400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

АЛОЭ ӨСІМДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ тақырыбындағы ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал мұғалімдерге оқушыларғада керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі










Ғылыми жоба


Тақырыбы: АЛОЭ ӨСІМДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ

Жұмысты орындаған: Артықбаева Гүлназ



Бағыты: Ғылыми-жаратылыстану

Жоба жетекшісі: Асанова Гаухар











2020 жыл

Жоспар:


I.Кіріспе

Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер...............................................4

II.Негізгі бөлім

а.Алоэ өсімдігінің сипаттамасы............5

b.Алоэ өсімдігінің химиялық құрамы...6

c.Алоэ өсімдігінің пайдасы және дәрілік қасиеттері.................................................7

d.Алоэ өсімдігі тәжірибиеде.................. 10

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер















Аннотация


Зерттеу жұмыста Қазақстан өңірінің дәрілік өсімдіктері сипатталады. Оның ішінде алоэ өсімдігінің емдік қасиеті туралы толық мағлұмат беріледі. Біздің жұмыс осы өңірде осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі. Алоэ өсімдігінің ауруларға ем екендігін тәжірибе жүзінде көз жеткізді .







Аннотация



В исследовательской работе очисывается лекарственные растения Казахстана. В том числе иследуется полная информация лечебных свойств растения алоэ. Наша работа одна из научно-исследовательских работ проведенной в данном регионе по данному направлению. Выяснилось на каких заболеваниях можно применить растение алоэ.









Annotation


The study describes medicinal herbs in the Kazakhstan region. Detailed information about the medicinal properties of aloe plants is provided. Our work is determined by what kind of illnesses Floe plant is one of the scientific research in this area.







Зерттеудің мақсаты:

Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің,жерінде қандай өсімдіктер өсетіндігін, олардың қандай пайдасы бар екендігін зерттеу арқылы емдік қасиеттерін біліп, одан сабақ алуы тиіс.


Өзектілігі:

Қазақстанда кездесетін өсімдіктерді соның ішінде емдік қасиеттері бар алоэ өсімдігін зерттей отырып, оның емдік қасиетін, халық шаруашылығындағы маңызын біле отырып, өсімдіктерді қорғау және мақтан тұту.


Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, тәжірибелер жүргізу
Жинақтау,салыстыру, әңгімелесу, пікірлесу, қорытынды жасау
.


Зерттеудің жаңалығы:

-Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;

-Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Ғылыми жоба кіріспеден,негізгі бөлім,қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.





Ғылыми-зерттеу жобаның жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Асанова Гаухардан «М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі» 11 «Д» сынып оқушысы Артықбаева Гүлназдың

«АЛОЭ ӨСІМДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ» тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысына

ПІКІР


Артықбаева Гүлназ ғылыми жұмыс жазуға, ізденуге ғылыми пайымдаулар жасауға қабілеті мол екенін байқатты. Гүлназ өсімдік әлеміне соның ішінде, дәрілік өсімдігік жайлы деректерді ізденуі басқа оқушылардың қызығушылығын оятты. Ізденушінің ой - оралымдары ғылыми дәлдікке негізделген, көңілге қонымды. Зерттеу ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылған. Гүлназ ғылыми жобасы келешекте ізденулерімен толықтырылады деп сенемін және де биология пәнін қызығып оқығандықтан әрі қарай жалғастырады деп үміттенемін.







Жоба жетекшісі: Асанова Гаухар











Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер

Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайдан, орманды далалы, таулы аймақтардан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі – дәрмектің 70%, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі –дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тоқтатын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктер де жатады. Сондай-ақ, біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы. Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарады. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналды. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген .

Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгілісі алоэ. Алоэ араб тілінен аударғанда «ащы» дегенді білдіреді. Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп те атайды. Алоэнің қоспалары Қытайдың мыңжылдық қоспаларында бар. Египетте үйдің кіре беріс жерінде алоэ отырғызылады. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің символы. Халық медицинасында оны қызыл иектің, қабақтың қызаруына, өкпе туберкулезіне, экземді емдеуге, асқазан жарасына пайдаланылады. Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ертінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі –дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.

Сол себептен жұмысымыздың құндылығы да осында деп есептейміз. Алоэ өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.






Алоэ өсімдігінің сипаттамасы

Алоэ- емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік. Отаны-Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ-асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық өсімдік.. Суккулентті, жапырағының жиектері тегіс немесе ара тіст. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да, ол өсімдікті солып қалудан сақтайды.. Көп жерде бөлме өсімдігі, яғни әсемдік ретінде өсіріледі. Көбеюі вегетативтік жолмен. Ресейде мәдени өсімдік ретінде 40-жылдарда орын тапты. Гүлдеу уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы. Қытайда веналық ауруларды емдеуге қолданады. Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы: тұмау ауруына, жара мен кесілген жерлерді жазады. Мидың үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен тежегішті реттейді. Жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып, физикалық ауырлықты жеңеді. Ағзаның сақтандыру функциясын ретке келтіреді.

Сіздің үйіңіздің терезесінде алоэ аталатын кереметтей өсімдік өсіп тұр ма? Жоқ? Өте өкінішті. Осы жобадан кейін алоэны өсіріңіз. Ол сізді өзінің жасыл көйлегімен ғана емес, шипалық қасиеттерімен де қуантатын болады.



Сурет-1. Сыныпта емдік және әсемдік мақсатта алоэ өсіру сәтім






Химиялық құрамы

Сурет-2. Алоэ өсімдігінін жасушасынын құрылысын микроскоппен зерттеу

Жапырағында антрагликозид-алоин бар, 1,66 алоэ-эмодин, 25% алоэзин, натолин, геманатолин, ребарберон, шайырлы қоспа, 20% эфир майы, ферменттер мен микроэлементтер, витаминдер, фитонцидтер кездеседі. Ең құндылығы сол құрамындағы 22 амин қышқылының 20-ы адам организмінде кездеседі. Ал жақында ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу –ацеманнан тапты. Ацеманнан тұмау мен қызылшаны және ісік ауруларын емдеуге қолданылады. Бүгінде ол затты СПИД-ті емдеуге қолдануда.

Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды. Жинау уақыты: жыл бойы. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.

Shape1 Shape2









Алоэның қарсы көрсетілімдері

- өт жолдары аурулары

- бүйрек, бауыр аурулары

- гипертония

-гемморой

-жүктілік мерзімі





Алоэ өсімдігінің пайдасы және дәрілік қасиеттері




Алоэның пайдасы

Shape12 Shape8 Shape11 Shape10 Shape9 Shape5 Shape3 Shape4 Shape6 Shape7



Өкпе туберкулезі

Иммунитет



Тәбет ашады мұрын қуысының қабынуына


Күйік


Жөтел

Жараларды жазу ауыз қуысы ой



Ағзаның жалпы жағдайын жақсарту Рак жасушаларының өсуіне тосқауыл жасайды









Алоэның қолданылуы

Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Академик В.П.Филатов алоэның жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауы ескертеді, себебі осы уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Бұл заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында., асқазан ауруларына қарсы қолданады. Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді.


Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы

1. Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен арала стырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу керек.

2. Тісті ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.

3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.

4. Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.

5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі.

Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.





Халықтық ем

Қоспа № 1

Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз, май, 100 бөліктей какао, алоэның жапырағының 15 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз. Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек.

Қоспа № 2

Әлсіреткіш қоспа ретінде келесі қоспа дайындалады: 150 гр алоэ жапырағы (тікенімен бірге) қолмен езіп, 300 гр ыстық бал қосады, қайнағанға дейін ысытады. Тәулік ұстап, сосын ысытады. Тамақ ішер алдыднда 1 сағат бұрын әр таңетең 5-10 гр қолдану қажет.

Қоспа № 3

Қолмен алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады. Мұрын қуысы ауруына қолданады.

Қоспа № 4

Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/2 бөлігін пайдаланады.

Қоспа № 5

Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.

Қоспа № 6

Жапырағын кесіп, тазалап жуып, мясурубкадан өткіземіз. Бал қосамыз. Асқазан қыжылына 1 шай қасықтан қолданады.

Қоспа № 7

Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады.







Алоэ өсімдігі тәжірибиеде


Тәжірибе №1

Алоэ сөлінің адам ағзасына пайдасы.

Зерттеу әдісі: Мұрынға тамызу

Мақстаы: Жағдайын жақсару

Уақыты: 22,25,27,29 қаңтар 2019 жыл

Зерттелуші: Абдишамин Балнұр

Зерттеу барысы: әр 5-6 сағат сайын мұрынға 5-6 тамшы соль тамызу

Қорытындысы: Жағдайы жақсы

Ұсынылады: Алоэ сөлі ағзаның қызметін жақсартады.Күнделікті қолдану мұрын қуысын жақсартады.


Тәжірибе № 2

Алоэның жарақаттанған жерге әсері.

Зерттеу әдісі: Жараға таңу.

Мақсаты: жараның жазылуы

Уақыты: 22,25,27,29 қаңтар 2019 жыл

Зерттелуші: Бухарбаева Диана.

Зерттеу барысы: жараға компрес жасау немесе жапырағын кесіп таңу.

Қорытындысы: жазылу жылдамдығы жақсы

Ұсынылады: Алоэ жараны жазады, актисептикалық жағдай туғызады.


Тәжірибе № 3

Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері.

Зерттеу әдісі: Ауыз қуысының қағынуын шаю.

Мақсаты: Ауырғанды басады.

Уақыты: 22,25,27,29 қаңтар 2019 жыл

Зерттелуші: Әнуар Әділет

Зерттеу барысы: 50 % алоэ сөлімен шаю.

Қорытындысы: Алоэ сөлі ауруды басады.

Ұсынылады: Күнделікті қолдануда ауыз қуысының ауруларын жазады.








1.Кесте

Аты жөні

Жарақаты

Көрсетілген емі. 22.01.19 жыл

25.01.19 жыл

27.01.19 жыл

29.01.19

жыл

Абдишамин Балнұр

Мұрынқуысы

Алоэ шырынынан Мұрынға тамызу.

Мұрын қуысынын қабынган жер3не алоэ шырынын тамыздым

Мұрынқуысында қабыну жоғала бастады, тыныс алу қалыпқа келді.


Мұрынқуысы толығымен жазылды.

Бухарбаева Диана

Аяғын жарақаттап алды. Терісі сыдырылып еті жаншылды.

Алоэ жапырағын ортасынан қақ жарып жараға таңып қойу.

Жарақаттанған жер әлі қызарып тұр. Іріндей бастады.


Аяғындағы іріні жоғалып, қара қотырлана бастады.

Жарақаты к3ш3рей3п жазыла бастады.

Әнуар Әділет

Ауыз қуысының уылуы.


Алоэнін шырынымен

ауыз қуысын шаю.

Әліде ауыз қуысы уылып тұр,

Әр күні бірнеше рет қайталағаннан кейін ауыз қуысы қалыпқа келе бастады.

Ауыз қуысы жазылды.



Shape13

Сурет-3. Тәжірибиелік мақсатта алоэ жапырағынан сөл сығымдау




Қорытынды


Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.

Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болады.

Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ та жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Мен өз сыныптастарымның арасында осы өзімнің жұмысыма байланысты сауалнама жүргіздім. Алоэны сыныптастарымның арасында кеңінен насихаттадым. Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.

















Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Ж.А.Адаев. Р.Н.Нұрғалиев. Шаңырақ энциклопедиясы.

2. Ж.Жатқанбаев.Өсімдік және адамзат.

3. М.Қожабеков.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан»1982.

4. .М.Оспанова, Ж.Лұқпанов.Өсімдік жанға шипа, дертке дауа.

5.В.Г. ПышинскийЛечение травами Ленинград «Наука»1990

6. Денсаулық журналы №8 2006 жыл.

7.Интернет желісі















15


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
17 қазан
861
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі