Материалдар / "Алоэ емдігінің қасиеттері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алоэ емдігінің қасиеттері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алоэ — суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдіктер тобына жататын гүл
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
364
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алоэ туралы .

Алоэ — суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдіктер тобына жататын гүл.

Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Алоэ сөзі араб тілінен шыққан. Мағынасы ”ащы” деген сөзді білдіреді. Сондай-ақ, емдік қасиетіне байланысты ”Үй гүлдерінің королі” деген де балама атқа ие.
Алоэнің етті, семсер тәріздес жасыл, жалпақ әрі жуан жапырақтары бар. Жапырақтары гүл бойында су қорын сақтауда үлкен маңызға ие.
Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі. Емдік практикада алоэнің жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа) пайдаланылады.
Орны
:
Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін, жаздың күндері ашық жерге орналастырған жақсы. Қыста жарық жерде, ауа температурасы +10°C деңгейінде болатын орында ұстауға болады.
Жаз уақытындағы вегетация кезеңінде (өсу кезеңі) алоэнің сусақтағыш ұлпалары (суккуленттері) ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әр бір суарудан соң топырақтыңкебуі (құрғауы) керек. Қыста салқын жерде тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ. Дұрыс
суармаудың нәтижесі алоэнің ауруына әкеліп соғады. Крандағы салқын суды бірден құюға болмайды.
Жазда айына бір рет кактустарға арналған тыңайтқыш арқылы топырағын құнарландыруға болады.
Көбеюі
:
Тұқым арқылы, жанама тамырлар арқылы және жапырақ сабақтары арқылы көбейеді. Көбейту процесі тұқым, жанама тымыр және сабақты құмды топыраққа отырғызу/егу арқылы іске асады. Суды тек топырақ құрғаған кезде ғана құйған абзал.
Алоэ дарақ (тал) тәріді өсімдік болғандықтан, өсу барысында жан-жағына өркен жаяды. Сол себепті де үлкен әрі биік болып өсуі ықтимал. Алайда, мұндай үлкен көлемді алоэ берік болмайды. Сондықтан оны топырақ салынған құмыраға (горшок) немесе ауыр капшоға отырғызу керек.
Алоэнің түрлері
:
Үйде өсірілетін алоэнің ең көп тараған түрі — Нағыз алоэ (Aloe Vera). Оның  барбадостық алоэ (Aloe barbadensis), кәдімгі алоэ (Aloe vulgaris), сары алоэ деген аттары бар. Алоэнің бұл түрі әлем бойынша емдік мақсаттарда кеңінен пайдаланылады.

Білесіз бе, айдай әлемге танымал Клеопатра ханшайымның өзі алоэдан жасалған кремді жаққан екен. Дәрігер Диоксид:"Алоэ жараларды емдеп, ұйқыны тыныштандырады"деп жазып кеткен. Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады. Сондықтан да оны ұйықтайтын немесе адам көп жүретін бөлмеге қойған жөн. Алоэ екіқабат әйелдер, бүйрек, өт қабы, цистит, геморой ауруларымен қиналатын адамдарға кері әсер етеді. Сондай-ақ, қан қысымында ауытқушылығы бар адамдарға да алоэға жақындауға кеңес берілмейді. Алоэны қандай жағдайда қолдануға болады? Тәніңізді тыныштандыратындай ванна қабылдағыңыз келсе, 3 ас қасық шырынды 2 стақан сүтке және жалбыз тұнбасына қосып, жылы ваннаға қосасыз. Мұндай ваннада15 минут жатуға болады. Күйік шалғанда,іріңді жаралар пайда болғанда алоэны қойып, дәкемен таңып тастау керек және әр екі сағат сайын ауыстырып тұру керек. Ол үшін алоэның жапырақтарын жуып, бинтке қойыңыз да, аздап жаншыңыз. Содан кейін барып, ауырған жерге қойыңыз. Аяулы нәзік жандыларымыз алоэдан маска жасай алады. Ол үшін алоэның бір ас қасық шырыны мен қаймақты араластырасыз да, оған жұмыртқаның сарысын қосасыз. Қоспаны таза бетке жағып, 15-20 минут ұстаңыз да, жылы сумен шайып тастаңыз. Нәтижесінде, теріңіз жылтырап, сұлулана түседі. Иммунитетті көтеруүшін алоэ шырыны мен балдың қоспасын жасайсыз. Шырынды алу үшін 15 сантиметр болатын бірнеше жапырақты үзіп алып, сумен бір рет шайып жіберіңіз. Таза стақанды, дәкені немесе мәрліні аласыз. Қолыңызды тазалап жуыңыз да, сол мәрлінің бетіне әбден кескілеген алоэны қоясыз. Оны қолыңызбен қатты сығып, суын стақанға тамызасыз. Дайын шырынды балмен араластырасыз . Бұл қоспаны күніне 3 рет бір шәй қасықпен тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрыңыз. Пайдалану уақыты – 3 апта. Егерсуық тигізіп алсаңыз,алоэның жаңадан жасалған шырынын әрбір 3-4 сағат сайын 2-3 тамшыдан тамызып тұрыңыз. Бұл әдісті 2-3 күннен артық жасауға болмайды. Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне 2-3 рет алоэ шырынын ішіңіз. Ларингит (тамақ ауырсынуы) кезінде, тамағыңызды, аузыңызды алоэ шырынымен шайыңыз. Мінеки, терезеңіздің алдындағы алоэның бір бойынан осыншама үлкен дәріхана жасап алуға болады екен. Оны пайдаңызға жаратыңыз да, суаруды ұмытпаңыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!