400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алқа тұқымдастар. Гүлімен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беріп, осы өсімдіктердің ерекшелігі және көбеюі жолдары туралы білімдерін толықтыру,тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту,оқулық материалымен жұмыс істеуге, гүл құрылысын талдай білуге үйрету. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



пәні: биология класс: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы Алқа тұқымдастар. Гүлімен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер. № 24 зертханалық жұмыс. Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлімен жемісінің құрылысы.

Мақсаты: 
Алқа тұқымдастардың құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беру.

Міндеттері:
Білімділігі: өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беріп, осы өсімдіктердің ерекшелігі және көбеюі жолдары туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылығы: тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: оқулық материалымен жұмыс істеуге, гүл құрылысын талдай білуге үйрету. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, кеппешөптер, көкөністер , гүлдер.

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдістемелік шешім: сұхбаттасу, әңгімелесу, білім алушылардың ойын тыңдау, көрсетілімдер көрсету, кітаппен жұмыс

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Психологиялық тренинг
Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

А)Шаттық шеңбері: сұрақ –жауап ( оқушылар өз ара бір біріне өткен тақырып бойынша сұрақтар қою)

Сабақтың тақырыбын, мақсатын оқушылармен бірге қою.(2мин)
Түсіну: Алқа тұқымдастардың құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беру.


III. Жаңа сабақ түсіндіру: Алқалар тұқымдасы (Соланацеае) – қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 – 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар. Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады. Гүлі қос жынысты. Гүлшоғыры бұйра болады. 5 тостағанша жапырағы бірігіп, жоғарғы жағы тілімденген. 5 күлте жапырағы, бірігіп қысқа түтік түзеді. Аталығы 5, аналығы біреу. Жемісі – көп тұқымды жидек, түйнек немесе қауашақ. Алқалар тұқымдасы негізінен аса бағалы тағамдық (баклажан, қызыл бұрыш, қызанақ, картоп, т.б.), сәндік және техникалық (темекі) өсімдіктер болып саналады. Олардың құрамында бірнеше улы алкалоидтар болады, сондықтан оларды мал жемейді. Жабайы түрлерінен дәрі алынады.Алқа тұқымдастардың ғаламшарымызда 2900-ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастардың жабайы түрлері де көп


Электрондық оқулық бойынша қызанақ пен картоп жайында қызықты деректер тыңдайды


IV Зертханалық жұмыс №24.

Тақырыбы: Алқа тұқымдастары өсімдіктерінің гүлдерінің құрылысы мен жемісі

Мақсаты: алқа тұқымдасына жататын өсімдік гүлдерінің құрылыс ерекшеліктерін зерттеу, осы өсімдіктерге тән жемісінің түрін анықтау

Құрал-жабдықтар:

Кеппеөсімдіктері , алқа өсімдіктері, жемісі, ұлғайтқыш әйнек, суреттер.
Жұмыс барысы:
1. Алқа тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады, олардың атауларын жаз.
2.Алқа тұқымдас өсімдігінің гүлінің , жемісінің құрылысын зерттеу.
3. Суретін сал.Қорытынды жаса.
VI. Қорытынды:
Негізінен шөптектес өсімдіктер.
Жай жапырақты өсімдіктер
Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан
Гүлсерігі қарапайым
Жеміс – жидек немесе қауашақты
Жапырақтары кезектесіп орналасқан
Күлтелері тұтасып өседі
Күрделі жапырақты өсімдіктер
Гүлінің формуласы Т (5) К (5) А 5 Ж 2
Күлте жапырақшалары кіріккен
Күлте жапырақшалары дара желекті



Сергіту сәті

V. Алған білімдерін тексеру.
Биологиялық диктант.
1. Қызанақ пен картоп.................. тұқымдасына жатады.
2. Алқа тұқымдасы........................................... класына жатады.
3. Қызанақтың жемісі..................
4. Картоптың жапырақтары.......................... орналасқан.
5..................................... түйнегінде крахмал көп.

6. Алқа тұқымдаста-------------------------------------өсімдігі улы болып келеді?

7. Алқа тұқымдаста техникалық ----------------------өсімдік


1-2дұрыс жауап- «2»
3 дұрыс жауап- «3»
4-5 дұрыс жауап- «4»
6-7 дұрыс жауап- «5
»

VI. Жаңа сабақты бекіту. Кері байланыс: 
Бүгінгі сабақтан нені біле алдыңыз?
Бүгінгі сабақта не қызықтырды?
Бүгінгі сабақта не қиын болды?
Қандай ұсынысыңыз бар?

VII.Үй тапсырмасы:
§28 Алқа тұқымдастар оқуға.
2.Көкөністік алқа тұқымдастардың емдік қасиеттері туралы іздену.


VIII. Бағалау













Зертханалық жұмыс №24.


Тақырыбы: Алқа тұқымдастары өсімдіктерінің гүлдерінің құрылысы мен жемісі

Мақсаты: алқа тұқымдасына жататын өсімдік гүлдерінің құрылыс ерекшеліктерін зерттеу, осы өсімдіктерге тән жемісінің түрін анықтау

Құрал-жабдықтар:

Кеппеөсімдіктері , алқа өсімдіктері, жемісі, ұлғайтқыш әйнек, суреттер.
Жұмыс барысы:
1. Алқа тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады, олардың атауларын жаз.
2.Алқа тұқымдас өсімдігінің гүлінің , жемісінің құрылысын зерттеу.
3. Суретін сал.Қорытынды жаса.
VI. Қорытынды:








































Биологиялық диктант.
1. Қызанақ пен картоп.................. тұқымдасына жатады.
2. Алқа тұқымдасы........................................... класына жатады.
3. Қызанақтың жемісі..................
4. Картоптың жапырақтары.......................... орналасқан.
5..................................... түйнегінде крахмал көп.

6. Алқа тұқымдаста-------------------------------------өсімдігі улы болып келеді?

7. Алқа тұқымдаста техникалық ----------------------өсімдік


1-2дұрыс жауап- «2»
3 дұрыс жауап- «3»
4-5 дұрыс жауап- «4»
6-7 дұрыс жауап- «5
»








Биологиялық диктант.
1. Қызанақ пен картоп.................. тұқымдасына жатады.
2. Алқа тұқымдасы........................................... класына жатады.
3. Қызанақтың жемісі..................
4. Картоптың жапырақтары.......................... орналасқан.
5..................................... түйнегінде крахмал көп.

6. Алқа тұқымдаста-------------------------------------өсімдігі улы болып келеді?

7. Алқа тұқымдаста техникалық ----------------------өсімдік


1-2дұрыс жауап- «2»
3 дұрыс жауап- «3»
4-5 дұрыс жауап- «4»
6-7 дұрыс жауап- «5
»









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
949
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі