400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері қауымды қызықтыратын тақырып болып саналады. Оның өзіндік ерекшелігі бар.Сондықтан тақырыптың өзектілігі еш күмән тудырмайды. Ғылыми жоба тақырыптың мазмұнын ашуға арналған бірнеше тараудан тұрады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШҒА

Қарағанды облысы, Шет ауданы

Ш.Батталова атындағы ЖОББ базасындағы тірек мектебі (РО)







Секция: Валеология

Жоба тақырыбы: «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері

және емдік қасиеттері»








Орындаған:

6 «а» сынып оқушысы

Мартжанқызы Айдана

Жетекшісі: биология

пәнінің мұғалімі

Абай Күмисгүл








Ақжал, 2021 жыл

«Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері» тақырыбындағы ғылыми жобаға аннотация

«Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері» атты бұл зерттеу жұмысын таңдап, зерттей бастағаныма бір жылдан асты. Сынып жетекшім мен ата анамның көмектесуінің арқасында көптеген іс шаралар атқарылды.
Зерттеудің алғашқы баспалдағы жалпы дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жинақтаудан басталды. Осы мақсатта мектеп, аудан кітапханаларын үздіксіз аралап, дәрілік өсімдіктер туралы деректер жинақталды. Сонымен қатар, аудандық аурухана қызметкерлерімен және халық емшілерімен жие жүргізілген сұқпаттар оң нәтиже бере бастады.
Зерттеудің келесі сатысында жинақтаған деректерге сүйене отырып жасалған жұмыс өз нәтижелерін бере бастады. Зерттеу барысында аулада, бақшада өсетін дәрілік өсімдіктердің ( итмұрын, түймедақ, жусан, бақбақ, қалақай, өгейшөп) түрлерін жинақтау, теру, өңдеу жұмыстары атқарылды. Бұл өсімдіктер туралы көптеген деректер жинақталып, жұмыс алға жылжыды. Бос кездің бәрінде бөлме өсімдіктерін өсіріп, баптап, күттім. Өсіріп ғана қоймай олардың ауырғанда қандай мүшесін, қандай ауруға қолдануға болатынын зерттеп білдім.

Annotation

Choosing work it research, "Aloe curative internalss plants" horse, I investigating began, hung up from one the year. Class, my the leader and grand-dad my the mother to help carried out business, that due to increased, measures.
First stair research about general medicinal plants information summarize began. On it aim school, continuously walking libraries of district, was added up about medicinal plants data. And also,
сұқпаттар, that жие was conducted with district by the office workers of hospital and with by the doctors of people, giving began right result.
To Facts, that summarized on following stair research, self work, that sat leaning, giving began results. Medicinal types of plants (
итмұрын, түймедақ, жусан, бақбақ, nettle, өгейшөп), that grow in motion research in a court, in a garden, to summarize, to collect, works making carried out. Fact, that increased about these the plants, added up, work had been advanced. I growing plants of room in empty all the time, fattening, waited. Only growing not putting them, when was ill, what member, what to the patient







Зерттеу мақсаты. Алоэ өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау .

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:

Алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.

Зерттеу жұмысының әдістемесі:

- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;

- Тәжірибелер жүргізу;

- Емделушілер арасында сауалнамалар жүргізу;

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

-Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;

-Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы алоэ өсімдігіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.

Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.

 















Мартжанқызы Айдананың

«Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері»

атты ғылыми жобаға


Пікір


Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері қауымды қызықтыратын тақырып болып саналады.Оның өзіндік ерекшелігі бар.Сондықтан тақырыптың өзектілігі еш күмән тудырмайды.Ғылыми жоба тақырыптың мазмұнын ашуға арналған бірнеше тараудан тұрады. Оқушы жұмысты жазу кезінде әр түрлі сараптамалар мен зерттеулер жүргізген.Әр тарауға тұнымды ой пікір, түйін жасалған жоба өзіндік зерттеу мүшелігі бар туынды болып қалыптасқан. Сондықтан мен бұл жобаны барлық сұранымдарға жауап беретін ізденіс әрекетінің жемісі ретінде бағалап, оны облыстық жарыстарға ұсынуға әбден лайық деп санаймын.












Ғылыми жетекшісі: Абай Күмисгүл
















Кіріспе

«Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма биология пәні мұғалімім мен анам ықпал етті. Өзім кішкентайымнан бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған - түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады.

Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас.

Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым. Сонымен бірге Ақжал кентіндегі дәріхана қызметкерлерімен кездесулерге барып, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерімен танысып отырдым. Көп ізденіп, көп оқыдым. Өз бөлімше дәрігерім, терапевт Гүлнар Сайрановна апаймен кездесіп, емдік өсімдіктердің түрлерін, қолданылуын білдім.
Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады.
Отбасымызда анам Оразбекова Гүлім емдік мақсатта пайдалану үшін бөлме өсімдіктерін көп отырғызады. 1 - 2 сыныптардан бастап «ана көрген тон пішер» демекші менде анамнан көргенімді ойға түйе отырып, бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттерін біле бастадым.

Атап айтсам, бөлме өсімдіктерінен емдік мақсатта алой (алоэ), орыс халқы оны «столетник» (жүзжылдық) деп те атайды, герань, фикус, золотой ус, кактус т. б. өсіремін.

Жаз айларында өзіміздің бақшамызда өсетін аскөкті, меруетгүлді, бақбақты, сонымен қатар даланың кез келген жерінде өсетін түймедақ, өгейшөп, жусан өсімдіктерін теріп, кептіріп емдік мақсатта пайдаланамын.

Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты
Қазақстан азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты пайдалану керек.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ.
Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін.
Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ, сол мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында.

Сонау есте жоқ ерте замандарда адамзат баласы дәрі-дәрмек деген дүниені мүлде білмейтін. Олар өздерінің сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал-тәсілдердің көмегіне жүгінетін еді. Сондықтан да, шөптерден жасалған дәрілер бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Және де дәрілік өсімдіктер адам денсаулығына ине мен дәрі-дәрмекке қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі, көптеген дәрі -дәрмектердің құрамында сіздің ағзаңыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мүмкін.

Айдай әлемге танымал Клеопатра ханшайымның өзі алоэдан жасалған кремді жаққан екен. Дәрігер Диоксид: "Алоэ жараларды емдеп, ұйқыны тыныштандырады" деп жазып кеткен.

Таралу орны

Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін, жаздың күндері ашық жерге орналастырған жақсы. Қыста жарық жерде, ауа температурасы +10°C деңгейінде болатын орында ұстауға болады.
Жаз уақытындағы вегетация кезеңінде (өсу кезеңі) алоэның сусақтағыш ұлпалары (суккуленттері) ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әр бір суарудан соң топырақтың кебуі (құрғауы) керек. Қыста салқын жерде тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ. Дұрыс суармаудың нәтижесі алоэның ауруына әкеліп соғады. Крандағы салқын суды бірден құюға болмайды.
Жазда айына бір рет кактустарға арналған тыңайтқыш арқылы топырағын құнарландыруға болады.

Алоэнің түрлері
Үйде өсірілетін алоэнің ең көп тараған түрі — Нағыз алоэ (Aloe Vera). Оның барбадостық алоэ (Aloe barbadensis), кәдімгі алоэ (Aloe vulgaris), сары алоэ деген аттары бар. Алоэның бұл түрі әлем бойынша емдік мақсаттарда кеңінен пайдаланылады.

Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады. Сондықтан да оны ұйықтайтын немесе адам көп жүретін бөлмеге қойған жөн.

Алоэ екіқабат әйелдер, бүйрек, өт қабы, цистит, геморой ауруларымен қиналатын адамдарға кері әсер етеді. Сондай-ақ, қан қысымында ауытқушылығы бар адамдарға да алоэға жақындауға кеңес берілмейді.









































Зерттеу бөлімі

Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған.

Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.

Әбу - Насыр - Әл Фараби, Әбу - Әли Ибн - Сина, Беруни, Әл - Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына әсері дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 -%- ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс - тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем - дом» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек.

Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз.
Мың теңге тұратын дәрі шарбағының дәл түбінде өсіп тұр.
(Халық мақалы)
Қазақ емшілерінің ауру - сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы өсімдіктер дүниесі. Олай болса, аяғымыздың астында өсіп жатқан дәрілік өсімдіктерді танып, білім зерттеп ауруымызға шипа етпеске. Біздің Шет ауданы маңындағы жерлерде, елді мекендерде өсиетін көптеген дәрілік өсімдіктер бар. Оларға түймедақты, итмұрынды, бақбақты, өгейшөпті, жусанды, аскөкті, киікотын жатқызуға болады.

Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені олардың көпшілігі ляззат мүмкіндігімен ғана (бұлардың шипалы күші де осында) шектелмейді, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында (меруетгүл, шегіргүл, гүлшетен) олардың денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай - ақ біздің бау – бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады, өздерінің жер үстіне

және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы, мәселен, бақбақ ата заманнан «өмір нәрі» аталған, ал қалақай – витаминдер қоймасы саналады. Өсімдіктерді отап тастауға асықпай, алдымен олардың пайдалы қасиеттерін біліп алуға тырысу керек.

өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі шәйірі және тұқымынан дәрі - дәрмек жасалады. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі - дәрмек алуға болады.

Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады. Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақ, балшық секілді лас нәрселерден арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай кептіру, көлеңкеде кептіру, самалдатып кептіру.



Алоэны қандай жағдайда қолдануға болады?

  1. Күйік шалғанда, іріңді жаралар пайда болғанда алоэны қойып, дәкемен таңып тастау керек және әр екі сағат сайын ауыстырып тұру керек.

  2. Суық тигізіп алсаңыз, алоэның жаңадан жасалған шырынын әрбір 3-4 сағат сайын 2-3 тамшыдан тамызып тұрыңыз. Бұл әдісті 2-3 күннен артық жасауға болмайды.

  3. Гастрит, асқазан жарасы болса немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне 2-3 рет алоэ шырынын ішіңіз. Ларингит (тамақ ауырсынуы) кезінде, тамағыңызды, аузыңызды алоэ шырынымен шайыңыз.

Алоэ — суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдіктер тобына жататын гүл. Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Алоэ сөзі араб тілінен шыққан. Мағынасы ”ащы” дегенсөзді білдіреді. Сондай-ақ, емдік қасиетіне байланысты ”Үй гүлдерінің королі” деген де балама атқа ие.
Алоэнің етті, семсер тәріздес жасыл, жалпақ әрі жуан жапырақтары бар. Жапырақтары гүл бойында су қорын сақтауда үлкен маңызға ие.
Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі. Емдік практикада алоэнің жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа) пайдаланылады.

Көбеюі
Тұқым арқылы, жанама тамырлар арқылы және жапырақ сабақтары арқылы көбейеді. Көбейту процесі тұқым, жанама тымыр және сабақты құмды топыраққа отырғызу/егу арқылы іске асады. Суды тек топырақ құрғаған кезде ғана құйған абзал.
Алоэ дарақ (тал) тәрізді өсімдік болғандықтан, өсу барысында жан-жағына өркен жаяды. Сол себепті де үлкен әрі биік болып өсуі ықтимал. Алайда, мұндай үлкен көлемді алоэ берік болмайды. Сондықтан оны топырақ салынған құмыраға отырғызу керек.

Алоэ өсімдігін қолдану ерекшелігі

 Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды.

Жинау уақыты: жыл бойы.

Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.

Алоэның қарсы көрсетілімдері

өт жолдары аурулары

- бүйрек, бауыр аурулары

- гипертония

-гемморой

-жүктілік мерзімі

Алоэның пайдасы

Өкпе туберкулезі , иммунитет, тәбет ашады , ангина, күйік, жөтел,

жараларды жазу, суық тию, ағзаның жалпы жағдайын жақсарту, рак жасушаларының өсуіне тосқауыл жасайды.

Алоэның қолданылуы және басты ем болатын аурулары және дайындау әдістері

1. Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу керек.

2. Тісті ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.

3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.

4. Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.

5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі.

6. Адамның тәбетін ашуға, іш қатқанда, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем.

7. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.

№ 1 қоспа

Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз, май, 100 бөліктей какао, алоэның жапырағының 15 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз. Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек

№ 2 қоспа

Әлсіреткіш қоспа ретінде келесі қоспа дайындалады:

150 гр алоэ жапырағы (тікенімен бірге) қолмен езіп, 300 гр ыстық бал қосады, қайнағанға дейін ысытады. Тәулік ұстап, сосын ысытады. Тамақ ішер алдында 1 сағат бұрын әр таңертең 5-10 гр қолдану қажет.

№3 қоспа

Қолмен алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады. Мұрын қуысы ауруына қолданады.

№4 қоспа

Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/2 бөлігін пайдаланады.

№5 қоспа

Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады

№6 қоспа

Жапырағын кесіп, тазалап жуып, мясурубкадан өткіземіз. Бал қосамыз. Асқазан қыжылына 1 шай қасықтан қолданады

№7 қоспа

Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады.











































Қорытынды

Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері, зерттеу нәтижесі.

Тәжірибе №1

Алоэ сөлінің адам ағзасына пайдасы.

Зерттеу әдісі: Мұрынға тамызу

Мақстаы: Жағдайын жақсару

Уақыты: ____________________________

Зерттелуші: _______________________________________

Зерттеу барысы: әр 5-6 сағат сайын мұрынға 5-6 тамшы сөл тамызу

Қорытындысы: Жағдайы жақсы

Ұсынылады: Алоэ сөлі ағзаның қызметін жақсартады.Күнделікті қолдану мұрын қуысын жақсартады.

Тәжірибе № 2

Алоэның күйікпен жараға әсері.

Зерттеу әдісі: Жараға таңу.

Мақсаты: жара мен күйіктің жазылуы

Уақыты: ________________________________

Зерттелуші: ________________________________________

Зерттеу барысы: күйкпен жараға компрес жасау немесе жапырағын кесіп таңу.

Қорытындысы: жазылу жылдамдығы жақсы

Ұсынылады: Алоэ күйік пен жараны жазады, актисептикалық жағдай туғызады.

Тәжірибе № 3

Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері.

Зерттеу әдісі: Ауыз қуысының қағынуын шаю.

Мақсаты: Ауырғанды басады.

Уақыты: ___________________________

Зерттелуші: ________________________________________

Зерттеу барысы: 50 % алоэ сөлімен шаю.

Қорытындысы: Алоэ сөлі ауруды басады.

Ұсынылады: Күнделікті қолдануда ауыз қуысының ауруларын жазады.

Тәжірибе № 4

Туберкулез және өкпе ауруларына.

Зерттеу әдісі: Күніне 2 рет ішу, кешке және таңертең ыстық 1стакан сүтке 1 қасық сөлді араластырып ішу.

Мақсаты: Туберкулез таяқшасын жою.

Уақыты: ___________________________

Зерттелуші: ____________________________________

Қорытындысы: Жөтелі тоқтап, өкпе тұсының шаншуы басылды.

Ұсынылады: Күнделікті қолдану

Әр түрлі өсімдіктер шырынының фитонцидтері нің микробтарға әсер ету уақыты

/ кесте №1/

Өсімдіктер түрі


Қарапайымдылардың белсенділігінің төмендеуі / мин /

Қарапайым

дылардың жойылуы


Хлорофитум

Бегония

Пеларгония / қазтамақ/


2

2

2


4

5

8


Традесканция

Алоэ

Фикус


2

2

2


9

9

10





Әр түрлі өсімдіктер ұшатын фитонцидтері нің микробтарға әсер ету уақыты

/ кесте №2

Өсімдіктер түрі


Қарапайымдылардың белсенділігінің төмендеуі / мин /

Қарапайым

дылардың жойылуы


Хлорофитум

Бегония

Пеларгония / қазтамақ/


3

3

3

6

7

11


Традесканция

Алоэ

Фикус


5

6

3


11,5

13

15



Зерттеліп отырған өсімдіктердің фитонцидтік белсенділігі

/ кесте №3

Өсімдіктер түрі


Ұшатын фитонцидтің әсерінен / мин /

Шырын фитонцидінің әсерінен


Хлорофитум

Бегония

Пеларгония / қазтамақ/


16,6

14,3

8,7

25

20

12,5


Традесканция

Алоэ

Фикус


7,7

7,7

6,6


11,1

11,1

10













Ұ С Ы Н Ы С Т А Р :

  • Алоэ өсімдігін күнделікті тұрмыста көп өсіріп, оларға күтіммен қарауын өз достарыма ұсынамын.

  • Алоэ өсімдігінің емдік қасиетіне байланысты халық еміне арналған қоспа жасау әдістері мен қолдану ерекшеліктері жөнінде кітапшалар шығарылып көпшілік оқырмандарға ұсынылса.

  • Алоэ өсімдігінің емдік қасиетін ескере отырып сауықтыру орныдарында көптеп өсіру жүзеге асырылса.

  • Халық еміне байланысты қоспа жасау әдістері күнделікті тұрмыста қолданысқа енгізілуіне ұсыныс жасалынса.



































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Ахметжанова А.И., Забиров А.Н. Запасы коланхоэ лекарственной в каркаралинском районе и их использование. Флора и растительные ресурсы Централього Казахстана. Караганда, 1992 г., с. 8 – 13.



2.Байтенов М.С. В мире редких растений. Алматы, «Қайнар», 1985



3.«Ботаника »сисметика растений. Москва «Просвещение »1975 г
( Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)



4.Дәрілік өсімдіктер ,Алматы «Қайнар » баспасы  2011 жыл



5. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»
(Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)


6.Интернет материалдары



7. «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж



8.Қазақ энциклопедиясы

9.Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті. 2012 05.06. № 6 басылым.



10.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
1052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі