400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алматы облысы, Жамбыл ауданы орталық "Шынасыл"-мешітінің жылдық қорытынды есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорытынды есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл ауданы бойынша бас имамы Исламханов Қалжан Әрібжанұлының 2019-жылы атқарған іс-шараларының қорытынды есебі.


Бүгінгі таңда өлкемізге қарасты мешіттер саны 46 мешіт және 2 - намазхана өз жұмысын атқаруда. Оның ішінде күрделі жөндеуден өткені: «Дегерес ауылдық» мешіті мен Үмбетәлі ауылдық «Нұрпейіс»-мешіті және Қарғалы ауылдық «Сәт» - мешіті. Аталмыш мешіттерден тыс биылғы жылы құрылысы қаланып жатқан 4-мешіт. 1-мещіт жақын арада қолданысқа берілмек.

Аталмыщ мещіттер «Қарғалы», «Шолақ - Қарғалы», «Ақсеңгір» мен «Ұзынағаш» - өңірлерінде орналасқан. Негізі қаланып жатқан мешіттердің құрылысын аралап-шығып, үнемі назарға алып отырдық.

Мешітке келетін жамағаттардың көп болуы себепті, намаз оқуына жеңіл болу үшін «Майбұлақ», «Қалмет-ата», мен «Айқым-ата», «Нұрпейіс»-мешіттерінің ауласында Навестер салынып, Қасымбек ауылдық «Қасымбек»-мешітінде брусчаткалар төселді. Жамбыл ауданы бойынша, ауылдардағы мешіттердің шалғай орналасуы мен ауыл тұрғындарының аз болуы себепті, имамдармен қамтамасыз етілмей отырған 7-мешіт бар.

Осы проблемаларды шешу үшін аудан имамы және ауыл имамдары бірлесе отырып, Нұр-Мүбәрак университетіне 2 – шәкірт, Медресе-колледждерге - 14, Құран қариларын дайындау орталықтарына 2-шәкірт, Түркия мемлекетіндегі Хасеки академиясына – 1 шәкіртімізді оқуға жібердік.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша өңір имамдарының мұрындық болуымен, демеушілердің қолдауымен, аудандық және ауданға қарасты мешіттерді қайта жөндеу жұмыстарына 15, 669000 теңге жұмсалды.

Пітір-садақадан түскен қаражаттан аудан-ауыл имамдары 30 пайызын ҚМДБ-ға жіберіп, қалған қаражатты мүмкіндігі шектеулі жандарға, сапарда қалғандарға, көп балалы аналар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың баспанасын қайта қалпына келтіру жұмыстарына жұмсады. Осыған қоса, әрбір мешітте ауызашарлар ұйымдастырылып, 1500 адамға ауызашар берілді. Қадір түнінде таң атқанға дейін «Азан»-жарыс, «Құран» -оқу, Викториналық сұрақтар беріліп жеңімпаздарға қаржылай және бағалы сыйлықтар табысталды.

Рамазан айында Тарауық намазына қатысқан намазхандардың саны – 2315 адамға жетті.

Аудан мен ауылдардағы мешіттерің жылдық камуналдық жалпы шығыны – 30,046998 теңгені құрайды.

Мешіт ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚМДБ орталық аппаратының жиналысының хаттамасына сәйкес «Жастар жұмыла тал егейік» қайырымдылық акциясы негізінде, аудан көлемінде 302 гүл мен 335 түп ағаш отырғызылды. Бұл күнде аудандық орталық мешітке қарасты мешіт қызметкерлерінің саны бас имам, найб имам, ұстаз, азаншы, молдаларды қосқанда 48 адам қызмет атқарады.

Мешіт имамдары жыл басынан бастап 80 - кездесу мен мемлекеттік мекемелермен, мемлекеттік емес ұйымдар арасында ҚМДБ-ның жұмыс жоспарына сәйкес 130 уағыз-насихат жұмысын толықтай жүргізді.

Оның ішінде, аудан бойынша, мешіттерде 1-күнде «Бесін» -«Ақшам» уағыздарына келген жамағаттар саны: 404 болса, әр жұмада қатысатын адамдар саны – 2480-ді құрайды. Жалпы аудан бойынша Айт және Құрбан айтқа қатысқандар саны 6910 – ға жетіп отыр.

Жыл басынан бастап, отбасылы болғысы келетін жастармен жүргізілген уағыз – насихат нәтижесінде, аудан бойынша 475-жастың некесі қиылды. Жамбыл ауданы бойынша бізге мәлім болғаны, үлкен қажылық сапарын өтеп келгендер 2-еу болса, «Умра» кіші-қажылығына барғандар саны 20-ға жетті.

Имамдарымыздың халықты ізгілікке насихаттау мақсатында, атқарып жатқан игі істері нәтижесінде, Жамбыл ауданы бойынша әлеуеті төмен, әлеуметтік қолдауды қажет еткен 624 отбасыға 8,5 тонна азық-түлік пен 6847 келі ет өнімі, 25 тонна көмір мен 2-көлік отын ағаш және 7,263250 теңге ақшалай көмек берілді.

Және де, Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында, имамдар бір ауыздан 500,000 теңге ақша облысқа өткізіліп, ауданымызға қарасты мешіттердің ерікті топтармен бірлесе отырып жинаған 1,000000 теңге қаражат, Арыс қаласына жөнелтілді. Жалпы көмек құны: 1,500000 теңгені құрайды.

Құрбан айт мейрамы аудан бойынша барлық мешіттерде аталып өтілді. Әрбір мешітте барнерлер ілініп, жалауша және шарлармен безендіріліп, құттықтау қағаздар таратылды. Ерікті топтар мен жамағат белсенділерін ұйымдастыра отырып, ауыл-аудан арасында жеңіл автокөліктер тасмалы тегін болды.

Ұлық мерекеге орай жиналған жамағатқа: арқан тарту, гір көтеру, қазақша күрес, қошқар көтеру, асық ату сынды ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жарыста белсенділік танытып, жоғары ұпайға ие болған қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Аудан-ауыл мешіттерінің имамдары демеушілерді тарта отырып, ұйымдастырған науқанда 20 ірі-қара мен 200 қой сойылып, барлы 500 отбасыға таратылып берілді.

Жат ағымдармен күресу мәселесінде жамағаттарға уағыз-насихаттар айтылып, жат ағым өкілдерінің мүшелерімен жекелеген 30 кездесу ұйымдастырылып, олардың 20-сы байсалды көз-қараста қалғанымен 10-ы өз райынан қайтты.

Діни экстремизім және терроризмдерді болдырмау мақсатында, ауыл және аудандық ішкі-саясат бөлімдерімен бірлесе отырып, мемлекеттік мекемелердегі білім алушы, колледж бен мектеп тәлімгерлерімен, жат ағымнан сақтану және иманды жастардың діни сауатын арттыруды көздейтін 45 кездесу ұйымдастырылып, 2250 оқушылар мен студенттерге түсіндіру жұмыстары атқарылды.

Мектеп оқушыларының жаздық 3 ай демалысы кезінде, ата-аналардың өтінішімен, мешіт жанынан ашылған жаздық сауат ашу лагерінде, діни сауат ашқандар саны 671-ге жетті. – Оның 432-сі ер балалар болса, 239-қыздар. Білім алушы шәкірттердің 3 мезгіл тамақтануы да назардан тыс қалған жоқ. Осы лагерге жетекшілік жұмысына 2019-2020 оқу жылында, «Нұр-Мүбәрак»- университеттері мен Үшқоңыр медресесі және Құран қариларын дайындау орталықтарындағы 9 шәкіртіміз тартылып, алған іліміндерінің практика жүзінде жүзеге асыруына мүмкіндік жасадық. Игі шараның негізі жалғасын тауып, бұл күнде мешіттерімізде қысқы «Сауат ашу» курстарынан білім алып жатқан ересектер саны 58-ге жетті. Олардың, - 24-і ерлер, 34-і әйел кісілер.

Аудан бойынша «Зекет» қайырымдылық қорының ашылғаннан бері 2 үй мен 6 адамға газ кіргізіліп, 120 - отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Қордың негізгі мақсаты: тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналар мен асыраушыларынан айырылған жанұяларға, көмек көрсету болып табылады.

Жамбыл ауданы бойынша демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылған, «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасында Орталық «Шынасыл»-мешіті 550- балаға, мектеп оқу жабдықтарымен көмек көрсетіп, игі іс өзге ауылдық мешіттерде де жалғасын тауып, жалпы 900 балаға киім-кешектермен көмек көрсетілді.

Жастардың дінге жанашыры болуы мақсатында, Жастар-ісі секторының ұйытқы болуымен, аудан жастары арасында «Ұзынағаш жастары» - атты еріктілер тобы қайырымдылық жәрмеңкелер ұйымдастырып, түскен қаражатқа көмекке мұқтаж 45 отбасыға азық-түлік пен ірі-қара етімен көмек көрсетті. Аталмыш сектордың жылдық жоспарына сай, спорттың (фудбол, валейбол, стөл тенисі) сынды спорт түрлерінен 10 жарыс өткізілді.

Биылғы жылдың өзінде аудан көлемінде «Бата» жарыс, «Құран» оқу, «Азан» - айтудан 8 жарыс ұйымдастырылып, аудан әлеуетін оңтайландыру мәселелерінде кеңескен 5 кездесу семинарлары болып өтті. Бата жарыстың негізгі мақсаты: салт-дәстүрімізді жандандыру болып табылмақ.

Зайырлы мемлекетіміздің асыл құндылықтарын дәріптеуде елеулі үлес қосқаны үшін - Алматы облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорғанда өткен «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» тақырыбындағы дінтанушылар және діни бірлестік жетекшілерінің ІІ - облыстық форумында орталық «Шынасыл» мешітінің бас имамы Исламханов Қалжан Әрібжанұлы «Үздік діни қызметкер» - номинациясын иеленіп, Қарғалы ауылдық округіне қарасты «Майбұлақ» мешітінің имамы Асқар Әлімбековке «Үлгілі діни ғибадатхана» - номинациясына табысталса, Қарғалы ауылына қарасты «Сәт» мешітінің имамы Сейтқали Серік-қажы Есімбекұлы «Алғыс хатпен марапатталды.

Нұрсұлтан қаласында өткен III - форумға Орталық «Шынасыл» мешітінің бас имамы Исламханов Қалжан Әрібжанұлы, аудандық «Зекет» қорының басшысы Асқар Әлімбеков пен «Халал»-өнімдер басшысы Оразбек Базархан және «UZYNAGASH» - мешітінің имамы Нұрдәулет Тоқанұлы қатыстып қайтты.

Аудан көлемінде «Халал»-өнімдер ұсынып отырған, ҚМДБ-ның «Халал» - сертификатын алған 2-тамақтанатын орынымыз бар. Олар: «Восточный-Двор» - асханасы мен «Тамаша» -асханасы. Жоғарыда айтылып өткен асханалардың, талапқа сай жұмыс жүйесін үнемі назарымызға алып отырдық. Одан бөлек, аудан көлеміндегі мешіт аумағында орналасқан асханалар саны 9.

Жалпы, аудан бойынша ақпарат орталығы , яғни (call- центр) орталықтары болмағандықтан биылғы жылы интернет желісіндегі сұрақ-жауап жүргізілетін әлеуметтік желідегі сайттарымызды ашып, нәтижесінде: Facebook, парақшасындағы оқырмандарымыз 600 болса, Вк - желісіндегі парақшамыздың оқырмандарымыздың саны 11000-ға жетіп отыр.

Ауданға қарасты мешіт имамдарының статусын көтеру және жамағат танымын кеңейту мақсатында орталық «Шынасыл» - мешітінің қаржыландыруымен мешіт жанынан 5000000 теңгені құрайтын, «Асыл қазына»-студиясының жобасы қолға алынып, нәтижесінде ауыл-аудан имамадарының 14-видео уағыз-насихаттары ютуб желісіндегі 700 қаралымы бар парақшамызға орнатылды.

Биылғы жылы ауыл-аудан имамадары бірлесіп, діни-танымдық 246 - «Мұнара» газеті мен 220 - «Иман» -журналына жазылдық. Имамдардың 22 - авторлық мақалалары республикалық, облыстық және аудандық басылым беттерінде жарияланды.

Имамдар жаназа-некемен ғана емес, ауданымыздың арасында, басқа қырынан көрініп жүрген имамдар да бар. Айталық, Қарғалы ауылына қарасты «Сәт» мешітінің имамы: Сейтқали Серік-қажы Есімбекұлы киноға түсіп, актёрлық шеберлігін елге паш етті. Одан бөлек, діни-танымдық сыр сұхбаттарымыз, республикалық «Асыл арна»-телеарнасында көрсетіліп тұрды. Жемісті жылдың жеңістерінің бірі ретінде:

«Кеңес әскерінің, Ауған жерінен шығарылғанына 30 - жыл толуына» - байланысты, «Қарғалы» - ауылында ұйымдастырылған спорттың «Баскетбол» - түрінен, «Майбұлақ» - мешіті 1-орын иеленіп, әкім кубогын жеңіп алуын атап өткім келеді. Одан бөлек, биылғы жылы «Есік» - қаласында өткен, «Фудболға» - аудан жастары барып қатысып қайтты.

Аудан тарихында - тұңғыш рет аудан көлемінде, орталық «Шынасыл»-мешіті «Хош келдің - Мәуліт!» - атты діни танымдық Мәуліт мерекесін атап өтті. Айтулы кешке Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының облыстық филиалының мүшелерімен аудан басшылары қатысты.

Кеш соңы келген жамағаттар мен қонақтарға ас беріліп, Мәулітті өткізуге демеушілік еткендерге алғыс хаттар табысталды. Рухани кештен түскен қаражатқа ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 8 жас өспірімдерді бауырына басқан Падиша Бекешева апамызға мешіт пен жамағат атынан 100,000 – теңге табысталды.

Қорытындылай келе айтарымыз: Аудан-ауыл имамдарының ерен еңбектері, асыл дініміз бен салт-дәстүрімізді ұштастырып, уағыз-насихат айтып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосып, иманды ұрпақ тәрбиелегендігі үшін алғысымыз шексіз.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі