Алоэ шырынын өсімдіктерді тамырлатуда қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алоэ шырынын өсімдіктерді тамырлатуда қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология секциясы бойынша Алоэ шырынын өсімдіктерді (вегетативті) тамырлатуды жүзеге асыру жөнінде ғылыми жоба.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Маңғыстау облысы білім басқармасы

Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі

Батыр ауылы «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ















Секция: Биология, медицина



Тақырыбы: Алоэ шырынын өсімдіктерді тамырлатуда қолдану




Авторы: №10 ЖББМ-тің 10 «Г» сынып оқушысы Орынбай Динара




Жетекшісі: №10 ЖББМ-тің физика пәні мұғалімі Юсупов Рустем Орынбаевич














Мұнайлы-2025 жыл.

Мазмұны:

Пікір…………………......………………………………. .......... .3

Сынпікір.........................................................................................4

КІРІСПЕ.........................................................................................5-6

I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Биостимулятор және оның өсімдікке пайдасы.................7

1.2. Тамыр стимуляторлары ...................................................7

1.3. Алоэ өсімдігінің ботаникалық сипаттамасы ....................7-8

1.4. Алоэның химиялық құрамы .................................................8

1.5. Алоэның биостимулятор ретінде қолданылуы ...............8-9

ІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМІ

2.1. Алоэ шырыны негізінде органикалық стимуляторды

қалай жасауға болады?......................................................10

2.2. Алоэның шырынын алу жолдары........................................10-11

2.3. Тәжірибелер және оның қорытындылары...........................11-12

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................13

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................14

V. Қосымшалар.........................................................................15-17













Мұнайлы ауданы Батыр ауылы «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 10 «Г» сынып оқушысы Орынбай Динараның «Алоэ шырынын өсімдіктерді тамырлатуда қолдану» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысына

ПІКІР

Үйде өсімдіктерді өсіру қазіргі кезде кейбіреулер үшін қызығушылық, ал кейбіреулерге белгілі мақсатта болады. Бөлме өсімдіктері үйге бір жағынан сән берсе, екінші жағынан олар белгілі пайдалы қызметтерді атқарады. Олар бөлме ауасын уытты заттардан тазалайды, оттегімен байытады, кейбірі зиянды микробтарға қарсы әсер етеді. Сондықтан үйде гүлдерді өсіру өте пайдалы және әрбір адамға қажет.

Орынбай Динара өзінің зерттеу жұмысында бөлме гүлдерін өсірушілерге қажетті ақпараттарды қамтитын маңызды мәселені зерттеген. Жұмыс талаптарға сай орындалған. Тақырыпқа сәйкес ғылыми ақпараттарға теориялық талдау жасаған, нақты мақсат қойылған және мақсатқа жету үшін жұмыс міндеттері де дұрыс таңдалған және ол міндеттер зерттеу барысында орындалған. Тақырып қазіргі кезде өте өзекті, себебі бөлме гүлдерін көбейтуде көпшілік дұрыс әдісті қолданбайды, нәтижесінде сәтсіздікке ұшырайды. Көпшілігі қымбат әрі зиянды химиялық препараттарды қолданады. Бұл әдістердің тиімсіздігі мен зияны жұмыста көрсетілген. Жұмыста алоэ шырынын алуда қолданылған әдістерді дұрыс пайдалану үшін нұсқаулық жасалған. Зерттеу бөлімінде жүргізілген тәжірибелерді және оның нәтижелеріне талдау жасаған. Таңдалған әдістің тиімділігін және зерттеу басында қойылған болжамның дұрыстығын дәлелдеген. Жұмыстың соңында жасалған зерттеу жұмысын дұрыс қорытындылап, өз ұсыныстарын нақты көсеткен.

Қорытындылай келе Орынбай Динараның жұмысын талапқа сай екендігін айта отырып, аудандық кезеңге қатыстыруға ұсынамын.



Жоба жетекшісі: Р.О.Юсупов













Мұнайлы ауданы Батыр ауылы «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 10 «Г» сынып оқушысы Орынбай Динараның «Алоэ шырынын өсімдіктерді тамырлатуда қолдану» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысына

СЫН-ПІКІР

Зерттеу жұмысындағы қозғалып отырған мәселе қазіргі уақытта гүл өсірушілер үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жұмыста алоэ шырынын өсімдіктерді тамырлатуда қолдану мүмкіндіктерін сипаттаған.

Орынбай Динараның «Алоэ шырынын өсімдіктерді тамырлатуда қолдану» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы талаптарға сай жүргізілген. Жұмыстың мақсаты дұрыс қойылған және мақсатқа сәйкес міндеттерді анықтап көрсеткен. Тақырып өзектілігі, практикалық маңызы, қолдану аясы көрсетілген. Тақырыпқа сәйкес теориялық талдау жасалған. Өсімдікке сипаттама берген, өсіру мүмкіндіктерін сипаттаған. Сонымен бірге тақырыптың негізі-алоэ шырынын алудың нақты қадамдарын көрсеткен.

Жұмыста зерттеудің бірнеше әдістерін пайдаланған. Бақылау, тәжірибе әдістерін қолданып, талдауын жасаған. Алоэ шырынын қолдану, сақтау ерекшеліктерін көрсеткен. Тәжірибелердің қорытындысын жасап, қолдану мүмкіндігін, тиімділігін дәлелдеген, нәтижелерді практикада қолдануға ұсыныстар келтірген.

Жұмыстағы жасалған тәжірибе өзге де үй гүлдерін тамырлатуда қолдануды ұсынамын.

Қорыта келгенде Орынбай Динараның зерттеу жұмысын ғылыми жобалар сайысына жіберуге лайықты деген пікірімді білдіремін.







Жаратылыстану пәндерінің магистрі: Қожабаева Қ.Н













КІРІСПЕ

Үйде біздің отбасымыз бөлме гүлдерін және басқа өсімдіктерді өсіргенді жақсы көреміз. Біздің үйде алоэ, герань, фикус, спатифиллюм, балауыз шырмауық (хоя), педилантус, сингониум, аглаонема, лимон, апельсин, авакадо және тағы басқа гүлдер мен өсімдіктер өсірудеміз. Бұл гүлдер мен өсімдіктерді өсіру, күту, көбейту әдістерін үйренудеміз. Гүлдерді көбейтудің әртүрлі жолдары бар. Соның бірі және көп қолданылатыны гүлдерді қаламшалары арқылы вегетативті жолмен көбейту болып табылады. Біз бастапқы уақытта қаламшаларды тек таза суға салып көбейттік. Бұл әдіс арқылы өсімдіктердің тек 10-20% ғана тамырлап, отырғызуға жарамды болды. Кейін дүкеннен «корневин» сатып алып қолдандық. Екі әдіс те біз үшін тиімсіз болды. Біріншісінде өсу пайызы аз, ал екіншісінде өсу пайызы жоғары болғанымен қосымша қаржыны талап етеді және зиянды. Қазіргі кезде көпшілік қолданып жүрген «Корневин», «Фитоклон», «Клонекс» және тағы басқаларын пайдаланып өсімдіктерді вегетативті жолмен өсіруде біз бөлмедегі ауаның ластануына себепші боламыз, оны қолданған кездегі буланған зиянды микробөлшектерді жұтамыз, денсаулығымызға зияны тиеді. Сондықтан өсімдіктерді көбейту үшін тиімді және қосымша қаржыны талап етпейтін әдістерді іздедік және анықтадық. Ол табиғи биостимулятор болып табылатын алоэ өсімдігінің шырынын қаламшаларды тамырлатуда қолдану әдісі.

Зерттеу жұмыста табиғи экологиялық таза өнім алоэ шырынын үй өсімдіктерін вегетативті жолмен өсіруде химиялық өнімдердің орнына қолдану ерекшеліктері туралы айтылған. Өсімдікті өсірудегі химиялық қоспалардың жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері, зияны туралы жалпы сипаттама берілген.

Негізгі бөлімде алоэ өсімдігінің биологиялық сипаттамасы, ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен бірге алоэның антибактериалды қасиеті, өсімдікті вегетативті өсірудегі оның пайдасы зерттелді. Тақырыпқа сәйкес өзге жұмыстармен, тәжірибелермен және де олардың қорытындыларымен ақпарат көздерінен зерделедім. Зерттеу жұмысына өсіру үшін фикус және балауыз шырмауық (восковая хойя) гүлін алдым. Тақырыптың өзектілігіне сай қазіргі кезде үй өсімдіктерін вегетативті жолмен көбейтуде біз химиялық қоспаларды пайдаланып өз денсаулығымызға зиян келтірудеміз, сонымен бірге шығынға ұшыраудамыз.

Алоэның қазіргі уақытта 500 ден аса түрі ғылымға белгілі. Біздің елде де оның бірнеше түрі үйде өсіріледі. Алоэның ең тиімділігі жоғары түрі-алоэ вера болып табылады. Себебі оның жапырағы қалың, шырыны мол болады және пайдалы элементтерге бай. Сондықтан зерттеу жұмысына алоэ вера (Aloe vera) алынды. Алоэ гүлінің жасы көп болған сайын оның пайдалы қасиеттері жоғарылай беретіні барлығымызға белгілі.

Зерттеу тәжірибелерін жүргізу үшін жасы 4 жылдық алоэ таңдап алынды. Алоэның әсері жоғары болу үшін кесіп алынған алоэның жапырағы қолайсыз ортаға (тоңазытқыш немесе құрғақ ыссы жер) орналастыру керек. Сол кезде алоэ жапырағы стресс алып өзін қорғау үшін бүкіл күшін жұмсайды, жасушаларында «биогендік стимуляторлар» деп аталатын пайдалы заттар пайда болады, ол өсімдіктің жапырағын ұзақ мерзімге дейін сақтауға көмектеседі. Мен тоңазытқышқа алоэны 1,5 аптаға қойдым. Кейін алоэның жапырағының қабығын аршып ішіндегі шырынын алып өсімдіктерді вегативті өсіруде қолданып, оның әсерін сынақтан өткіздік. Тәжірибе нәтижелерінен алоэның өсімдіктерді өсіруде жақсы әсер ететініне көз жеткіздім сондықтан да бұл әдісті көпшілікке қолдануға ұсынамын.

Жұмыс мақсаты: Алоэ шырынының гүл көшеттерін тамырлатуын жылдамдатуға әсерін зерттеу.

Міндеттері:

  1. Тақырып бойынша әдебиеттерді, ақпарат көздерін зерттеу

  2. Алоэ шырынын алу, оның пайдалы қасиеттерін зерттеу

  3. Эксперименттер жүргізу (өсімдікті таңдау, қиып алу, тамырлату), талдау, қорытынды жасау

  4. Алоэ шырынын үй өсімдіктерін тамырлатуда қолдану бойынша нұсқаулық жасау.

Гипотеза: Алоэ шырыны әртүрлі қоректік заттарға бай болғандықтан өсімдіктердің өсуіне, тамырлауына оң әсер етуі мүмкін.

Өзектілігі: Қазіргі кезде үй гүлдерін өсіруде, оларды көбейтуде көпшілік химиялық қоспаларды пайдаланады, артық қаражат жұмсайды, соның өзінде дұрыс өспеуі мүмкін. Алоэ шырыны химиялық қоспаларға қарағанда зиянсыз әрі тиімді болып табылады.

Зерттеу әдістері: Бақылау, эксперимент, салыстыру , талдау.

Практикалық маңызы: алоэ шырынын үй өсімдіктерін көбейтуде қолдану арқылы тамырлатуды жылдамдату, жақсы жетілуіне әсерін зерттеу. Алынған нәтижелердің гүл өсірушілер үшін маңызы жоғары. Көпшілікке жеткізу арқылы үй өсімдіктерінің көбеюіне ықпал ету.

Қолданылу аясы: Жеке үй шаруышылығы, кәсіпкерлік.

Жұмыстың дербестік дәрежесі және қорытындылары: Зерттеу барысында алоэ шырынының өсімдіктерді тамырлату арқылы өсіруде қолданғанда өсу пайызын жоғарылататынын анықтадым. Алоэ шырынын өсімдікті тамырлатуда қолдану зиянсыз әрі шығынсыздығы дәлелденді.








І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Биостимулятор және оның өсімдікке пайдасы

Биостимуляторлар-бұл өсімдіктердің өсуін күшейтетін және жеделдететін ғана емес, сонымен қатар олардың әртүрлі ауруларға, зиянкестерге және қоршаған ортаның қолайсыз факторына төзімділігін арттыратын заттар. Олар тамыр жүйесінің өсуі мен дамуын жеделдете отырып, өсірілетін ағаштың немесе көшеттің күйзелісін жеңуге көмектеседі. Олар өсімдікті көшіріп отырғызуда, кесуде, көшет немесе қаламшаларды тамырлатуда дайындау үшін қолданылады (қосымша №1).

Биостимуляторлардың өзі қоректік заттар емес, олар қоректік заттардың сіңуін жеңілдетеді, өсуді немесе стресске төзімділікті арттыруға пайдалы әсер етеді.

Ресми түрде өсімдік биостимуляторлары деп аталатын биоэффекторларды пайдалану ауыл шаруашылығында кең таралған тәжірибеге айналды және өсуді күшейту мен стресстен қорғаудың бірқатар артықшылықтарын қамтамасыз етеді.

Ауылшаруашылық биостимуляторлары ауыл шаруашылығының өсімдіктерінің төзімділігін арттыруға ықпал ете алады және тұтынушылар арасында танымалдылығын жоғалтып жатқан синтетикалық қорғаныс құралдарына балама бола алады [1].


1.2. Тамыр стимуляторлары

Өсімдіктерді қаламшалар арқылы көбейту кезінде тамырдың шықпауы мәселесі жиі кездеседі. Тамыр стимуляторлары ауыл шаруашылығында ежелден қолданылып келуде. Соңғы уақыттары химия өнеркәсібінің дамуымен табиғи стимуляторлардың орнына синтетикалық, химиялық стимуляторлар қолданыла бастады және қазір табиғи әдісті қолданушылар жоқ деуге болады. Көбінесе «Корневин», «Циркон», «Этамон» қолданылады.

Тамыр стимуляторлары-бұл биологиялық белсенді заттар, табиғи фитогармондар. Ол табиғи ортада әрбір өсімдікте пайда болады. Фитогармондар неғұрлым көп болса, өсімдік соғұрлым оңай тамырлайды. Ол әрбір өсімдікте әртүрлі мөлшерде болады. [7]


1.3. Алоэ өсімдігінің ботаникалық сипаттамасы.

Алоэ, сабыржүзжылдық (лат. Aloe) – шырыштар тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктіксубтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады [2].

Алоэ әсіресе оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суарып тұру қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммиакты селитрамен (1 л суға 1 г қосып), не коровяк тұнбасымен қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлесі өзен құмы болуға тиіс, Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады. Алоэ бұтақшалары (жас сабақтарына ұшы) және . сабақтың төменгі буынында өсетін өркендері арқылы көбейті-леді. Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын бір тәулік кептірін, содан кейін өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға не жайпақ төре лкеге отырғыз ады. Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т. б. ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен, оны дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет, өйткені бірқатар жүрек-тамыр ауруларына кері әсер етеді [3].


1.4. Алоэның химиялық құрамы

100 грамм өсімдік құрамында:

28,5 г калий (К);

79,1г кальций (Ca);

17,4 г магний (Mg);

0,32 г темір (Fe).

Сонымен бірге алоэ жапырағында микроэлементтерден:

0,38 г марганец (Mn);

1,1 г мыс (Cu); 2,

75 г цинк (Zn);

0,04 кобальт (Со);

0,08 хром (Cr);

0,0 9 г алюминий (Al);

14, 9 барий (Ba);

11, 9 г селен (Se);

0,45 г никель (Ni);

17, 64 г стронций (Sr);

0, 22 г қорғасын (Pb);

162, 0 г литий (Li);

94 г бор (В) [4].


1.5. Алоэның биостимулятор ретінде қолданылуы.

Алоэ шырынының әсері организмнің қорғаныс функцияларын арттыратын және жануарлар мен өсімдіктердің тіндеріндегі қалпына келтіру процестерін күшейтетін биогендік стимуляторлардың болуына байланысты. Бұл биостимуляторлар алоэде тек қолайсыз жағдайларда, оқшауланған (кесілген) тіндерде түзіледі. Сондықтан алоэ жапырақтарын олар үшін қолайсыз жағдайларға (суық және жарықтың болмауы) бір, екі аптаға қою керек. Бұл үшін жасушалары жеткілікті мөлшерде биологиялық белсенді заттарды өндіруге қабілетті төменгі, жақсы дамыған жапырақтар алынады [5].

Өсімдіктердің басты ерекшелігі-көптеген дәрумендер мен пайдалы элементтер бар ерекше қасиетті шырынның болуына байланысты. Алоэ-өмірлік процестерді белсендіруге көмектесетін керемет бактерицидтік қасиеттерге ие. Алоэ шырыны өсімдіктер үшін органикалық өсу стимуляторы. Биогендік өсу стимуляторларының артықшылықтары туралы, метаболикалық процестерді белсендіреді және иммундық қасиеттерді нығайтады, ең алдымен табиғи және экологиялық тұрғыдан мүлдем қауіпсіз препараттар. Олар айқын жанама әсерлерсіз жоғары биологиялық белсенділікпен ерекшеленеді. Мұндай препараттардың маңызды құрамдас бөлігі биогендік стимуляторлар болып қала береді. Биогендік стимуляторлардың өзара әрекеттесуі метаболикалық процестердің белсендірілуіне ықпал етеді, бұл жасушалардың регенерациясына жағымды әсер етеді, бейімделу қабілетінің жоғарылауы орын алады. Жоғарыда айтылғандардың арқасында биостимулятор ретінде қолдану тұрғысынан шексіз мүмкіндіктер ашылады [6].
























ІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

2.1. Алоэ шырыны негізінде органикалық стимуляторды қалай жасауға болады?

Өсімдіктерге арналған органикалық өсу стимуляторын өз қолыңызбен және үйде дайындауға болады. Ол үшін қарапайым алоэ шырынын қолдану жеткілікті. Органикалық стимуляторды дайындау үшін, ең алдымен, бірнеше жапырақтарды кесіп алу керек (өсімдіктің түбіндегі жапырақтарды алған дұрыс).

Сарапшылар тек ескі жапырақтарды ғана емес, жас жапырақты да қолдануға кеңес береді. Бірақ ескі жапырақтарда пайдалы элементтер көбірек болады.

Осыдан кейін жапырақтар шүберекпен сүртіледі, алдымен оларды жылы суға батыру керек немесе жай ағынды сумен шайып тастау керек.

Жиектері биіктеу ыдыстарды пайдаланып алоэның сыртқы қабығынан алынған ішкі бөлігін біркелкі сұйық масса күйіне келгенше еземіз. Әрі қарай, сіз 250 мл краннан суды алып, суға 1 ас қасық мөлшерде алоэ шырынын қосуыңыз керек. Алоэ шырынын ыдысқа құйып, қақпақпен жауып қараңғы және салқын жерде сақтау керек [6].

Биогендік стимуляторларды қолданудың басты артықшылығы-оларды тірі организмдер оңай көтереді, өйткені олардың құрамындағы тәуелділікке алып келмейтін және уытсыз компоненттер өте көп. Алоэ вера шырынын қолдану бүкіл әлемде керемет таралуда.

Шынайы өмір тәжірибесі төмен температураға ұшыраған, сондай-ақ күн сәулесінен таса жерге қойылған алоэ шырыны өсімдік қаламшалары мен тұқымдардың тез өсуіне әсер ететіндігін көрсетіп отыр.

Жаңа сығылған шырын тамыр жүйесінің өсуін баяулатады және кейбір жағдайларда өсімдіктің өліміне әкелуі мүмкін [7,8].


2.2 Алоэның шырынын алу жолдары.

1) Алоэның жапырағын таңдау.

Қоректік заттардың максималды концентрациясын алу үшін сізге тым жас емес өсімдіктің жапырақтары қажет, ең жақсысы 3 жыл немесе одан да көп. Ұзындығы 15 см-ден асатын төменгі және орташа тығыз және майлы жапырақтар ауру немесе қурау белгілерінсіз пайдалы болып саналады [6].

2) Алоэ жапырағын кесуге дайындау

Шырын дайындауды қыс-көктем мезгілінде жасау керек. Алоэ шырынын дайындамас бұрын өсімдікті шамамен 2 апта бұрын суаруды тоқтату керек, бұл жапырақтарда қоректік заттардың жиналуына ықпал етеді. Шикізаттың болжамды бөлінуіне 2-3 күн қалғанда, өсімдік қараңғы жерге орналастырылады, жапырақтарды мүмкіндігінше жақын етіп кесіп алу керек, оны зақымдамауға тырысыңыз. Алынған жапырақтарды мұқият жуып, кептіріп, қараңғы сақтайтын қағазға мықтап орап, 2 апта бойы салқын жерге (4-8°C) қою керек. Әрі қарай, барлық бүлінген, дақ түскен жапырақтар алынып тасталады, олар болашақта қолдануға жарамсыз.

Жиналған және дайындалған жапырақтардан шырынды қалай сығуға болады? Ол үшін: жапырақтарды мұқият ұсақтаңыз. Алынған массаны 1:3 қатынасында салқын су құйыңыз, араластырыңыз. Алынған қоспаны 1,5 сағатқа суыққа салыңыз. Дәке көмегімен шырынды сығып, сүзіңіз. Өнім пайдалануға дайын. Шырын өсімдіктен сығылғаннан кейін, қалған суспензияны косметикалық мақсаттарда бет пен денеге арналған маска рецептерінде қолдануға болады. Кейде сығымдау тағамға да қосылады.

Қалай сақтаймыз?

Егер өнім ұзақ мерзімді пайдалануға арналған болса, оны қалай дайындауға және сақтауға болады: оны 4:1 қатынасында спиртпен араластыруға болады (алынған қоспаны 10 күн бойы тұндыру керек). Қолданар алдында спиртті ерітіндісі 1:3 қатынасында сумен сұйылтылады. Бүгінгі таңда медицина мен косметологияда қолданылатын емдік алоэ шырынын үйде дайындау оңай. Ең бастысы-қолыңызда сау, жеткілікті жетілген өсімдік және аздап шыдамдылық қажет. [9].


2.3. Тәжірибелер және оның қорытындылары

Тәжірибе үшін үйде өсіріліп отырған гүлдер қолданылды. Олар: фикус, балауыз шырмауық, педилантус.

Тәжірибенің дұрыс жүргізілуі үшін қаламшалар жақсы өсіп тұрған бір гүлден бірдей уақытта алынды және олардың қалыңдығы мен ұзындығы бірдей түрде кесіп алынды. Қаламшалар екі түрлі ыдысқа салынып, оның біріне алоэ шырыны қосылған су, ал екіншісіне таза су құйылды (қосымша №2,3).

Алоэның пайдалы қасиеттері күшті болу үшін жапырақтарын кесу алдына 10-14 күнге дейін суармай қою керек. Тәжірибе үшін 4 жылдық алоэның төменгі 2 жапырағын кесіп алып 2 аптаға біреуін тоңазытқышқа, ал екіншісін терезенің алдына жылы жерге қойылды. Бұл алоэ жапырағында пайдалы заттардың пайда болуына әсер етеді (қосымша №3).

Екі аптадан соң дайын болған алоэ жапырақтарын өсімдікке қолдану үшін дайындаймыз. Ол үшін жапырақты өткір пышақпен кесіп сыртқы қорғаныс қабығынан ажыратып аламыз. Өйткені пайдалы заттардың барлығы алоэның ішкі бөлігіндегі шырынында пайда болатынын және жапырағының қабығында сыртқы ортадан қорғану үшін уытты заттардың болатынын зерттеу барысында анықтадым.

Сыртқы қабығы алынғаннан соң алоэның шырыны бөлініп шығады оны терең ыдысқа салып қасықпен жақсылап біркелкі қоймалжың сұйықтыққа айналғанша араластыру керек. Осыдан кейін алынған алоэ шырынын шыны ыдысқа салып қараңғы, салқын жерде сақтау керек.

Алоэ шырынын алғаннан кейін мүмкіндігінше 2-3 күнде пайдаланған дұрыс, себебі уақыт өтуімен құрамындағы белсенді заттар азаяды. Сақтауға болатын ең ұзақ мерзім тоңызытқышта- 2 аптаны құрайды.

Ал одан да ұзақ мерзімге сақтағыңыз келсе, онда балды 1:1 мөлшерде қосуға болады. Бұл қоспаны тоңазытқышта 6 айға дейін сақтауға болады.

Алоэ шырынын үй гүлдері қаламшаларын тамырлату үшін 200-250 мл суға 1 ас қасық мөлшерде қосып қолданамыз (қосымша №4).

Бірінші тәжірибені біз жаз айында өткіздік. Гүл қаламшаларын 07.06.2024 ж.-28.06.2024 ж аралығында таза суға және алоэ шырыны қосылған суға салынып бақыланды. Бақылау үшін балауыз шырмауықтың (хоя) өсінділері алынды. Таза суға салынған өсімдікте тамыр пайда болмады, ал алоэ шырын салынған суда тамыры 1-ші күнде пайда болды, ары қарай күніне 1-2 тамырлар пайда болып 25-ші күні тамырлары жақсы өсіп отырғызуға дайын болды (қосымша №5). Бақылау нәтижелері кестеде көрсетілген (қосымша №6).

Екінші тәжірибені күзде 02.09.2024 ж.-23.09.2024 ж аралығында жүргіздік. Бақылау нәтижелері кестеде көрсетілген (қосымша №7).

Тәжірибелердің қорытындысы бойынша фикустың алғашқы тамырлары пайда болуы үшін таза суда 15 күн, ал алоэ шырыны бар суда 7-8 күн, педилантус тамырлауы үшін таза суда 10-15 күн, ал алоэ шырыны бар суда 5-6 күн қажет болды. Сонымен бірге алоэ шырыны бар судағы қаламшалар толық тамырланды. Ал таза суға салынған қаламшалардың кейбіреулері ғана тамырланды.

Жүргізілген тәжірибелерден алоэ шырынын өсімдіктерді, үй гүлдерін қаламшалар арқылы немесе вегетативті жолмен тамырлатуда қолданудың тиімді екендігі дәлелденді.





















ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында мен жетекшіммен бірге таңдалған тақырыпқа сәйкес интернет сайттардан бірнеше мақалалармен таныстық. Соның ішінде күнделікті тәжірибесінде қолданып отырған бау-бақша, үй гүлдерін өсірушілердің және осы тақырыпта зерттеу жүргізген ғалымдардың жұмыстарына баса назар аудардық.

Алоэ өсімдігін көбінесе емдік мақсатта қолданылатын, ал өсімдіктерді өсіруде біздің елде тәжірибе жоқ екендігін білдім. Сонымен бірге алоэны қолданғанда жапырағын зиянды заттары бар қабығымен бірге пайдаланып жүргендігін анықтадым.

Жазда жүргізілген және күзде жүргізілген тәжірибелер негізінде алоэ шырынын өсімдіктерді қаламшалар арқылы немесе жапырақ арқылы өсіруде қолданудың тиімділігі дәлелденді. Алоэ шырынын пайдаланып өсірілген қаламшалардың барлығы жақсы тамырлайтыны және ауруға ұшырамайтыны, қарапайым суға өсірілгенге қарағанда жақсы дамитынын анықтадым. Алоэ шырынын алу және пайдалану бойынша нұсқаулық жасадым. Мақсатым-оны көпшілікке жеткізу арқылы алоэ шырынын қолдануды үйрету.

Демек, үйде гүл өсірушілерге гүлдерді көбейтуде тиімді әдіс ретінде алоэ шырынын қолдануға болады деп сеніммен айта аламын және ұсынамын. Бұл әдісті қолданып қымбат тұратын тамырлатушы препараттарды қолданбай қаражатты да үнемдей аламыз.


Ұсыныс:

  1. Алоэ шырынын қолдану нұсқаулығын көпшілікке тарату.

  2. Мектептегі гүл зертханасына, сыныптастарыма алоэ шырыны арқылы тамырлатуды қолдануды ұсыну.


















V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Ван Остен, Майкл Джеймс; Пепе, Олимпия; Де Паскаль, Стефания; Силлетти, Сильвия; Маджио, Альбинос (2017). "Роль биостимуляторов и биоэффекторов как средств, снижающих абиотический стресс у культурных растений". Химические и биологические технологии в сельском хозяйстве.

2.Қазақ энциклопедиясы. Алоэ.

3.Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз.Сов.энцик

Бас ред., 1990 ж.

4.Лечебные и полезные свойства алоэ и противопоказания.

Применение растения в медицине и косметологии. Источник: https://selo.guru/rastenievodstvo/sukkulenty/aloe/poleznye-i-lechebnye-svojstva Selo.Guru - интернет портал о сельском хозяйстве © Разведение животных, выращивание растений и многое другое

5.Стимуляторы конеобразования растений. Николай Хромов. 30.11.2017 ж. https://www.botanichka.ru

6.https://m.ok.ru/group/55473706237984 Растения для дома, сада, огорода, дачи 18.12.2017 ж.

7.Сок алоэ в комнатном цветоводстве. https://m.ok.ru/group

8.https://selo.guru/rastenievodstvo/sukkulenty/aloe/polezny.

9.Сок алоэ в домашних условиях. Как выбрать листья и приготовить лечебное средство?

https://selo.guru/rastenievodstvo/sukkulenty/aloe/poleznye-i-lechebnye-svojstva




















Қосымшалар


Қосымша №1. Биостимулятордың қолданылуы.




Қосымша №2. Гүлдерді тамырлатуға дайындау.



Қосымша №3. 3 күннен кейінгі көрінісі.

Қосымша №4. Алоэ шырынын қолдану.


Қосымша №5. Балауыз шырмауық (хоя) гүлінің судағы, алоэ шырынындағы салынған нұсқалары.

Қосымша №6.


Қосымша №7.Фикус және педилантусты тамырлату.


17


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.03.2025
328
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі