табиғаты мен климаты адамның өмір сүруіне өте жайлы саналады. Тау маңында орналасқандықтан жазы аса ыстық емес, ал қысы қатты суық емес.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!